Заркенова Ж.Т., Смайлова А.Б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру арнайы білім берудің ең соңғы стратегияларының бірі болып табылады. Инклюзивті білім халықаралық ұйымның көптеген мүше елдерінің білім беру саясатының құрамына ене  отырып, өз кезегінде жалпы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бөлігі болып табылады және оның сипатын, ішкі логикасын және даму бағытын қабылдайды. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат [1].

Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары тұжырымдалады:

1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;

2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;

3. Әрбір адам қарым-қатынас жасауға құқылы;

4. Барлық адамдар бір-біріне қажет;

5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асуы мүмкін;

6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж;

7. Алуантүрлілік адам өмірінің жан – жақтылығын кеңейтеді;

8. Барлық оқуға қабілетті жандар үшін дамудағы жетістіктері тікелей олардың қабілеттеріне тәуелді.

Инклюзивті білім беру жүйесі өзіне орта, кәсіби және жоғары білім беру мекемелерін енгізеді. Оның мақсаты мүмкіндіктері шектелген жандардың білім алуы мен кәсіби даярлануына кедергісіз орта құрылуы болып табылады. Инклюзивті білім беру тарихының дамуында барлық интеграцияланған білім берудің даму тарихы инклюзивті білім беру концепциясының қалыптасуына әсер еткен деп айтуымызға болады. Педагогикалық интеграция мүмкіндіктері шектелген жандардың білім беру процесіне кеңінен енуінің алғашқы қадамы болып табылды [2].

Педагогикалық интеграция сау және мүмкіндігі шектеулі балалардың бірге оқытылуы мен тәрбиеленуі ретінде балалардың екі тобының да, білім беру қызығушылықтарын тең дәрежеде көрсетеді. Педагогикалық феномен ретінде интеграция бірнеше жүзжылдықтарды өткерді. Педагогика тарихында түрлі білім беру мүмкіндіктері бар балалардың бірге оқытылуы мен тәрбиеленуінің ұйымдастырылуының мысалдары аз емес. Алайда көптеген жағдайларда бұл тәжірибе кездейсоқ, стихиялық сипатқа ие бола отырып, «Псевдоинтеграция» атауына ие болған. Интеграциялық педагогиканың даму тарихы арнайы педагогика тарихының құрылымымен байланысты. Себебі, білім алудағы қажеттіліктері әртүрлі балалардың интеграциялық білім алуы мен тәрбиеленуінің көздерін осыдан іздейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың жүйелі оқытудағы алғашқы қадамдарының бірі Киев мемлекетінің құрылуынаң алғашқы кезеңдерінде байқалады. Ол ең алдымен Киев Русінің ХХ ғасырда христиан дінін қабылдауымен байланысты. 996 жылы шіркеуді кедей және кемтар жандарға қамқор жасауға міндеттейтін православиелік шіркеу Жарлық қабылданды.Осы топтағы балаларды оқыту мақсатында мекемелер ашылған. Аталмыш мекемелерге қабылданатын кедей және өзге де балалар арасында әртүрлі бұзылыстары бар балалардың болуы стихиялы педагогикалық интеграцияның алғашқы мысалдары жайында куәлік етеді. Ағарту дәуірі еуропалық жаһанданудың даму жолында білім беру тарихының жаңа кезеңін ашты. Осы кезеңде сенсорлық бұзылыстары бар балаларды емдеу мен оқыту мүмкіндіктері пайда болған. Балаларды жекелей оқытудағы жетістіктер арта түсті. 18 ғасыр интеграциялық және түзетушілік педагогика тарихына өз үлесін қосқан бірқатар жарқын тұлғалардың есімімен байланысты болды. 18 ғасырдың екінші жартысында жетім және мүгедек балаларды тәрбиелеумен айналысқан және сол арқылы өзінің алғашқы педагогикалық тәжірибелерінде оқыту мен тәрбиелеудің интеграциялық ықпалын зерттеген педагог – гуманисттің бірі И.Г.Песталоцци (1746 – 1827ж.ж.) болып табылады.

Осылайша, аталмыш кезеңде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру мәселелері ғылыми жоба ретінде калыптасты. Ал оның тәжірибе жүзінде кеңінен іске асуы 19 ғасырдың 2 кезеңінен бастау алады және қосымша сабақтардың өткізілуінен, көмекші сыныптар мен мектептердің құрылуынан көрінеді. Скандинавиялық мемлекеттердің тәжірибелері қызықты болып табылады. 19 ғасырдың 90 жылдарында Норвегияда қалыпты мектептерде «арнайы» сыныптар ашыла бастаған, кейіннен олар арнайы мектептер деп бөлінген, мұнда қабілеттері төмен балалармен қатар, денсаулық мүмкіншілігіне байланысты (есту немесе көру мүмкіншілігі, кекештену және т.б.) сабақ үлгерімі төмен балалар қабылданды. Балалар қоңырау мен ойын уақытысында калыпты құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасын үзбеу үшін, бұл мектептер дәстүрлі түрде қалыпты мектеппен бір ғимаратта немесе оның жанында орналасқан. Осылайша, Скандинавия елдерінде 19 ғасырда педагогикалық интеграция идеясы стихиялық түрде емес, білім беру саясатының саналы жүргізілетін түрі ретінде байқалады.

Ресейде отандық психолог және педагог Л.С.Выготскийдің іскерлігі назар аудартады. Педагогикадағы интеграциялық ықпалдың дамуында Л.С. Выготскийдің үлесі оның мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін қатаң сынға алуымен байланысты, ол «қалыпты балалық шақ педагогикасы мен арнайы педагогиканы органикалық тұрғыда байланыстыратын» жүйенің құрылуы жайлы тезисті ұсынды. Г.Я. Трошин мен В.П. Кащенконың ойларын жалғастыра отырып, Л.С. Выготский баланың кемістігінің биологиялық жағы, сонымен қатар әлеуметтік салдары едәуір қиыншылықтар тудыратындығын қолдаған. Оқшауланған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі қарым-қатынас пен білім, білік және дағдылардың игерілуін тоқтататын «әлеуметтік бұзылыстарды» өршітеді. Өзге қатарластарымен салыстырғанда  Л.С. Выготский интеграция мәселесі - бұл тек мектеп қана емес, сонымен қатар отбасының мәселесі болып табылады деп ары қарай жалғастырған. Ол көбінесе мүмкіндігі шектеулі баланың отбасындағы тәрбиесінің, оның одан әрі оқшаулануына әсер ететіндігін меңзейді: «отбасындағы соқыр және мылқау бала мұндағы ерекше бала. Бұл дәл осы жерде едәуір көп бөлінген назар мен мейірімділік бала үшін оны басқа балалардан бөлектейтін шекара болып табылады» [3]. Бұдан байқайтынымыз, интеграция отбасы тәрбиесінің алғашқы кезеңдерінде басталуы қажет. Л.С.Выготский бойынша кемістіктің әсері тура емес, жанама, яғни «екіншілік» әсер болып табылады. Ғалым бала өзінің кемістігін тікелей сезінбейтіндігін атап көрсеткен. «Ол кемістіктен туындайтын қиындықтарды сезінеді. Кемшіліктің тікелей салдары – баланың әлеуметтік позициясының төмендеуі». Мұнда баланы әлеуметтік ортаға жалпылаушы емес, енгізетін балалар ұжымы маңызды рөлге ие. Л.С.Выготский баланың өзіндік шектелген мүмкіндіктері оны кемтар етпейтіндігін айтқан. Оның кемшілігі мен қалып деңгейі қоғамдағы қатынас пен әлеуметтік компенсацияға тәуелді.

20 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында білім берудің батыстық жүйесінде барлық балалар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен кемтар дамыған балалар үшін арнайы мектептерді ашуды болжайтын гуманизм қағидасы ерекше өзектілікке ие болды. Барлығы білім алуда әр түрлі мүмкіндіктері бар балаларды интеграциялайтын жалпы мектептердің құрылуы жайында айтты. Мүмкіндіктері шектелген балалардың қоғамдық өмірге енуінің кепілі ретінде қалыпты мектептерге ерте интеграциялауға шақырулар жиі естіле бастады.

Халықаралық деңгейдегі ерекше оқиғалардың бірі 1971 жылы ақыл – есі артта қалған тұлғалардың құқығы туралы БҰҰ – ның декларациясын қабылдау болды. Бұл құжат ақыл – есі артта қалған тұлғалардың «қоғамның қалыпты өміріне» енуінің мүмкіндігінше көмектесу қажеттілігін дәлелдеді.

Осыдан 10 жыл бұрын арнайы білім беру жүйесінің жетістігі ретінде қарастырылған арнайы білім беру мекемелерінің санының көбеюі 20 ғасырдың 70 жылдарында теріс тұрғыда қарастырылды. Арнайы мектептер сегрегациялық мекемелер болып өзгертілді, ал қалыпты мектептен оқшауланған арнайы білім беру жүйесі дискриминациялық болып аталды. Баланың арнайы мектепке, одан әрі интернатқа жіберілуі оның негізгі құқығы мен еркіндігінің бұзылуы ретінде қарастырылды [4].

Иклюзивті білм беру дегеніміз – ол қалыпты балалармен мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіре отырып, дамыту болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың бір орында қалып қалмауы үшін бұл  өзекті мәселе болып табылады. Осыған дейін мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға қажетсіз деп санады. Тағдырынан түңілген жандардың шыдап келгенде керемет ел азаматтар шығатынын біле тұра, қажетсіз деп санаймыз. Мүгедек, бірақ ақыл-есі дұрыс екенін біле тұра, біз оны неге қоғамнан шеттетеміз? Міне осындай жандардың білім қалыпты мектептерде оқуына мүмкіндік туғызбасқа. Ол үшін инклюзивті білім беруді қолға алып, дамыту барысында ғана оң нәтиже аламыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Зарубежный и отечественный опыт включения детей с особыми нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения. Алматы, ИД «КАПринт» 2001 г., - 208 с. С. 162.

2.   Ратнер Ф.Л., Юсупова А.Ю. Интегрированное обучение детей с ограниченными возможностями в обществе здоровых детей/ Учеб. Пособие для специалистов коррекционных учреждений.-М: «Владос», 2006.-175с.

3.   Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учеб.пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений/ Под ред. Б.П. Пузанова. – М: Издательский центр»Академия», 2001.-160с.

4. Выготский Л.С. Собрание сочинений: В 6-ти т. Т.5. Основы дефектологии/ Под ред. Т.А. Власовой.-М: «Педагогика», 1983.-368с. С.62,74.