Педагогика. Современные
методы преподавания
Учитель
казахского языка и литературы
Касенова Венара Серикказиновна
КГУ ОШ №57 города Алматы,
Казахстан
Киелі сандардың қасиеті
Қазақ киеге үлкен
мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын,
отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі
тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген.
Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде
түрлі мәнді ерекше сипат бере отыры, жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9,
40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым
- тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден,
мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат
жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып,
олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз.
Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика
емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор.
Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да
соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім
түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен
келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп
кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан
құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп,
олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп,
санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты «киелі
ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы
сәбидің ана құрсағында болу уақытымен
байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі
өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі
жағынан ерекше қызмет атқарған. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,
9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан
жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген,
әр сөзіне мән берген халық. Қазақ
үшін әр сөздің ғана емес, әр санның
өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы,
тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ
бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін
салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына,
маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие
болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне
білген.
Қазақ
халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың
сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға
сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар
қатарынан да орын алады.
«Сандар әлемді басқармайды,
бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл,
әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде
үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген.
1-саны.Бір санын қазақ халқының ұғымында
Алла жалғыз Алладан басқа тәңір жоқ деген.
Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі
саналады.
3 саны. Жалпы
түркі халықтарында ,
соның ішінде қазақ халқында үш саны
қасиетті болып есептелінеді. Мысалы:
Үш көз: Су анасы – бұлақ,
жол анасы – тұяқ, сөз анасы- құлақ.
Үш тоқтам: Ақыл- арқан,
ой-өріс, адам-қазық.
Үш тағылым: мейірім- сауап,
жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта
жүз, Кіші жүз.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
Үш жұрт: өз жұртың,
қайың жұртың, нағашы жұртың.
Үш арсыз: күлкі, ұйқы,
тамақ.
Үш байлық: денсаулық, ақ
жаулық, он саулық.
Үш қонақ: арнайы
қонақ, құдайы қонақ, қыдырма
қонақ.
4-саны.Төрт санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл
кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар,
Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм
сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл,
Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур,
Інжіл, Құран
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс,
батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз,
қыс
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим,
Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі –
Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
5 саны. Бес санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы,
екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық,
найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға
байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен
халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік
әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз,
күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе,
жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге
қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.
6 саны.Алты саны
берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе
болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ,
қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз,
жайылма
Алты парыз:
1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса
бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл қосу. 4.
Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңiл
сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.
Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4.
Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
7 саны.
Қазақ халқында жеті саны қасиетті де қастерлі.
Қазақтардың жеті саны туралы түсінігі кең: жеті
ата, жеті қарақшы, жеті күн, жеті қат жер, жеті
жарғы, жеті нан (шелпек), жеті қазына.
Жеті ғашық:
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад –
Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра.
6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым
күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты,
серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі
тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Жеті ата жөнінде қазақ
халқы «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын
жер», «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деп жастарға халықтық
, отансүйгіштік тәрбие беруге тырысқан. Әр адам жеті атаға дейін
жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін
қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен
танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан
шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес,
жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4.
Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Жеті жетім
Тыңдалмаған
сөз- жетім,
Қиюсыз қалған бөз- жетім.
Иесіз қалған
жер -
жетім,
Басшысы жоқ ел – жетім.
Аққу -қазсыз көл – жетім,
Жерінен айырылған ер -
жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол – жетім.
Қазақ халқының салт-санасы мен
ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы
ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден
ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген.
Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген
салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.