Педагогика. Методические основы  воспитательного процесса

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

Ақжолова Сауле Тұрарқызы  

№57 жалпы білім беретін мектебі Алматы қаласы, Қазақстан

Тіл-асыл қазына

                                                     

         Тіл-халықтың жаны.Тіл құрыса,халық та жер бетінен жоғалады.Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.Бүгін Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды.Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет ана сүтімен кірмейді.Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кентарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының колжаулығына айналады.Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан,Ахмет,Міржақып,Мағжан,Мұхтарлар,   сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл-халықтық қозғалыс соның айғағы

ХХ ғасырдың ұлы жемісі-Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген ,армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз ұлттық рухты,түскен еңсені көтеру.Ұлттық мінез,ұлттық намыс,ана тілі жоқ жоқ жерде –ұлт та жоқ..

О,туған ана тілім.Тас бұлақтың тұнығы да сенде,ана сүтінің жұғымы да сенде,райхан гүлдің жұпары да сенде,қыран құстың жанары да сенде,назды сұлудың нәзіктігі де сенде

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы-туған ана тіліміз.Ол-Қазақ тілі.

Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады.

Қазақ тілінің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқан әуезділігі –шырқап салар әндей.Туған тіл біздің бірінші бақытымыз,бірінші ырысымыз,біз сондықтан «Ана тіліміз»дейміз.Қазақтар «Ана тілі»деп ерекше құрметтейді.Басқа тілді білу-әрине,мақтаныш.Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілің –арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте,-дейді талантты ақын Қадір Мырза Әли ағамыз.Міне,қазақ тілі туралы қандай тамаша сөздер айтқан ағамыз.

Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі»дейді.Ендеше анамның тілін құрметтеп,оны мақтан етемін.Ана тілі деп аталуы да содан,сондықтан оны ұмыту,білмеу бұл үлкен қателік.Осыны түсінсе деп ойлаймын.

                           Ана тілім менің

                           Әлдилеген әнім .

                           Ана тілім-демім,

                           Ана тілім-жаным.

                           Жанымнан да қымбат

                          Ана тілім маған.

                          Ана сөзін тыңдап,

                          Үлгі-өнеге алам

                          Ана тілім –анам

                          Аппақ қардай арым.

                          Мұра еткен бабам,

                          Жарқыраған шамым.

     Тіл ұлттың қасиетті белгісі.Тіліңді сыйлағаның ұлтыңды сыйлағаның деп түсінемін.Өзім және менің жанұямдағы бауырларым ,ата-анам бәрі қазақ тілінде сөйлесеміз.Ана тілін білмеген қорлық деп ойлаймын.Әрине өзге тілді білгенің жақсы ғой,бірақ өз ана тіліңді жетік меңгеруге ұмтылу қажет деп ойлаймын.Жеті жасқа дейін тек бір тілде-ана тілінде сөйлеген сәби туған тілін ешқашан ұмытпайды.Көнеден келе жатқан қазақ зиялылардың тағылымы бойынша «жігіт болсаң,жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ғылым біл»деп талап қоя тәрбиелейтін.Мысалы,ұлы ғалымымыз Шоқан Үәлиханов осы талапқа сай жеті жұрттың тілін біл.

      Ана тілі дегеніміз сол тілді жасаған, жасап келе жаткан халықтың  өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазак тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ  домбырасының  үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке – шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

«Өнер алды- қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар.Тіл халықпен бірге жасайды ,дамиды,өркендейді. Ана тілінің қадір—қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына ,қазына байлығына балайды.Себебі,тіл-халықтың жаны,сәні тұтастай кескін-келбеті ,ұлттық болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,ана тіліміз –қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар.Тіл –жеке адам ойлап тапқан туынды емес ,ол барша ұлтқа ортақ ,сонын төл перзенті.

Сол халықтың мәні бар киелі ұғым.Тіл –атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Тіл –еліміздің іргетасы.

Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет .Қанша ұлт өкілдері тұрады!Бірақ солар өз ана тілдерін ұмытпай ,ардақтап ,сол тілдерінде бір-бірімен сөйлеспей ме?Бірақ біздің ана тілімізге қазір үлкен мән беріліп жатыр.Мемлекеттік тіл мәртебесін қолға алып отыр.Бұл үлкен жетістік.Тіпті шет елдерден келген адамдардың өздері осы қазақ тілін үйренуде.Сондықтан да ұлт бар жерде тіл де жасай береді.

Келешек  ұрпаққа тілдің қадір қасиетін жоғалтпай,сол күйінде жеткізу әр қазақ азаматының борышы .Демек ,ана сүтімен бойына дарыған тілдің киелі қасиетін төмендетпей ,керісінше ,байлығын арттыру баршамыздың борышымыз.

     Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты.Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз.Тіл дамытудың негізгі мақсаты-тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциялау.Тіл дамытудың негізгі бағыттары,мақсаты мәдени-әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету яғни,орфографиялық дағдыны меңгерту мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

     Тіл үйретудің негізгі мақсаты –оқушылардың сөздік қорын байыту,сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.Жаңа үйренген сөздер оқушылардың есінде ұзақ сақталуы үшін үнемі қайталанып,дыбыстардың дұрыс айтылуы үнемі қадағаланып отырылуы тиіс.

     Тіл үйретуде жазба жұмыстарын да ұйымдастыруға болады.Мысалы,бір сөз түсіріліп берілген сөйлемдерді толықтырып көшіру,жалпылама мағына беретін сөздерді айтқызу немесе керісінше,жалқы мағыналы сөздерді жалпы мағыналы сөздермен байланыстырып оқыту.тіл сабақтарында сөзден сөйлем құраудың негізгі мақсаттарының бірі –практикалық

жолмен түсіндіру.Оқушылардың тілін дамытуда жүйелі сөйлеуге үйретудің маңызы зор.Тілді меңгерту сөздерді өзара байланыстырып,жүйелі сөйлем құру дәрежесіне жеткізеді.Сондықтан да олар  тек сөз біліп,сөйлем құрап қана қоймайды,таза сөйлеуге пікір айтуға дағдыланады.

Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.Тілін білмеген –түбін білмейді.Ондай адам күлдірем деп күйдіреді,сүйсіндірем деп сүріндіреді,білдірем деп бүлдіреді,қуантам деп қуартады,келтіремін деп кетіреді,жұбатам деп жылатады.Біздің қазақ «Аталы сөз –баталы сөз »дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.Ана тілі дегеніміз сол тілде жасаған,жасап келе жатқан халықтың баяғысын да ,бүгінгісін де,болашағын да танытатын,сол халықтың мәңгілігінің мәселесі.Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.