Жолдыбаева А.Е.,
Ахмадиева Э.М.
Алматы қ., ҚазмемқызПУ
БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
БАРЫСЫ
Білім беру жүйесі тұлғаның,
қоғамның, ұлттың, мемлекеттің
дамуының стратегиялық негізі және гүлденген
болашақтың кепілі болып табылады. Постиндустиарлды
қоғамның біліммен қатар, мамандардың
құзыреттілігіне де негізделген ғаламдық
ақпараттық қоғамға алмасуына байланысты білім
беру үрдісін ұйымдастыруды инновациялық тұрғыдан
дамыту мәселесі өзекті мәселеге айналды. Нәтижесінде
заманауи білім беру жүйесіне айтарлықтай жоғары талаптар
қойылуда: ол мамандарды адамдардың алдында шешілуі
өзінің іс-әрекетін талдап, құра алуды талап
ететін стандартты емес міндеттерден тұратын жылдам өзгеріп отыратын
ғаламда өмір сүре алатын және іс-әрекет жасай
алатындай етіп дайындау қажет. Алдыға қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін
әлеуметтік-экономикалық талаптар мен экономиканың
инновациялық сипатына қарай білім беру жүйесінің
инновациялық табиғатына баса назар аударылуда [1]. Мұндай
жүйеде алдыңғы орында болашақта инвестициялық
және инновациялық саясатты қалыптастыруға тікелей
септігін тигізетін жоғары білім беру жүйесінің білім
алушыларын дайындаудың инновациялық әдістері
тұрады.
Білім беру қызметі саласындағы инновациялық
үрдістерді басқару мәселелеріне арналған заманауи
ғылыми әдебиеттерде аталған үрдістің
күрделі және көп айшықтылығы көрсетілген.
Әсіресе, студенттерді оқытуды инновациялық
тұрғыдан қарастыру жүйелі түрде болуы керек
және болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбеи
жұмысының барлық аспектілерін ауқымдау керектігіне баса
назар аударылған. Солай бола тұра, білім берудің
мазмұнының, оқытушылардың
кәсіби-педагогикалық дайындығының, оқытудың
жаңа технологиялары мен әдістерін қалыптастырудың
теориялық және тәжірибелік көз қарастарын
қайта қарастыру керек. Аталған өзекті мәселені
отандық және шетелдік келесі ғалымдар белсене зерттеуде: Дж.
Мартин, Л.Свенсон, И.Лернер, М.Скаткин, В.Веспалько, В.Сластенин және
т.б. Алайда, зерттеулердің басым бөлігі жалпы білім беру
мекемелеріне бағытталған, ал жоғары мектеп көбінде
зерттеушілердің назарынан тыс қалып жатады. Студенттерді
оқытудың инновациялық әдістерінің ерекшеліктері
мен арқытшылықтарын қарастыруға, сондай-ақ,
оқытудың алуан түрлі инновациялық әдістерін
қолданудың артықшылықтары мен болашағын
анықтауға арналған еңбектерде жоқтың
қасы.
Белгілі болғандай, оқу үрдісінде қолданылып
жүрген инновациялық білім беру технологияларының негізін
әлеуметтік тапсырыс, болашақ мамандардың кәсіби
қызығушылықтары, студенттердің жеке
тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу құрауы керек
[2]. Сондықтан, жоғары мектепте мамандарды дайындау кезінде
инновациялық әдістер мен тәсілдерді оқыту мен кадрларды
дайындаудың мақсаттары мен міндеттерін түсіне отырып
қолдану керек. Заманауи психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде
инновациялық әдістер өз көрінісін
оқу-тәрбие үрдісін дамыту мен жетілдіруге және
мамандарды заманауи қоғам өмірінің алуан түрлі
саласындағы кәсіби қызметке дайындауға
бағытталған көптеген оқыту технологияларынан тапты [3].
Олар студенттердің кәсіби машықтарының және
білімінің қалыптасуына және бекітілуіне қолайлы
жағдай жасайды және болашақ маманның кәсіби
қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Оқыту үрдісінде оқытушылардың инновациялық
әдістерді қолдануы әр түрлі пәндерді
оқытуда қалыптасқан стереотиптерді жоюға, кәсіби
жағдайларға жаңа тұрғыдан қарауға,
студенттердің шығармашылық, креативті қабілеттерін
дамытуға септігін тигізеді.
Оқу үрдісіне инновациялық әдістерді ендіруге
және болашақ мамандардың басты кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыруға байланысты оқу
жұмыстарының тиімді тәсілдеріне оқытудың алуан
түрлі белсенді формалары мен тәсілдерін қолдану болып
табылады. Бұл тәсілдерге жобалар жасау, баяндама дайындау,
кәсіби тұрғыдан маңызды мәселелерді
дискуссиялық талқылау, бірлесе жұмыс істеуге оқыту,
мәселелі жағдайлар қалыптастыру, кәсіби
бағытталған бейнероликтер мен презентациялар дайындау сияқты
әдістерді жатқызуға болады.
Ақпараттық-түсіндіру арқылы оқытудан
инновациялық-әрекеттік әдіске көшу оқу
үрдісінде еркін ізденіске және жеке тұлғалық
бағытты дамытуға ықпалын тигізетін жаңа компьютерлік
және басқа да ақпараттық технологияларды, электронды
оқулықтарды, бейнематериалдарды қолданумен түсіндіріледі
[4]. Осылайша, бүгінгі күні студенттерді оқытудың алан
түрлі инновациялық әдістерін көрсетуге болады, атап
айтқанда, бұл мәселелі немесе ойын технологиясы,
ұжымдық немесе топтық жұмыс технологиясы, белсенді
оқытудың имитациялық әдістері, нақты
оқиғаларға талдау жасау әдісі, жобалар әдісі,
креативті оқыту, иноовациялық білім жобасы, дәріс-пресс-конференция,
дәріс-әңгіме, дәріс-диспут және т.б.
Интерактивті әдістер ортақ мәселенің шешімін
бірлесіп іздеу қажет болған жағдайда салалық
ғылымдарды зерттеуде өте тиімді болып табылады. Интерактив
оқытушының алдын ала дайындалуын талап етеді, бұл –
таратылатын материалдарды дайындау (маркер, ватмандар, тақта).
Аталған әдістің мақсаты командалық әдіспен
оқитындарға қандай да бір пәнді зерттеуде барысында
нақтылы практикалық және теориялық тапсырманы орындауда
көмек көрсету болып табылады.
Интерактивті оқытудың теориясы өз бастауын
И.Г.Песталоццидің, А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің
еңбектерінен алады. Интерактивті әдіс – бұл КССР
ғұлама педагогтарының тәжірбиесін қарастыру.
Бұл теория ғылыми тұрғыдан Л.С.Выготскийдің
еңбектерінде дәлелденген. Оның дамуы Л.В.Занковтың,
Д.Б.Эльконинаның және басқа да ғалымдардың
экспериментальды еңбектерінде жалғасын тапқан. Олардың
концепциясы бойынша оқыту мен даму бір үрдістің өзара байланысқан
екі жақтарының жүйесі ретінде қаралады. Оқыту
адамның психологиялық дамуының, жеке
тұлғаның білу, үйрену, саналы әрекет жасау
әдістері сияқты сапаларының жиынтығының
адамның мінез-құлқында қалыптасуының
қозғаушы күші болып табылады.
Занков Леонид Владимирович (1901-1977) – Л.С.Выготский мектебінің
ізденушісі, академик, педагог және психолог, өзінің
оқыту үлгісін құрастырып, экспериментальды түрде
дәлелдеді.
Л.В.Занковтың жүйесі ХХ ғасырдың 50-жылдапры пайда
болып, қалыптасты. Л.В.Занковтың белсенді оқыту жүйесін
жеке тұлғаның жан-жақты жекелендірілген дамуының
жүйесі деп атауға болады. Оқыту үрдісінде
оқушылар білім емес, олардың психологиялық эквиваленті –
танымдық құрылымды меңгереді. Танымдық
құрылым – бұл сол арқылы адам өмірге қарайтын,
сол арқылы өмірді көретін, түсінетін сызба.
Танымдық құрылымдар – сананың дамуының субстраты.
Бұл салыстырмалы түрде білімнің тұрақты,
шағын, мәніділігі бойынша жалпыланған жүйелі
көрінісі, оларды алу және қолдану әдістері жадыда
ұзақ уақыт бойы сақталады. Л.В.Занковтың
әдісі әрекеттік әр түрлерін тартуды, оқытуда
дидактикалық ойындарды, дискуссияларды, сондай-ақ, есте
сақтау мен сойлеу қабілетінің дамуын, ойлауды және
ойдан шығаруды кеңейтуге бағытталған оқыту
әдістерін білдіреді.
Л.В.Занков әдісінің негізгі мақсаты – сабақта
оқушылардың танымдық белсенділігін ояту үшін
жағдайлар жасау.
Бұл мақсатқа келесі жолдармен жетуге болады:
·
Мәселелі
оқиғалар үлгіленеді;
·
Оқушының субъективті
тәжірбиесін ашуға мүмкіндік беретін оқу үрдісін
ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен
түрлері қолданылады;
·
Сабақ жоспары
оқушылармен бірге құрастырылып, талқыланады;
·
Әр бір оқушының
сынып жұмысына деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіндік беретін атмосфера қалыптасады;
·
Оқушылардың
қателесуден немесе дұрыс жауап бермеуден қорықпай
өз ойын айтуы ынталандырылады;
·
Сабақ барысында
оқушыға өзін қызықтыратын оқу
үрдісінің түрін таңдау мүмкіндігін беретін
дидактикалық материалдар қолданылады;
·
Тек қана соңғы
нәтиже емес (дұрыс-дұрыс емес), сондай-ақ,
оқушының ойлау әрекетінің үрдісі де
бағаланады;
·
Оқушының
тапсырманың орындаудағы өз әдісін табуға,
басқалардың пікірлерін талдауға және жалпыға
бірдей шешімге (компромиске келу) келуге ұмтылуы бағаланады.
Эльконин Даниил Борисович (1918-1959) – көрнекті кеңес
психологы, әлемге әйгілі жас бойынша дамуды мерзімдеудің
авторы.
Давыдов Василий Василиевич – академик, РАО вице-президенті, дамып келе
жатқан оқыту мен мәні бойынша жалпылау теориясының
авторы.
Аталған ғалымдардың құрастырған
әдістемесі логикалық және теориялық ойлау
қабілетін дамытуға бағытталған. Бұл адамның
заттар мен оқиғаларды олардың пайда болуы шарттарына талдау
жасау арқылы түсінудің ерекше әдісі.
Оқушының осы теорияға сәйкес оқу пәні
туралы негізгі түсінігін қалыптастыру орталықтан периферийге
қарай қозғалатын спираль сияқты
құрастырылады. Спиральдың орталығында қалыптасып
келе жатқан түсінік туралы абстракты жалпы көрініс, ал
периферийінде ол нақтыланып, жеке көрініс алып, осылайша
ғылыми-теориялық түсінікке айналады.
Белсенді оқытудың дәстүрлі технологиядан бір
ерекшелігі ол кез-келген оқу әрекетінің бағасын
басқаша сипаттайды. Давыдов теориясы бойынша бағалаудың
қажеті жоқ. Ол тек оқу әрекетін ынталандыратын
және «әлсіз» оқушының одан әрі дамуына жол
сілтейтін дәлел ғана болатын құрал. Жеке
тұлғаның дамуы – жеке үрдіс, бұл жерде
оқытушының міндеті - әр бір оқуышының
дамуға, тануға және өзін-өзі дамытуға деген
санасын ояту.
Оқытушының
ұстанымы: «аудиториямен жауап арқылы емес, сұрақ
арқылы қарым-қатынас жасау». Оқытушы өзіне
белгілі оқыту мақсатына жеткізеді, оқушылардың
бастамасын қажетті бағытта ұстайды.
Оқушының ұстанымы:
танымдылық субъектісі, әлемді танушы рөліне енеді.
Д.Б.Эльконина-В.В.Давыдова
технологиясы әрекеттің танымдық себебіне сүйенеді,
сондықтан, ол өте жақсы нәтиже береді және
оқушының төмендегідей қабілеттерінің дамуына бағытталған:
·
өзінің
көз-қарасын қалыптастыру және оны жеткізе білу;
·
басқа адамның
пікірімен санаса білу;
·
оқу материалын
тыңғылықты зерттеу;
·
оқу материалына
шығармашылық тұрғыдан қарау;
·
күнделікті өмірдегі
қақтығыстарды шешу;
·
үлкен аудитория алдына
шығу және өз көз-қарасын аргументтеу;
·
алынған ақпараттарды
талдау;
·
жұмысты өздігімен
және жемісті жасауға үйрену;
·
сабақты жайлылықты
сезіну;
·
өзінің жеке
тұлға екенін көрсете білу;
·
әр түрлі
оқиғаларды мысалға ала отырып өзінің
өмірлік тәжірибесін молайту.
Жоғарыда айтылғандарға оптималды жағдай
жасауға келесі интерактивті әдістер жасайды: Рөльдік
және іскер ойындар, шағын топтармен жұмыстар, «Миға
шабуыл», дискуссия, өңделген материалдар презентациясы, тестілеу,
конкурстар және т.б.
Оқыту әдісінің біріне жеке тоқталсақ:
Сыныптағы
жұмыстардың негізгі әдістердің бірі – бұл
шағын топтармен жұмыс жасау. Ол келесі шарттар орындалған
жағдайда жүзеге асырылады:
·
тар мағынадағы
мәселелерден мағынасы жағынан кең ауқымды алатын
мәселелерге көшуге мүмкіндік беретін ақпараттар
талқыланатын болса;
·
талқыланатын
мәселенің барлық қатысушылар үшін мәнді
болғанда және аталған мәселе бойынша шешім
қабылдау олар үшін қызықты және маңызды
болған жағдайда.
Қазіргі уақытта әдіскерлер мен топтар арасындағы
жұмыстың бірнеше түрлері құрастырылған.
Топтармен жұмыс жасаудың мәні – бірлесіп талдау жасау
және мәселенің шешімін бірлесіп іздеу. Сондай-ақ,
әдіскерлер оқушылардың ойлай қабілеті мен еске
сақтау қабілетін белсендіру үшін, балаға
психологиялық көмек көрсету және оның елестету
еркіндігін дамыту үшін сабақтарда тартармен жұмыс
жасаудың әр түрлі нұсқаларын қолдану туралы
кеңес береді. Жұмыс үрдісінде топтың әр
қатысушысы дұрыс шешім қыбылдау тек қана өзіне
байланысты деп сезінеді. Бұл әдіс әр қатысушының
өзін лидер сезінуіне немесе бүкіл топ атынан шығушы ретінде
сезінуіне ықпал етеді.
Қорыта келе, интерактивті әдісті оқытудың кредиттік
жүйесінің ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Кредиттік
оқыту жүйесінде интерактивті әдістердің маңызы
зор. Өйткені, ол білім алушылардың қандай да бір пәнді
зерттеу барысында жол сілтеуші ретінде қолданылады. Интерактивті
әдістер бүгінгі күндері жоғары оқу
орындарының оқытушыларымен көптеп қолданылып
жүр.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кейнс Дж.
Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы
теориясы. М.: Петроком, 1993.-325 б.
2. Хейне П.
Экономикалық ойлау тұрпаты – ағыл. ауд М.: Дело, 1993.-704 б.
3. Ворст Й.,
Ревентшоу П. Фирма экономикасы. М.: ВШ, 1994. - 272 б.
4. Бочаров
В.В. Инвестиция нарығын реттеудің қаржы-несиелік
әдістері М.: Финансы и
статистика, 1993. - 144 б.
5.
Садықова М. Ж. Қазақстан Республикасының
ауыспалы экономикасындағы инвестиция және инвестициялық
саясат: Автореф. дисс. канд. Алматы, 1998. - 24 б.
6.
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы 8.01.2003, № 373-П // Қазақстан Республикасы
Парламентінің жаршысы,-2003, №1-2.- 4б.