Педагогика. Современные  методы  преподавания

Учитель казахского языка  и литературы

Жупарбекова Айгул Рысбековна

КГУ ОШ №57 города Алматы, Казахстан

 

Топтық жұмыстарды  тиімді  ұйымдастыру

 

        Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлері.Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр-пішіндерінің  әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады: -оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру; -оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру; -өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады:

1) сыныптың барлық оқушыларына;

2) жеке топ оқушыларына;

3) әрбір оқушыға беріледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы оқушылардың алатын білім көздеріне байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің  барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін.

1. Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде ұсынылған әр түрлі негіз қалаушы ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және басымдықтарды белгілеу үшін әрбір топқа арналған бастапқы нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Топтың топты құрайтын нақты адамдарға арналған ережелерді жасауға болады деп есептегені өте маңызды.

2. Адалдық мәдениетін күшейту. Топтың табысты жұмысы шындыққа негізделеді. Топ мүшелері үшін өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады. Дегенмен оқушыларға адал болып, әдептілік сақтау қажеттігін ескерту керек.

3. Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек.

4. Ұжымдық жауапкершілік белгілеу. Мәселелер көтерілген соң және де толық талқыланғаннан кейін топ шешімі қабылданған соң, топтың алға қарай жылжуы үшін ұжымдық жауапкершілік туралы уағдаластықты қолдану керек. Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. 5. Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту маңызды екендігін атап көрсету. Адамдар бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы.

6. Топтағы жұмысқа әрбір мүше атсалысуға тиісті. Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне өзінің пікірімен қоса, әркімнің пікірі құнды екенін көрсету керек.

7. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға тиіс.

8. Топ мүшелерінің мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкін. Міндеттер әрбір топ мүшесінің тәжірибесіне және біліміне сәйкес бөлінген жағдайда топ жұмысы өте тиімді болады.

9. Алайда, топ тек мықты қатысушыларды ғана пайдаланбауға тиіс! Топтағы тапсырмалар дамытушы сипатта болуы мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін мақсатты жағдай болуы мүмкін.

10. Топ мүшелеріне жазбаларды сапалы жүргізу маңызды екендігін ұғуға көмектесіңіз. Оларды бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігі болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар, хаттамалар немесе топтық жұмыстың алға ілгерілеуін растаудың басқа да түрлері болуы мүмкін. Міндеттерді орындау және жазбаларды жүргізу бойынша топ жұмысын қорытындылауға жауапты адамдарды ауыстырып отырыңыз.

11.Топ міндеттерінің мерзімдерін өзгертуге болмайды. Топтың табысты жұмысының «Сен қандай да бір нәрсені орындай алмауың мүмкін, бірақ топтың қандай да бір тапсырманы орындамауына мүмкіндік берсең, бұл дұрыс емес» қағидатына негізделген.

12. Қайырымдылықты дамытыңыз. Топтық жұмыс кейде адамдардан топ мақсаттарына өздерінің жеке қажеттіліктері мен тілектерін бағындыруды талап етеді. Мұны топтың өзге де мүшелері мойындағаны маңызды.

13. Адамдарға шығармашылық пен стандартты емес идеяларды бағалауға көмектесіңіз. Топ мүшелері тек қойылған міндеттер шеңберінде болуына жол бермеңіз және прогресс пен шығармашылық арасында дәлелденген балансты белгілеу керек.

14. Топ жұмысында жүйелендіруші элементтерді пайдаланыңыз. Тұрақты кездесулерді ұйымдастыру, есеп жүргізу және міндеттерді бөлу топтың тиімді және өнімді жұмыстарының кепілі болмақ.

15. Күн тәртібінде топтық ережелер туралы тармақты тұрақты бақылауда ұстаңыз. Бұл мезгіл-мезгіл негізгі ережелерді қарап және қайта қарап отыру үшін, кейде пайда болуы мүмкін күтпеген оқиғаларды шешу үшін жаңасын жасау үшін өнімді болуы мүмкін.

Алайда практикада өзінің пайдалылығын дәлелдеген, бірақ саналы түрде қолданылмаған негізгі ережелерді ұмытпай, олардан бас тартпаған маңызды.  «Тіл – оқытуда және оқып – білуде  негізгі рөл атқарады». Себебі, негізінде білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың  сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мен өз сабақтарымда суреттерді қолдану арқылы диалогтық тәсілдерді қолдану барысында зияткерлік дамуына әсер етеді. Бала диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен, сыныптас достарымен қарым – қатынас орнатады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер диалог түрінде білім беріп оқушыларды ынталандыру, дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Оның пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларда әр түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік және түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бразилиялық педагог Фриеридің пікірінше білім диалогтік- диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін мәселелер жинақталған түрінде беріледі. Фриери , мұғалімнің міндеті- оқушының білімін толықтыру, байыту, тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу леп санайды.  Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Лититон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді.лп, Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім діңгейін дамытуға әлеуметтік қолддау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.

     Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды; қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы-келісімге ұмтылу). Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2004) Диалогтік оқытуға сәйкес сыныпты  қолданбалы зерттеуді зерделер болсақ, оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделі диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан күмән туғызады. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальді түрде оқуды азайтады. Сапа мен әңгіменің мазмұны балалардың білім алуы үшін маңызды болып табылады. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістерін қарастыру ұсынылады. Бұл-мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалогпен басы ауызекі немесе «интерактивті» білім берудің арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар: пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қабылдамайды; кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір –бірінің үлесін сынамайды және сынарлылыққа негізделеді; зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады.(Мерсер, 2000). Диалогтік оқыту  ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды ) және өзара білім алмасуға жағдай туғызады (мұғалімдер мен балалар бір- бірін тыңдап, идеялармен бөлісіеді және балама көзқарастарды қарастырады ) және қолдаушы ( балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады. Диалогтік педагогика- балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым - қатынас орнатуы.  Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет кәсіби құзіреттілікті,  ізденушілікті, жан-жақты  болуды  талап етеді.