Педагогика. Современные методы
преподавания
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байқожаева Тілеулес
Мұхамырқызы
А.Қарсақбаев
атындағы жалпы білім беретін қазақ мектебі
Алматы
қаласы, Қазақстан
Жаңа педагогикалық технологияны қазақ
әдебиеті пәнінде қолданудың тиімді жолдары
Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың
2012жыл 14 желтоқсан
айындағы Қазақстан- 2050 стратегиясы болашақтың,
жастардың, білімнің дамуына арналған. Стратегия еліміздің 30-50 жылдық
мүддесін көздейді. Халықтың өмір сүру
сапасын, әлеуметтік жағдайын көтеру, білімді өркендету,
алдыңғы қатарлы дамыған елдерге қосылу
бәсекеге қабілетті білімді азамат тәрбиелеу басты
назарға алынды. Бұл стратегия еліміздің
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты болды.
Қазақстан- 2050 стратегиясында келешек
ұрпақтың сапалы білім алып, өмірден өз орындарын
тауып, айырықша назар аударылды. Білім, ғылым, өндіріс деп үш арнада байланыса
даму жолдары қарастырылды. Жастардың инженерлік білім алып,
заманауи техникаларды меңгеруіне жете мән берілді. Орта
кәсіптік-техникалық білім беру салаларында ғылыми
зерттеушілікті, мәдениеттілікті, кәсіби біліктілікті жетілдіру
сияқты келелі мәселелердің дамуы жолға қойылды.
Осы көзделген мәселелерге орай
Қазір Қазақстандағы білім
салаларында ақпараттық инновациялық технологияны
қолдану кең етек алған. Педагогикалық технологияны
қолданып, ол арқылы сабақтың мақсатыа жетіп,
міндетін орындау ең басты талап. Оқушы сабақтағы басты
элемент. Оқытушының
кәсіби шеберлігі - педагогикалық технологияны ұтымды
қолданып, оқушыға сапалы әрі терең білім беріп,
дарынды, талантты шәкірт тәрбиелеу. Бүгінгі таңда
барлық білім саласында педагогикалық технологияны пайдаланбайтын
ұстаз жоқтың қасы.
Жаңа педагогикалық технологияны
оқу үрдісінде қолдану -
жаңалықты енгізу, қалыптастыру, жүзеге асыру
жаңашылдықты меңгеру екені айдан анық. Сабақта
инновациялық технологияны қолдану оқушының
шығармашылық қабілетін қалыптастыру,
ізденімпаздығын, қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
дүниетанымын дамыту болып табылады. Бүгінгі оқу
үрдісінде ақпараттық инновациялық технологияны
қолдану мен ақпарат-
тандыруда мектеп мұғалімдері ғалым Ж.
Қараевтың«Үш өлшемді әдістеме- лік жүйесі»
технологиясын башылыққа алуда. Әсіресе оның ішінде деңгейлік тапсырма беруді жиі
пайдаланады, яғни жеңілден
қиынға, дарадан
күрделіге ауысады. Оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға ықпал ететін,
мүмкіндігіне қарай бөліп жармай жаңаша
оқытудың бір әдісі – деңгейлік тапсырма. Оқушы
тапсырманы орындай отырып, өз білімін анықтайды. Деңгейлік тапсырмада білім
игерудің үш деңгейі қарас-тырылады. Олар І,
ІІ, ІІІ – деңгейлер. Сабақта барлық оқушы
оқу үлгеріміне қарамастан І деңгейдегі тапсырманы
орындайды. І деңгейдегі тапсырма мемлекеттік білім стандартына сәйкестеніп
жасалған. Үлгерімі төмен оқушы тапсырманы орындай алмай
жатса үйге беру керек. Бұл тәсілдегі рейтинг, ұпай, бал
жинаудың өзі оқушының ізденуіне, жіберген
қателіктеріне қайта оралуына жалпы өз білімін саралауға
үйретеді. Мысалы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»
өлеңі І- деңгейге өлеңді мәнерлеп,
орфоэпиялық нормаға сай оқу жүктелсе, ІІ- деңгейге өлеңді
мәнерлеп оқып, негізгі идеясын ашып айтып беру, ІІІ- деңгейге
өлеңнен үзінді жаттап, мазмұнын айту жүктелген.
Қарап тұрсақ үш түрлі тапсырма, үш
түрлі әлем. Деңгейлік тапсырманың әдістері:
тапсырманы, материалды деңгейлеп беру; жаттығу әдісі
арқылы бірнеше деңгейде жұмыс жасалады; бірін- бірі тексеру
арқылы жұмыстың дұрыстығына көз
жеткізіледі. Деңгейлік тапсырманың маңыздылығы: сынып
оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне әкеледі. Бос
отырған оқушы болмайды. Әрбір оқушы өз білім
деңгейін біліп, оны дамытуға әрекеттенеді.
Қиындықиы жеңіп, ізденуге дағдыланады.
Қазақ әдебиеті пәнінде
оқылған шығарма бойынша тест сұрақтары
құрастырылса, туындыны оқыған шәкіріт бірден
бөгелместен жауап береді. Ал егер мұғалім шығармадан
үзінді оқып, қай кейіпкердің сөзі?, немесе
монологы тағы басқа сұрақтар қойылса, бұл- дамыту әдісі.
Оқушының монологтық, ойлау, сөйлеу, тез жауап беру
сияқты белсенділіктерін арт-тырады. Бұл дамыта оқыту
күрделі бір құрылымдық педагогикалық жүйе.
Оның дәстүрлі оқытудан айырмашылығы туралы
ғалым С.Көшімбетова: «Дамыта оқыту –көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытудың негізгі
факторларында мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім
алу белсенділіктерін ұштап, тақырыпты саналы түрде
меңгеруге дағдыландырады.» - деп атап өтеді. Дамыта
оқытудың өзіндік тарихын Ресейлік ғалым
әдіскерлер: А.Я. Герц, В.Ф. Зуев, В.В Половцов, Б.Е.Райков,
К.П.Ягодовский өз еңбектерінде қарастырса, Отандық
ғалым С.Жұмалиева ғылыми жұмысында кеңінен
тоқталды. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
қабілетін, шығармашылық жұмыстарын дамыта оқыту
арқылы жетілдіруге болатынына айырықша тоқталды. Жалпы
қазақ әдебиеті пәні сабағын оқытуың
сапасын көтеруде ақпараттық инновациялық
технологияның берері мол. Оқушыларға сапалы білім, саналы
тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгептіп,
оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Осы орайда қазақ әдебиетін оқытуың сапасын арыттыруда
дамыта оқытуды іс –тәжірибеде қолдануымыз керек. Дамыта
оқыту технологиясы пайдалана отырып, сапалы шығарма жазу үшін
төмендегі қағидаларға айырықша назар аударуымыз
қажет: 1.Оқушының шығармашылық қабілетін
жетілдіретін қосымша әдебиет ұсыну
2.Оқушының пәнге деген
қызығушылығын анықтау;
3. Шығармада көрініс тапқан
ұлттық тәрбие, өнер, дәстүр өсиеттер
жайлы даралап айтып беруге үйрету;
4. Оқушының ғылыми жетістікке
жетуіне көмектесу, жоба жазу, конференцияға қатысу, өз
ойын еркін, көркем тілмен жеткізуге дағдыландыру;
Ақпараттық инновациялық
технологияны пайдалану барысында оқушылар-дың
шығармашылық деңгейге жетуін назардан тыс қалдырмауымыз
керек. Оларға тақырып ұсынып, материалдар жинауға, ол
жинақталған мәліметті жан-жақты жеткізе білуге
үйретуіміз қажет. Сабақта берілген тақырып бойынша
ең бірінші презентация, видиоролик жоба жасай білуге үйретеміз.
Интерактивті тақтаның да алатын орны
ерекше. Оқушы үшін интерактивті тақта көрнекілік,
маңызды ақпарат, керекті материал беруші құрал болып
табылады. Интерактивті тақтаны пайдаланғанда оқушылар
таңқалып, қуанып, құмарланып, әсерлі
эмоциямен жұмыс істейді. Интерактивті тақтаны қазақ
тілінде қолданғанда анық тыңдауда, естіп
ұғуда, айтылымда, сөйлеуде, грамматикалық
жаттығуларды дұрыс орындауды қадағалауға
мүмкіндік береді.
Жаңа технология жүйесінде
проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да
маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі мәселелерді
талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады,
пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі
қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Соңғы
кезде оқу үрдісінде оқытудың әр түрлі
педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп
жатыр.