Телғожаева
Қ.С. аударма ісі магистрі
Алматы Энергетика және байланыс
университеті
И.А.Крылов
мысалдарының аудармаларын статистикалық талдау
Мақалада И.А. Крылов мысалының
қазақ тіліндегі аудармаларына статистикалық талдау
нақты мысалдар арқылы келтіріліп, жан-жақты зерттелген.
Ең алдымен
статистика сөзінің түп-төркініне үңілер
болсақ, «Статистика» сөзіне ғалымдар «Қазақ
тілінің түсіндірме» сөздігінде мынадай анықтама береді:
«Статистика зат. Қоғам мен халық шаруашылығының
дамуындағы сандық өзгерісті көрсететін ғылым»
[1.370б]. Аталған терминді тіл
білімі ғылымының заңдылығына сәйкес тіл
дамуының санағының термині ретінде ғалымдар ХХ
ғасырдың екінші жартысында қолдана бастады. Бұл зерттеуді
қазақ тіл білімінде алғаш рет қарастырған
Қ.Қ.Жұбанов екенін белгілі тілші-статист ғалымдар -
Қ.Б.Бектаев және С.Мырзабеков қазақ тілінің
статистикасы туралы зерттеулері мен мақалаларында атап көрсеткен.
1969
жылы Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында
«Статистическое и информационное изучение тюркских языков» атты
Бүкілодақтық ғылыми жиынның өтуі
қазақ тіл білімі үшін елеулі құбылыс болды. Осы
ғылыми форумның нәтижесі ретінде 1970 жылы Тіл білімі
институтында статолингвистика саласының белгілі ғалымы
Қ.Бектаевтың жетекшілік етуімен «Тіл статистикасы және
автоматтандыру» атты ғылыми топ құрылды [2.22б.].
Статистикалық
әдісті пайдалану ана тілдегі және сөйлеудегі сандық
заңдылықтарды зерттеумен айналысатын тіл білімінің саласы.
Лингвистикалық статистика ғылыми бағыт ретінде
лингвистикалық бірліктердің құрылым сипаттарының
жиынтығын, олардың пайдаланылу ерекшеліктерімен
толықтыруға байланысты дамып отырады [3. 206б.].
Ф.ғ.д. проф.
А.Қ.Жұбанов «Қолданбалы лингвистика: Қазақ
тілінің статистикасы» оқулығында
заңдылықтың динамикалық және статистикалық
екі түрін атап өтеді.
Талдауға негіз етіп екінші түрін алып отырмын. Қазақ
көркем аудармасына статистикалық талдауды енгізе отырып, зерттеу
жүргізу аударматану ғылымының жаңа саласы болып қалыптаспақ. Зерттеуіміздің
өзектілігі болып отырған статистикалық талдау арқылы
ақын-аудармашылар өз
шығармашылығында қандай сөздерді жиі
қолданатындарын талдап, зерттеуге болады.
Оқиғаның
ықтималдығын анықтаудың ең қарапайым
статистикалық құралы ретінде ол оқиғаның
кездесу «жиілігін», «орта жиілігін», «орта жиіліктен ауытқу» деп аталатын
шамаларды табу жолдарын айтуға болады. Бұл жердегі «жиілік»
терминін «болмыстың бөлігі» ішіндегі байқауға
алынған оқиғаның (қайсібір тілдік
бірліктің) кездесетін саны деп түсіну қажет.
Мәтіндегі белгілі
бір мөлшердегі сөздердің пайдалану жиілігіне қарай
орналасқан сөздер тізімінен тұратын сөздер жиілігі.
Сөздік және мәтін құрылымында сандық заңдылықтарды
салыстыруға мүмкіндік береді [3.424б.].
Осы тақырыпты негізге
ала отырып аударматану ғылымында алғаш рет әдебиетімізде
мысал жанрындағы бейнелеуіш сөздер мен сөз таптарының
қолданылу жиілігін анықтамақпыз.
Тақырыптың
жаңалығы болып алғаш талданылып отырған
қазақ көркем аудармасындағы статистикалық
талдауды екіге бөліп қарастырамыз. Бірінші мәтінің
лексика-грамматикалық құрылымы (мәтін
құрамындағы сөздерді сөз таптарына талдау),
екінші статоәдеби талдау (мәтіндегі бейнелеуіш сөздердің қолданылуын талдау).
Екінші талдауда қолданбалы лингвистикадағы статистикалық
талдауды көркем аудармамыздағы әдебиеттанумен тығыз
байланыстырып, кеңінен қолдану. Тіл білімі тұрғысынан
келгенде аударматанудың статистикалық талдауындағы
айырмашылық аударма нұсқалардың мәтініндегі
лексика-грамматикалық құрылымның жиілігін салыстыру болып
табылады. Енді осы екі талдаудың алғашқысын алдымен талдар болсақ мынадай.
Тақырыптың жаңалығы
мен өзектілігі болып отырған талдауға сәйкес аударама нұсқаларды А деп белгілеп, А.Құнанбаев
нұсқасындағы жалпы сөздер санын m деп алып, ондағы сөз таптарын n дейтін болсақ, оқиғаның
ықтималдығы классикалық анықтама негізінде мынадай
өрнекпен анықталады:
P (A)= n /
m
Енді осы лингвистикалық формулаға
сәйкес И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалының аударма нұсқаларын
статистикалық талдаудан алғаш рет өткізер болсақ
мынадай. Абай Құнанбаев
нұсқасы:
0.1.зат есім Р (А) = 51/156= 0.32
0.2.сын
есім Р (А) = 15/ 156= 0.096
0.3 сан есім Р (А) = 8/156 =
0.05
0.4 есімдік Р(А) = 11/156 = 0.07
0.5 етістік Р (А)= 56/156
= 0.35
0.6 үстеу Р(А) = 2/156 = 0.012
0.7 шылау Р(А) = 7/156
= 0.044
0.8 одағай Р(А) = 2/156 =
0.012
0.9
еліктеуіш Р(А) = 2/156 = 0.012
Енді
осы үлгімен «Қарға мен түлкі » мысалының
Ы.Алтынсарин және А.Байтұрсыновтардың аударма
нұсқаларын кесте арқылы бермекпіз. Мұнда сөз
таптарын комьпютерлік жүйеге сәйкес кодтаймыз. Бұл кодтауды
екі түрлі нұсқада алуға болады. Біріншісі
жоғарғыдай көрсетілгендей цифрлар арқылы болса, екінші
басқы әріптеріне сәйкес кодтауға болады. Мысалы: зт-зат
есім, сн-сын есім, са-сан есім, ес-есімдік, ет- етістік, үс-үстеу,
од-одағай, ел-еліктеуіш сөздер. Сонымен біз басқы
әріптер арқылы кодтауды аламыз.
И.А.Крылов:
Воронезт где-тоес богзт послалет кусочексн
сырузт:
Наш ельзт Вороназт
взгромоздясьүс,
Позавтракатьет былоет совсемес уж собраласьет,
Даш
позадумаласьет, аш сырзт во ртузт держалает [4.5б.]
А.Құнанбаев:
Ірімшіктізт
құдайымзт
Кез үсқылдыет
бірса күн зт қарғаға зт.
Алыпет
ұшыпет бардыет даш,
Қондыет
бірса биіксн ағашқа зт.
Үлкенсн бірса
олжа зт емесет пеш
Ірімшік зт
дегенш қарны зт ашқасн [5.5б.]?
Ы.Алтынсарин:
Жүгіріпет
түлкізт соғанес жетіпет келдіет,
Қарғазт
ағаштың зт басындаүс мұныес
көрдіет.
Тістегені етаузына
зт тәттісн ірімшік зт,
Оныес
көріпет түлкіекең зт сөйлейет
бердіет [5.8б.].
А.Байтұрсынов:
Бірса
түйірсн ірімшікті зт тауыпет алыпет,
Ағашқа
зт қарға зт қондыет ұшыпет
барыпет,
Тоқзт
санапет ірімшігін зт көңіліне зт,
Жейет
қоймайет отырет едіет ойғазт
қоныпет [154.9б.].
Статолингвистикалық
талдау көрсеткендей
лексика-грамматикалық құрлымдар сәйкестігі жағынан Абай мен Крылов мысалдары
тең түседі. Екі мысалдың сөз таптарының орташа
жиілігі дәл келеді.
1.
кесте-статолингвистикалық талдау
|
Автор |
Жас |
ЗТ |
СН |
СА |
ЕС |
ЕТ |
ҮС |
ОД |
ШЫ |
ЕЛ |
|
И.А.Крылов |
152 |
0.34 |
0.032 |
0 |
0.125 |
0.18 |
0.04 |
0.013 |
0.184 |
|
|
А. Құнанбаев |
156 |
0.32 |
0.096 |
0.05 |
0.07 |
0.36 |
0.12 |
0.044 |
0.012 |
0.012 |
|
Ы.Алтынсарин |
133 |
0.33 |
0.030 |
0.037 |
0.06 |
0.45 |
0.05 |
0.007 |
0 |
0.03 |
|
А.Байтұрсынов |
198 |
0.21 |
0.07 |
0.01 |
0.05 |
0.49 |
0.03 |
0 |
0.035 |
0.01 |
Талдау көрсеткендей
нұсқалардың 0,089 пайызы сын есімнен тұратынын
жуық шамамен білуге болады.
Бұл кесте арқылы аударма нұсқалардың
түпнұсқаға қаншалықты жақын,
әрі жуық екенін анықтап-байқауға болады.
Бұл жерде екінші бір назар аударатын нәрсе ақындардың
сөз таптарын қолдану жиілігін аңғаруға болады.
Егер ақын-аудармашы тіліміздегі
барлық лексика-грамматикалық құрылым бірліктерін қолданған болса, онда сол
ақынның сөздік қоры мейлінше жоғары болмақ.
Талдауымыз көрсеткендей, Абайдың аударма нұсқасында
тоғыз сөз табы кездескендіктен
оның сөз байлығы жоғары деп анық айтамыз. М.Әуезов «Қарға
мен түлкінің», «Жұрт біледі, күледісі» Абайдікі, ал
«Боқтықта талтаңдап» деп басталатын түрі
Ы.Алтынсариндікі болуы керек деген пікірді алға тартады. Ыбырайдың
осы мысалды аударғаны рас. Бірақ ол аударма басқа. «Ашығып түлкі
жүрді жапандарда» деп басталатын 28 жолдық аударма
Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағында басылып та жүр.
Сонда Мұрсейттің қолжазбаларына, ақын
шығармаларының түрлі басылымдарына сүйенсек, Абай
«Қарға мен түлкінің» екі түрлі аударымы
нұсқасын жасаған болып шығады. Мысалдың екі
түрінің де мазмұны шамалас, айтар ойы бір. Айырмасының
бірі дәл аударылса, бірі еркін кеткен. Мысал тұпнұсқада
26 жол болса, дәл аудармада 47, екіншісінде 55. Орысшасында буын саны
әртүрлі: көбіне 12-13 те, қазақшасында 6-7-8-10
буынды. Еркін аударылған түрі жыр үлгісімен жазылған.
Қарға мен түлкі мысалының әдебиетіміздегі Абай, Ыбырай, Ахмет аударған үш
нұсқаның әрқайсысында ерекше
көтеріңкі пафос, үстеме теңеулер, ойнақы тіл
Қарғаның портретін беруге арналғанымен, керісінше
түлкінің бейнесі психологиялық жағынан толық
ашылған. Еріксіз езу тартқызар ирония, поэтикалық картина,
драмалық сахна Қарға үшін қаншалықты
мазақ, қатердің төніп келе жатқанын сездіреді.
Ішкі драмалық тартыс, эстетикалық әсер өте күшті.
Орысшада 26 жол, А.Құнанбаевта 47 жол, Ы. Алтынсаринде 28 жол, А.
Байтұрсыновта-36 жол. Түпнұсқадағы
қарғаға ірімшік құдайдың демеуімен кез
болғаны туралы
А.Құнанбаев аударма нұсқасында ғана кездеседі.
Бог-Құдай сөзі Абайда ғана бар. Абай мысалда кездесетін
сөздердің барлығына дерлік балама тауып, оларды
қазақ тілінің көркемдік ерекшелігімен өзіне
тән айшықты өрнектеп, мысал жанрының негізін
қалыптастырған.
Түпнұсқадағы
«Вертит хвостом» тіркесі А.Құнанбаев нұсқасында
–«Бұлғақтатып құйрығын»- деп
Крыловтың үлгісіндегідей түлкі сөзінің алдында
берілген болса, Ы.Алтынсарин түлкіні біраз сөйлетіп алған
соң ғана оның қимыл әрекетіне сипаттама береді
және аудармасын қарғаның ірімшікті тауып
алғанынан емес, түлкінің қарны-ашып, жапандарды кезіп
жүргенінен бастайды. А.Ыбырай
аудармасында түлкінің мінез-құлқы
ашылмаған, Түлкіні қарғаға жалынышты етіп,
жалынтып қойған, ал түпнұсқада түлкі еш
жылымайды. Түпнұсқадағы түлкі инабатты әрі
алған бетінен қайтпайтын қу болса, Ы.Алтынсарин
нұсқасында мүсәпір-бейшара, бейне бір тілін
салақтатып, қыңсылап тамақ сұрайтын итке
ұқсайды. Аудармашы бір жерде «айлакер, қу» деген
сөздерді қолданбайды. Түлкі елден естіген сөзімен
ғана қарғаны алдайды.
Оның
«Голубушка, как
хороша!
Ну что за шейка, что за глазки!
Рассказывать, так, право, сказки!
Какие перушки! Какой носок!
И, верно, ангельский быть должен голосок»- [4.5б.],
деген жолдардағы теңеулер мүлде
жоқ оның орнына қарғаны бұлбұл мен
сандуғашқа теңеп жырлаған мынадай шумақтар
кездеседі:
«Қарға батыр,
әр сөзің күміс-алтын.
Сырттан тілеу тілейді
барша халқың
«Қарға
үнінідей дүниеде әуен жоқ»,-деп
Осылайша шығады
сыртқа даңқың.
Сандуғаш,
бұлбұлдарды көріп едім.
Жүзіңді бір
көруге келіп едім.
Даусыңды бір
шығаршы шаттанайын,
Сырттан ашық
болғаннан өліп едім» [5.9б.].
А.Байтұрсынов пен
Ы.Алтынсаринде теңеу,
үстемелер көп. Сондай-ақ аудармаларында түлкінің
арып-ашып алыстан келгені туралы жолдарды өз жандарынан қосып
нақтылай түседі. Бұл түпнұсқада жоқ.
Ы. Алтынсарин мен А.Байтұрсыновта еркіндік басым. Екі
ағартушының аударма нұсқалары қара
өлең ұйқасы болса, Абайдың 7-8 буында болып
келеді.
И.А.Крыловтың мысалын ХIХ
ғасырдың екінші жартысында
аударған ақын-жазушыларымыз тек ағартушылық
бағытты ұстанған. Олар мысалды өздерінің
оқу-құралында балаларға үгіт-насихат үшін
аударған. Бұны өздерінің хаттары мен еңбектерінде
тілге тиек етеді. Абай аудармасында жол
саны басым болғанымен басы артық ештеңе жоқ.Үш
аударманы саралай келе,
А.Құнанбаев аудармасы дәлме-дәл аударма деп
бағалауға тұрарлық.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. П-Т. Алматы: Ғылым,1985.8том.-591бет.
2. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы
лингвистика: Қазақ тілінің статистикасы. Алматы:
Қазақ университеті, 2004.-209бет.
3. Тіл білімі сөздігі. Алматы:
Ғылым,1998.-544б.
4. И.А.Крылов. Басни. Москва:
Гослитиздат,1958.-240с