ӘОЖ:
ЗАҢ ШЫҒАРУ ТЕХНИКАСЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
Кадралиева
Н.А.
М.Х. Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Заң шығару техникасы кең
мағынасында алғанда нормативтік актілерді талдап жасау ережесін
ғана емес, сондай-ақ қалыпты материалдарды
ұйымдық-техникалық жағынан дайындаудың
нақты күйін, қалыпты актілердің құрылымы
мен мазмұнын, бұл актілерді ресми басылымдарға
жариялаудың жай-күйін қамтиды. Бұдан әрі,
бәрінен бұрын, нормативтік актілер жобаларын дайындаудың ережелері
мен әдіс-тәсілдері жүйесі ретінде түсінілетін тар
шеңберіндегі заң шығару техникасы туралы сөз болады.
Зандардың қаншалықты жетілгендігі, нормативтік
актілердің үғынықтылығы, оларды есепке алу мен
жетілдірудің жоғары деңгейде болуы көбіне көп заң
шығару техникасы ережелерінің сақталуына байланысты
болмақ.
Құқық нормаларын
тұжырымдаған, нормативтік актілерді шығарған және
оларды жүйелеген кезде қолданылатын кейбір ережелер,
құралдар мен тәсілдер жинақтала келе заң
шығару техникасын құрайды. Заң шығару техникасы
нормативтік актілерді жасауға, басылымда жариялауға және
жүйелеуге, оларды жетілдіру мен тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге
бағытталған. Оның ең жалпы құралдары,
әдіс-тәсілдері, ережелері болып заң терминологиясы, заң
конструкциясы, нормативтік актілердің жазылу тәсілдері мен
ережелері (нормативтік актінің құрылымы, сот
шешімдерінің құрылымы) табылады. Оның схема
түріндегі көрінісі:
Терминдер - бұл нормативтік актілердің
мазмұнын жазудағы қолданылатын сөз белгілері.
Оның үш түрі қолданылады:
- жалпылама қолданыстағы, яғни
жалпыға белгілі терминдер, айталық, үй, пәтер, терек,
қойма, қонақ үй, т.б.;
- арнаулы заңдық, яғни
ұғымның өзіндік сипатын белгілейтін занды мәні
бар терминдер, мысалы, прокурор, адвокат, иесіз заттар, өз бетімен
салынған құрылыс, қараусыз жануарлар, талап ету
құқығы, борыштың ауысуы, т.б.;
- арнаулы зандык емес, яғни
мамандандырылған білім салаларында қолданыстағы мәні
бар терминдер, мысалы, күрделі жөндеу, электр қуатымен
жабдықтау, эпидемия, эпизоотия, т.б.
Терминдердің өздерімен қатар оларды
пайдалану ережелері де маңызды рөл атқарады. Сондықтан
оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әр түрлі
құқықтық актілердегі терминологиялық
қабылданған белгілердің бірыңғайлығы,
қолданудағы жалпыға танымалдығы,
тұрақтылығы, кысқалылығы, дәлдігі мен
түсініктілігі болуы шарт. Терминдерді қолданған кезде мыналарды
естен шығармауымыз қажет: нормативтік актілердегі
қолданылатын сөздер мен тұжырымдардың өздері бір
көргенде кәдімгідей жалпыға танымал түсінікті болып
келсе де, шындығында оның құқықтық
мәні басқаша болып шығады. Мысалға келісім
(мәміле) деген сөздің мағынасына көз жіберелік.
Бір жағынан ол келісім іс-әрекетін білдірсе, екінші жағынан заң
мәні жағынан мүлдем өзгеше болып келеді: азаматтар мен
занды тұлғалардың құқықтары мен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттері түрінде түсіндіріледі.
Терминологиядан басқа заң шығару
техникасына заң конструкциясы (құрсаулары) жатады. Ол
дегеніміз нормативтік материалдарды, олардың құрылымын
құрайтын элементтермен байланысын ерекше типтес түрінде
тұрғызу, яғни бұл нормативтік материалдардың
типологиялық моделі, схемалары. Мысалы, "қылмыстың
құрамдық" конструкциясы, "келтірілген зияны
үшін мүліктік жауапкершілік" конструкциясы,
"құқық қатынастарының құрамы",
"занды тұлға", мәміленің
құрамы". Заң тәжірибесінде конструкциялардын
маңызы зор, өйткені олар заң ғылымдарымен
нақышталып, өмір тәжірибесінен өрбіген
құқықтық қатынастардың типтік
схемаларын қалыптастырады.
Заң шығару техникасында
құқықтық актілерді құрастырудың
тәсілдері мен ережелеріне көп көңіл бөлінген.
Ережеге сәйкес нормативтік актіге тек бір туыстас материалдар ғана
енгізіледі. Оған байланысты нормативтік актіде алдымен материалдық
құқықтар нормалары, одан кейін іс жүргізу (процессуалдық)
нормаларын қамтитын құқықтар тұжырымдалады.
Бұдан да басқа, ережеде заң нормаларының жазылу
тәртібі көзделінген:
- баяндаудың қисынды дәйектілігі,
құқықтық актіде берілетін норма
нұсқамаларының өзара байланысы;
- нормативтік актінің ішінде, зандар жүйесінде
қайшылықтардың болмауы;
- құқық нормаларын баяндау
барынша жинақы бола отырып, олардың мазмұнын ашып
көрсетудің терендігі мен жанжақтылығы;
- нормативтік актілер тілінің
айқындығы мен ұғынықтылығы;
- заңдарда қолданылатын тұжырымдар
мен атау сөздердін дәлдігі мен түсініктілігі;
- нормативтік материалдың жақсы
аңғарылуы, оларды пайдалануды жетілдіру,
құқықтық актілерді ірілендіру үшін бір
мәселе жөніндегі актілердің санын барынша азайту, т.с.с.
Нормативтік материалдың жазылуының
заң техникалық құралдары ретінде заң
шығарушы ның еркін заң тұжырымдарында
көрсетілуінің мынадай түрлерін атауға болады:
- нормативтік құрылысын, яғни
құқық нормалары норманың тұжырымдар
түрінде берілуі (гипотеза-диспозиция; гипотеза-санкция) ;
- жүйелік құрылысын, мұнда
құқық нормалары логикалық нормалар түрінде
көріністе болуы мүмкін (гипотеза-диспозиция-санкция);
- салалық типизациялануын - әрбір норма
тиісті құқық салаларына енгізілуі тиіс.
Заң шығару техникасының
құралы ретінде құжат мәтіндерінің
жазылуының мынадай тәртібі қолданылады:
- реквизиттерінің болуы (актінің аты,
қабылданған датасы, атауы, орны, күшіне енуі, лауазымды
адамның қолы, т.б.); құрылымдық
құрылысының көрсетілуі, яғни нормативтік акт
мәтіннің орналасу тәртібі - баптарға, абзацтарға,
тармақтарға, тармақшаларға бөлінуі. Ал,
күрделі ірілендірілген кодификациялық актілерде (кодекстерде,
ережелерде) бөлімдер мен бөліктердің болуы тиіс:
- заң терминологиясының өмірге
келуі;
- құқықтық актінің
жазылу стилі, яғни нормативтік құжаттардағы тіл құралдарын
пайдаланудың тәсілдерінің жүйесі.
Заң шығару техникасының
тәсілдеріне мыналар жатады: абстрактілік тәсіл, яғни
құқық нормаларын тұжырымдағанда жалпылау
түсініктемесін қолдану (мысалы, қр Азаматтық
кодексінің 188-бабының 3-тармағында: "меншік иесі
өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша
кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл
мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен
шығаруға ... мүлікті кепілге беруге ...
құқылы", - делінген. Бұл жерде жалпылау
түсінігі "мүлік" болып тұр, бұл
көптеген материалдық құндылықты біріктіретіні
сөзсіз).
Казуистикалық тәсіл, ол
құқық нормаларын тұжырымдаған кезде
оның жұмыс істелуіне қажетті нақтылы жағдайларды
талдап көрсету (мысалы, қр Азаматтық істерді жүргізу
кодексінде сот шешімінің мазмұнын айқындайтын реквизиттері
көрсетілген: шешімнің ішкі құрылымы (кіріспе, сипаттау,
дәлелдеу және қарар бөліктері), оның кіріспе
бөлігінде шығарылған уақыты мен орны, шешім
шығарған соттың атауы, соттың құрамы; сот
отырысының хатшысы, сот приставы; прокурор, егер ол процеске
қатысқан болса, тараптар мен қатысушы басқа да адамдар,
өкілдер және даудың нысаны немесе мәлімделген талап
көрсетіледі. Шешімнің сипаттау бөлігі талап
қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және
іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін
қамтуға тиіс. Дәлелдеу бөлігінде істің сот
анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен
міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері;
сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің
негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар
көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда
дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны
және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі
мүмкін. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды
қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдың толық
немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын,
сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру
мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де
қорытындыларды қамтуға тиіс.
Бұл жерде Англия, АҚШ сот
шешімдерінің құрылымын бергенді жөн көрдік. Онда:
1) нақты істің фактілері; 2) талапкердің талабы және
жауапкердің репликасы (жарыссөзге қатысушылардың
бәрі сөйлеп болғаннан кейін, олар жарыссөздердегі
айтылғандарға байланысты екінші рет сөйлеп алады.
Соңғы реплика айту құқығы, әр
уақытта жауапкер мен оның өкіліне беріледі); 3)
адвокаттардың аттары ( істегі талапкер мен жауапкердің аттары); 4)
соттың алдына қойылатын заң сұрақтары (мысалы,
шарт бұзылды ма, бұзылса оған қандай негіз бар?
Тараптардың жауапкершілігі қандай? Жауаптылықты
күшейтетін немесе әлсірететін негіз бар ма?); 5) соттың
шешімі (онда қаралатын мәселелер - соттың
дәлелдемелерді бағалауы, іс үшін маңызы бар
қандай мән-жайлардың анықталғанын,
қандайларының анықталмағанын, осы іс бойынша
қандай заң қолданылуы тиіс екндігін және талаптың
қанағаттандыруға жататынын-жатпайтындығын
анықтауы болып табылады);
6) сот шешімінің негізі
(құқық принципі немесе Жоғарғы сот
тың іс бойынша бірінші шығарған сот прецеденті); 7)
істің тарихы (осы іс бойынша төменгі соттың шешімі, егерде
ол болса); 8)соттың құрамы; 9) көпшілік пікірдің
авторы (яғни сот шешімінің авторы); 10) ерекше пікір, егер ол
болса.
Құқық нормаларын жазу
әдістерінен басқа оның үш тәсілдері бар: тікелей,
сілтемелік, бланкеттік.
Тікелей жазылу
тәсіліне сәйкес
нормативтік актілердің баптарында сол норманың барлық
элементтерінің қарастырылуы (гипотеза, диспозиция, санкция бір
бапта болуы).
Сілтемелік әдісі бойынша нормативтік
актілердің мазмұнында норманың жекелеген элементтері (не
гипотеза, немесе диспозиция, санкция) өзге баптарда болуы оған
сілтеме берілген. Мысалы, қр Азаматтық кодексінің 221-бабыньщ
3-тармағында былай жазылған: "Ортақ мүлікті
бөлу және одан үлесті бөліп шығару негіздері мен
тәртібі осы Кодекстің 218-бабының ережелерімен белгіленеді,
өйткені ол осы Кодекспен, басқа да заң
құжаттарымен бірлескен меншіктің жекелеген түрлері
үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке
қатысушылар қатынастарының мәнінен туындамайды".
Мұның өзі 221-баптың З-тармағындағы
норманың мазмұнын білу үшін сол Кодекстегі 218-баптьщ
тұжырымдарын білуіңіз қажет екендігін көрсетеді.
ҚР қылмыстық кодексінің
70-бабының 2-бөлігіндегі: "Сот мерзімінен бұрын - шартты
түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы
Кодекстің 6З-бабының бесінші бөлігінде көзделген
міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның
өтепмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс"
тұжырымдар да мысалдың бір түрі.
Бланкеттік әдіс - бұл норманың
мазмұнында нақтылы сілтемелер жоқ, бірақ оның
кейбір элементтері өзге нормативтік актілерде, немесе ерекше басқа
ережелерде тұжырымдалған. Мысалы, ҚР қылмыстық
кодексінің 307-бабының 3-бөлігіндегі екінші
ескертпесіңде: "Мемлекеттің міндетін және мемлекеттік
органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін
қазақстан Республикасының Конституциясында,
қазақстан Республикасының конституциялық және
өзге де заңдарында белгіленетін қызметтерді аткаратын, сол
сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес
мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын
адамдар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар деп
түсініледі", - делінген. Міне, өзіміз көріп
отырғанымыздай, осы баптағы норманы түсіну үшін,
әрине, сонда көрсетілген заң актілерінің
(әсіресе, мемлекеттік қызмет туралы) мәтіндерін білуіміз
қажет.
Сондықтан заң шығару техникасын
сақтықпен орындау бұл қажетті заң конструкциясын,
тұжырымдардың жазылу тәсілдері мен әдістерін, әрі
заң терминологиясын дәйекті пайдалану деген сөз, бұл
нормативтік құқықтық актілердің сапасын,
оның ширакгылығын және дәлме-дәлдігін
көтеруге көптеген жағдайларда септігін тигізеді.
Әлбетте, жетілген заң шығару
техникасы қабылданған актілер мағынасының жеңіл
ұғынылуын, ескірген қалыптардың күшін дер
кезінде жоюды және заңдардағы олқылықтардың
орнын толтырып отыруды қамтамасыз етеді. Оның үстіне
заңдарды сапалы әрі дер кезінде жүйелеуге мүмкіндік
береді. Заң шығару техникасы мен заңдарды
жүйелеудің арасындағы байланыстың күштілігі сонша
біреуінің жағдайы екіншісіне кері әсерін тигізеді. Мысалы,
жаңа актілерде өзгертілетін немесе күші жойылатын
заңдық қалыптардың дәл тізбесі болмаса, онда
бұл қолданылып жүрген заңдарды жүйелеу
жөніндегі жұмысты айтарлықтай қиындатады. Бір
мәселені өзгеше реттейтін актілердің тағдырын ресми
түрде анықтап алмайынша, ескірген, өз мәнін
жоғалтқан актілердің күшін жоймайынша жаңадан
қалыптық реттеу, оны тәртіпке келтіру ісін жолға
қою мүмкін емес. Екінші жағынан, егер басылып шыққан
нормативтік құқықтық актілерді нашар
жүйелеу салдарынан өзгеріс енгізілуге тиіс қалыпты
материалды дереу әрі дәл анықтау мүмкін болмаса,
техникалық жағынан жетілген қалыпты акт дайындау өте
қиын. Яғни, заңдарды жүйелеу мен оларды бүкіл
реттеу ісінің тағдыры едәуір дәрежеде жаңа
актінің қазақстан заңдарына кірігуінің
барлық ерекшелігі мен салдары қаншалықты дәл
ескерілгеніне, өзінің алдындағы қалыптардың
күшін жою мен ескертуге байланысты жаңа қалыптар мен
мәселелер онда қаншалықты айқын бейнеленгендігіне
тәуелді болады. Бұл орайда мынаны есте ұстау керек, егер кодификациялау
кезінде тікелей заң шығару техникасы ережелері қолданылатын
болса, жинақтау үшін, бәрінен бұрын, қолданылып
жүрген заңдардың техникалық деңгейі, яғни
жинақталуға тиіс нормативтік актілерді дайындау мен жариялау
кезінде заң шығару техникасының ережелері қалай
жүзеге асырылғандығы маңызды.
Егер Сенат Мәжіліс мақұлдаған
заң жобасын екінші рет қайтарып тастаған жағдайда, ол
сол сессия ішінде Сенат карауына енгізілмейді. Демек, тұтас алғанда
Парламент заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының (50%)
көпшілік дау сымен қабылданады. Тек Конституцияға
өзгерістер мен толық тырулар әр Палата депутаттары жалпы санының
кемінде 3/4 көпшілік даусымен енгізіледі, ал Конституциялық
заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр
Палата депутатары жалпы санының кемінде 2/3-сінің көпшілік
даусымен қабылданады (ҚР Конституциясы, 62-бап,
3,4-тармақтар).
Заңдарға қол қою. Қазақстан
Республикасының заңдары на Республика Президенті он бес жұмыс
күні ішінде қол қояды, не заңды немесе оның
жекелеген баптарын қайтадан талкы лап, дауысқа салу үшін өз
қарсылықтарымен кері қайтарады Аталған мерзім ішінде
қайтарылмаған заңға қол қойылды деп
есептеледі.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент
Респуб лика Президентінің қарсылығын туғызған
заңдар немесе зан ның баптары бойынша ол қарсылық
жіберген күннен баста бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау
мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы
Президент қарсылығының
қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутат
тары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді қуаттайтын
болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды.
Егер Президенттің қарсылығы еңсеріл месе, заң
қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда
қабылданды деп есептеледі (ҚР Конституциясы, 5З-бап,
3-тармақша).
Ескертпе ретінде айтатынымыз: ҚР Конституциясына
деп танылған заңдар мен халықаралық
шарттарға қол қойылмайды не тиісінше бекітілмейді және
күшіне енгізілмейді (ҚР
Конституциясы, 74-бап, 1-тармақ).
Заңдарды ресми
жариялау. Барлық заңдар, Республика қатысушысы
болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен
міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық
актілерді ресми түрде жариялау, оларды қолданудың міндетті
шарты болып табылады (ҚР Конституциясы, 4-бап, 4-тармақ),
әрине, мемлекеттік құпиялылықтың ресми
жарияланбайтыны бәрімізге мәлім. Осыған орай мынаны жадымызда
ұстауымыз қажет. Құқыққолдану
тәжірибесінде заңдардың және өзге нормативтік
құқықтық актілердің ресми
басылымдағылары ғана қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасының заң
актілерінің мәтіндері Парламент Жаршысында, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская
Правда", "Заң", "Юридическая газета"
басылымдарында ресми жарияланғандық болып табылады. Тек осы
басылымдарға ғана жүгінуге болады. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,
Үкіметінің қаулылары "Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметінің Актілер жинағында" басылып жарияланады, ал,
өте қажет әрі дереу хабарлау қажет болған
жағдайда "Егемен Қазақстан",
"Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая
газета" газеттер басылымдарында да жарияланады.
Орталық атқару және өзге
орталық атқару мемлекеттік органдардың нормативтік
құқықтық актілері ҚР Әділет Министрлігі шығаратын
аталған органдардың нормативтік
құқықтық актілер бюллетенінде жарияланады.
Мәслихаттардың және
әкімдердің шешімдері газеттерде және олардың
анықтаған өзге басылымдарда ресми жарияланады.
Заңдарда көрсетілген барлық
жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті нормативтік
құқықтық актілерді жариялау одан өткен
соң ғана рұқсат беріледі.
Ресми емес нормативтік
құқықтық актілерді жариялау оларды ресми
басылымдардан шыққаннан кейін ғана рұқсат
етіледі. Бірақ нормативтік құқықтық
актілерді үзінді ретінде басып шығаруға жол берілмейді
(мемлекеттік құпиялық мәні бар құжаттардан
басқасына).
Сөйтіп, заңды халыққа ресми
жария ету Қазақстан Республикасының Президенті
өкілеттілігіне жатады (ҚР Конституциясы, 44-бап,
2-тармақша).