Утепова А.Қ., Балқожаев Е.Қ.
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ, Қазақстан
ОҚУ- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ –
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Студенттер деп жоғары
және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып
жүрген ұл-қыздардың әлеуметтік
қоғамдастығын айтамыз. Бұл әлеуметтік
кәсіби категорияның тарих бетінде пайда болуы XІ-XІІ
ғасырларда алғашқы университеттердің ашылуымен
байланысты. Студенттердің негізгі әрекеті -оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі,
тыңғылықты білім алуға, кәсіби
еп-дағдыларды үйренуге ұмтылуы.
Студенттік шақты (негізінен
18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен
бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық
қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор
Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам
зиятының (интеллекті) ең күшті даму кезеңі
болатындығын, оның аса күрделі әрі әр
адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін
көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту,
қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары
дәрежеде (оптимизм) болады. Көру кеңістігінің
көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимунда
(ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы
(бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін
қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін олар төмендей
бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын
болар-болмас ғана өзгереді екен.
Қысқа мерзімді
сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас
аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол
18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ал, бейне
жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып
келеді.
Логикалық ойлау
қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста
байқалады. Содан кейін ол
біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста
100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13
пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға
төмендейді екен.
Міне,жоғарыда
айтылғандай адамның жас шақтарына байланысты
психофизиологиялық функциялардың дамуы өте күрделі
қарама-қайшылықта болады. Ол өзгерістер адамның
еңбек әрекеті мен
практикалық тәжірибесіне тәуелді бола келіп,
онтигенетикалық даму заңдылықтарын бейнелейді.
Студенттердің
негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдапалған
кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие
болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы
бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер
студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса,
ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы
да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл
жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы
мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген
ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу
нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген
ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын
көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық
аспекте студенттердің басқа әлеуметтік топтармен
салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары
болады әрі олар мәдениет мұраларын игеру де үлкен
белсенділік танытады.
Жалпы,
студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің
жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын
интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы.
Студенттердің осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір
шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды
тұлға ретінде қабылдауға итермелейді.
Студенттер
педагогикалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін
өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды
оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы- контексті
жүйе болып табылады. Студенттік шақ-адам баласының кісі
болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі.
Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге
ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың
әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта,
өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.).
«Мәдени-тынығу жұмысы» саласында немесе болашақ қайраткерлер,
кәсіп иесі-маман ретінде студент жастардың әлеуметтену
процесі өте қарқынды өтеді. Алдына қойған
мақсатқа толыққанды жету, өсіру, талаптандыру
әрине оларды жетелеп келетін ұзтаздарға байланысты.
Адам өмірі үшін рухани
қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық
көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің
өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік – адамның
белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.
Педагогикалық әдебиеттерде “мотив”
ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта,
ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Мен студенттердің психологиялық ерекшеліктерін
сараптау барысында студенттің білім алуы үшін ең
қажетті процес “түрткі” ұғымын
толығырақ қарастыруды жөн көрдім. Ал, түрткі бір әрекетке
талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің
қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда
қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі
дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін
тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі.
Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста,
мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің
сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім,
әлеуметтік тәртіп саласындағы
құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын
бағдар – таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып,
қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның
мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек,
қажеттілікті өтеу – тұлғаны белсенділікке
ұмтылдыратын қозғаушы
күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады,
ізденуге, оны табуға
ықпалетеді.
Осындай анықтамаларды қорыта
келгенде түрткі – қажеттіліктің өзі емес, оның
құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол
екендігін мойындап, мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз.
Түрткі дегеніміз –қажеттілікті өтеудегі
тұлғаның ізденуі, іс-әрекет,
қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт
еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге
іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар мен
құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған
адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір
көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы – асыра зейін
қоюдан, оған құмартудан, сонны үнемі ойланудан туындайды.
Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты
шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек
мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән,
әдебиет, спорт т.б.). Бұл
әрекетте оқытушы мен студенттің белгілі мақсатқа
ынталануы қажет. Аталған мәселе негізінде оқуға
деген “ түрткі” (мотив) туындауы керек.
Ал, оқыту түрткілері –
бұл студенттің
әрекетіне әсер ететін әртүрлі
бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер студенттің таланттылығы өзі оқитын
обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда
танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оның таланттылығы, білімділігі оқуға
басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық
түрткілер мен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда
болады.
Студент өмірінде оқу – іс
әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан
тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту,
тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін
үрдістер. Оқудың міндеті – студенттерге ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой
еңбегінің дағдысымен әдісін үйренуден
тұрады.Тәрбиелік міндеттер білімгерлердің дүниетанымына, ғылыми ілімнің
негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік
көзқарасын,
өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды
және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде студенттерді еңбексүйгіштікке, еркіндікке,
тұрақтылыққа, мақсатқа
ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа,
саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге,
шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа,
іскерлікпен жауапкершілікке уағыздайды.
Студенттердің оқуға
деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:
· Табысқажету;
· Танымдықмотив.
Танымдық мотив оқу-танымды
қәрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің
негізін құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық
ситуация кезінде пайда болады да студенттер мен оқытушылардың
қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне
өсіп, дамиды. Ал, табысқа жету мотивтері оқыту процесінде
танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады.
Белгілі
психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық,
психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік
иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен
бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен
қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны
өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын
жағдайға біртіндеп ие болды.Оның өмірдегі
көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметті
керекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе
жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады.
Тұлғаның
дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы
болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде
зерттелген.Міне
мен сіздермен студенттер қауымы мен олардың психологиялық
ойлау қабілеттерімен біраз әңгіме құрдым.
Қайталанбас жастық шаққа саяхат құрылды.
Студенттік
шақ - жастық шаққа кезең. Жастық шақ
адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады.
Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу
процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір
әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың
негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімімен
тұлғалық дамуын айтуға болады.
Адамда сан
алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ
бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай
қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет.
Оқуға қызығуының әсерлі, күшті,
тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты
үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп
жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары білімгерлерде оқу
түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Олай болса,
оқу үрдісі баланың
әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші
әрекетінің сәйкестендіріп, қоршаған дүниені
тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін
меңгеруге, бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылдыру
қажеттіліктерін туғызады. Талантты, тәрбиелі өзін-өзін
басқаратын, болашақта жеке тұлға болып өсіп,
өнген білімгерлеріміз көп болғай деген ниетпен зерттеу
жұмысымды осымен тәмәмдасам деймин.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
Негізгі
әдебиетер:
1. Қазақстан Республикасы
этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. //Егемен
Қазақстан, 7 тамыз, 1996
2.
ҚазақстанРеспубликасыныңгуманитарлықбілім беру
тұжырымдамасы. Алматы, 1994, 37 б.
3. Леонтьев
А.Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. Т.1,Москва, 1983, 288 с