Кәсіби
музыкант тұлғасын қалыптастырудағы музыка
психологиясының танымдық мүмкіндіктері
Педагогика ғылымдарының кандидаты
А.Ш. Танирбергенова
«Тұран-Астана» университетінің
1-ші курс магистранты Ақболатов Д.К.
Музыкант тұлғасы қалай көрінеді және
оның тұлғасын айқындайтын белгілері қандай?
Жақсы музыкант тұлғасының бойында қандай
қасиеттердің болуы шарт?
Музыкант тұлғасын қалыптастыратын оқытушыға
не нәрсеге көбірек көңіл бөлуі керек? Жөн
сілтеп, бағыт көрсетіп ақыл беру, тұлғаның
мінез-құлықтық, психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, сенімін күшейту, жанын әдемілікпен жандандыру. Жаны
сезімтал, әділ, эстетикалық талғамы жоғары, мейірімді
болу - міне, осы қасиеттердің барлығы музыкант
тұлғасы аталуына лайықты адамдарда болуы тиіс. Егерде біз,
музыка тарихының өткеніне көз жүгіртіп қарайтын
болсақ, әйгілі музыканттар мен атақты композиторлар, белгілі
орындаушылардың әр кезде де дәл осы қойылған
мақсаттарды шешуге тырысқандығын байқай аламыз
[1,20-23].
Жақсы музыкант болып
қалыптасу үшін адамға тек табиғи таланттың
барлығы жеткіліксіз. Сонымен қоса, оған өзінің
музыкадағы өмір бойы табыстарға жетелейтін ерекше
қасиеттері болуы маңызды. Музыка мамандығын таңдар
алдында жеткіншектерге таза музыкаға қабілеттілігінен басқа
мінезінің өзге де қасиеттерін, әсіресе ойлау
қызметінің ерекшелігін ескере кеткен жөн. Егерде оның
жаны кітапты құшақтап қоғамнан оқшалануды
сүйетін болса, онда оның мінезіне сахна төрінде халық
алдына шығып жарқылдап, концерттік орындаушылық өнер
көрсету сәйкес келе қоймас.
Ал, керісінше оның жаны халық алдына өзінің
өнерімен әсер қалдыруды
ұнататын болса, оған кітапханада отырып,тарихи
мұраларды ақтарып, көп уақыт бойы ізденіп көз
майын тауысу оның мінезіне сәйкес
келе қоймайтыны да анық. Егер адам өзінің жақсы
дамыған музыкалық қабілеттіліктері бола тұра,
мінезіне-құлқына қарама-қайшы келетін істерді
жасайтын болса, бұл әрекеттен ешқандайда жағымды,
дұрыс нәрселер шыға қоятыны екіталай. Сондықтан
да музыкалық психология - музыкант тұлғасын
өзін-өзі танып білуіне, іздену үдерістерінде оның
мінез-құлықтық, психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, кәсіби музыкалық қызметінің мінезіне
сәйкес түрін таңдауына бағыт-бағдар беріп,
көмегін тигізе алады[2,5].
Біздің ойымызша, музыкант идеалы туралы
сұрақтың туындауы қазіргі таңда өте
маңызды болып отыр. Дәл осы кезде бiз лауреат атағына
ынталанған (әсіресе жас музыкант орындаушылардың)
арасындағы талас- жарысын байқап жүрміз. Әрине,
бұл қуантарлық жағдай себебі мамандыққа
деген ұранды күшейтеді. Қазіргі кезде тек қана
мамандық деген ұран, барлық жерде өріс алып келеді.
Дегенмен, мамандыққа деген ұраннан мамандарды кәсіби
даярлау, құзыреттіліктерді игеру қажеттілігіне көбірек
көңіл бөлу керек. Барлық жерлерде қалған
сабақтарға еркiн баруы енгізіліп отыр. Меңгеруге тиісті жалпы
және теориялық пәндердiң уақыттары қысқартыла
бастады.
Солай бола тұра, оқу әкімшілігі
студенттердің әлеуметтік сұрауларына сiлтеме жасап келеді. Бұл(әрбiр
музыкантқа керекті) композиция негiзi, өнер тарихы, қазiргi
гармония және полифония сияқты арнайы курстармен қатар
музыкалық психология, музыкалық педагогика, қазіргі нотациялау
және т.б.пәндердің қажеттілігін арттырады.Сонымен
қатар қазіргі кәсіби музыканттардың, өнер
қайраткерлерінің психологиялық әлпетiнiң ашылып
зерттелуі - аянбай жұмыс iстеуді керек ететiн өте жауапты
мәселеге айналып отырғандығын көрсетеді [3].
Музыкалық психологияның
маңызды бөлігінің бірі – музыкалық білім беру мен
тәрбие психологиясы болып табылады. Музыкалық психологияның
бұл тармағы- психология кепілдігі арқылы оқушымен
жұмыс жүргізу әдістерінің нақты тәсілдерін
қолдана алатын музыкалық педагогикамен тығыз байланысты.
Музыка психологиясының тармақтарын қарастыру барысында музыка
мұғалімі дирижер мен хор, оркестр мен оркестранттар,кәсіби
музыканттар арасындағы оң
қарым-қатынастың дұрыс стилін табуға
көмегін тигізеді. Музыкалық қызметтің көптеген
түрлері ұжымдық болып саналатындықтан, ұжымды
ұйымдастыру қызметіндегі психологиялық ұстанымдарды
білу өте маңызды болып саналады. Себебі, музыкалық
ұжымдарды басқару психологиясы қазіргі таңда дирижерлар
мен оркестранттарды оқытып дайындаудың маңызды бір
бөлігіне айналып отыр.
Сонымен бірге, музыканың адам
өміріне түрлі тәсілдерімен әсер ететіні де
белгілі.Оның көңіл-күйіне,сезіміне,шабыттануына,ізгілік
және де басқа қасиеттерін оятуына септігін тигізеді.
Музыкалық шығармаларда мазмұнына қарай адамның
ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары
кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның
психологиялық хал-жайына ғана емес, оның
мінез-құлқының да музыкада ашылуына жағдай
жасалады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеудегі музыканың мүмкіндігі мол.
Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан
құбылыстарды және қазіргі болмыс шындығын
суреттейді.
Жалпы білім беретін мектептерде және әртүрлі балаларды
эстетикалық жағынан жетілдіретін мекемелерде «Музыка» пәні
басқа да тұлғаны дамытып жетілдіретін пәндер кешенімен
тепе-тең енгізілген. Бұл жүйедегі музыканың
атқаратын рөлін түсінгендіктен, көпжылдар бойы
көптеген елдерде түрлі музыкалық мектептер, студиялар,
өнер мектептері өз қызметтерін жемісті атқарып келеді.
Осы және бұдан да басқа музыка саласындағы
құбылыстар музыкалық психология пәнінің
зерттелуінің керектігін қажет етеді.
Сонымен қатар соңғы кездерде музыка - білім беру
қызметіндегі еске сақтау,қабылдау,
мінез-құлық, эмоция,парасаттылық, тілге
қызығушылық,психотерапиялық қасиеттерімен қазіргі заманғы психологтарды
қызықтырып отыр. Сәйкесінше, соңғы жылдары музыканттар
да психологтардан музыкалық құрылым, музыка тарихы мен
әлеуметтік даму перспективалары, оқытушылар мен оқушылар
арасындағы кәсіптік біліктілік деңгейлерін дамыту мен арттыру
жайында көптеген ақыл-кеңестер алуда.
Қазірде біз, музыкалық-психологиялық ізденістің
нағыз самғап, шарықтау шағында тұрмыз деуімізге
болады. Өйткені, музыкалық жоғары оқу орындарына
арналған түрлі музыкалық психологиялық
бағдарламалар, хрестоматиялар жарық көріп,осы
тақырыптар аясында көптеген диссертациялық жұмыстар
қорғалып жатыр. Көптеген музыка психолог- мамандары тек
Қазақстанда және Ресейде ғана емес,басқа да алыс
жақын шет елдерде де көптеп шығып, бұл
мамандыққа қызығушылық кеңінен дамып келе
жатыр.
Музыка психологиясының
тағыда бір маңызды аспектілерінің бірі-музыкалық үгіттеу,
музыкалық сын айту қызметтерін қамтиды. Музыкалық сын
айту міндетіне тек қана музыкалық шығарманың тарихи
байланысын табу, эстетикалық жағынан бағалау ғана емес,
сонымен қатар тыңдаушыға дамыған тұлға
ретінде рухани күшінің аталған шығарманы тыңдап,
түсініп қабылдауын,өзінің кәсіптік біліктілігі
пікірін мойындату. Музыканың күнделікті өмірде
қолданылуы, әсіресе өндіріс аясында эстетикалық
ләззат алу,толқындап тебірену, рахаттану, демалу мақсатында
жүзеге асырылса, музыканың әсері өндіріс
еңбектерінің ырғақтық жүйесін
көтеріп, қалыптасуына септігін тигізері анық. Музыканы
еңбек процесстерінде қолданудың өзіндік
заңдылықтары бар. Олар: жұмыс күні кезіндегі
жүйке – психологиялық ерекшелігі ағымымен байланысты
үдерістер. Бұл сипаттарға сәйкес келетін музыканы
таңдап алу, өндірістік мәселелердің шешілуіне,
еңбек процесінің
ырғағына,шаршап-шалдыққандықты ширақтыру,
өндірісте еңбек үдерістерінің көтерілуіне
ықпал етіп,жағымды әсерін тигізеді[4,66]. Музыканы
сауықтыру мақсатында қолдануды музыкалық психотерапия
оқытып үйретеді.Бұл сала музыканы тыңдауды, орындауды,
және шығармашылық мақсатта қолданып
пайдаланудың жолын ашып көрсетеді.Музыканың
нейрофизиологиялық әсерi ертеден бері дәрiгерлiкте
(медицинада) қолданылып келеді. Негізінен, музыканың адам баласының
эмоционалдық жағдайына, оны қабылдап орындау
барысындағы терең қобалжуына әсер ету үдерістері-
қазіргі жас ғылым зерттеушілері үшін таптырмайтын құнды сала болып қала
бермек.
Музыкалық өнер саласындағы әлеуметтік зерттеулер-
тыңдаушылардың білім деңгейі, жынысы, жас ерекшелігі,
қай аумаққа қарайтындығы, музыкалық
талғамымен және де басқа әлеуметтік-демографиялық
факторларды анықтаумен тығыз байланысты. Осындай бір зерттеулердің
нәтижесінде жоғарғы деңгейдегі білімі бар
тыңдаушылардың классикалық музыкаға деген
ынта-қызығушылығы, әсіресе бұл гуманитарлық
бағыттағы білім алған адамдарда өте күшті
дамығандары анықталды[5,210-247б].
Тағы бір зерттеулерге
тоқтала кетсек Стендаль өзінің «Россини өмірі» атты
кітабында музыканы сүйуші екі адамның музыкаға деген өзіндік
көзқарастарын суреттеп береді. Біріншісі әскери экспедитор -
есту қабілеті өте дамыған адам, жаңа ғана
әндетіп айтқан әуенді, аспапта немесе оркестрмен
орындалған шығарманың дәлме-дәл нотасын айнытпай
бірден жазып бере алатын болған. Сөйте тұра бұл адам
музыкаға селсоқтық, керекетпестік көзқарас
танытқан. Оның пікірінше «Музыка - мен үшін ешқандай
мазмұнсыз тек қана шу-айқай,» деп жазды Стендаль. Менің
ойымша, музыка оған ешқандай да әсер ете алмайды, ол өз
талантын тек ермек үшін қолданады, бұл өнер әрине
оның жан-сырын ашып көрсете алмайды. Бұл адамға
(әскери экспедитор) қарама-қайшы кейіпкер-музыкасүйуші
граф Ч төрт нотаның басын қосып әндете алмаған.
Сөйте тұра ол Италия музыкасын тыңдауды жан-тәнімен
құмарлана сүйетін болған. Бұл екі адамды салыстыра
келе Стендаль музыкалық есту қабілеті жоқ болса да музыканы
ес-түссіз сүйетін екінші кейіпкерге өз
ықыластығын білдіреді. Оның ойынша, музыканы
құштарлана сүйіп тыңдаудың өзінде-ақ
өте терең мазмұн жатқандай, ал егер музыкалық
дыбыстар бізге ештеңені сездірмейтін болса,онда еңбек пен
уақытымыздың зая кеткендігісінің белгісі-деп
қорытындылады Стендаль [6,2-6]. Тыңдаушылардың
музыкалық талғамдары аясында жүргізілген зерттеулер-музыканы
насихаттайтын мамандарға, олардың кепілдіктерін сәйкестендіру
үшін өте қажет, өз аудиториясының
әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын жақсы білуінің
арқасында, өзінің олардың алдында нақты
дәрісін ұйымдастыруына септігін тигізері анық.
Сонымен, музыкалық психология аясында көтерілген
мәселелерді аяқтай келе, біз қарастырылған
сұрақтардың басты мәселе маңына шоғырлануын
тиiс көрдік: кәсiби музыкант
тұлғасын қалыптастырудағы музыка психологиясының
танымдық мүмкіндіктері қандай болмақ? Бұл
маңызды ғылыми зерттеу әдiстерiнiң нақтылануы, музыкалық
психологияның объект ретінде қарастырылуын, оның заты мен
негiзгi әдiстері туралы теориялық негіздерін
өңдеп-өндірілу қажеттiлігін тудырды.
Тұлғаға тікелей бағытталған музыкалық
қызметтің психологиялық заңдылықтарын оқып
үйрене келе, музыкалық психология – кәсіби музыкант
тұлғасын қалыптастырудың ғылыми -
психологиялық негiздерiнiң жасалуына өз үлесін
қосуына ерекше мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ қазіргі
заманғы психологиялық іс-тәжірибелер кәсіби тұлғаға
музыка психологиясының теориялық анықталуының
мән-мағынасын ұғынып түсіндірілуін талап етіп
отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кирнарская Д.К. «Психология музыкальной деятельности».
2. Сабанеев Л.Л. Психология музыкально-творческого процесса. - М., 2004. 291с.
3. Сохор А.Н. Музыка как вид искусства. - М., 2007.361с.
4. Тарасов Г.С. Музыкальная психология /Спутник учителя музыки. - М.,
2006.324с.
5.
Теплов Б.М. «Психология музыкальных
способностей». М-АПН РСФСР,1947г.
6.
Петрушин В.И. Музыкальная
психология.2-издание. М.,1997.
7.
Цукерман В.С. Музыка и слушатель. Опыт социологического
исследования. - М., 2008. 254с.