ӘОЖ 666.973.6:691.6
Қ.А.Бисенов,
т.ғ.д., проф., Ғ.О.Қаршыға, т.ғ.к.,
Р.О.Қаршығаев, магистр, Ғ.М. Қорғанбаева,
магистрант.
(Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан)
БЕТОН
ӨНДІРІСІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТЫ
ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰРАМЫН
ЗЕРТТЕУ
Қазақстан Республикасы құрылыс
жұмыстарының орасан күрделі бағдарлама орындалуына орай
арналған негізгі шешімі барлық құрылыстағы
материалдық-техникалық базасы мен құрылыс материалдары
өндірісін толық жетілдіру және дамыту болып табылады.
Цемент өндірісінің артуы түрлі
өнеркәсіп пен құрылысқа қажеттілігі мен
маңыздылығы ескеріліп отыр. Сонымен қатар, жоғары
сапалы портланд-цементті үнемділік жасауға, жергілікті шикізат
негізінде цементті қолдану, экономикалық мақсатқа
лайықты және көптеген құрылыс жұмыстарына
техникалық мүмкіндік береді [1]. Қазіргі уақытта,
барлық шарттар бойынша жергілікті шикізаттан арзан бұйымдар мен
бөлшектерді құрылысқа кеңінен енгізуге болады.
Фракцияланған шағылды және шартқа сәйкес
құмдарды, портландцементті және т.б.
қолданбай-ақ, ұсақ құмдардан, күлден
және күйінділерден, әктен 100...300 маркалы бетонды
құрама бұйымдар өндірісінде және көптеген
құрылыс бөлшектерінің түрлеріне тұтастай
негіздей алады [2].
Қазіргі бетондарда байланыстырғыш заттар
бағасы бетон дайындау барысында, барлық материалдардың жалпы
бағасының орташа 40-50%-ын құрайды.
Техника-экономикалық қатынастың тиімділігіне байланыстырғыш
заттарды қолдануға және мәселелерді
таңдауға байланысты болады.
Өнеркәсіп
қалдықтарын қолдануымен, жергілікті шикізат негізінде
байланыстырғыш заттар алу – бұл электр энергиясы мен отынды,
шикізат шығынын барынша үнемдеу болып табылады [3, 4].
Минералды
байланыстырғыш материалдардың өндіріс облысында түйіршіктелген
домналық күйінділерді кеңінен қолданады.
Күйінділердің қасиеттеріне негізгі ықпалын жасауды
олардың генезисі көрсетеді.
Домналық күйінділердің химиялық
құрамы портландцемент клинкерінің құрамына
ұқсас және кремнезем мөлшері жоғары, топырақтағы
алюминий тотығы жарым-жартылай және азырақ кальций
тотығы, күйінділердің гидравликалық белсенділік
дәрежесі портландцемент клинкерімен ұқсастығы бойынша,
кейбір жағдайларда мүмкіндігінше белсенділік модулімен және
негізділік модулімен сипатталған. Негізділік модулі артуымен көп
жағдайда және белсенділік модулі әсіресе
күйінділердің гидравликалық белсенділігі өседі.
Үйлестіру
өзімен кез келген түйіршіктелген күйінді мен кристалдық
және шыны тәрізді фазалардың құрамы
өзгергіштігімен, температура тәуелділігімен өзгеретін,
балқыма химиялық құрамының және оның
салқындау кезінде күшейте түскендігін ұсынады.
ХХ ғасырдың басы және аяғында, ХІХ
ғасырдың 70-ші жылдары Ресейде домналық
күйінділердің зерттеуі басталды. Біздің елімізде шлакопортландцемент
пен жергілікті шикізат негізінде байланыстырғыш зат өндірісін
ұйымдастыру жатады.
А.В.Волженский, Е.А.Гребник ұсынған беріктігі
200-300 кгс/см2 ауыр бетон 4-6 сағаттық
изотермиялық қыздырумен 90±5°С температурада клин-керсіз
шлакопортландцемент қолдану арқылы камерада булау.
И.Ю.Данилович зола-күйінді қоспаларды
қолданумен тығыз автоклавсыз бетон алу мүмкіншілігін
зерттеді.
А.П.Меркиннің басшылығымен цементсіз
байланыстырғышпен автоклавсыз ұялы бетонды алу облысында жұмыстар
өткізген.
Профессор В.Д.Глуховский басшылығымен клинкерсіз
байланыс-тырғыш облысында зерттеушілермен кең зерттеулер
жүргізген. Олармен шлакты сілтілі байланыстырғыш және
өндірісте аралас сілтілі-сілтіліжерлі байланыстырғыш жүйесін
ұсынған.
Араласқан
цемент даярлауда инертті қоспалармен
бірінші патенттер 1893 жылы мәлімделген болатын, ал
ұйымдастыру негізінде патенттерді өндіріске жүзеге
асыруға алғаш рет Капенгагендегі «Смит» фирмасы болды.
1939 жылы Б.Г.Скрамтаев бетонда цемент үнемділігі
мақсатымен, ұнтақталған цемент қоспалары бөлімімен ауыстыруды
ұсынды. Ол белгілегендей, көптеген жағдайларда цемент
беріктігінің артуын зиянсыз минералды қоспалармен
сұйылтуға болады.
В.И.Алексеев, Н.Н.Семеновкер, С.Д.Макашев, Г.М.Ращук,
В.О.Чернышев, С.Б.Невелеев, В.Н.Юнга портландцементті құммен
ұсақтау, одан әрі бетон араластырғыштағы
құмды портландцементке сулы қоймалжын (суспензия)
түрінде трепел қосуды ұсынды. Олар атап айтқандай,
инертті қоспалардың сапасын ең алдымен күйінділерде,
өнеркәсіп қалдықтарында, тау жыныстарының
шөгінділерінде қажетті мүмкіндікте пайдалануын
анықтады.
Автоклавсыз газды бетон өндірісінде ең тиімді
қолдану жергілікті шикізат, сонымен қатар жоғары кремнеземды
материалдармен аз кварцты жартылай минералды құмдар, оның
құрамында кварц 90%-дан кемірек болуы қажет. Оларға
далашпатты құмдар жатады, негізінде қышқыл
кристалдық жыныстардың бұзылуы кезінде құрылады.
(граниттер, гнейстер және т.б).
Қазақстанда, далашпатты аз кварцты
құмдардан басқа, корбанаттық және сары
топырақты саздақты құмдар болады. Далашпатты
құмдардың маңызды қорларына Алматы, Жамбыл,
Қызылорда және Қарағанды облыстары жатады. Карбонатты
құмдар Атырау, Ақтау, Қызылорда, Шымкент және
Алматы облыстары жатады.
Кварц құрамында дала шпаты құмы 17
- 45% құрайды, дала шпаты – 23 - 70%; карбонатты құм
құрамында кварц 7-45%, карбонат 20-89%. Сары топырақты
саздақ құрамы 20-45%, далалық шпат 18-30%, карбонат
12-28%.
Автоклавсыз газды бетон өндірісіне арналған
жарамды аз кварц шикізаттарына Алматы құрылыс материалдарын жобалау
ғылыми зерттеу институты зерттеулер жүргізеді. Өндірісте
автоклавсыз газды бетонның барлық түрлеріне
өнеркәсіптің түрлі қалдықтарын
қолдануға болады.
Жергілікті шикізат негізінде байланыстырғыштарды
қолдануға жоғары техника-экономикалық тиімділігі
үлкен көңіл аудартады.
Үлкен күрделі
шығындарсыз жергілікті шикізат негізінде цементтердің
технологиялары, кәсіпорындардың жылдам жасау мүмкіншілігіне
қарай қабылдап және оны алудың жоғары сапалы,
арзан өнім арқылы қорытындыға келуге болады және
өнеркәсіп қалдықтарын қолданып, жоғары
берікті аз клинкерлі байланыстырғыш затты өндіріске және
құрылысқа енгізумен өте жақын уақытта
кең тарауын қажет етеді.
Құрамдарды талдау алдын ала баяндалған
түсініктердің негізгі базасымен бірге және жергілікті шикізат
негізінде байланыстырғыш зат технологиялары осы негіздегі бетонмен
нақтыланады.
Әдебиеттер:
1
Алехин Ю.А., Люсов А.Н. Экономическая эффективность использо-вания вторичных ресурсов в производстве
строительных материалов.-М.: Стройиздат, 1988.-342 с.
2 Аяпов
У.А., Родионова А.А. Структура и свойства щебня из электро-термофосфорного
шлака и бетона на его основе //Строительные материалы из местного сырья и
отходов промышленности Казахстана: сб.тр.ВНИИстром, Алма-Атинский
НИИстромпроект.-Алма-Ата,1981.-№17.-С.156-163.
3 Аскаров Б., Байболов С.,
Касимов И., Кулибаев А., Рапопорт П., Тшанов А., Фарман Л., Хрулев В. Сырьевые
ресурсы и материалы для строительства в Казахстане и Узбекистане. –Алматы: Ташкент, 1995.-121
с.
4 Кулибаев А.А., Байболов С.М.,
Хрулев В.М. Сырьевые ресурсы и материалы для строительства в Казахстане.-Алматы, 1993.-67 с.
Заявка на участия в конференции
Фамилия Имя Отчество
Руководители Қ.А.Бисенов, т.ғ.д., проф.,
Ғ.О.Қаршыға, т.ғ.к., Р.О.Қаршығаев,
магистр, Ғ.М. Қорғанбаева, магистрант.
Организация, должность ученая степень звания
Кызылординский
государственный университет
имени Коркыт Ата, к.т.н., доцент, преподаватель.
Адрес (автора/руководитель)
г.Кызылорда,ул. Саулет 24/12 уч.
Телефон
(автора/руководитель) 8-7242 21 13 89
Тема доклада: БЕТОН ӨНДІРІСІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ
ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰРАМЫН
ЗЕРТТЕУ
Секция Строительно-архитектурное
Подсекция Строительство и
эксплуатация зданий и сооружений
Дата 23.11.2014г.