УДК

А.М.Таймасова, Г.Д.Анарбекова

Казахский Национальный Аграрный Университет, Казахстан

Майкене өсімдігінің  өсіру кезеңіндегі фотосинтетикалық әлеуметінің қалыптасуы

Жалпы әлемде ауыл шаруашылығы өте екі маңызды саламен дамуында ол мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Жасыл өсімдік - табиғаттың бейорганикалық элементтерінен органикалық заттарды жасаушы, ол жануарларға арналған азықтың және қоректің негізгі көзі болып табылады, сонымен қатар жеңіл, тамақ, химиялық және өнеркәсіптердің басқа түрлерінің маңызды шикізаты. Олар егін шаруашылық саласындағы еңбектің басты керек заты болып саналады.  Жердің тарихи – табиғи біртұтастығы бүлініп топырақтың  өздігінен тыңаюы, қалпына келуі, тұрақтылығы өзгеріп су және жер эрозиясына қолайлы жағдай туғызды. Табиғи экологиялық жүйелердің бөлінуін, адамның, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорларың жойылуың, қоршаған ортаның халық өмірі мен денсаулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады. Шаруашылықтағы негізгі экологиялық проблемалар ол: топырақ эрозиясы мен өрт. Олардың алдын алу үшін мынадай қарапайым тәсілдерді сақтау керек.

Ауылшаруашылық өсімдіктер қоғамдағы өндірістік күштің дамуында маңызды рөл атқарады. Майлы дақылдарды жер шарында жылына 140 млн гектарға өсіреді. Дүниежүзінде өндірілетін өсімдік майының құрылымы негізінен майбұршақ майынан, оның үлесі-30%, пальма-27%, рапс-14,6%, күнбағыс майы үлесі-9,4% құрайды, ал мақсары майының үлесі 2%  жуық.    

 Агромеркур» ЖШС–гі  табиғи жағдайына келетін болсақ теңіз деңгейінен 1800-2000 м биіктікте орналасқан.

Шаруашылықтың негізгі бағыты –мал шаруашылығы мен өсімдікшаруашылығы болып табылады.

Бағалы майлы дақыл майкене (Ricinus communis L. – клещевина) – жоғары майлы техникалық өсімдік. Тұқымында жалпы 47-50% кеппейтін май болады, ал ядросында 64-71% болса, жаңа сорттар құрамындағы майдың мөлшері 73-74%-ға жетеді. Зерттеу нысаны болып майкененің Донская крупнокистная сорты алынды.

 Өсімдік майы өзінің жабысқақтылығымен және төменгі температурада қатпайтын қасиеттерімен ерекшеленеді. Соңғы жылдарда майкене майы авиацияда және космонавтикада сұранысқа ие, майкене өскен кезеңі суретте көрсетілген.

Сурет1 -Майкене өскен кезеңі

 

Негізі күн энергиясын әрине  адамзат  басқара  алмайды, дегенмен  агротехникалық шаралар көмегімен олардың пайдалы  коэффициентіне жоғарылата алады. Өсімдіктер хлорофилл пигменттерін қалыптастыру арқылы жапырақтарға және өсімдіктерге жасыл түс, каротиноидтар – сары, антоциандар қызыл және  фитохромдар – көк түс береді. Күн радиациясын сіңіріп, оларды көмірсуларға айналдырады, яғни  күн энергиясы жинақталған органикалық заттар түрінде шоғырланады.

Өсімдіктердің органикалық заттары олардың жалпы биомассасының 90-96% құрайды. Сондықтан егістіктің фотосинтетикалық  әрекетін оңтайландыруға бағытталған шаралар жүйесінің практикалық маңызы зор.

Фотосинтез әрекетінің себу тәсілі және мөлшерімен байланысын анықтау үшін, егістік тәжірибеде нұсқалар бойынша майкененің негізгі сатыларында жапырақ аумағының көлемі есептелді (кесте 1).

Кесте 1- Майкене өсімдігінің  фотосинтетикалық әлеуметінің қалыптасуы  және жұмысына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері, 2016 ж

Нұсқа

Жапырақ аумағы, см2

Фотосинтез өнімділігі г/м2. тәулік

Себу нобайы, см

Себу мөлшері, мың дана

даму сатылары

даму сатылары

5-6 жапырақ

гүлшоғы

рының түзілуі

гүлдеу

тұқымы-ның пісуі

5-6 жапырақ

гүлшоғы

рының түзілуі

гүлдеу

тұқымы-ның пісуі

60х30

55

0,09

298,3

660,2

835,3

0,19

3,2

11,0

22,3

60х60

27

0,10

311,5

672

842,3

0,22

3,3

13,1

24,5

90х30

37

0,12

320,4

680,2

851,4

0,29

3,5

14,5

25,5

90х60

19

0,16

328,1

692

857,3

0,31

3,7

15,1

27,3

90х90

12

0,20

334,2

703,3

864,5

0,34

3,8

16,7

29,3

120х30

28

0,20

330,1

683,4

852,1

0,27

3,8

16,0

26,9

120х60

14

0,19

332,6

693,2

860,5

0,34

4,3

16,8

28,1

120х90

9

0,23

333,1

707,6

872,3

0,37

4,4

17,1

30,2

120х120

7

0,25

340,5

712,6

879,3

0,42

4,9

18,2

31,4

 

Фотосинтез әрекетінің себу тәсілі және мөлшерімен байланысын анықтау үшін, егістік тәжірибеде нұсқалар бойынша майкененің негізгі сатыларында жапырақ аумағының көлемі есептелді. Дақылдың жапырақ аумағы даму сатыларына байланысты өзгеріп отырды. Егер, бақылау танабында (60х60см)  жапырақ аумағы вегетация соңында 842,4см2құраса ал120х120см нобаймен себілген нұсқада бұл көрсеткіш 872,4см2 жетті.

Агроценозда агрохимиялық көрсеткіштерінің оңтайлы параметрлерін қалыптастыру тек ғылыми – негізделген тыңайтқыштарды жоғары дақылды егіншілік аясында қолдану да мүмкін.

  Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің агротехникалық тәсілдерін қарастыру кезінде егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдылықтарын ескеру қажет, ол тек теориялық қана емес, сонымен қатар кез-келген ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу мен топырақ құнарлылығын сақтаудың практикалық негізі болып табылады.

Өсімдіктің жапырақ көлемінің аумағы оның фотосинтез өнімділігіне тікелей әсер етті. Егер фотосинтездің тәуліктік таза өнімділігі бақылау нұсқасында 24,5г/м2 құраса, ал120х120см нобаймен себілген нұсқада        31,4г/м2жетті. Фотосинтез таза өнімділігінің ең жоғары көрсеткіштері сирек себілген нұсқаларда қалыптасып, майкенені 120х120см нобаймен себу оның таза өнімділігін тәулігіне 31,4г/м2 жеткізді, ал төменгі көрсеткіштер қатараралық ені 60 және қатардағы өсімдіктер жиілігі 30 және 60см орналасқан нұсқаларда 22,3-25,5г/м2 аралығында болды.

  Қорыта келе айтарымыз, жалпы майкене  фотосинтез әрекетіне себу тәсілі мен мөлшеріне әсері бар. Бұл дақылды егер қолайлы тәсілмен және оңтайлы мөлшермен себу жапырақ аумағына және фотосинтездің таза өнімдігіне жақсы әсер етеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.                     Минеев В.Г. Достижения агрохимии и сельскохозяйственное производство. М., «Знание», 1979-48с.

2.                     Ничипорович А.А. Фотосинтетическая деятельность растений как основа их продуктивности в биосфере и земледелии //Фотосинтез и продукционный  процесс. –М.: Наука, 1988-528с.

3.                     Сулейменова М.Ш. Фотосинтетическая  деятельность культур орошаемого земледелия /Материалы международной научно-практической конференции. Проблемы стабилизации и развития сельского хозяйство Казахстана, Сибири и Монголии. Книга 2. А. 2000 – С.79-80

4.                     Кондратьев В.И. Сроки сева клещевины //Зерновое хозяйство. №5.1997 -.41-43

5.                     Искаков К.А. Масличные культуры. – Костанай, 2000 – С.19-20

6.                     Елешев Р.Е., Нургасенов Т.Н., Умбетов А.К. и др. Адаптивная технология возделывания масличных культур на орошаемых землях юго-востоке Казахстане, рекомендации.- Алматы. 2011.-20с.

7.                     Нургасенов Т.Н., Каракальчев А.С., Арыстангулов С.С. Основные приемы возделывания клещевины в условиях предгорной зоны Алматинской области. // Известия НАН РК.-2012.-№3.-С.31-35.

8.                     Елешев Р.Е., Нургасенов Т.Н., Умбетов А.К. и др. Адаптивная технология возделывания масличных культур на орошаемых землях юго-востоке Казахстане, рекомендации.- Алматы. 2011.-20с.