Биологические науки/ 2. Микология и альгология

 

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі  Бокен Т.

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚОПА КӨЛІ АЛЬГОФЛОРАСЫНЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазіргі кезде күрделі экологиялық мәселелердің бірі – жер беті суларының антропогендік ластануы  және эвтрофтануы болып табылады. Су қоймалардың шамадан тыс пайдалануы олардың гидрохимиялық жағдайларының өзгеруінің салдарынан қалыптасқан табиғи экожүйелердің тепе-тендігі бұзылады және оларға тән түрлердің азаюына әкеледі.

Табиғи су айдындарының негізгі продуценттері – балдырлардың судың ластануының түрі мен деңгейіне байланысты түрлік құрамының өзгеретіндігі жайлы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелері дәлелдейді. Суқоймалардың эвтрофикация жағдайында түрлік құрамның сукцессиясы, әсіресе микрофиттер құрамында айқын байқалады [1-2]. Сондықтан осындай қалалық суқоймалардың балдырларын зерттеу үлкен маңызға ие, себебі сол балдырларға суқоймада органикалық заттың түзілуіне басты үлес беріледі және олар судың биологиялық өнімділігін және сапасын анықтайды.    

Балдырлар мекен ету ортасының жағдайларының өзгеруіне жылдам  жауап береді және суқоймалардың өздігінен тазару процестерінде белсенділік байқатады, бірақ  қарқынды дамуынан өздері судың «гүлденуін» тудырып екіншілік ластану факторы болып табылады [3].

Судың сапасын индикациялауда балдырларға жетекші роль берілген.

Балдырлардың сандық дамуының дәрежесі мен құрамынан суқоймалардағы судың сапасы және биологиялық өнімділігі тәуелді [4].

Осыған байланысты суқоймалардың таксономиялық құрамын зерттеу және олардың географиялық аймақта дамуының ерекшеліктері теориялық ғана емес  практикалық жағынан қызықтырады.

Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың мақсаты Қопа көлі балдырларының таксономиялық құрамын және құрылымын анықтау.

Қопа көлі Ақмола облысының орталығы  Көкшетау қаласының солтүстік –батыс  іргесінде, теңіз деңгейінен 223,5 м биіктікте орналасқан.  Аумағы 13,1 км2 (кей жылдары 14,2 км2), ұзындығы 5,35 км, ең енді жері 3,6км. Жаға сызығының ұзындығы 15,2 км, жаға сызығының иректігі 1,13. Шұңқырының ең терендігі 3,1 м. Орташа тереңдігі 1,6 м. Су жиналатын алабы 3860 км2. Суының көлемі 30,0 млн м3. Суының шығыс жағалауы құмды-малтатасты қайраң. Көлге Шағалалы, Қылшақты өзендері құяды [5].

Балдырлардың таксономиялық құрамын анықтауда «Определитель  сине-зеленых водорослей Средней Азии», (том 1-2);  «Определитель пресноводных водорослей СССР», том 1-14, 1950-1986; Komarek J., Anagnostidis K., 1999; Царенко, 1990; Баринова, 2006, еңбектері қолданылды [6-10]. Балдырлар таксондарының тізімін құрастырғанда жұмыстың негізіне альгологиялық базада (www. algaebase.org)  қабылданған жүйе  алынған.

Су экожүйелерінің қалыпты  дамуын  оның маңызды бөлігінің бірі -альгологиялық құрамы анықтайды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қопа көлінен анықталынған  балдырлар  жалпы 5 бөлім, 10 класс, 19 қатар, 31 тұқымдас, 36 туыс, 61 түр құрады. Олардың 24-жасыл, 18-диатомды,13-цианопрокариотты, 4-эвгленалы  және 2-стрептофитті балдырлар (1- сурет).

Кестенің мәліметтері бойынша флораның негізін Chlorophyta  (жасыл)–24 және Bacillariophyta (диатомды) –18 туыстан төмен рангтағы таксондар анықталды. Олар қосындысында 68,4 % қатар,64,5% тұқымдас және 66,7% туыстар құрайды. Басқа бөлімдегі  түрлердің саны жалпы едәуір аз.

Түрлі экологиялық факторларға бейімделу дәрежесі жоғары болғандықтан, бірінші және екінші орынды түрлер әртүрлілігі бойынша жасыл және диатомды балдырлары анықтады. Ең көп туыстан жоғары рангтағы таксондар санымен Scenedesmaceae – 7, Cymbellaceae – 4, Oscillatoriaceae- 5 тұқымдастарында; Сhlorococcales-17, Naviculales-4, Oscillatoriales- 6 қатарларында, ал альгофлораның туыстар спектрі бойынша таксондар саны көбірек келесі Scenedesmus-6, Pediastrum-4, Cymbella-3, Oscillatoria-4 туыстарында ерекшеленді.

1-сурет – Қопа көлі   балдырлар түрлерінің бөлімдер бойынша таралуы

Зерттелген балдырларды жіктеп қарағанда, көлдегі балдырлардың саны онша бай емес екендігі анықталды.  Зерттелген балдырларды жіктеп қарағанда, көлдегі балдырлардың 19 қатарға, 31 тұқымдасқа жататындығы  анықталды (2-3-сурет).

 

2 -сурет – Қопа көлі   балдырларының қатарлар бойынша таралуы

 

3 -сурет – Қопа көлі   балдырларының тұқымдастар бойынша таралуы

Сонымен  Қопа көлінің типтік альгофлорасын  5 бөлім, 10 класс, 19  қатар, 31 тұқымдасты құрайтын 61 түр және түрішілік таксон анықтады. Қопа көлі балдырларының негізгі үлесін Chlorophyta  және  Вacillariophyta  бөлімдері құрастырды.

 

 

Әдебиеттер

1.  Баринова С.С., Медведева Л.А., Анисимова О.В. Биоразнообразие водорослей-индикаторов окружающей среды Часть I. Методические аспекты анализа биологического разнообразия водорослей. Часть II. Экологические и географические характеристики водорослей-индикаторов и среды их обитания.-Tel Aviv: 2006. -  498 с.

2. Озерные  экосистемы : биологические  процессы, антропогенная трансформация, качество воды : материалы III Междунар. науч. конф., 17–22 сент. 2007 г., Минск – Нарочь / Белорусский государственный университет ; сост. и общ. ред. Т. М. Михеевой. – Минск : Изд. центр БГУ,2007. – 360 с.

3.   Оспанова Г.С., Бозшатева Г.Т.Экология.-Алматы:Экономика,2002.-405 б.

4. Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных отложений. Под ред. В.А. Абакумова. – Л.: Гидрометеоиздат, 1983. – 240 с.

5. Филонец П.П., Омаров Т.Р. Озера Северного, Западного и Восточного Казахстана (Справочник).  Л.:Гидрометеоиздат,1974.-136с.

6. Музафаров А.М., Эргашев А.Э., Халилова С.Х. Определитель сине-зеленых водорослей Средней Азии. - Ташкент: Фан, 1988. – Т.1-2.

7. Определитель пресноводных водорослей СССР в 14 томах. Под общей редакцией Голлербаха М.М. и  Полянского В.И.- М: гос.изд. «Советская наука»,1951-1983.

8. Komarek J., Anagnostidis K. Cyanoprocaryota.1. Teil.Chroococcales // Susswasserflora Mitteleuropa.19/1-Jena: Ficher Verland, 1999.-548 p.

9. Komarek J., Anagnostidis K. 1995. Nomenclatural novelities in chroococcalaen cyanoprokaryotes. Preslia, Praha 67: 15-23.

10. Komarek J., Anagnostidis K. 1998. Cyanoprokaryota 1. Chroococcales. Süßwasserflora von Mitteleuropa 19/1, Gustav Fisher, Jena & Stuttgart, 548 pp.

Krammer K. 2002. Diatoms of Europe. Cymbella. A.R.G. Gantner Verlag, Königstein. 3. 584 p.