История/
Отечественная история
т.ғ.к А.К.
Бөгенбаева
Халықаралық Білім беру Корпорацясының
ҚазБСҚА ассоциаланған профессоры, Қазахстан
Қ.М.Атанакова
Қазақ Ұлтық Өнер Университетінің аға оқытушысы, Қазахстан
Қазақ даласында
болған 1916
жылғы ұлт – азаттық
көтерілісіне – 100 жыл
Биыл
ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығын атап өтеміз. Халқымызға азаттық
оңайлықпен келмегелі
тарихтан мәлім. Айталық 1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған
азаттық көтеріліс,1810-1820 жылдардағы Тентектөре
батырдың басқаруымен Қоқан билігіне қарсы
көтеріліс, 1836-1838 жылдарда
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастауымен
патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы
күрес, 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт – азаттық көтерілістер қазақ
халқының тарихындағы азаттық үшін жан алысып, жан
беріскен кезеңдердің бірі еді.
Ал, осының ішінде ХХ ғасырдың бас кезінде
халқымыз бостандық жолындағы жалпыхалықтық сипат
алған «он алтының ойраны» атанған көтерілістің
орны ерекше.
Бірінші дүниежүзілік
соғыс Ресейдің боданындағы қазақ елінің
құлдырауына алып келді. Қазақтарға кең
көлемде салық салынды. Соғыс басталған жылы патша үкіметі қазақтардан
жерді тартып алуды барынша күшейтті. Бір ғана Жетісу
өлкесінде 2703226 десятина шұрайлы жерді еріксіз алса , Семей,
Орал,Торғай, Ақмола облыстарынан
40638 миллион десятина жерді заңсыз иеленді. Сондай-ақ жалпы
көлемі 764,5 мың десятина жайылымдық жер тартып алынды.
Жерден айырылған қазақтар бұрынғысынан да бетер
күйзелді. Осындай ауыр жағдайдың болатынын алдын ала білген
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы-ақ: "Қазақ
ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға
айналды", -деп ашына айтқан.
1916жылы 25 маусымда Николай патша
Орта Азия, Қазақстан және
басқа да бірқатар
өлкеден 19 бен 43 жас аралығындағыларды
"қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін"
жасауға қара жұмысқа алу тура жарлығы
көтерілістің шығуына негіз болды. Ол бойынша
қазақ өлкесінен 400мың адам, ал соның ішінде
Жетісу облсынан 87мың
қазақ жастары алынатын болды. Бұл кезде
қазақ елінің барлық жерінде "майданға бала бермейміз" деп
қарсылық көрсеткен көтерісшілер алдымен майданға
жөнелтіндердің тізімін тартып алып, жағып жіберді, болысты
өлтіріп, кеңсесін өртеп жіберді.
Стихиялық қарсылық
қозғалыстары бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып
қарулы көтерілістің
негізігі ошақтары Жетісу
мен Торғай облыстарында басталып,
барша қазақ жеріне тез тарады. Жетісуда, Верный,
Қарқара, Канап, Лепсі уездеріндегі көтерілістер жергілікті
шенеуніктердің тәртіпсіз әрекеттері халықтың еріксіз көтерілуіне әкелді.
Қарқарадағы
Ақбейіт деген жерде он алты болыс бас қосқан көтеріліске Жәменке
Мәмбетов басшалық етеді. Ол патша жарлығын
орындамауға шақырып:
"Қарқара елі 1864 жылы Ресейге бағынғанда
қазақтан солдат алмаймыз, малына салық салмаймыз деген
антқа патшаның қолы
қойылып, мөр басқаны ,жұрт билеушілері де қол
қойған. Қарқара
қазақтары патша өкіметіне берген сертті бұлжытпай
орындап отырды. Бұл жөнінде
бізге тағатын кінәсі жоқ. Балалар
қырылғанша, кәрілер өлгені жақсы, ақ
патшаның жарлығын орындамаймыз" деген. Оны
Ұ.Саурықов ,С.Қанаев ,К.Шорманов т.б қолдап
армияға бірде-бір адам берілмесін деген шешімге келді. Алайда бұл
шайқастар ұзаққа бармады. Көтеріліке
шыққан халықты патша жазалаушылары қанға бояп
,басшыларын Ұ.Саурықовты сотсыз, тергеусіз атып тастайды, ал
Ж.Мәмбетовке у беріп өлтіреді.
Верный уезіндегі көтерліске
тек ауыл кедейлері ғана қатысып қойған жоқ,
халық арасынан шығып, радикалды бағыт ұстанған
Т.Бокин, Т.Рысқұлов,
Ә.Майкөтов секілді революцияшыл-демократияшыл зиялылар жұртты
қарулы көтеріліске шақырып, өздері жүрді.
Ең бастысы бұл
көтерілісті кез келген партия басқармағанын, халық
кімге сенсе, соның соңынан
ерген. Ендеше сол кезде ел ішінде кімдер беделді болса, кімдер халық үшін басын бәйгеге
тіксе, соның барлығын көтеріліс басшылары деп тануға
болады. Мәселен, Тоқаш Бокинді осы кезге дейінде, қазір де
1916жылғы көтерілістің басшысы дейді. Бұл пікірге негіз
болатыын құжат әлі күнге дейін расталмаған.
Қайта барлығы керісінше Бокиннің патшалық Ресейге әскер бермеу
жөніндегі ойлары болған, бірақ көтерілісті
басқармаған. Халық Т.Бокинге емес, Б.Әшекеевке сенген.
Т.Бокиннің өзі патша өкіметіне берген түсініктемесінде
"мен үкіметке қарсы әрекетке барғам
жоқ" деген.Пікірлерін
әлі де зерттеуді қажет етеді. Ал,патша өкіметі Т.Бокинді
Алматы түбінде асып өлтірген.
Көтерілісшілердің
үлкен толқуы Торғай даласына қарасты Қостанай ,
Ақтөбе, Атбасар уездерінде жалғасып,Сырдарияның
Перовск, Қазалы қазақтары келіп қосылды. Патша жендеттері 118 қазақты
тұтқынға алып, көбін қылышпен шауып
өлтірген. Көтерісшілер саны 50мыңға жеткен. Үлкен
толқулар Торғайда Қаратоғай, Сарытоғай,
Қайдауыл болыстарында басталып, Сарықопа, Тосын, Наурызым
жерлерінде жалғасқан. Көтеріліс басшылары Амангелді Иманов,
Әліби Жангелдин деп бұған дейін керісінше айтылып келді.
Амангелді Әбдіғапардың қолбасшысы болған.
Амангелді шын мәнінде батыр, нар тәуекелшіл өткір, шешен,
есімі 1916жылдан бұрын танымал, ер екендігіне күмән тумаса
керек. Ресей мемлекетінің астанасынан келген Әліби болса
қозғалысқа идеялық сарын, болашаққа
көз салар болжамдық дарытты. Халық ақ киізге салып хан
көтергеннің бірі - Әбдіғапар хан. ( Ол өзін
«әмір» деп атаған). Оның ұйымдастырушылық қабілеті
мықты, шын мәнінде халық қамын ойлаған,
батылдығымен, әділдігімен көзге түскен,ертеден елге
танымал азамат. 46 жастағы Әбдіғапарды он үш
болыстың өкілдерінің
құрылтай жиналысында
сайлануы хан сайлауының
негіз ол Нияз ханның ұрпағы, атақ-даңқы бар
баба салтын, дәстүрін ұстанған, қарадан
шығып, хан атанған, халықтың қалаулы азаматы.
Амангелді Әбдіғапардың қолбасшысы болған.
Әбдіғапар құр сойыл шоқпармен емес, мергендер
тобын құрып, елді мылтықпен қаруландырған. Хан
кеңесін шақырған, басқа облыстармен де өзара
мықты байланыс орнатқан Амангелдіні сардар қойған ,
оның сарбаздары болған[2]. Мұның бәрін растайтын
құжат жетерлік. Нияз ханның Әбдіғапарға,
Иман батырға Амангелдіге дейінгі дәстүр жолы
ұлт-азаттық қозғалысының тарихи
жалғастығы тағы бір дәлелденді.
ХХ ғасыр
ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің бірі
Әмір Әбдіғапар көзі тірісінде ел ағасы ,
қарадан шығып, хан атанған, Әмір болуды
қалаған. Әбдіғапар тоталитарлық заманда есімі
тарихтан аластатылды. Ал шын мәнінде оның қазақ
халқының тарихында алатын орны қазақтың көп
арысы секілді ақтап, ардақтар кез келді.
1916жылғы патршалы
Ресейдің астамшылдық, отарлау , озбырлық саясатына
көтеріліс Семей губерниясы, Өскемен уезі, Зайсан оязына аумағында да болды. Патша
жарлығына қарсылық толқыны бүкіл
қазақ даласының әр жерінде болған. Соның
бірі күні бүгінге дейін өзінің тарихи орнын ала алмай келе жатқан
бұрынғы Зайсан оязына қарасты осы күнгі Ақсуат,
Көкпекті, Тарбағатай аудандары қазақтарының
Мүрсәлім Бекенұлы бастаған қозғалыс. Ол
туралы айтатын мезгіл де жетті. 1916жылы осы аудандардың он екі болысы
Зайсан уезіне бағынышты Көкпектідегі қазақтардың жиынында
патшаның жарлығы бар екенін айтып: "Біз алғаш бодан
болғанда шарт бойынша
қазақтан солдат алуға тиіс емес, соны дәлел етіп, біз
бұған келіспейік"-деген Мүрсәлімнің
атқанын болыстар түгел құптайды. Күтпеген
жағдайда бір топ солдат келеді де,
әрбір болысқа , қаратып бір-бір мылтықты кезетіп
сұрағанда, ержүрек өжет Мүрсәлім:
"Атсаң ата бер, мен халықпен ақылдаспай, ешнәрсе
айтпаймын"-деп міз бақпайды.
Солдаттар оның ызғарынан қорықты ма,
Мүрсәлімді қоя береді. Нашар қаруланған
көтерісшілер жеңіске жете алмайтындарын білген соң,
соғыса отырып, Қытай ассып кетеді. Сөйтіп елін
қырылудан аман алып қалады[3]
Осы қозғалысты бастаушы әрі бай, әрі болыс
Мүрсәлімнің ерлік ісі кейінгі ұрпаққа
өнеге. Маусым жарлығы шыққанда Мүрсәлім
өзі 57 жаста екен, майданға алу жасынан асып кеткен, ал ел басына түскен қасірет,
өңкей жас боздақтарды тізіп беру жанын күйзелткен патша
әміріне ашық қарсы шығып басын бәйгеге тіге,
бүкіл бір аймақты қарсы күреске көтеруі
нағыз жүрек жұтқандық, ел үшін
еңіреген ердің ісі. Мүрсәлім бойынан
халқымыздың ең асыл қасиеттерін Қабанбай ,
Бөгенбай, Көкжал Барақ, Қожагелді батырларымыздан бастау алған, ел басына
күн туғанда ту көтеріп, ұран сап, басын бәйгеге
тігетін жанкешті ерлікті де, ұлы билер Төле, Қазбек,
Әйтеке, қаз дауысты Құттыбайдан, осы аймақта
өмір сүрген қасиеттері
әулие бабаларымыздан мұра
болып қаған ел басқарудағы кеменгерлікті де
көреміз. Қысқасы,
Мүрсәлім - біртуар, дара тұлға. Ол осы
өңірдің Амангелдісі, Бекболаты.
Кеңес тарихнамасында ұлт
– азаттық қозғалыс пролетарлық революцияның дем
берушісі, қозғаушы күші деген пікір бар. Ал,
Қазақстанда орыс пролетариаты емес, кілең қазақ
қауымы бас көтерді. Егер орыс пролетариаты революцияның
авангары болса, сол кезде елдегі өндіріс орындарында, орыс
жұмысшылары жұмы істесе, олардың барлығы бірдей
соғысқа барған жоқ. Патша өкіметі
«бұратана» деп есептеген халықтарды орыспен тең құқықта
әскерге алмаған, кемсіткен. Бұрыннан іште шемен болып
қатып қалған кек қара жұмысқа алу туралы
жарлығы шыққанда сыртқа шықты. Өйткені,
патша өкіметіне деген отар елдердің соңғы үміті үзілген еді. Алаштың
үш арысы Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.
Дулатұлы «Қазақ»газетінде жариялаған үндеуінде
екі балама жолды алға тартқан. Оның біріншісі –
қазақ жігіттері тыл жұмыстарына барса, қазаға
бейнетке аз ұшырайды. Екіншісі – жұмыстан бас тартып,
қарсылық көрсетсе, елге зор бүліншілік келеді деп
көрсетті. Патша әскерінің қарулы күшіне
халықтың қарусыз қарсы тұрып, босқа
қырылып кетуін ойлап, тыл жұмысына алуды кейінге шегеруді, пішен
шабатын кез, егін оратын кез дегенді ұсынды. Ондағы мақсаты
қазақ халқына тиімді ымыраластыққа барып,
елдің амандығы мен тұтастығын сақтап қалу
еді. Мұндай адамгершілікті басшылыққа алған
көзқарасы өзінің ұлтына деген
сүйіспеншілігінің тағы да бір көрінісі еді.
Партиялық билік орындарына хат арқылы жазды да. Олардың
әрқайсысын өте биік
мәдени, сауатты дәрежеде жеткізе білген . Сол кездегі
қазақ зиялыларының интеллектуалдық
деңгейінің жоғары болғандығын және
көрінісі.
ХХ ғасыр басында әсіресе
1905 жылғы бүкіл Ресей империясын қамтыған саяси
қозғалыстар тұсында қазақ зиялылары
қазақ халқының өміріне қатысты
өздерінің пікірлерін ашық түрде билік алдына білдіре
білді. Сол тұста бір ғана Қарқаралыда емес,
қазақ жерінің барлық аймақтарында түрлі
петициялар жазылды. Дума мінберіне
шығып қазақтың сөзі, қазақ
мұңын айтты. Қазақтың ең бірінші
орындағы мәселесі – жер. Сондықтан олар қазақ
жерін даулап, қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды,
қазақ жерін отарлауды тоқтатуды талап етті. Қазақ
зиялылары жері жоқ халықтың босқынға айналып
өшу жолына түсетінін түсінді. Сондықтан
қазақты сақтау үшін онын жерін сақтап қалу
екенін түсініп, соны қарапайым халыққа
түсіндіруге кірісті. «Оян, аш
көзінді, жеріңді сақта»
деп ұран салды.
Ал енді ұлт зиялылары патша
өкіметінің ұзаққа бармайтынын көтеріліс
нәтижесінде халықтың қырылатынын алдын ала сезген.
Мәселен, А.Байтұрсынұлы 1905 жылы – ақ «орыстар алым –
салық төлемей жатыр, сендер де төлемеңдер» деп
халық арасында үгіт жүргізген. Олар патша
өкіметінің әрбір саяси әрекетіне сай
халыққа амал – айла үйретіп, күреске шақырып отырған. «Көтеріліске
шықпаңдар, қырыласыңдар» дегендері де рас. Бірақ
ұлт зиялыларының бұл
ісі Кеңес заманында көтеріліс
кезінде бас қамын ойлап,
ұлттық мүддеге сатқындық опасыздық жасады»
деп айыпталды. Уақыт бұл сыңар жақтығын, олар
опасыздық жасаған жоқ, қашан да, халқының
қамымен жүргендігін көрсетіп берді. Қайта ұлт
зиялылары көтерілісшілдерді босқа қырғыннан
сақтап, майдан тылында да
көп жағдайға қанығып, көздері ашылып,
келулеріне себепші болды. Қазақ соғыс жылдарында
отаршылдардың шектен шыққан езгісіне қарсы бірігіп,
мінез танытты. Ұлт азаттығы үшін күресіп, қан
төкті.
Тыл жұмыстарында жүрген
қазақтардың мұқтаждықтарына болысу
үшін ұлт зиялылары өндіріс орындарына барып,
қамқорлық жасаған. Мәселен, қазақтар
Ресей қалаларының вокзалдарында, станция басында қаржылары болмай
жүргенде М.Шоқай, М.Дулатұлы оқығандар арнайы
барып, вокзал басшыларымен бұларды өкімет өзі
шақыртқан, ендеше қайтару өз міндеттерін деп айтысып
жүріп елге қайтарған.
Мұстафа Шоқай бұл
мәселеге батыл бара алды. Ол өзінің «1916 жылғы
ұлт – азаттық қозғалыс туралы большевиктердің
өтірігі» деп аталатын еңбегінде осы қозғалысқа
үлкен мән беріп: «1916 жылғы қозғалыс жалпы
алғанда ұлттық қозғалыс. Онда таптық
күрестің елесі де жоқ.
Патшалық Ресейдің жалпы саясатын айтпағанда,
майданға қара жұмысқа шақырған
бұйрықтың өзі ұлттың табиғатына, рухына жат. Таптық
күрес Түркістанда жоқ және болуы да мүмкін емес»- деді. Бұл жерде
М.Шоқай 1916 жылғы көтерілістің ұлт –
азаттық сипатын атап көрсетумен тоқталмай, осы
қозғалыстың таптық сипаты туралы әңгімені
де теріске шығарады.
М.Шоқай - өзінің
білімдарлығы, демократиялық ой - өрісі тұрғысынан
әлемдік деңгейге
көтерілген, тұтас
білімді тұлға. Ол «Кеңес үкіметі
қырғыздар», «Қырғыздардың Ленинге хаты» т.б
еңбектерінде өлкеде орнаған жаңа үкіметтің
отарлық үстемдіктің бүркемеленген түрі екендігін,
пролетариаты жоқ елде, пролетариат диктатурасының орнатудың
басқаша болуының мүмкін еместігін жан – жақты
дәлелдеп берді[5]. Алаш жетекшілері Ә.Бөкейханұлы,
А.Байтұрсынұлы да солай пайымдаған. М.Шоқай ұлт – азаттық
қозғалыстың түпкі мақсатын айқындап
қана қойған жоқ, сонымен бірге жаңа жағдайда
оған жету жолдарын да белгілеп берді. Ол ендігі жерде Исатай, Махамбет, Кеңесары т.б бастаған,
тіпті кең көлемде орын алған 1916 жылғы қарулы
көтерілістің де заманы өткенін, сол себепті
бостандыққа бейбіт жолмен, халықтың күш – жігерін
бір мақсат жолында біріктіру, ұлттық сананы ояту арқылы
жетудің мүмкін екендігі туралы саяси жоспарын ұсынды.
Алаштанушы ғалым, тарих
ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев бұл
көтерілісті қазақ
ұлттық демократиялық интеллегенциясының
көзқарасымен және қоғамдық – саяси
қызметімен тығыз байланыста қарастыра отырып, бұл
тарихи маңызды оқиғаны «1916 жылғы көтеріліс
ұлт – азаттық революция дәрежесіне көтерілуі үшін
қоғамдағы негізгі бағыт саяси күштердің,
ең алдымен оның мақсат мүддесін анықтап
бағдар бере алатын ұлттық интеллегенцияның
қолдауын алуы керек еді» - деген дәлелді пікір айтады[6].
1916 жылғы
көтерілістің бірнеше ерекшеліктерін атаған жөн.
Бүкілхалықтық қозғалыс тек патша
өкіметінің маусым жарлығына, әскери саясатына
ғана қарсылық емес, ғасырлар бойы жиналған
халық бойындағы наразылықтың запыраны еді. Аталық
кек, бостандық, азаттық күрес кедейді де , байды да, мен
қазақпын деген париоттық сана-сезімді толқытқан
барша жұрттың басын қосқан қозғалыс. Атадан
қалған мемлекеттік үлгіні дамытып, қазақ
хандығының үрдесін жалғастырған
қозғалыс. Ендеше 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерілістің жүз жылдығына орай тарихи шындығын
жан-жақты талдып көрсету келешек еңбектердің еншісінде.
Әрине, қазақ даласындағы бұл көтеріліс
әр жерде , әр уақытта басталды.
Отар елдердегі демократия
жолындағы қозғалыс, міндетті түрде
ұлт-азаттық қозғалысынан басталады, ұлттық
тәуелсіздік үшін күреспен адам құқы
үшін күрес бір тудың астында топтасады. Жалпы
қазақ елінде кең көлемде болған 1916жылғы
көтеріліс осы сипатта. Қозғалысқа байланысты жанама
ойлау «ақтандықтарды» жою тұрғысынан қайта
қарастыруды талап ететін,
мәселелер бар екенін өмірдің өзі көрсетіп
тұр. Оған дәлел, осы қозғалыстың
жалғасы 1986жылғы отарлықтың темір
құрсауына қарсы желтоқсандағы жастар
толқуын, тарихымыздағы ащы шындықтың бәріне
бүгінгі көкірегі ояу, көзі ашық
ұрпаққа тереңірек білу мақсатымен, ең
алдымен ұлт-азаттық қозғалыстың тарихнамасы мен
деректемелерді оқып үйрету.
Қорыта келгенде,
1916жылғы ұлт-азаттық қозғалыс трагедияға
толы болғанымен, ол Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының сана-сезімін
оятуға түрткі болды. Отарлық езгі
орныққаннан бері алғаш рет олар біртұтас
ұлттық мүдделері бір екенін білді, белсенді, саяси
әрекетке тартылды. Ресей самодержавиесінің отаршыл экспансиясына
қарсы тұра алатын күш екенін сезінді. КСРО-ның
құрылуының да құруының да бастауында
қазақтардың көтерілісі тұр. Бұндайларды
ашып айта алмасақ ұрпағымызды патриоттық рухта
тәрбиелей алмаймыз. Бабалар
аңсаған сара жолды ұрпақтар үшін дара жолға
ұластыру
жастарға зор жауапкершілік
жүктейтініне сенеміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә.
Тәуелсіздің белестері. Алматы: Атамұра, 2003. 336б.
2. Қазақстан
Республикасының президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы: Алматы,2016
3. Қазақ тарихы №3, 1996.
4. «Түркістан», 4
қыркүйек, 2014
5. М.Шоқай 1916
жылғы ұлт – азаттық қозғалыс туралы
большевиктердің өтірігі... – Кітапта: М.Шоқай.
Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998.Т.т- 512б /214/
6. М.Қойгелдиев. Алаш
қозғалысы-Алматы: Санат,
1995. 365б /22/
7. М.Қозыбаев. Әмір
Әбдіғапар «Қазақ
әдебиеті» №9, 1994ж