ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АУЫТҚУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Айтжанова Р.М., Джусупова П.Қ.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi
Жасөспірім
кезеңі жалпы тұлға болып қалыптасудағы
мағызды фактор болып табылады. Жасөспірімнің жеке басы дамуының
аса маңызды факторы-оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге,
үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің
жеке басы мен өзінің
болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге
асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады. Яғни,
айтқанда «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі
дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.
Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың
қалыптасуындағы түбегейлі
өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық
өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен
ортаның арасындағы қатынас бұзылады.
Жасөспірімнің жеке басындағы манызды мәселе оның
өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы
орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға
және жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Жасөспірім
кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін
қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен
жүйесіздіктің шынайы ер жету шағы. Жасөспірім
кезеңінде адамдарға өмір құндылықтарын таңдау
мәселесі жолға қойылады. Жасөспірім өзіне деген
ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға басқа
адамдарға деген қарым-қатынасқа, және
моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы
жасөспірім кезеңінде өзінің жақсылық пен
жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады.
«Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты
тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар
толғандырады [1].
Жасөспірім
кезінде адам жақсылық пен жамандықты, дұрыс пен
бұрысты. Сондай-ақ, ол өзінің ақылы мен
жанының кереметтей шарықтаудың шыңында
тұрғандай сезінеді. Мейір-бандылықтан
зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі
диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда,
жығылуды және қайта тұруды да жасөспірім білуге
ұмтылады.
Яғни,
осы кезеңнен бастап жасөспірімдердің психологиялық
ауытқуы пайда бола бастайды. Оны болдырмау мақсатында балалық
шақтан бастап, бала психологиясымен айналысқа жөн. Бала
психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен
заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын,
психикалық үрдістер мен салаларының ерекшеліктерін жан-жақты
зерттейтін сала. Яғни, психологиялық ойлау қабілетін,
туғаннан бастап баланың
бойының өсуін, салмағының артуын қамтамасыз
етеді. Психология әрқашан
анатомия және физиологиямен тікелей байланысты дейтін себебіміз
баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке
жүйесі психологиясының негізгі міндеті-оқу, ойын, еңбек
әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін
әсерін зерттеуі болып табылады. Біздің ойымызша бала психологиясы
нәресте кезінен бастап ата-ана қамқорлығын көріп,
жан-жақты тәрбие алып, өзін тани алатындай өмір
сүруі қажет. Балаға психологиялық дамуда бағыт-бағдар
беріп, өзінше өмір сүруге даярлау басты мақсаттың
бірі деп есептеймін.
Қазақстанда
бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар:
С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов,
Қ.Жарықбаев. Бала психологиясының негізін қалаған-неміс
ғалымы В.Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш
рет интроспекция әдісінен обьективті бақылауға өтуді
жүзеге асырды. Бала психологиясы баланың туылғанынан мектепке
барғанға дейінгі кезеңді қамтыды. К.Д.Ушинский
баланың сезімдік танымына көңіл аудара отырып,
баланың тілінің шағуы,
ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру арқылы адам болып
қалыптасады,-деп атап көрсетті [2].
Ал
біздің пікірімізше нәресте кімнің қамқорында жүрсе
сол адам қалай сөйлейді қандай тәрбие береді,
соған орай баланың тілі шығады, ал ақыл-ой,
адамгершілік ол адамнын білімділігі, оқығандығы, ортасы
бастысы оның тәрбиелілігімен қалыптасады және
ерекшеленеді. Бала психологиясын айтып отырған себебім, көп
жағдайда баланың мінез-құлқының өзгеруі
6-8 сынып оқушыларында, яғни
жасөспірімдік кезеңге өткенде әсіресе ұл
балаларда
ауытқушылық
көптеп кездеседі.
Қазіргі
таңда қиын бала атанып, отбасында да, қоғамда да
қиындық тудырып журген балалар немесе жасөспірімдер
көптеп кездеседі. Қиындык деп айтканымның түп
мағынасы, ғаламторды ашып қарасаң болды, түрлі-түрлі
жарнамалар мен адамның зәре құтын қашыратын
видеоматериялдар шыға келеді. Әрине, оны көрген жастар
еліктеп, басы айналып, ештеңеге мән бермей, өзінің не
жасап жатқанын білмей қалып жатқандығы мәлім. Осы
тұрғыда ғаламтор желісінде менің көрген бір
видеоматериял, менің
көңілімді қатты құлазытты. Ол видеода
біздің елімізді, жерімізді өз өмірілерін қиып, елім,
жерім деген патриот аға-аталарымызды көкке көтерудің
орнына соғыстан аман келген ардагерімізді жасөспірімдердің
соққыға алғаны менің жүрегіме қатты
тиді. Сол үшін ғаламтор желісіне, адам өміріне қатер
туғызып, зардабын тигізетін материялдарды салған адамды заңды
турде жазалап немесе үлкен суммадағы төлемақы
төлеткен жөн деп ойлаймын. Ал екінші маңызды мәселе
суицид. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы, яғни өз
өмірлеріне көңілі толмауы және ата-ана тарапынан кеткен
қателіктер ұрыс-керіс, ажырасу, тастанды болу және
тұқымқуалаушылық әрекеттеры жатады. Бұл
қазіргі жасөспірімдердің әлсіздігі, өмірге тіке
қарайалмаушылығы, болашаққа сенбеуі, дұрыс
тәлім-тәрбие алмауы болып табылады. Осы жақын арада Тараз
қаласында жас жеткіншек 20 жастағы жасөспірім өзін-өзі
жағып жіберді. Сол бүкіл Қазақ халқын
дүрсілкіндірді. Ол өзін жағып Нұр Отан
партиясының ғимаратына кірді, алайда, сол кезеңде ол аман қалғанымен
ол қуаныш ұзаққа созылмады. Жансақтау
бөлімінде өкінішке орай көзжұмды. Бұл
жасөспірімдер психологиясына қатты әсер етеді. Оның жағып
жіберу себебі, біріншіден досының өліміне кінәлі деп жала
жабылып, соған шыдай алмауы. Екіншіден депортаменттің адамдары
есірткі салып жіберуі және қысым көрсетуі. Видеодан
көріп, түсінуім бойынша. Үшінішіден ерте жыныстық
қатынасқа бару яғни жезөкшелік. Біздің арымыз, ұятымыз, болашақ жар, ана
болатын қыз-келіншектердің мұндай жаман жолда жүргені,
жаныма қатты батады. Бул жағдайдың жастарға кері
әсері мол. Жағдайдын алдын алу үшін, коп еңбек ете керек.
Мен үшін ондай адамды өмірімнен сызып тастап, ешкімге керек қылмайтындай
жаза қолданар едім. Төртіншіден жасөспірімлердің адам
өлтіруі, яғни қылымыстық жағдайларды атап
өтсек болады. Қылмыстың болу себебі ең бастысы отбасында
түсінік болу керек. Ата-ана, бала мен ұстаз арасында емін-еркін
қарым-қатынас болу керек. Адам озін-өзі ұстай алмауы,
кекшілдік, жеккөрушілік, психологиялық ауытқу болып табылады.
Ресми есеп бойынша, Алматы облысында жасөспірімдер
арасында өзін-өзі өлтіретіндер көбейіп барады. «2009
жылы ондай 27 оқиға болса 2010 жылдың он айында ғана 28
оқиға тіркелген» дейді облыстық ішкі істер депортаменті
қоғамдық кауіпсіздік басқармасының бастығы
Ермұрат Шатенов. Осыған сай
коптеген қылмыстар өзін-өзі өлтіру болатыны
анықталды. Алматы облысының прокуратурасы кәмелетке
толмағандарға жауаптты комиссияның бәрін тексеріп,
сонғы үш жылдағы өзін-өзі өлтіру
оқиғаларын түгел зерттеп шықты. Жасөспірімдер
қазасының аз тексерілетіні,
тергеу шараларының жүргізілмейтіні анықталды. Қазақстан
дүние жүзі бойынша алғашқы бестіктің үшінші
орнында тұр. Бұл өте жаман көрсеткіш. Ал 2015 жылдан
бастап суицид Қазақстан бойынша бірінші орынды алып отыр. Әсіресе
қыздар арасында көптеп кездеседі. Олар 15-19 жас аралығында. 2010
жылы 237 адам өзін-өзі өлтірген бул заңды турде
тіркелген. Суицидтің болуы Ұлттық Бірыңғай Тестілеумен
де тығыз байланысты. Жинаған балын алмағанның
өзінде балаларды қатты қинап жіберуі болып табылады. Жасөспірімдердің
психологиясының ауытқуының ең басты әрі
өзекті мәселелерінің бірі діншілдік. Бұл
сөздің астарында өз тілін, дінін құрметтемейтін
азамат және азаматшалар жайлы айтылады. Мысалы, басқа діндерге
сеніп соның жолына кетіп қалған жасөспірімдерді атап
өтпеске болмас. Олардың бәрі еліктеушіліктен пайда болады.
Сарыағаш қаласының имамы Әбдуғаппар
Смановтың айтуы бойынша «Жастарда еліктеушілік басым, пәлен жерде
арафа немесе ораза басталды мен тұтам деп айтуы болмайды. Қай жерде
жүрсін, сол жердің қоғамымен қатар жүру
керек»
Ауытқушы
мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан
нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез
құлықты айтамыз. Белгілі әлеуметтанушы И.Кон ауытқушы
мінез, яғни девианттық мінез-құлықты
психикалық денсаулық, құқық, мәдениет
немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан
ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.
Девианттық мінез-құлық екі категорияға
бөлінеді. Біріншісі – бұл анық немесе жасырын
психопотологияның барлығын білдіретін психикалық
қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.
Екіншісі – бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе,
құқықтық, қалыптарды бұзатын
асоциялды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса,
олар құқық бұзушылық, ал салмақты
болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады [3].
Айтылған
маселелердің, себептердің бәрі жасөспірімдердің
дамуына кері әсерін тигізеді. Яғни, жоғарыда айтылып кеткен мәселелер психологиялық үлкен ауытқушылықты тудырып
отыр. Психологиялық ауытқулардың алдын алу үшін,
болашаққа кері әсерін тигізетін маңызды
мәселелерді болдырмай, сол жағдайдан шығуды жан-жакты қарастырып,
улкен бағдарлама ашу ойымда бар. Қателескен жасөспірімдердің жағдайын көтеретін
бағдарлама ашып, басқалар содан сабақ алатындай және
санасына жететіндей етіп ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Мысалы
қазіргі таңда Айтуға оңай бағдарламасы секілді. Ол
бағдарламада көптеген өзекті мәселелер айтылады. Менде
сол секілді «Адасқандар» деген бағдарлама ашар едім, оның
маңыздылығы жасөпірімдік кезде жіберген қателіктері туралы және оны артқа
қайтара алмайтынын барі кеш екендігі туралы, өзгелер олардың
қателіктерін қайталамауын өкінетіндігін айтуы. Ол жерге
көптеген психологтар шақырып, ойларымен бөлісіп, оларды
жаңа өмірге жандандырып көмек қолын созса екен деймін. Жасөспірімдер
өмір жолын, өзінің қандай жағдайға
жеткеніне, неге шамасы келетініне, бұл дүниеде не үшін жер
басып жүргеніне, не біліп, не тілейтініне, өзге жұртқа
нендей пайда тигізетіндігіне, өз болашағына үңіліп
қарап, іргесін қалау үшін өмірге келу керек. Сонда
біздің жастарымыз еліктеушілікті азайтып, кереметтей дүниелер
олардың қолдарынан келетіндігіне сеніп, тек алға қарай
ұмтылады деген ойдамын. Біздің жасөспірімдер қазіргі
қоғамымызбен ертенгі болашағымыз. Бүгінгі
жасөспірімдер ертенгі аға буын сол себепті олардың
тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлуге міндеттіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Нигметжанова Г.К. «Жас өспірімдердің
әлеуметтік – психологиялық даму ерекшелігі». - www.vestnik-kafu.info.
2. Дүйсенова Ж.Қ. Балалар психологиясы:
Балалар психологиясының пайда болу тарихы, теориялары туралы негізгі
түсініктер. – Алматы, 2012. – Б. 6-9.
3.Ермекбаева Ф.Т.
Ауытқушы мінез құлықтың шығу себебі: №92
қазақ гимназиясының әлеуметтік педагогі. - www.Spar.kz.