ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН
ТӘРБИЕУЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Алтынбекова А.А. –
психолог, «Болашақ» колледжі, Кумарова
А.К. – аға оқытушы, Жунисбекова
Д.А. – п.ғ.к., доцент, Қойшыбаева
Н.И. – п.ғ.к., доцент
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Жеке
тұлға мен қоғам құлдылықтарының
жандануы адам өмірінің негізгі өзегі болып саналатын
адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз бен
жауапкершілік, игілікті іс сияқты жалпы адамзаттық
қасиеттерді объективті түрде талап етеді. Осыған орай
қазіргі қоғамның мақсаты жалпы адамзаттық
құлдылықтарды дамыту болса, онда адамгершілік
құндылықтарды өскелең ұрпақтың
бойына қалыптастыру тәрбие үрдісінде
өзекті мәселе.
Өмірдің
мәнін түсіну жағымды эмоциональдық жағдай ретінде
мақсатқа ұмтылушылықпен,
қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа
адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу
сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен,
болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді.
Мәселен,
адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында
тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған
қоғамның, ұжымның, ұлттың,
рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер,
мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады.
Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі
мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін
емес. Себебі әрбір адам - өзінше жеке тұлға.
Сондай-ақ,
адамгершілік құндылықтарды біріншіден, өмірге,
еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік
насихаттарға, адам өмірінің мәніне деген
бағалаушы қатынас және материалдық, рухани қажеттіліктерді
өтеу процесіндегі қалыпты нәрселер деп анықтасақ,
екіншіден, құндылықтар - адамдық қасиеттер. Ол
қасиеттер бала кезден, ана
сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, адамгершілік
негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін,
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру
нәтижесінде орнығады.
Сонымен
қатар, құндылықтар – тәрбие
үрдісіндегі адамгершілікке бағытталған идеалдар,
оларға: шындық, қарапайымдылық, тұлға,
бостандық, пайда, махаббат, шығармашылық, т.б.
жатқызуға болады. Құндылықтар - идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау
сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Олар -
құрметтеу, қошеметтеу,
түсіну, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді және
ол сезім мен ақылдың ұштасуын, сол арқылы адамның
іс-әрекетін белгілейді.
Адамның
жеке әлеуметтік қасиеттерінің іс-әрекетте көрініс
табуы оның тіршілік әрекетінің нақты түрлері мен
тәсілдерін ұстағанынан, сондай-ақ оның
өзін-өзі көрсетудің, өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
танытудың басты түрлері туралы талдап қорытындыланған
құндылық түсініктерінен көрінеді. Адамның
өзін-өзі тануына көмектесетін ең жоғары
құндылық қасиетке ие тіршілік әрекетінің
саласын анықтау - «Мен»
сезімінің қалыптасуының ең басты сәті.
Адамның өзін-өзі таныту үшін қажетті
іс-әрекеттің түрлері туралы жалпы түсініктердің
көмегімен мән-мағыналық анықтықты сезіну
жеке тұлғаның жалпы құндылық
бағыттылығы. Ол жеке тұлғаның
көптеген құндылық түсініктеріне сапалық
жағынан түрлендіретін, оларды бір тұжырымға келтіретін фактор
болып табылады.
Өзінің
ғана өмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана
өз бақытын таба алады. Өйткені адам әлеуметтік
тұлға. Оның барлық тіршілік әрекеті басқа
адамдармен байланысты. Көпшілдік, әлеуметшілдік
тұжырымдардың түйісуі адамның өзін-өзі
және басқаларды түсінуіне көмектеседі деп
түйіндейміз.
Адамзат
баласы жұмыр жер бетін мекен ете бастағанан бері
өзін-өзі тануға, ғаламдағы орнын
анықтауға, өзара қарым-қатынасын реттеуге
ұмтылып, тек дамуға талпынуда. Сондықтан да болар, адамзаттың ақыл-ойы тарихының
бүкіл өн бойындағы сан-салалы пікірталастарға
арқау болған негізгі мәселесі - «Адам» және оның мәні мен ортасы.
Алайда
дүниедегі барша жақсылық та, жамандық та
адам қолымен жасалынып келеді. Мәселен,
бұл әлемдік ауқымда алып
қарасаңыз да, жеке ұлттың
тарихи шеңберін алып зерделесеңіз де байқалады. Кез-келген
қоғамның өсуі немесе өшуі сол
қоғамдағы адамдардың ой парасаты мен іс-әрекетіне
тікелей байланысты.
Адамгершілік
тәрбиесі - ол жүрек тәрбиесі. Рухтың ұясы
да - жүрек. Ақыл
жүрекпен нұрланса, рақымды болса, ізгіленеді.
Жүректің терең жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де,
қоғамға да, болашаққа
да теріс ықпал етеді. Тәрбие
баланың даму кезеңдерінде
адамның рухани өзегін
қоректендіруші болып, білімнен бұрын жүргізілуі тиіс,
яғни білімге адами және рақымдылық сипат беріліп,
ақылды жүрек жылуымен нұрландыру қажет.
Адамгершіліктің ең
жоғарғы рухани қажеттілігінің бастау көзі - өзін-өзі
көрсету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту
қарым-қатынаста, дүниетанымда өзінің
шығармашылық қабілетін таныту. Бұл арада
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі
мектеп жасында жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады.
Литература
1.Назарбаева С.А.
Бөбек қоры. Өзін-өзі
тану. Жоғары оқу орны оқытушыларына арналған
әдістемелік құрал. - Алматы. 2003. Бөбек. РОСО.
2.Проблемы
рефлексии: Современные комплексные исследования / Под
ред. И.С. Ладенко, -
Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1987. - С.
70.