МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ
БАЛАЛАРМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Джаксылыкова Ш.М.
Тәрбиеші
,Қосқұдық бала бақшасы
Қызметті технологияландыру
әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға жатады.
Технологияның көзқарас - қазіргі әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік саладағы
технологиялық көзқарастың ерекшелігі, онда
қоғам тұтасымен алынады, яғни
қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар
арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен
сезімдері.
Әлеуметтік технология - бұл,
объект және субъектінің қатынастарына емес, айтарлықтай
дәрежеде субъект - субъект қатынасына негізделген технологиялық
процестің бірден - бір түрі болуы ықтимал. Кәсіби
көмек көрсетілетін әлеуметтік процестің
қатысушысының әрекетінсіз, индивидтің
жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз
әлеуметтік технологияларды қайта құру мүмкін.
Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және
жақындары үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп
айтуға болады. Ол жүргізілетін қайта
құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта
отырып, әлеуметтік басқару органдары қызметінің
мақсаттары мен қызмет құралдарын бөлісе отырып
немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен
қызмет құралдарын қарсы қоя отырып әр
түрлі деңгейлердегі әлеуметтік технологияның
жүзеге асырылуына қатысады .
Сондықтан да болар, кез келген
әлеуметтік технологияда қандай да бір фундамент, маңызды блок
болады - әсер ету объектісі болып табылады. Қоғамды тұтасымен және
оның құрылымдық элементтерін тұрақты және
терең оқып - үйрену. Бұл, біздің
қоғамдағы іс - әрекеттер
заңдылығын толық,
әрі жетік білмеуімізбен емес, сондай - ақ оны
құрайтын қоғам мен адамдардың өздері
әрдайым өзгеріп тұратындығымен,
және де кешегі өте әсерлі және орекеттік болған
жайлар бүгінде күлкілі және ескіріп қалған болып
көрінетіндігімен түсіңдіріледі.
Әлеуметтік технологиялық
фундаменттің екінші бір маңызды блогы - процестерді операцияландыру
және процедураларының бірлігі.
Әлеуметтік технологиялық
фундаменттің үшінші блогы - әлеуметтік технологиялардың
жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін
тұлғаның және әсер етуді басынан өткеретін
тұлғаның мәні. Осыған байланысты әлеуметтік
жұмыспен айналысатын адамдарда тек дана теориялық білім емес,
сондай - ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдары мен
дағдырылары болуы қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық
жұмыстың объектілері әр түрлі болып келеді, мүгедектер,
балалар, девианттық бағыттағы жасөспірімдер,
толық емес немесе көп балалы жанұялар және т.б.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін
төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты
әлеуметтік бейімделе алмауға болашақта, өз мінезін
бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын,
еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін
адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз -отбасы, үй - интернат
түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның
мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық
құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек
түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б.
факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедек
балаларға көмектесу технологиясы - үлкендер мен
балаларға әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың
әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге
сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды
ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны
қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның
олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен,
қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың
жақтырмай қарауларынан да болды.
Алматы қалалық ӘБЕО
орталығында өткізілген экспериментіміздің нәтижесінде,
мүмкіндігі шектеулі балалар кез келген отбасында дүниеге келуі
мүмкін екенін білдік, яғни бұл көбіне тұқым
қуалау факторларының әсерінен емес, жүре келе пайда
болатындығына (сыртқы факторладың әсерінен) көз
жеткіздік.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы
әлеуметтік технологиялар деңгейін байланысты төменгідей болып
бөлінеді:
-
жай
(маман еместердің де қолынан келетін);
-
күрделі, белгілі бір салада
жұмыс істейтін маманда белгілі бір біліктіліктің болуын талап
ететін;
-
кешенді, әр түрлі салада
жұмыс істейтін бірнеше маман да тиісті білікіліктің болуын талап
ететін.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың
мәні - әлеуметтік қүқықтарды жүзеге
асыруда балаға көмек көрсету. Әлеуметтік
құқықтар өте көп шектілі
болғандықтан және тұлғаның әлеуметтік
қызмет атқаруын қамтамасыз ететіндіктен, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс шешуге
ұмтылатын проблемалар өте кең ауқымды және
әр қырлы болып келеді, оған қоса нақты бір
әлеуметтік жағдайда әлеуметтік проблемалардың әр
түрлері мен типтері қиылысып отырады.
Ең алдымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісі тек
қана жекелеген тұлғалар емес, сондай - ақ олардың
топтары болып табылады -жанұялар, еңбек және көршілес
ұжымдар, жастар немесе кәсіби топтары, ұқсас
қиындықтарды басынан өткеруші тұлғалардың
бірігуі. Сондықтанда әлеуметтік педагогтардың әрбір іс -
әрекеті, оның қолданатын әрбір технологиясы немесе
әдістемесі индивидуалдық және топтық әдістерді
үйлестіруі қажет, балалардың және ата - аналардың
қатынастарының, жүбайлар арасындағы
қатынастарының проблемаларын, қандай да бір кәсіпорын
қызметкерлерінің жалғыз басты қарт адамдарды және
мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін 309 үйде
әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері әрекет етеді,
олар 31632 жалғыз басты қарт адамдарға қызмет
көрсетеді.
Протезді - ортопедиялық
көмекке 28 мыңнан астам адам мұқтаж, сурдотехникамен
дамту етуге - 60 мыңнан астам мүгедектер - естуі бойынша жөне
19 мыңнан астам мүгедектер көруі бойынша
тифлоқұралдарға мұқтаждық білдіруде.
Мүгедектерді, демалыс және
спортпен айналысуды ұйымдастыру бойынша нақты кепілдемелерімен
қамтамасыз ету, осы бағытта мүгедектермен жұмыс істеу
үшін,кадрларды даярлаудың тәртібі мен жағдайын
анықтау проблемаларын заңдық тұрғыда шешу
қажет .
Пaйдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Г.С. Семенов Методика работы
социального педагога.- М. Школ.Пресса/
2003-125с.
2. История социальной
педагогики: Становление развитие зарубежной
педагогики. Под ред. В.И. Беляева, -М. Гардарики-2003-89б.
3.
Дементьева
Н.Ф., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я. Организационно - методологические
аспекты деятельности социального работника. В кн.; Социальная работа в
учреждениях здравоохранения. — М., 1992, (Департамент проблем семьи, женщин и
детей МСЗРФ. Центр общечеловеческих ценностей).
4. Социальная педагогика. Уч.
для вузов под ред. В.А. Никитина,-М. 2002-341б.
5. Социальная педагогика. Под
ред. Галагузовой В.С. –М 2003-87б.
6. Р.В.Овчарова Справочная
книга социального педагога. –М, Сфера 2002-64б.