Ахметжамиева А.А.

«Керней жалпы орта білім беру тірек  мектебі

 (ресурстық орталық) « КММ –нің бастауыш сынып мұғалімі, Бұқаржырау ауданы, Қарағанды облысы Қазақстан Республикасы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайда оқу жетістіктерін сын тұрғысынан бағалау

 

Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясының енгізілуі – игілікті істердің бірі болуда. Осыған орай 3 (базалық) деңгей курс Бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігімді жетілдіріп, қазіргі таңда сол мақсатта жұмыс атқарудамын.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Әдетте «баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.

«Сыңдарлы оқыту» технологиясының бірі- «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліне тоқталғым келеді. Бағалаудың екі түрі бар:

Формативтік(қалыптастырушы)  бағалау және суммативті (жиынтық) бағалау.

Формативті бағалау – оқыту үшін бағалау, сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы, жетелеуші, қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Сумативті бағалау- оқуды бағалау, жиынтық баға, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі. Мақсат айқындалады, нәтиже шығарылады. Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы;  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары.

Формативті бағалаудың өзіне тән ерекшеліктерін сабақ кезінде танытқан сабақтың төмендегідей үлгісін ұсынбақпыз:

Бағалау – оқыту үрдісінде және мұғалімнің қолындағы маңызды да әсерлі құрал екендігі рас. Бағдарлама бойынша бұрын-соңды қолданбаған жаңа тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Сабағымда Блум таксономиясының  параметрлерін қолданып, оқушылардың өздерін  бағалауға дағдыландырып жүрмін. Ол бізге тек қана оқушының білім деңгейі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп қана қоймайды, оқушылармен кері байланыс орнату құралы болып табылады.

Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеуі және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері 2011 ж. (21 бет) С. Мирсеитова

2. Жетістік мониторингі нәтижелерді бағалау. 2011 ж.  Алматы (94 бет)