Заурбекова А.М., Әліпбек Л.О.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Интербелсенді оқыту - білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады.

Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.

Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:

жұппен жұмыс, ауыспалы үштіктер, әткеншек, шағын топтардағы жұмыс, аквариум, аяқталмаған сөйлем, миға шабуыл, шешімдер ағашы, рольдік (іскерлік) ойындар, пікірталас,  дебаттар.

Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:-топтық оқыту; - фронтальдық оқыту; - ойын барысында оқыту; - пікірталас барысында оқыту.

 Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Мұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады. Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың интербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

 

Әдебиет:

1.       Бесова, М.А. Познавательные игры для младших школьников от А до - Иркутск, 2004. -272 с.

2.       Загурская, Е.Л. Использование активных форм и методов обучения в работе с младшими школьниками -Мозырь, 2006. – 58 с.

3.       Кашлев, С.С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск., 2004. 

4.        Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Жайлауова М. К. Мектептеинтербелсендіоқытудыңформалары мен әдістері // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 25-27.