Онерхан Назигуль
қазақ
тілі мен әдебиет мұғалімі, Қарағанды обл., Бұхар
жырау ауд., «Тұзды ЖББОМ» ККМ
ОҚУШЫЛАРҒА
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Қазақ тілін оқыту алдына үлкен
міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді
әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі
таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл
ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам
баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты
оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені,
озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның
мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып
отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны
да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.
Озық ойлы адамдар заманның,
қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін
қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік,
мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту
үрдісіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке
тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты
терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар
ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының
бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін
қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа
технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар
алдындағы өзекті мәселе екені анық.
Елбасымыз Н.Назарбаев
«Болашаққа еңбек етіп, өмір
сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген
болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын
болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Осы
ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде
ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында
көрсете алады. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына
сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие
ісінде, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде
ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде танылатыны
сөзсіз. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап,
өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін өмірде
қолдана алатын жан-жақты тұлға болуы тиіс. Бұл
жерде елімізде жүзеге асырылып жатқан «PISA» бағдарламасы
аясында функционалдық сауаттылықты дамытуды айтуға болады [1].
Нұрсұлтан
Әбішұлы 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім
беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің
түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін
баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған
Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма
берген болатын.
Осы тапсырманың
негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832
қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»
қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты–Қазақстан
Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген
болатын [2].
Мектепте мемлекеттік тілді
оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық,
ақпараттық және проблемалардың шешімін табу
құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің
басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық
оқушының белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі
үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік
қарым-қатынас жасауына пайдалы білім, білік, дағдылардың
бірлігінен құралады [3].
Оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу
бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор.
Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын
орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық
өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси,
рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде,
дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін
қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты
құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет
пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік
қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын
үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып
танылады.
Болашақ азамат өз
ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған
халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін
кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген
оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай
жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын
көрсете алады.
Қазіргі әлемдегі
өріс алып отырған түрлі бағыттағы
дамулардың әсерінен қоғамның адамға
қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде
функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала
бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің
әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе
түседі.
Функционалдық
сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы,
яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына,
жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына
қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты
мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде
әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы
басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық
тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін
дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім
алуға дайын тұруы болып табылады.
Жалпы білім беретін орта
мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның
ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын,
азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын
қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай,
мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары
әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің
өзіндік қыры сан қилы [4].
Өзім сабақ беретін сыныптарда
қазақ әдебиеті пәнінен функционалдық
сауаттылықты қалыптастыруда мынандай әдістерді
қолданамын: белсенді оқыту, мән беріп оқыту, Блум
жүйесі, сыни тұрғыдан ойлау, қарлы кесек, ыстық
орындық, үш қадамдық сұхбат, Сократтық семинар,
Джигсо, т.б. Осы белсенді стратегиялар арқылы қазіргі
жастарға тек білім беріп қана қоймай, әлеуметтік
бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге
үйретіп келемін. Сонымен қатар оқушы арасында коллаборативті
орта қалыптастыру мақсатында топпен, жұппен жұмыс
түрлерін енгіздім. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын артыруда
Джигсо-көлемді мәліметтер мен
мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге
және бірін-бірі оқытуға тиімді тәсіл.
Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы орайда,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете
білу өте маңызды. Педагогтың сабақ өту
шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.
Өз мамандығын толық меңгерген жоғары
деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы –
өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып
қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни
үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім
осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы
қарыздың өтелгені. Мұғалімнің
сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты,
оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті
тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді. Оқыту технологиясының ең
лайық деген технолгияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы
Н.Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке
лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікірін қолдай
отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуге үлкен
үлес қосудан жалықпайық дегім келеді.
Әдебиет:
1. «PISA
халықаралық зерттеуі» әдістемелік құрал.
Астана.2013 ж.
2. Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
Астана, 2012 ж.
3. Білім берудің тиісті
деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, 2012 жыл. Білім берудің тиісті деңгейлерінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2012 жыл.
4. «Қазақ
әдебиеті - тұлғаның рухани дамуының бастауы» -
Алматы-2005 ж. 96-148 б.