Педагогика

Курбаналиев Б.Б

ҚазҰАУ, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Айтуреев Н. Б

Д.Құрманбек атындағы №20 колледж, Отырар ауданы, ОҚО, Қазақстан

 

Арнайы кәсіптік техникалық» пәндерін оқыту кезіндегі оқытушының рөлі

 

  Оқытушы еңбек қызметінің барысында өз ісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне оқытушы кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік біледі, үлкен табыстарға жетеді. Оқытушы студенттерге қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

Қоғам оқытушыға студенттерді сеніп тапсырып, оларға ықылас жасап тәрбиелеуі, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды тапсырады. Мұндай орасан зор сенім оқытушыларға қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

Оқытушының жұмысы табысты болуы оның студенттермен өзара  дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни, бұл қарым-қатынасты орнату үшін оқытушы әрбір студентті жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оны зерттеу барысында топ студенттерінің әрқайсысына мінездеме жасайды. Әрине әрбір студенттерге мінездеме құру оңай жұмыс емес. Оқытушы студенттердің мінезі мен қылығындағы өзгерістерге назар аудара отырып, өз тарапынан оларға  жеке мінездеме құрастырады.

Оқытушы қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің пәнін жете түсінуде, студенттерге саналы тәрбиемен қатар, жан-жақты білім беруін, олардың көзқарасының қалыптастыруын, дүниетанымының дамытуын, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын қоса тәрбиелейді.

Оқытушы өз қызметін бастамас бұрын белгілі бір бағдарлама жасап алады, ол студенттерінің жеке басын, оның білім жүйесін, көзқарасын, ынта ықыласын жобалап алғандай болады. Осы бағдарламаға сәйкес ол өз жұмысының бағытын анықтайтын түрлері мен әдістерін таңдап алады.

  Сабақ - оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, студенттерді өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді [1]. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, оқытушы түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалайды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады.

Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ студенттерге белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы.

Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін ғаламтор желісіндегі ақпараттарды, оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мен диапозитивтерді көруі, студенттердің болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесі көрмесіне экскурсия жасауы, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плакат, стендтер безендіру болып табылады.

Егер оқытушы студенттерге еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді және іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстарды студенттер конструкторлық-техникалық элементтерді, материалдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік эстетиканы, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.

Оқытушының сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу мақсаты - студенттердің политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді. Сөйтіп оқытушының студентке нәтижесінде студенттің білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестендіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, студенттердің қабілеттілігі шыңдалады. Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, студенттердің жеке басының қажет етуіне қарай құралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды [2].

Қорыта айтқанда, оқытушының сабаққа дайындығы дегеніміз - тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар студенттердің оқу материалымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары мен оларды қабылдауы, түсінуі болып табылады.

Сабақтың сапасы мен нәтижесі болу үшін, көбінесе оқытушының өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателіктерін дұрыс талдап алуына байланысты.

Оқытушының сабақ жүргізудегі рөлі - ол әр студенттердің санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, студенттердің теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді.

Сабақтың нәтижелілігі оқытушының дайындық деңгейіне, студенттердің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Әдебиеттер:

1. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. «РАДиАЛ» баспасы, Алм, 2006

2. Абдраманова Г. Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру // Молодой ученый. - 2015. - №1.1. - С. 92-93.