Тулеуова А. Т

                                                КГУ СОШ № 10 г.Караганда

 

         Қазақ тілін ақпараттық- коммуникативтік технология жүйесімен оқыту

 

 « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру   үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген.

Солардың  бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
-Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:                   

1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

3. Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

4. Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

5. Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

6. Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Компьютер көмегімен өз пәнім бойынша, яғни қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында слайд немесе сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдандым.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.  «Мақала» тақырыбынында мен ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдаландым. Уикипедия сайтынан мақала жайлы бейне жазба көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдым. Уикипедия сайты арқылы оқушылар тақырыпты терең түсінді. Осы кезде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) өте тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Себебі балалар осы бейне жазбадан керекті мағлұмат алды. Мақаланың қалай жазу керек екендігін үйренді. Оқушылардың қабілеттерінің шыңдалғаны байқалды. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар электрондық оқулықты пайдаланып, қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасып, шығармашылығы дамиды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.

Қазақ тілі жүйесінің ішкі құрылымынан қажетті тілдік минимумды анықтап, оны қазақ тілінде сөйлесу, пікірлесу, жазу, сұхбаттасу т.б. қызметтерінде жүзеге асыра білуге керекті дағды, біліктерді ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқыту арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды.

-Қазақ тілін ақпараттық- коммуникативтік технология жүйесімен оқыту

жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік- теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратынын байқадым.

Ақпараттық – коммуникациялықтехнологияларны (АКТ) қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды.

Күтілетін нәтиже:

- жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды;

-кең ауқымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер алады, өзінің жеке болашағына бағыт – бағдар жасайды, сауаттылығы артады;

-жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланды;

-дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға үйренді;

- оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды;

- ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология негіздері Абай айтқандай, жас баланың - «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология деп ойлаймын.

Бұл технология - жан-жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет деп түсінем.

Әдебиеттер тізімі:

 1. Анатова Н.Я. Информационные технологии в школьном образовании. Москва, 1994

 2. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

3 . Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования.- М.,1999

4. Тұргынбаева Б.А.   Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 ж.