«ҮШТҰҒЫРЛЫ»
ТІЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ ҚҰРАМДАС
БӨЛІГІ – АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ҮЙРЕНУ
Кадырбекова Молдир Омаркасымовна
№67 ЖББМ
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қазақстан, Алматы қаласы
Мемлекетіміздегі
үштұғырлы тіл идеясының негізінде шет тілін
кәсіби бағытта меңгеру мәселесі орын алуда.
«Үштұғырлы» тіл идеясының үшінші
құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін
меңгеру дегеніміз –
ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына
ілесу деген сөз. Сол себепті де қазіргі таңда еліміздің
жоғары оқу орындары мен колледж, мектеп қабырғаларында
шет тілін тек тілдік мамандар ғана емес, сонымен қоса тілдік емес
мамандық иелері де кәсіби білімі деңгейінде қатар алып
меңгеріп шығу талабы алға қойылып отыр. Біздің
мақаламыздың тақырыбының шеңбері шет тілін
меңгерудің психологиялық аспектісін қарастырып, оны
әрі қарай да кәсіби-бағытталған деңгейде
жетілдіріп меңгеру. Ал кез келген пәнді меңгерген кезде біз оның
психологиялық тұрғыда қалай әсер ететіндігіне
мән беруіміз және талдауымыз қажет. Шет тіліне оқыту
процесі білім алушының белгілі бір психикалық
іс-әрекетінің түрі болып табылады. Сондықтан шет тілі оқытушысы мен
әдістемешісінің белгілі бір психологиялық білімі болуы керек.
Жалпы психология психологиялық, сонымен қатар, физиологиялық дамуды
қамтамасыз етеді. Себебі қазіргі кезде оқытудың
басты міндеттерінің бірі шет
тілінде сөйлеуді
дағдыландыру және мәтінді сөздіксіз
түсіну, осы мәнде оқытушы мен әдістемеші сөйлеу
психологиясы саласында белгілі бір білімі болуы керек.
К.Д. Ушинскийдің психологиялық
көзқарастарының негізі шет тілін оқыту әдістемесі
туралы оқу «қоғамдық ағза» және есте сақтауды дамыту теориясы болып
табылады. Ушинский өз заманындағы ауқатты отбасылардың
балаларының екі тілдік мәдениетіне қарсы болған, себебі
оның пікірі бойынша адам дамуы туған мәдениеттің
тірегі, халық санасының
бейнесі болып табылатын тек ана тілі арқылы жүзеге
асырылады. Сондықтан шет тілін оқытудың басты
міндеттерінің бірі осы
тілдің әдебиеттерімен танысу болып табылады, кейін ақыл-ой гимнастикасы болса,
мүмкіншілік болған жағдайда оқытылып жатқан тілді
практикада пайдалану. Ушинский ана тілді
елдің азаматын және ұлттық мәдениетті
қалыптастырушысын тәрбиелеу үрдісіндегі серік ретінде
қарастырды.
Негізінен К.Д.
Ушинский бір уақытта бірнеше тілді меңгеруді
қолдамайтындардың бірі болған. Оның пікірі бойынша, бір
тілді толығымен меңгергеннен кейін ғана екінші тілді
меңгеруге қадам жасау керек.
К.Д.
Ушинский есте сақтаудың сатылы дамуын қолдаған,
яғни бірінші механикалық, саналы және кейін ғана рухани.
Кез келген білім ең алдымен,
біріншісі үшін азық беру керек, кейін екіншісіне, үшіншісіне.
К.Д. Ушинский бойынша шет тілін алғашында
меңгеру ана тілі мен шет тілі арасындағы
ассоциациялардың жүйесі
ретінде қарастыратын механикалық
есте сақтауға негізделуі керек.
Шет тілі сөздерін ассоциативті есте сақтау әр түрлі сезімдер мен көрнекіліктерді есте
сақтаумен дамытылуы керек. Шет
тілін еліктеу арқылы дұрыс айтуға сөйлеу органдарының ана тілдің ерекшеліктеріне
бейімделуімен түсіндіріледі. Шет
тілін меңгеруде саналы есте
сақтау шет тілін ана тілмен
салыстырудың алуан түрлі нормаларына негізделеді. Бұл ең алдымен, ақыл ойдың өзіндік табиғатымен айқындалған,
Ушинский бойынша салыстыру сананың бастапқы және негізгі
сипаттамасы болып табылады. Салыстыру арқылы тілдің барлық жақтарын
зерттеу керек. Шет тілін ана тілмен салыстыру тілді треңірек
түсінуге және жақсы меңгеруге өзіндік септігін
тигізеді. Дегенмен, К.Д. Ушинский бойынша шет тілін толық меңгеру
үшін осы халықтың
рухани мәдениет пен санасының ерекшеліктерін меңгеру керек. Дегенмен, Ушинский айтқандай, шет тілін
меңгеру білім алушыларға ана
тілі беретін рухани мәдениеттің шыңдарына жетелемейді [1. 85
б.]. Шет тілге оқытудың мақсаты мен міндеттері
психологияның құзыреттілігіне жатпайды. Олар мемлекеттік талаптар мен
қажеттіліктерімен байланысты оқыту мен тәрбиелеудің
жалпы мақсаттары мен міндеттерімен айқындалады. Дегенмен, психология үшін осы
мақсаттар мен міндеттерді білу маңызды, себебі олар аталмыш пәннің мазмұнын
(бағдарламасын) – шет тілін оқу барысында оқушылар
меңгеретін білімдер мен дағдылар көлемін
айқындайды. Осы білімдер мен
дағдыларды оқушылардың меңгеру процесін психологиялық
талдау шет тілдерді оқыту психологиясының маңызды міндеті
болып табылады.
Шет тілдерін
оқыту психологиясының кем дегенде үш негізгі мәселесін
айқындауға болады: Біріншіден,
шет тілі сабағының оқу және тәрбиелік
жұмысының негізі болып табылатын дидактикалық
қағидаларды жалпы психологиялық талдау. Психологтар шет тілін
оқыту барысында оқушылардың еліктеу мен саналы талдау;
авторитетке бағыну мен шығармашылық инициатива;
қабілеттіліктері, идеалдары, борыщ пен қажеттілікті түсіну
секілді еркшеліктері айқындалатын өзіндік формаларды ашу керек. Осы
күрделі және жауапкершілікті мәселені профессор В.А.Артемов
бірнеше он жылдар бойы сәтті зерттеген. Екіншіден, шет тілін үйрену
кезінде оқушылар меңгеруге тиіс дағдылар мен білімдерді
психологиялық талдау. Осыған
сәйкес алдымызда екі маңызды міндет қалыптасады. Біріншіден,
біз мектеп талаптарын оқушының жүзеге асыруының
шынайы мүмкіншіліктерін айқындауымыз керек. Оқушылардың шынайы
мүмкіншіліктерін айқындау маңызды және оларды шет тілін меңгерудегі «минимализм» мен
«максимализмнен» сақтауымыз қажет. Оқушының
денсаулығын ойлау барысында туындайтын «минимализм» олардың шет
тілін оқуда алатын білім мен дағдыларының көлемін
төмендетеді. Ал оқушыларға қойылатын талаптарың
«максимализмі» оқушылардың
алатын білімі мен қалыптасатын дағдыларына тек ресми сипат бере
отырып, олардың
тұрақсыздығына әкеледі.
Осы
саладағы психологияның екінші міндеті оқушылардың шет тілін оқу
үрдісінің психологиялық заңдылықтары мен
ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Шет тілін меңгерудің
дағдылары мен қабілеттіліктері жалпы және өзіндік
психологиялық ерекшеліктері бар.
Осыған сәйкес ауызша және жазбаша қабілеттіліктерін атап өтуге
болады. Бәрімізге мәлім, шет
тілін және ана тілін меңгерудегі осы қабілеттіліктер
сәйкес келуі мүмкін немесе бір бірінен ерекшеленеді.
Шет тілін
оқыту психологиясының үшінші саласы шет тілінің спецификалық табиғатымен
айқындалатын оқу үрдісіндегі оқушылардың
психикалық ерекшеліктері. Осы
психикалық ерекшеліктерді ана тілін оқыту үрдісімен
байланыстыра және салыстыра отырып айқындау керек. Олар салыстырылып отырылған
тілдердің ерекшеліктерімен айқындалады [2.41-46 б.]. Ана тілі адам үшін шынайы сана балып
табылады. Адам санасының
барлық іс-әрекеті және практикалық іс-әрекеті
туған тілмен тығыз байланысты.
Ана тілі арқылы дам әлемді таниды, өз сезімдерін
білдіреді және қоршаған ортадағы адамдарға
әсер етеді. Ана тілі – «дауыстар арқылы айқындалған
біздің санамыз». Ана тілінің дамуы мен әрбір адам санасының
дамуы ажырамас үрдістер болып табылады. Шет тілін меңгеру
оқушының санасына терең психологиялық өзгерістер
әкеледі. Шет тілі ана тілін саналы және еріксіз
меңгеру үрдісін жеңілдететін жаңа шарттарды қалыптастырады.
Біздің санамыздың басты заңдылықтарының бірі
контраст қағидасы болып табылады, яғни біз жалпыдан ерекшеленетін, қоршаған заттар
мен құбылыстардан өзгешеленетіндерді салыстырмалы жеңіл
қабылдаймыз. Егер адам тек бір тілді меңгерген болса, оны саналы
талдау күрделі, себебі оны сәйкестендіретін өзге тілді
білмейді. Ана тілі шет тілін меңгеруге оң әсер етеді. Біздің салада біз ана тілінен шет
тіліне өткізудің мынадай жағдайларын атап өте
аламыз: а) жеке дыбыстарды, сөздері айту; б) жазу
мен оқу дағдылары мен қабілеттіліктер; в) грамматика бойынша
білім мен грамматикалық талдау мен синтез. Осы фактілер
ана тілін шет тілін меңгеруге көмектесін жағдайлар
болып табылады.
Дегенмен,
кейде ана тілі мен шет тілі бір біріне кедергі келтіреді. Бұл интерференцияда, яғни бір
тілдің екіншісіне кері әсері негізінде айқындалады. Интерференция
құбылыстары сөйлеуде,
сөздікті пайдалануда, сонымен қатар, грамматика мен стиль саласында көрініс
табады. Лексика саласындағы интерференцияның көрінісі ретінде
мынадай мысалды келтіре аламыз: «жалған достар» - ана тілі мен шет
тіліндегі жазылуы мен айтылуы ұқсас, бірақ әр
түрлі мағынаны білдіретін сөздер. Сонымен қатар, ана тілінің
«жалған достарының» әсері күштірек болады, себебі ана тілі сөздерінің мәні
мен мазмұнын біз нақты және ұзақ
уақытқа есімізде сақтаймыз. Интерференцияның екінші
мысалына ана тілі грамматикасының ережелерін шет тілі сөздерін жазуда
пайдалануды жатқыза аламыз. Б.В.Беляев пен оның ұлы
Славиктің тәжірибесі көрсеткендей, егер педагог осы
мәселені оқушыға дұрыс түсіндіре алса,
интерференция мәселесі толығымен шешіледі. Сондықтан шет
тілін оқытуды балаларда ана тілі бойынша жеткілікті білімдері
қалыптастасқан кезде, нақтырақ бесінші сыныптан бастау
керек. Осындай жағдайды, оқу
мен жазуды меңгеру кезінде да атап өте аламыз: шет тілі мұғаліміне
оқушыларға оқу мен жазуды үйрету бастауыш сыныпта ана
тілі бойынша жазу мен оқуды үйреткен мұғалімнен
гөрі оңайырақ болады [1. 94 б.].
Осылайша,
ана тілі мен шет тілін оқытудың қандай айырмашылығы
бар? Бірінші айырмашылық, ана
тілін балалар еліктеу арқылы меңгереді, ал шет тілін олар саналы
түрде меңгеруге кіріседі.
Екінші
айырмашылық, ана тілін мегеру
кезінде ешқандай тіл делдалы керек емес, ал шет тілін меңгеруде осындай делдал
рөлін ана тілі атқарады.
Оқушылар шет тілін ана тіліне негізделе отырып меңгереді.
Шет тілі оқу пәні ретінде тіл
оқытудың құралы мен мақсаты болып табылады. Оқушы
белгілі бір уақытқа дейінгі оқытудың мақсаты
ретінде жүретін анағұрлым жеңіл тіл құралдарын меңгереді,
сөйлеу іс-әркетінің әртүрлі түрлерін
игереді, ал кейін олармен
анағұрлым күрделі тіл әрекеттерін меңгеру
үшін олар оқытудың құралы ретінде қолданады.
Аталған
пәннің келесі ерекшелігі оның өзге пәндермен
салыстырғанда адамға нақты шынайылық туралы білім
бермейді, себебі тіл қоршаған әлем туралы ойлардың
көрінісі мен тіршілігі, қалыптасуының құралы болып табылады. Пәннің ерекшелігі оның «шегінің
болмауында», тілді біліп шығу мүмкін емес, өйткені оқу
материалы бағдарламамен шектеледі [3. 32 б.]. Н.Д. Гальскова шет тілін
оқу пәні ретінде емес, ал адам дамуына индивидулдылық ретінде
айтарлықтай үлес қосуға қабілетті, үлкен
потенциалға ие «білімділік пән»
ретінде қарастырады [4.12 б.]. Шет тілінің оқу
пәні ретіндегі маңызды
ерекшелігі оның бір текті болмауында. Тіл
құбылыстарының аспектілерін қарастыра отырып,
олардың бастапқы базасын сөйлеу іс-әрекеті
құрайтындығын, оның шет тілін оқытудағы
негізгі объектісі болуында.
Демек, шет тілін
кәсіби- бағытталған бағытта меңгеру қазіргі
заман талабына сай, мамандықтың кәсіби білімінің
мазмұнымен қатар білім дер мен іскерліктерді меңгеруді
қамтамасыз етеді. Шет тілін меңгеру мен оны практикада пайдалану
тұрақты және
маңызды ерік күшін талап етеді. Ал ана тілін ешбір күш салмау арқылы
меңгереді және практикада жаңа дағды ретінде
сәтті пайдаланылады. Осылайша, күшті жігер шет тілін
меңгерудің негізгі талабы болып табылады және тілді
меңгеру үрдісінің уақыты да белгілі бір деңгейде
әсер етеді. Шет тілін оқыту
тәжірибесі көрсеткендей тілді меңгеру үшін оны
жүйелі және тұрақты түрде оқу керек, себебі
бұл адамнан еңбекқорлық пен шыдамдылығын талап
ететін өте үлкен жұмыс.
Осы мәселені сәтті шешу оқытушының мәліметтерді
ескере отырып саналы түрде жұмыс істеуімен тікелей байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Артемов В.А.
Психология обучения иностранным языкам.
М.: Просвещение,1969. 279 б.
2.
Вопросы психологии
и методики обучения иностранным языкам / Под ред. В.А. Артемова, И.В. Карпова, И.В. Рахманова. М.:
Учпедгиз, 1947. 247 б.
3.
Рыбкина А.А. Педагогические условия
формирования профессиональных умений курсантов учебных заведений МВД в процессе
обучения иностранному языку. Саратов: Саратов. юрид. ин-т МВД России, 2005. 152
б.
4.
Гальскова Н.Д. Современная
методика обучения иностранному языку: Пособие для учителя. М:
АРКТИ- Глосса,
2000. 165 б.