ОҚУШЫНЫҢ   ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

 

Ахметбекова Анар Аймахаевна

Қ.А.Яссауи атындағы 

№123 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстан, Алматы қаласы

 

Оқушының қабілетін деңгейін байқауға және ойлауын дамытуға арналған мұндай жаттығулардың орны ерекше. Сабақта тек тақырыпқа байланысты жаттығуларды ғана меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар ойлауын арттыратын жаттығуларды пайдаланған жөн. Мұндай тапсырмаларды жаңа сабақты сыныптастарынан бұрын игеріп отырған дарынды балаларға да беру өте қолайлы. Ана тілі дұрыс жазу ережесі үшін ғана емес, сонымен бірге логикалық ойлауды дамыту үшін де қажет. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасына байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс»,-деп көрсеткен болатын К.Д.Ушинский.

Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу тапсырмасы:

1. Б…б…б… Білімді бәрін біледі
2. А…а…а… Ақымақтың аузы ашылар
3. Ж…ж…ж… Жақсылыққа жақсылық жаса
4. С…с…с… Сыпайы саспай сөйлейді
5. Ы…ы…ы… Ырыс ынтымақты ықыластан

Түсінік: Оқушы берілген жауаптан да басқа жауап беруі мүмкін. Ол оқушының логикалық ойлауына байланысты. Тек мағыналы ой түйіндесе болғаны. Оқушы берілген жауаптардан басқа да жауап беруі мүмкін, тек үшеуі де мәнді сөз болуы тиіс.

Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста.

1. я,м,а,у,и,ғ,а (Мағауия)
2. й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай)
3. қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш)
4. о,й,а,д,а,ғ (одағай)
5. й,ө,е,м,с,л (сөйлем)

Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғни артығын алып тастау керек.

Буынды тап.

1. жұм…ша (бақ) жұмбақша
2. тыр…ша (нақ) тырнақша
3. дом…ра (бы) домбыра
4. қар…ғаш (лы) қарлығаш
5. жел…сан (тоқ) желтоқсан

Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.

Мағыналас сөздер.

Берілгені Жауабы

1. Батыр… тоқым ер
2. жылқы…есім ат
3. аспан…түс көк
4. әлем… зат дүние
5. бәйге… айтыс жары

Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)

1. мектеп… парта, орындық, мұғалім
2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап
3. Қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі
4. теледидар… үй, диван, ата-ана
5. мұғалім… жаңа сабақ, жетекші, ақылшы

Түсінік: Оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзде жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын. Ол оқушыға, мұғалімге нұсқау ғана. Көп жағдайда танымдық процесстердің өте маңызды мәселелерді, қиындықтарды ескермеу салдарынан таным дұрыс қалыптаспайды, ол тек сабаққа ғана емес, сонымен қатар танымдық іс-әрекетке де кедергісін тигізеді. Мысалы: Балалар үндемегенді қалайды, өзін енжар ұстайды және сабақ тапсырмаларын жиі орындамайды. Осы себептен баланың жаңа тақырыпты меңгеруі төмен болады ды балада қажетті білімді дұрыс меңгере алмайды. Соынмен қатар мектептегі оқу процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмеген жағдайда мысалы, төменгі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын жаттап алып бірақ мағынасына түсінбейтін болса, өз бетімен пікір айтып қорытынды жасай алмайды.Бұл мәселе жөнінді В.В.Давыдов, В.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншідін, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді. Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулар-дың кешенді орындауы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты: мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру, және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу, өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру өзінің дәлелдеген шешімін үйрету болып табылады.

Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып, дамытуы жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын арттырып сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.

Екінші сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы (тіл және сөйлеу) тақырыбы бойынша өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлемді толықтыр» танымдық жаттығу әдістемесін пайдаландық. Мұнда «ит үреді» сөз тіркесін қарастырып, сөйлемді күрделендіру қажет.

- қара ит үреді
- жерде қара ит үреді
- аспанға жердегі қара ит үреді

Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік-мағыналық ойлаудағы бір сөйлемге шоғарландыра отырып ойлауына мүмкіндік жасайды.

«Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез ойла» әдістемелік жаттығуды пайдалану тиімді. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі. Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет. Мысалы:

- Аю, өзен, қарындаш
- Аю қарындашты өзенге ағызды
- Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды.
- Аю қарындашпен өзеннің суретін салды.

Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімдердің сабақ өтудегі әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, іскерліктерін шыңдау және оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең беруде көмек көрсетуге бағытталады.

Бастауыш сынып оқушысының айтылған оқиғалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғандығын және оқиғалардың себептерін, нәтижелерін қорытындылап айту үшін мәтіннің басы, негізгі бөлігі, соңы деген бөлімдерін және әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты бөліктерге бөлінетінін түсіндіру үшін арнайы танымдық жаттығу әдістемелерін қолдандым.

«Әңгімеге ат қой» әдістемелік жаттығуында бір оқушы тақтаға қарап тұрады келесі оқушы мәтінді оқиды. Топқа теріс қарап тұрған оқушы әңгімені мұқият тыңдайды, оған ат қояды, сонымен қатар әңгіме екінші рет қайтадан оқылады. Мұнда бала әңгіменің басым, негізгі бөлімін, соңын өзінің есінде қалғаны бойынша анықтап көрсетіп әңгімелеп береді.

Жоғарыда келтірілген танымдық жаттығуларды орындау барысы ойын түрінде өткізіледі. Ол баладан сабақты дұрыс қорытындылап айту барысындағы сезімін сейілтеді. Сөйтіп балаға эмоционалды орта жағдайын тудыру арқылы оның өзін де бар мүмкіншіліктерін ашуға көмектесеміз. Ортаға шығарылған оқушының балаларға теріс қарап тұрып оның сөздік мағыналы ойлауының жүйелі болуына, жаңа сабақта айтылған мәтіннің бөлімдерін еске түсіруіне және де зейін тұрақтылығын дамыту арқылы берілген тапсырма шешімін дұрыс орындауына жағдай жасалады.

Қазақ психологы М.Мұқановтың пайымдауынша баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынандай екі түрлі түрткіден құралады бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде өзгелердің оған қолданған шарасына өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсінуі керек.

Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан білуге болады.

Біз зерттеу жұмыстарымыздан сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытуды жөн көрдік.

Оқыту процесі барысында арнайы дамытушы жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің дамуына және мектептегі оқыту үрдісіне төменгі сынып оқушыларын дағдыландыру болып табылады.

Танымды жаттығулардың барысы мынандай өлшемдермен анықталады:

- интеллектуалдық деңгейі
- оқу ісі әрекеті субъектісінің қалыптасуының мазмұны
- іс-әрекетінің еркінділік деңгейі
- эммоционалдық орталық
- жеке-әлеуметтік даму деңгейі

Дамытатын танымдық жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементері арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденді. Сонымен өнімді оқыту әдістемесінің негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту және оны ұйымдастырудың тиімді жолын табу мәселесі жатыр. Л.С.Выготский ойлауды белсендетуді «ойлауды ойлау ойламайды, адам ойлайды» мұндай екпінді бәрінен бұрын жеке оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендете түсу қажеттігі аңғарылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруда олардың психикалық қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды жеңілдете беру керек. Сондан ғана оқушылардың бойында білімді сіңіруге деген түрткі қалыптсады. Осындай түрткілердің қалыптасуы балалардың сабақты қызыға тыңдауын тапсырмаларды құлшына орындауын туғызады. Тапсырмаларда берілген сөздердің мағыналарымен білдіретін ұғымы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін сай болуы керек. А.А.Любленская, А.Н.Гвоздьев, К.Молдабек 1-сыныпқа барған оқушылар 3000-4000 сөз аралығында сөз біледі дейді, бірақ ол сөздердің барлығының мағыналарын оқушылар біле бермейді (М.Ермекбаев) сондықтан берілетін тапсырмалардағы сөздер оқулықтардағы сирек қолданылған сөздерді қамти берілуі тиіс. Бұның балалардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізері даусыз. Сонымен «Қазақ тілі» сабағында дамытушы ойындарға қолданылатын сөздер әрі таныс, әрі түсінікті, әрі мағыналы болу керек.Бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарға берілетін тапсырмаларды жинақтағанда олардың оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға негізделуін ескерген жөн.Дамытушы ойындарды оқушылар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады. Мысалы: «Ғасыр» сөзін басқа сөзге айналдыру қажет деген тапсырма берілген. Анаграмма ойынында баланың ойлау процесі мынадай операцияларды өткізеді:

- «Ғасыр» сөзін оқып таниды.
- «Ғасыр» сөзінің мағынасын еске түсіреді
- «Ғасыр» сөзіндегі қандай дыбыстарды орын ауыстыру арқылы басқа сөзді туғызуға болатындығын анықтайды. Бұл операцияны орындаған кезде балалардың санасында дыбыстарға қатысты ережелер секе түсіріледі.Осындай операцияларды орындау барысында оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттері нығаяды, жетіледі. Дамытушы ойындар балаларды ойландырады, сол арқылы ойлау қабілетін дамытады.
Дамытушы ойындарды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де балаларды білімді игеріп оны басқа да правтикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижеде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады. Сондықтан бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарды қолдана отырып, олардың бойында шығармашылық қабілетті қалыптастыруға болады.

     Бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарды іріктеу барысында, тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге негізделген болуы керек. Ойын баланы ойландыруға, өтілген материалда игерген білімін практикалық тұрғыдан қолданылуына ықпал етуге тиіс. Дамытушы ойындар оқушылардың өзі орындайтын жаттығуларға жатады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында проблемалық ситуацияға кезігеді. Осы проблемалық ситуацияны дұрыс шешу үшін балалар ойлау операцияларын орындайды. Сөйтіп оқушылар проблемалық ситуацияларды орындау барысында ойланады. Проблемалық ситуация балаларды ойландыруға түрткі болады.

      Тапсырмаларды оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тұрғысынан іріктеу қажет. Баланың белсенділігі сабақта білімді игеруге, білімді сыртқа шығаруына негіз болады. Дамытушы ойындар балаларда күнделікті сабақта ерекше басқа жағдайда өтетіндіктен, балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады, әрі жалықтырмайды. Мұндай сабақтарда ойын түрінде игерілген білімдерінің бала бойында 75 пайызына дейін қалатындығы айтылып тұр. Сондықтан дамытушы ойындар қолданылып өтілген сабақтарда балалардың оқу белсенділігі артып, білімді игеруі жылдамдатылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Д.Ушинский // «Қалай оқыту керек» 44 б

2.   А.М.Горький  // «Кітап туралы» еңбегі 

3.    Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ   әдебиеті. -  2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.

4. Т.Сабиров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары».  Алматы,1978

 5.  М.Жұмақожақызы « Кітап оқисыз ба?» пікірлері 2010 ж.мамыр