Педагогика/Современные
методы преподавания
6D010100
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
мамандығының
1-курс докторанты Абилбакиева Ғ.Т.
Абай
атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін
құруға бағытталған қазақстандық
білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі –
инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың
бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау
болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі
мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім
берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз
балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім
беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім
беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап
етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым
саласында инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық
технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың
біріне айналды.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің
болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту
үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның
қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен
қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында
педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу
сауаттылығынада байланысты.
Педагогикалық технологияға анықтама
берген ғалымдарды атап өтетін болсақ, олар: В.П.Беспалько,
В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов
және т.б.
Ақпараттық білім беру
құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер,
интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық
банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік
бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер
құруға мүмкіндік беретін векторлық және
графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс
табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық
оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу
іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға
мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда
тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер
алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал
мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші
уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиялық оқулықтар
біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады,
екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін
қайта көруге, тыңдауға және алған
мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен
қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу
іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық
оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған
таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың
зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға,
әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке
әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі,
ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы
графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне
жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта
ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі
жастағы балаларға білім берудің ең тиімді
құралы болып келе жатыр. Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар (АКТ) – бұл сандық және коммуникациялық
технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ны
пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу
әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және
жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша
сабақтарында Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді
орындауға мүмкіндік береді:
· фонематикалық
есту қабілетін дамытады;
· лексикалық
сөздік қорын дамытады;
· қарапайым
сөйлеу дағдыларын дамытады.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік технологияларды қолдану
педагогке келесідей көмектеседі:
- енжар балалардың
белсенділігін арттырады;
- оқыту
қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына;
- балалардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;
- танымдық
қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік
береді;
- тәрбиешінің
өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген
қызығушылығын, шығармашылық ізденісін арттырады;
- ойлау процесін
жеделдетеді.
Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше
өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық
және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі
заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін
кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді
құралға айналып келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар – бұл ақпаратты жасау, беру және тарату
үшін пайдаланылатын сандық және коммуникативтік технологиялар
жиынтығы (компьютерлік құрал-жабдық,
мультимедиялық құралдар, аудио және бейнетехника,
әр түрлі коммуникациялық технологиялар) [1].
Ең өзекті ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар бұл: аудио, бейне
күйтабақ ойнатқыштар, мультимедиялық
құралдар, сондай-ақ әр түрлі ойындар, онда балалар
бірнеше тілді қатар алып жүруге үйренеді. Оқу
іс-әрекетінде Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану екі түрлі мотивацияны дамытады: өзіндік
мотивация, онда беріліп отырған материал өз бетінше
қызық және мектепке дейінгі жастағы балаға
үйреніп жатқан тілді түсіне алатынын көрсету
арқылы қол жеткізілетін мотивация. Бұл қуаныш сезімін
және өзін-өзі одан әрі жетілдіруге күшіне
сенімділік пен ниет тудырады.
Балаларға оқыту бағдарламасын
қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе
танымдық фильм көрген немесе тыңдаған
әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық
негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей
бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі
пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың
қазақ тілімен тұрақты және терең
байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр
және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе
де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған
лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады
[2].
Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру
қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық
құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
· аудио;
· бейне;
· мультимедиялық
құралдар.
Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы — оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық —
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық-коммуникациялық технология
электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы
білім беруді жетілдіруді көздейді.
Жаһандану үрдісі өркендеген ХХІ ғасыр –
бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір.
Білім
беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге
асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға
сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда
педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі
міндеттерінің біріне айналды.
Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім
беру құралдарын қолданудың да маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео,
құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет,
мультимедиялық құрал, электрондық
оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер,
инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт
және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда
көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер,
қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік
беретін векторлық және графикалық жабдықтар
көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай
құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды
балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда
тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі
көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық
оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді
және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық
оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып
көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге
мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар
балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал
болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі
әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге,
әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар
бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын
анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады [3].
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық
қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсаты - баланың танымдық
қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың
болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің
сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ
оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық
салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда.
Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік
бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы
баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы,
емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі
психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын
компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы
қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің
кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға
деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта
ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді
және баланың оқу-танымдық мотивациясын күшейтеді.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс,
графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі
жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық
бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері
үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді
және материалды ұғынуды күшейтеді.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта,
компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:
· Зейінің
дамытуда
· Есте
сақтау қабілетін дамытуда
· Ойлау
қабілетін дамытуда
· Тілің
· Жеке
тұлғасың дамытуда
· Оқу
әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда
Ақпараттық
мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық
емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және
интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың
онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен
жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы
дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат
қызықты, көрнекілік болғанда зейіні
жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі.
Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану
баланың мотивациясын көтеру және оқуға
деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді,
шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды
эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда
пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ
пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат
ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен
жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге
көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы
ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады. Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану
түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі
әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала
педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді
субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға
әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу
бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:
· балаларды
жаңа технологиялары арқылы оқыту;
· сауық
және ойын орталығы;
· мұнда
көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;
· балаларға
мен тәрбиешілердің жұмыстары мен өзара әрекеттеріне
өте жағымды жағдайлар туғызады;
· балаларды
компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен
таныстырады.
Оқытуда
интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және
оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық
бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және
педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде
үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі
балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше
технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту
нәтижесінін сапасын күшейтеді
[4].
Электрондық жүйеде оқытуда
мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру
жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай,
соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция,
образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны
пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар,
интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық,
бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.
Сонымен, ақпараттық технологияларды келешек
ұрпақтың жан-жақты білім мен тәрбие алуына, іскер
әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық-психологиялық жағдайлар жасау үшін тиімділігі
мен тигізер пайдасы аса мол.
Әдебиеттер:
1. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа
ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
2. Езопова С.А. Предшкольное образование, или Образование детей старшего
дошкольного возраста: инновации и традиции//Дошкольная педагогика. №3. 2014. – С. 17-24
3. Захарова И. Г.
Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед.
учеб. заведений. – М., 200310.
4.
Использование современных информационных и коммуникационных
технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители:
Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И.
Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006