ҒАЛАМТОР МЕН КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ АДАМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ

         Айтжанова Р.М., Оразбекқызы. М.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

         Қазіргі XXI ғасырда қоғамды ғаламтор мен компьютерсіз елестету мүмкін еместей көрінеді. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ғаламтор желісі мен компьютерді толық меңгерген десекте болады. Олай болуыныңда өз себебі бар, ол заман талабы. Қазіргі XXI ғасырда технология қарқыны көз ілестірмей дамып келеді. Сол қарқыннан бізде қалыспай келеміз десекте болады. Қазақстандағы технологияда Америкадағыдай дамыған жоқ. Ондай дәрежеге жету үшін бізге 20 жылдай алдыға жүруіміз қажет. Дегенмен тәуелсіздік алғанына 24 жыл ғана болған ел үшін бұл жақсы көрсеткіш. Ал енді қазіргі басты проблема бұл – қазіргі қоғамның интернетке тәуелділігі. Бұл проблема қазіргі таңда тек жастардың ғана емес аға буындардыңда басты проблемасына айналғаны белгілі. Себебі әлеуметтік желілерде тек жастар емес орта буын өкілдері де тіркелген. Дегенмен адамдардың әлеуметтік желілерге тіркелуі заман талабына сай, себебі қазіргі таңда кез-келген құжатты электронды түрде жіберу тиімді, тез әрі түсінікті ақпарат алмасуға және де байланысқа түсуге ыңғайлы. Әйтседе ғаламтор желісіне тіркелгендердің көп бөлігі жастар. Жастардың көп бөлігі осы инетернеттен зардап шегіп отқаны белгілі. Кез-келген мәселенің жаман жағымен қатар жақсы жағы да болатыны сияқты, инетрнет жүйесінің тигізер пайдасы да аз емес, мысалы кез-келген мәліметті оңай тауып ала-аласың, жылдам хабар ала-аласың, компьютермен жазған жазу оңай әрі кез-келген адамға түсінікті.           Ғаламтор – (ағылшын тілінде internet, ['in,tә,net]) –ақпарат беру және сақтауға арналған компьютерлік желілердің біріктірілген әлемдік жүйесі.          Оның шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер осы соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатқа Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэндфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырды. Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «ғаламтор желісі» деген ұғыммен алмастырылды» Бұл күнде ғаламтордың тұрақты пайдаланушылары 1,5 млрд. адамнан асыпты. Бұл жер - шарын мекендейтін адамдардың төрттен бірін құрайды деген сөз[1].                                                                                                               Заман талабына сай адамдардың ғаламтор желісіне тіркелуі  заңдылық. Адамдар ғаламтордан түрлі ақпараттар ала-алады. Ол ақпаратты адам миы талдамай қабылдай беретіндіктен адамда түрлі психикалық аурулар туындайды. Сол себепті адамдар ғаламтор желісін қолдануда адам өзін-өзі шектегені жөн. Қазіргі таңда жастардың көп бөлігі компьютерге және ғаламторға тәуелді, ал бұл қатерлі психологиялық ауру болып табылады. Сондықтан қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсініп, дабыл қағуда. Ғаламтор желілерін шектен тыс пайдалану адамдардың интернетке деген тәуелділігін туындатып отыр. Әсіресе жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін қалыптастыру қылмыстың өршуіне ерекше қауіп тудырып отыр.                                                                                      Интернет пен компьютер ойындарының пайда болуымен қатар  компьютерге тәуелділік пен интернетке деген тәуелділікте пайда болды.Әрбір төртінші пайдаланушы компьютердің жанында аптасына жиырма сағаттан аса уақытын өткізеді. Мұнымен бірге психиатрлардың америкалық ассосациясының мәліметтер бойынша күніне компьютерде екі сағаттан аса ойнау компьютерлік тәуелділік деп танылады. Тәуелділік – бұл адам психикасының бұзылуы, ол уәждеумен, шешім қабылдаумен, оқумен, тежелуді бақылау деп аталатын, рахаттануды іздестірумен байланысты химиялық үдерістерге араласу жолымен мидың жұмыс істеу қағидаттарына ықпал етеді[2]. Сонымен компьютер мен интернетке тәуелділік адамның психикасына әсер ете отырып олардың қарым қатынасына, өз денсаулығына кері әсерін тигізіп, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасына сызат түсіреді.                                                                                                                Санкт-Петербург қаласындағы В.М.Бехтеров атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге тәуелділіктің он белгісін анықтап берді. Олар:                                                                             - компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;                            - ата-аналарымен кикілжіңге келу;                                                                   - үйге кешігіп келу;                                                                                          - сабаққа үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалуы;                                    - баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаюы;                                      - өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;                                      - күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;                                                         - берген уәдесін орындамайды, ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;                                                                                                                 - ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;                      - көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады;                                                                                                                     Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділігі ықтимал»      деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгілері байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады[3].                            Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі. Қазір кез-келген мекеме, ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Сол себепті де компьютердің жақсы жақтары да жоқ емес. Адамдар компьютердің тек тиімді жақтарын қолдана білсе, қазіргі таңда белең алып отырған ғаламтор мен компьютерге деген тәуелділік болмаспа еді. Осы тәуелділіктің арқасында адамдар арасындағы қарым-қатынас та жоғалып бара жатқандай. Оған себеп  әлеуметтік желілер. Олар: вконтакте, твиттер, инстаграм, ватсап т.б көптеген түрлері бар. Осы әлеуметтік жүйелер арқылы қазіргі қоғамды түрлі проблемалар туындап отыр. Нақты айтқанда: әлеуметтік желі арқылы түрлі дін ұйымына қосылып кетуі, жастарды ғаламтор арқылы жұмысқа немесе түрлі ұйымдарға шақыру арқылы адам саудасымен айналысуы немесе түрлі қылмыстық істерге баруы, компьютер ойындарына құмарта беріліп ойнау, адамдардың бір-бірімен тек әлеуметтік желі арқылы араласуы міне осының бәрі қазіргі заманның проблемасына айналып отыр. Ғаламтор желісінде осы әлеуметтік желі түрлерін шектен тыс пайдаланатын жастар мынаны ұқса екен: әлеуметтік желідегі достар ешқашан  шынайы досқа айналмайды және  ол сенің көз жанарыңды ұрлайды, ал сенің компьютер жеген көзіңді ешкім қайтара  алмайды.                                                                                                     Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршендердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.                               Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлар мынандай:                                                                                                                  - көздің көру қабілетін төмендетеді;                                                           - омыртқалардың қисаюына әкеледі;                                                                - жүйкеге салмақ түсіреді;                                                                               - шаршағыштық, әлсіздік басады[4];                                                              Қорыта айтқанда қазіргі уақытта компьютер мен ғаламтор пайдаланушылар мен оған тәуелділердің саны күрт өсуіне байланысты оған қарсы қолданар шараларды да көбейтуге тиістіміз деп ойлаймыз. Компьютер мен ғаламтор жүйесіне тәуелділіктен арылу шарасын әр адам өзінен және өз отбасынан бастауы тиісті. Ол үшін отбасы мүшелері баламен бірге көп уақыт өткізіп, ұлттық ойындарды үйретіп, сабағына көңіл бөліп, әрбір іс-әрекетін қадағалап отырса, тек балаға үйретіп қоймай өздері де компьютер мен ғаламтор жүйесін азырақ пайдаланып, спортпен айналысып, түрлі үйірмелерге қатысып және балаларында қатыстырып, отбасылық мерекелер мен нақты дағдыға айналған отбасылық шараларды қолданысқа енгізсе адамдардың интернетке деген тәуелділігі басылатын секілді. Ал білім беру мекемелерінде түрлі іс-шаралар өткізуі керек. Мысалы: кітапхана ісіне араластыру, түрлі қоғамдық  жұмыстар ұйымдастыру, спорттық жарыстар ұйымдастыру, ұлттық ойындар ойнату. Міне осы шараларды ұйымдастырса адамдардың компьютер мен ғаламторға деген тәуелділігінен арылар еді деген ойдамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. http:// flogiston.ru / articles / netpsy / minakov (Психолгиялық сайт)

2. www.wachprofile.org

3. Перед телевизором дети проводят больше времени, чем за уроками // «Интер-Мед Новости» от 13.02.2003.

4. https: // kk.m.wikipedia.org / wiki