АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ - БҮГІНГІ
ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ КІЛТІ
П.ғ.к. Кансеитова У.Р.
Магистрант Карибжан М.Ә.
ҚазМемҚызПУ
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол
жеткізісімен, ағылшын тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне
ие болды. Ендігі кезекте ағылшын тілінің қолданылу аясын
кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Ағылшын
тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде
1-сыныптан бастап жүргізілуде.
Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық
қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың
барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан
тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілін меңгеру
арқылы сол тілде сөйлейтін халықтың мұраларымен,
тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен,
өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды
жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Ағылшын тілін
оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге
көбеюде. Осы орайда, ағылшын тілінің еліміздің
оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны
айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, ағылшын тілін
мектеп қабырғасынан бастап, жоғарғы оқу
орындарында оқыту әдістемесінде жаңашыл
бетбұрыстың қажет екендігін тудырады. Қазіргі
уақытта ағылшын тілін игерудің талабы жоғары
болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге
арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда. Ағылшын
тілін білу – ол тек қана сөздікпен оқу емес, сондай-ақ
ағылшын тілінде сөйлеуді тыңдау арқылы қабылдау,
өз ойыңызды ағылшынша еркін білдіру және дұрыс
акцентпен сөйлеу.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ
ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы,
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық
оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы
білім сапасын көтеру.
Сонымен
қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын,
білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын
тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін
шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып
шығуы керек деген еді [3].
«Үштұғырлы тіл»
туралы идеясын да мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен
Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ
құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылы «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа
жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты
мәдени жобаны
кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар,
бұл идеяны ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып
белгіленетінін айтты. Идеяның негізі мындай болатын:
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді
бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар:
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі –
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша
айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі
қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады:
мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және
ағылшын тілін үйренеміз.
«Үштұғырлы» атты
мәдени жобасының ең бастапқы мақсаттарының бірі
ол ағылшын тілінің Қазақстан Республикасының
әрбір азаматына үйренуге жағдай жасау: жалпы орта, арнайы
және жоғарғы оқу орындарындағы ағылшын
тілін үйрету сапасын
жоғарылату. Осы жоспарды іске асыру үшін барлық
мектептерде ағылшын тілін үйрететін шетел мұғалімдерін
шақыру; сөздіктер, оқулықтар, әдістемелік
кешендер, интерактивтік оқу жүйесін, мемлекеттік
қызметкерлерге арналған ағылшын тілі мен қазақ
тілін жедел үйренуге инновациялық-әдістемелік видео
сабақтар жасап шығару.
«Үштұғырлы тіл» идеясының құрамдас
бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ,
бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз –
ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына
ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең,
әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғарғы оқу
орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті,
оқуыңды тәмамдаған соң, біршама
уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де
бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу –
бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің
кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.
Елбасы Жолдауындағы басымдықтардың бірі – тілдердің
үштұғырлығы. Білім арқылы интеграциялану
үшін, ағылшын тілін де жақсы меңгеру қажет. ХХІ
ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық
технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен
үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді
халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды
дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
талабы. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің
халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін
тұлғааралық және мәдениаралық
қарым-қатынастың аса маңызды құралы болып
табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының
сапалық өзгерістері адамның практикалық және
зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие
болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып
отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте
білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында
пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып
шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын
тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам,
уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасның
тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына
түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертудіт талап етеді [1].
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым
құпияларына үңіліп, өз қабілетін
танытуына мүмкіншілік беретін
бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын
тілдері оқу тілі ретінде және пән ретінде де
қолданылады, Неміс, француз, корей, қытай, парсы, араб т.б.
тілдері, негізінен, пән ретінде оқытылады. Біздің елімізде,
негізінен, ағылшын тілін оқуға басымдық беріп келеді.
Ағылшын - әлемдік кеңістікке еркін қанат
қақтыратын тіл. Шетел тілін оқытудың ең басты
міндеті – оқушылардың (үйренушілердің)
мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін
қалыптастыру. Оны танытуға бағытталған шетел тілін
оқыту-лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу),
мәдени-әлеуметтік және басқа да компоненттерден
тұратын күрделі интегративтік тұтастыққа
негізделген.
Қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуды жаңа
сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі
міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту
басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану
жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне
мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес,
туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы
мен озық технология, құқық пен мәдениет
салалларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс
тілі ағылшын болып отыр.
Сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге ынталанатын әр
түрлі деңгейдегі оқушыларға тең
құқықты білім алуға мүмкіндік жасауымыз
қажет, осылайша біз мемлекетіміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси өміріне белсене қатыса алатын
тұлғалар дайындауға өте үлкен септік
көретініміз анық. Нарық аясының кеңеюі
қазірден бастап көптеген шетел компанияларын
қызықтыруда, ал ағылшын тілі кәсіби қолданыс пен
аудармадағы ең ортақ, ең маңызды тіл болып
табылады.
Қысқасы, Қазақстанда жаңа үрдіс
басталды. Өркениетке ұмтылған халқымыз өзге
елдерден қалыспауы және жақсы қарым-қатынас
орнатуы үшін ең алдымен Елбасы атап көрсеткен үш тілге
де жүйрік болғаннан ұлтымыз ұтылмайды. Біз үшін
білім ордаларының қай-қайсысында да шетел тілін
оқытудың жаңа инновациялық моделін пайдалануымыз
қажет [2].
Әдебиеттер:
1.
«Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2.
Қазақстан
Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданнудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.
Елухина Н.В.
Обучение аудированию в русле коммуникативно-ориентированной методики//-1989г.
Резюме
В данной статье рассматривается область применения и и роль в обществе английского языке в нашей стране на данном
этапе.
Summary
This article discusses the
field of using and the role of English language in society nowadays.