М. Куспекова.,
МЕТ-15-2 тобының студенті., ҚарМТУ.,
А. Абильдина.,
МЕТ-15-2 тобының студенті., ҚарМТУ.,
Н.Ж.
Сарсенбеков., з.ғ.м. ҚарМТУ
Қазақстан
Республикасы., Қарағанды қаласы.
Сапалы білім беру-
қазіргі күннің басты талабы
XXI ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. «Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», — деп ҚР Президентінің
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, бүкіл
қазақстандықтардың толыққанды білім
алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті
мәселеге айналып отыр.
Білім беру жүйесі бүкіл әлем
деңгейіне қоғамдық дамудың өлшеміне
айналды. Сапалы білім беру арқылы білікті маман даярлау–заман талабы. Білім
берудің сапасы тек түпкілікті нәтиже деп қана
қарастырылмайды. Сонымен бірге білім берудің сапасы сол
нәтижеге тиімділікпен қол жеткізетін мүмкіндіктер мен
әлеуеттер, сыртқы және ішкі үйлесімді күштерді
дұрыс, ретпен жұмсаудың және сапалық
қасиеттері қалыптастырудың үдерісі ретінде таныла
алады.
Білім беру – адам баласына барлық қызмет түрі,
үдерісі, қол жеткізген нәтижесі сияқты, белгілі бір
сапа көрсеткішіне ие болып келеді. Білім беру сапасы дегеніміз,
ғалымдардың анықтауынша, мынадай анықтамаға ие болып
келеді: «Білім беру сапасы дегеніміз – білім беру үдерісінің
кешенді түрдегі сипаты. Ол сипатта кәсіби сана мен кәсіби
құзіреттілікті бірізділікпен, сабақтастықты
сақтай отырып практика жүзінде тиімділікпен
қылыптастырылады».
Тұтас ЖОО-дағы оқу үдерісінің сапасын
басқару проблемасы бар да, пәнді оқыту үдерісінің
сапасын басқару бар. Білім беру сапасын зерттеуші ғалымдар
танымның мынадай деңгейлік құрылымын тану арқылы
анықтайтынын көре аламыз:
· бірінші деңгейде жалпылықты танытатын белгілер мен
қасиеттер танылады;
· екінші деңгейде танылған тақырыпты терең
мәнімен түсініп, ол танылған құбылыстар мен
белгілерді өмірдің басқа салаларындағы белгілермен
салыстыра отырып, трансформациялау, яғни өзгерте отырып дамыту
жүргізіледі;
· үшінші деңгейде кәсіби сана қалыптасу үдерісі
маңызды орынға ие болып, өзгертуден шығармашылық
дәрежедегі қабілеттер қалыптаса бастайды.
Қазіргі таңдағы ғылыми
техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет
бұру кезеңінде жаңа қоғамға
лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру
бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі
міндет. Сондықтан, қандайда бір мемлекеттің білім
жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге
өтуінің маңызы ерекше.
Кредиттік
оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының
таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер
түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және
білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға
бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу
жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп
қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы»
жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында
білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда
жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен
қатар кредиттік, дистанциялық,
ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби
білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып
жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге
мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында
№66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік
оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен
білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде
шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және
білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді
таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады.
Елбасы «Қазақстан — 2030» стратегиялық Жолдауында:
«Жастарды қазақстандық патриотизм мен
шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады.
Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі
қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің
патриоты болады» деген болатын. Ал әлемдік дамудың талабына сай
бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, оның
қатаң талаптарына да күш салуымыз қажет.
Қазіргі білім беру жүйесінде полилингвизмнің
қалыптасуы интеграция мен жаһандану жағдайында дамып, халықаралық
талаптарға сай білім берудің өзектілігіне айналуда.
Көптілді білім беру отандық білім беруде, соның ішінде
педагог мамандардың біліктілігін арттыруда негізгі бағыттар бойынша
жүйелі іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт
көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан әлемде
жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ
тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін -
ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін
-
жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің
көмекші тілі
ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» атап
көрсетті.
Білім беру - «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді даму
Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі
болып саналады. Қазақстандағы білім беруді
жаңғыртудың негізгі мақсаттарының бірі — білім
беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімдеу. 2007 жылы мемлекеттік деңгейде «Тілдердің
үштұғырлылығы» Ұлттық мәдени жобасы
қабылданды, оның негізгі мақсаты — қазақ тілін
әлемдік деңгейге көтеру, елде үш тілдің:
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінің
толыққанды және терең үйрену мен қолдануына
барлық жағдайлар жасау.
Көптілді тұлғаны қалыптастыру көпұлтты
еліміздің бірлігінің шарты ғана емес, сонымен қатар
өркениет көшінде бәсекеге қабілетті мамандарды
даярлаудың алғышарты десек, көптілді ортада
ұстаздық етіп жүрген педагогтердің біліктілігін
арттыру, түптеп келгенде Елбасы назарындағы «Қазақстан
– 2050» Мәңгілік ел стратегиясының іс жүзіне асуындағы
іргелі факторларының бірі екені сөзсіз.
Көптілді білім беру
қағидаттары білім мен ғылымның негізгі
қағидаттарына сәйкес студенттердің академиялық
ұтқырлығының жетістіктері мен оның
халықаралық еңбек нарқындағы тиімді бейімделуіне
негізделе құрылады.
Осы көптілді білім алу
арқасында университет студенттері мен магистранттары республика
көлемінде ғана емес, сондай-ақ шетелдік жоғары
оқу орындарында білім алып, ғылыми тағылымдамалардан
өтуге мүмкіндік алады.
Ғылым, білім саласындағы заманауи
өзгерістер Қазақстанға батыл түрде
дүниежүзілік білім кеңістігіне ену талабын қойып отыр.
Ол үшін отандық жоғары оқу орындарымыз әлемдік
ең озық білім беру технологиясы мен жүйесін
басшылыққа алып, оқытудың сапасын көтеруді басты
мақсат етіп қоюы керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә. Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан // Ақиқат, 2007. -№4. -33 б.
2. Кларин М.В. Инновации в мировой
педагогике:- обучение на основе исследования / Кларин М.В. — Рига: Эксперимент,
1995. 176 с.
3. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Алматы, 1997 ж.