ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
ҚарМТУ, Қарағанды қаласы
АиУ-15-2 топ студенттері:
Есенгабулова А.Қ, Таирова Г.А.
Ғылыми жетекші: Адылханова С.Е.
Жыраулар
философиясындағы идеялар, ұлт қажеттіктерін саралау негізінде
туындап отырған көзқарастар, қазақ
қоғамының әлеуметтік құрылымдық
негіздерінің мәдени жүйесінің жарыққа
шығуына негізделді. Әр
бір жыраудың поэзиясы арқылы ұрпақтың ел тарихын,
сол тарихи кеңістіктегі ұлттық интеллигенция
өкілдерінің рухани қызметінің бағытын білуі
алдымен оның өзін құндылықтарға
бағыттайтын нәрсе. Әлеумет тұрмысын жақсарту мақсатында,
тарихтағы ел өмірінің дәстүрлі тәжірибесіне
сай шаруашылық түрлерін дамыту қазақ хандарының
міндетіне жүктелген елдіктің бірі болып саналса, бұл
идеяның келер ұрпақ буыннан одан әрі жалғасын
табуына негіз болып отыратын жыраулардың даналығы. Жырау әр бір ұлт
мүшесі жеке адамның ұлттық табиғатын,
ұлттық көзқарасын қалыптастырып, ұлттық
ойлауының өрісін кеңейтетін ана тілдің,
ұлттық ділдің, ата баба дінінің, ата баба
дәстүрінің қамқоршысы.
Адам бар жерде дүниені
тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану
мен қатар игеру, яғни дүниетанымдық
құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы
тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ жыраулары
ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда
оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік
кеңістігін өздерінің рухани кітапханаларында сақтап
қалған.
Қай елдің философиясы болмасын, олардың
ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған
ұлттық поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған
ой. Жекелеген адамдардың ұлттық өнерінің бойында
бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына
шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет етуіне
жетекші болғандығы көпшілікке аян. Жыр бейнелі ой, білімді
сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік
қасиеттердің өрісі, тұлғалық
көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат,
ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың
танымдық негіздері, құндылықтың бағдары
жыраулар даналығының негізгі тақырыбы.
Асан қайғыдан
бастап кешегі Қайрат Рысқұлбековтерге дейін жетіп
отырған жыраулар идеясының рухы әлі де ұлттық
идеямыздың жандануына бағыт бағдар берері сөзсіз.
Өзінің идеяларымен «Асан Қайғы» атанған
ғұлама, бүгінгі ұрпаққа кісіліктің
үлгісін қалдырып отыр. Оның бізге жетіп отырған
дүниелері оның ұлттық мемлекетті дамыту жолында
«Қазақ идеясын» қалыптастыруға аянбай қызмет
еткен тұлға екендігін көрсетеді.
Асан қайғыдан
бастау алған «Қазақ идеясының» дамуындағы
жыраулар философиясының ұлттық санамыздың ішінде,
олардың елдің қоныстануы жөніндегі идеяларының
маңыздылығы арқылы сақталып қала бермек.
Ұлттық қажеттіліктерді жүзеге асыру мәселесіне
теориялық жағынан терең мән берген қазақ
жырауларының идеялары, дәстүрлі қазақ
қоғамының сонау көне түркілерден бері қалыптасқан
болмысының бұзылмауына ықпал етті. Тарихтан белгілі жерді,
елді қорғау халқыңа адал болу
ұрпақтың азаматтылығына тәуелді.
Қазақ ұлты
жердің қадірін оның құнарымен
бағалаған, жердің құнарының адамға
берер қуатын философиялық деңгейде пайымдаған. Жыраулар
философиясындағы жердің құнары туралы ой
толғамдар ұлттық рухты көтерудің мәселесіне
де айналған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ
жыраулары поэзия өнерінің ғана емес, ел
тұрымысының болмыс бітімін ғылыми негізде пайымдай білген,
ұлт экономикасын жетілдірудің техникасы мен технологиясын
жобалаған ғұламар .
Қазақ идеясы
қазақ ұлтының қалыптасуының тарихы,
ұлттық болмыстың тұлғалануының мәдени
құбылысы, аға ұрпақ буын өкілдерінің
тарихи кеңістіктегі рухани қызметінің өнімі.
Қысқасын айтсақ біз осы жыраулардың ұлттық
идея туралы ұғым арқылы тұтас қазақ
әлемінің ішіне енеміз. Өйткені, «өмірді
өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей
білу ірі жанды адамның ғана қолынан келмек .
Озып бір кетсе
ойқастар – деп айтып кеткен Шал ақынның өсиеті заманнан
қалған емес . Себебі айтылған ойдың тамыры жырау
танымында жатқаны мен, шындығы әр ғасырдың рухани
өмірінің болмысымен орайлас келіп отыр. Ой өсиетке,
өсиет идеяға, идея шындыққа айналмаса
ұлттық рухтағы философияның өмір сүруі
мүмкін емес. Жырау идеясы әлеуметтік мәселелерге
бағытталуында ғана емес, адамның, халықтың
қажеттіктері тұрғысында көтерілген мәселелерге
парасат бигінен қарап, әр бір құбылыстың
мәнін зерделеп, оның тағдырын терең пайымдап,
адамзатқа игілік әкелетін нәрселерді көрсетіп беруінде.
Жыраулардың
ұлттық идея тұрғысында талдап отырған тілегі екі
адамның арасындағы этикалық қарым
қатынастың белгісі емес, өмірдің мәнін
көзбен көріп, ақылмен ұғынған
қарияның келешекке деген ізгі көзқарасынан туындайтын
кісіліктің бір бейнесі. Ғұлама ғалымдарымыз жазып
кеткен тарихи деректерге сүйенсек, Бұқар бабамыз тоқсан
үш жасында жыр толғаған адам.
Ел ішіндегі жаңа
өсіпкеле жатқан жас таланттылардың рухы осы жыраулардың
рухы арқылы оянбақ. Тоқсан жастың үстінде дана
қарияның жыр толғауы, бұндай адамдардың дүниеге
кездейсоқ келмейтінін және бекерден бекер ұзақ
өмір сүрмейтіндігін дәлелдейді. Қазақтың
тарихына куә болған Бұқар данамыздың идеялары,
философиясы қазақтың қай баласына болса да рухани
өмірдің мағынасыз тұстарынан арашалап алуға негіз
болары сөзсіз. Қазақ жырауларының ұғымында
әр адам өзінің кісілік рухына адал болса, өз
ісінің зиялысы. Сол себептен
зиялылық адам санасында не істеу керек деген сауалдан емес, бірлікке
ұмтылыстан, елдікті ұғынудан, құрметтеуден
туындайтын қасиет.
Қазақ
жырауларының философиясы олардың ұлттық идея
тұрғысындағы даналығы, ұлттық мүдде
тұрғысындағы қызметтерінің тарихи кеңістігі
негізінде әлі толықтай зерттеліп болған жоқ.
Жыраулардың философиясының феноменін ашу-бұл
қазақ идеясының тарихи қалыптасу негіздерін
жарыққа шығару мен тең. Себебі жырау даналығы —
тарихи із.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Досмұхамедұлы
Х. Таңдамалы (Избранное). — Алматы: Ана тілі. 1998 — 384 б.
2. Бес ғасыр жырлайды:
2 томдық. / Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев. —
Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 384 бет.
3. Жұмабаев М.
Шығармалар жинағы. 3-том. Аудармалар, ғылыми еңбек,
мақалалар. — Алматы: Жазушы, 2003. — 232 бет.
4. Көпеев М. Ж. Екі
томдық. 2 т. -Алматы: Ғылым, 1992 -224 б.