Аусагатова Г.Қ. - аға
оқытушы, Абдрахманов Р.К. - студент
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҒАРЛАТУ РОЛІ
Мемлекеттік
саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және
қоғамның жағдайын және ішкі процестерін
бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл
қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің
негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша
қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір
адамның экономикалық, саяси және т. б.
құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз
етеді.
Алдымен
мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек.
Берілген мақсат мемлекет және қоғамның
стратегиялық бағытының дамуын білдіреді. Ерекше
әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы-адам
және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары». Берілген мақсат қоғаммен бекітілген,
өйткені Конституция халықпен 1995 жылы 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет
билігінің қайнар көзі ретінде республикалық референдум
арқылы оны іске асырады және өзінің қатынасы
арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын
анықтайды. Сонымен қатар, мемлекеттің және
қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды.
Стратегиялық
мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады
және басқа деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру
негіз болып табылады.
Мемлекеттік
басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша
мемлекеттің функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот
және бақылауды жатқызады.
Келесі
басқару функциалары былай бөлінген: ұсыныс (басқару
жүйесі), жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу,
бақылау. Берілген функциялардың мазмұнды анализ арқылы
мемлекеттің әлеуметтік процестерге қатысты оның мінезін
типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады.
Басқару
тәрбиесінде ерекше орынға әкімшілік-құқықтық
әдістер, мемлекеттік органдардың қоғамдық
үрдістерге, қатынастарға, байланысқа негізінен белсенді
түрдегі ықпалы ие болады. Экономикалық әдістер
басқару объектісінің түрлерінен тәуелсіз және
тәуелсіз шаруашылық-ұйымдастырушылық
құқықтық құрылымы өзінің
жүзеге асыру барысында жұмысын дербес тиімді жақсарту жолын
сайлау ресурстарды аймақты қолдану, жаңа технологияны
меңгеру, күту құрылымын ұсынумен бейнеленеді.
Мемлекеттік
басқарудың құрылымын
құқықтық және
құқықтық емес деп бөлуге болады.
Құқықтық құрылымдар мемлекеттік органдар
мен лауазымды адамдардың әрекеттері белгілі бір заңды
салдарлардың орандалуын тудырады. Құқықтық
емес ол әртүрлі құрылымдардың түрлері
заңдық салдарды тудырмайтын, бірақ мемлекеттік
органдардың жағымды жағдайлардағы мақсаттарын
жүзеге асыру функциялар мен құзыретін
құруға бағытталған.
Құқықтық
құрылымдар басқарушылық шешімдерімен сәйкесінше
мемлекеттік органдардың құзыретіне байланысты,
басқарушылық шешімдер ресми құрылымдарымен білдірілген.
Басқарудың
қызмет нысандарының кейбір түрлері
құқықпен өзара байланысы бар және өз
жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік басқару
субъектілерінің нақты ұйымдастырушылық әрекетінен
көрініс табатын басқарушылық мақсатындағы
қатынас. Мемлекеттік органдардың бір жақты биліктік ерік
білдіруінің көрініс табатын құқық
нысандарына қарағанда, құқықтық емес
нысандарда басқарымдық мәселелердің сипаты мен
ерекшеліктеріне қарай ұйымдастарушылық қызметтің
әр түрлі нұсқаулары көрсеті
Қазіргі мемлекеттік басқарудың
концепциясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру
Қазқстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс
пен басқарудың тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте
маңызды орын алады. Мұнда әңгіме мемлекеттік
аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және
саяси құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа
бағыттар туралы болып отыр. Еліміздің Президентінің
Қазақстанның халқына арналған
«Қазақстан 2030» жолдауында олар республиканың дамуының
басымды бағыттары ретінде көрсетілген.
Басқару әр түрлі нысандарда
адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап орын алған.
Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты
басқарудың да, оған деген қажеттіліктің де
мәні артып отырған.
Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде
билік болып табылады. Бұл жерде екі жағдайды қарастыру
қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік
өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі
ұжымның алдына қойылған сұрақтарды тиімді
және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден,
басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары
басқарушы субъектінің (жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс.
Сонымен, біз басқарудың әлеуметтік
институт ретіндегі мынадай мәнді белгілерін қарастырдық: а)
басқару қоғамдық қажетті қызмет, жалпылама
сипатқа ие, және адамдардың ұжымдасқан
қызметі жүзеге асырылатын жерде көрініс табады; ә)
басқару бұл басқарушылық шешімдерді әзірлеу,
қабылдау және іс жүзіндегі жүзеге асырудағы адамдардың
саналы, ерікті және мақсатты қызметі; б)
басқарушылық әсер ету басқарудың негізі, ядросы
болып табылады, қоғамдық жүйеге, оның
құрамдас бөліктеріне, адамдардың әрекетіне
жан-жақты әсер етеді, ұйымдастырушылық және
реттеуші қасиеттерге ие; в) билік басқарудың бөлінбес
белгісі ретінде адамдардың әрекетіне, объектілерге әсер
етудің қажетті шарты болып табылады; г) басқарудың
ұйымдастырушылық (әкімшілік) реттелінуі.
Мемлекеттік басқару мақсатты
сипатқа ие және арнайы сұрақтарды шешуді
қамтамасыз етеді. Дәл мемлекеттің өзіне 2030
жылға дейінгі бекітілген Қазақстанның даму
стратегиясында көзделген міндеттері мен бостандықтарын жүзеге
асыруда маңызды орын берілген. Мемлекеттік басқарудың сапалы
ерекшеліктерін өзінің нормативті бекітілген мақсаты
нақтылап береді. Олар Қазақстан Республикасының
Конституциясында, жоғарғы өкілді және атқарушы
органдардың заңдық және басқа да нормативтік
актілерінде қалыптасады және өзінің көрінісін
табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституциялық
заңдардың, Президент жарлықтарын және басқа да
нормативтік актілердің күнделікті орындалуы мен жүзеге асыруы
болып табылады.
Мемлекеттік басқару барлық
қоғамның мүддесін білдіреді, басқарудың
барлық саласының дамуын үйлестіреді. Басқарушылық
қызметтерді күнделікті орындау үшін мемлекеттің атынан
қоғамдағы басқаруды жүзеге асыратын арнайы
аппарат құрылады.
Мемлекеттік басқару-ерекше субъектілер
тобының (органдардың, лауазымды адамдардың) экономика,
әкімшілік-саяси және әлеуметтік-мәдениет аяларына
басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде
орындаудан тұратын заңға тәуелді, заңдық
биліктік, ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен
сипатталады: қоғамдық пайдалы қызметтің
нақтылы түрімен; бұл қызметтің
атқару-өкім ету сипатымен; арнайы уәкілетті субъектілердің
жүзеге асыруымен; күнделіктігімен және
үзіліссіздігімен; заңға тәуелді сипатымен;
қызметінің әр түрлі нысандарымен
(құқық шығару; құқық
қолдану, шарт жасасу).
«Мемлекеттік басқару жүйесі» мен
«мемлекеттік басқару механизмі» ұғымдары өзара байланысқан
және бір-бірінен бөлектелмейді. Механизм мемлекеттік
басқарудың үш тарапының –
ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе),
функционалдық (мазмұнды) және қоғамдық
жүйеге басқарушылық әсер етудің өзара
байланысын көрсетеді. Кез-келген мемлекеттік органның
ұйымдастырушылық құрылымы оның
қызметінің мазмұнымен, тікелей қызметімен
анықталатыны белгілі. Бұлай мемлекеттік аппаратқа да
қатысты айтуға болады: мемлекеттің ұйымдастырушылық
құрылымы оның қызметімен анықталады. Осылармен
қатар әңгімені мемлекеттік басқарудың
әдістері мен нысандары, мәні мен мазмұны жөнінде
өткен дұрыс. Басқарудың ең мәнді белгісі
ретінде оның мақсатты сипаты болып табылады(Қазақстан
Республикасының стратегиялық дамуын қамтамасыз ету,
қоғамдық өмірді жоғары ұйымдастыру
т.б.)Аталғандарды ескере келе мемлекеттік басқарудың
механизмін былай анықтауға болады: мемлекеттік аппараттың
жүйесінің әрекет етуі, қоғамдық
жүйеге мақсатты әсер ету. Басқару тәжірибесінде
екі негізгі бағыттың қалыптасуы, олар арқылы
басқару функциялары жүзеге асырылады:1)мемлекеттік басқару;
2) қоғамдық басқару. Олар бір-бірін толықтырып
тығыз қатынаста болады, бұл арқылы тұтастай
әлеуметтік жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік және қоғамдық басқару
органдардың жүйесі конституциалық
қағидалардың негізінде қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз салушы
конституциалық қағидаларына мыналар жатады:
қоғамдық келісім және саяси
тұрақтылық, халықтың игілігі үшін
экономиканың дамуы, қазақстандық патриотизм,
демократиялық әдістермен мемлекет өмірінің
маңызды сұрақтарын шешу т.б. Бұл Қазақстан
Республикасының мемлекеттік және қоғамдық
басқарудың фундаментін анықтайды. Бірақ бұл екі
басқаруда бір-бірінен айырмашылықтары да бар
қоғамдық органдардың басқарушылық
функциаларының көлемі мемлекеттік аппараттың функциаларына
қарағанда бір деңгейде тұрмайды. Мемлекет үлкен
және кең көлемдегі қоғамдағы басқару
функцияларын атқарады. Ал қоғамдық басқару
мемлекеттік емес азаматтардың бірлестігінің ішкі
ұйымдастырушылық қызметін реттеуге бағытталған.
Әдебиет:
1.
В.Н. Уваров. – Государственная служба и
управление. Учебник – Петропавловск: 2004.
2.
К.С.
Мусилимова. Государственная служба и управление. Учебное пособие. Караганда,
Арко. 2004.
3.
Глазунова
Л.И. Система государственного управления. М., Юнити, 2003.