Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ
«Психология және педагогикалық
коррекция»
кафедрасының аға
оқытушысы
Матаева Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,
Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ
«Дефектология» мамандығының
3 курс студенті
Елубай Айгүл Елубайқызы
Жасөспірім балалардың девианттық
мінез-құлық даму классификациясы
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық
проблемалар түптеп келгенде экономикалық хал-жағдайға
келіп тіреледі. Бұл ретте, экономикалық жақтан
гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына
түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің
қай-қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке
адамдар мен топтар кездеседі. Олардың қатарында психикасына
зақым келген, дене мүмкіндігі шектеулі, мүгедек адамдармен
қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет
ететін адамдар да бар.
Қоғамда әдеттегі «қалыпты»
дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған
адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады.
Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, қылмысқа
барған, ұрлық, қарақшылық, зорлық, маскүнемдік,
нашақорлыққа салынған. Сонымен қатар, туа біткен
мүгедектер, ауруға ұшырағандар, еңбекке жарамсыз
адамдарды «қалыптан» (нормадан) тыс, теріс (негативті) ауытқыған
адамдар қатарына жатқызсақ, дарынды, іскер, ғылым
және техникада зор игіліктер мен табысқа жеткендер, әдепби
шығармашылықта, өнерде басқалардан озық туындылар
жаратқан адамдарды «қалыптан» (нормадан) тыс, оң (позитивті)
сипатта ауытқыған адамдар деуге болады.
Бұл қоғамның алға басуныа
өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен
девиацияға ұшыраған адамдармен әлеуметтік
педагогикалық жұмыс жасау
бүгінгі күннің қажетті де өзекті ісі болып
табылады.
Девианттық мiнез-құлықтың
дамуына арнайы бiр қоғамдағы әлеуметтiк
шындықтың бұзылуы, негiзгi демократиялық принциптердiң
бұзылуы, экономикалық реформаларды жүргiзгенде кеткен
қателер нәтижесiнде осы жастар арасындағы
қиындықтардың пайда болуына алып келедi.Бiрақта
девианттық мiнез-құлықтың спецификалық
критериiнiң бағасын анықтау, егер девиация
әртүрлi дәуiрлерде тұрақты, жалпылығы бар,
солар арқылы девианттық мiнез-құлықтың
әртүрлi түрлерiн салыстыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда
осындай мiнез-құлықтың элементтерi, мысалы,
қылмыскерлiк, iшiмгерлiк
және алкоголизм, нашақорлық және суицид (өзiн
өзi өлтiрушiлiк), көптеген ұзақ уақыттар
бойы осыларға сәйкес келетiн пәндердiң аясында
зерттелiп келдi: олар криминология, наркология және т.б. мен. Ал
социологиялық зерттеулер 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың
басындағы Я.И. Гилинскийдiң, В.С. Афанасьевтiң және
тағы басқалардың еңбектерiнен көруге болады. Ал Қазақсанда осы
мәселелердi кейiнгi жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық
социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен
еңбектi академик В.Н. Кудрявцевке тиеселi.
Қазiргi кезеңдiк, отандық
девианттық мiнез-құлық социологиясында Д.К.
Қазымбетованың анықтауынша, девианттық
мiнез-құлық дегенiмiз – адамдардың өмiр
салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға,
құқықтық және басқа да
әлеуметтiк нормаларға сәйкес келмейтiн,
тұлғаға, әлеуметтiк топтарға немесе
қоғамға зиян тигiзетiн (немесе пайда әкелетiн),
қоғаммен қолдау табатын немесе тигiзiлген зияндары үшiн
әлеуметтiк жауапкершiлiктер тартатын iс-әрекеттер, қимылдарды
жатқызамыз. Ал деликвенттiк мiнез құлық дегенiмiз –
күрделi заң бұзушылықты аңғартады, олар
қылмыстық жауапкершiлiк тартуға апарып соғады.
Девианттық мiнез- құлықтың деликвенттiк
мiнез-құлықтан өзгешелiгi, девианттық
мiнез-құлық деликвеннтiк
мiнез-құлыққа қарағанда кеңiрек
түсiнiк ретiнде танылады. Девианттық мiнез-құлық
деликсенттi мiнез құлықты өзiнiң бiр бөлiгi
ретiнде қарастырады. Девиация – нормалардың кез келген
бұзушылықтарын айтамыз, ал деликвенттiк – ол тек қана
қылмыстық жауапкершiлiктердi алып жүретiн мiнез-құлық
актiлерiне жатады. Осы жұмыста автор девианттық
мiнез-құлықтың критерилерiн анықтайды, олар
оның әлеуметтiк маңыздылық критерийiн анықтап
бере алады, осыған байланысты оларды қоғамдық
пайдалылығына байланысты позитивтi немес негативтi және нейтралды
деп бөлуге болады. Ауытқулардың осындай түрлерге
бөлiнетiндiгiнен қарап негiзделген саясат құруға
болады, ол практиканы профилактикаға бағыттап отырады және де
барлық ауытқуларды жою емес тек қана негативтi
ауытқуларды жоюға көмектеседi. Девианттық
мiнез-құлық теориясының зерттеуiне Ш.К
Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлесiн қосты, ол
мынадай тақырыпта: “Девианттық
мiнез-құлықтың әлеуметтiк мәселелерi” және оның монографиялары.
Бұл еңбектерде автор девианттық мiнез-құлық
дегенiмiз – мiнез-құлық актiсi деп әдiлдiкпен айтады,
ол адамдардың iс-әрекеттерi немесе өмiр салттары, арнай
қоғамдағы қабылданған әлеуметтiк нормалар
мен заңгерлік негiздегi салдарлы қоғамдық
санкцияларды бұзатын
iс-әрекеттердi қарастырамыз. Берiлген анықтама бiрiншiден,
осы мiнез-құлықтың барлық көрiнiстерiн
қамтиды (iс-әрекет, өмiр салттары); екiншiден, ауытқуды
тек ресми жағын ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған
әлеуметтiк нормалардағы бейресми ауытқитын мiнез
құлық формаларын да қарастырады; үшiншiден
санкцияның әртүрлi түрлерiн қамтиды, олар
көбiнде өздерi девиацияға алып келедi – ол топтық
ауытқудан, қоғамдық жақтырмауға және
сонымен қатар толығымен қоғамнан бөлiп
тастауға алып келетiн санкциялар.
Бiрақта девианттық
мiнез-құлықтың критерииiн анықтау өзгеруде,
бұл жағдайда бiз бiр iс-әрекеттi девианттық немесе
оған жатқызбауымыз да мүмкiн, яғни ол әртүрлi
қоғамдарда, салт дәстүрлерге, өмiр шарттарына
байланысты өзгерiп отырады. Әлеуметтiк процесстердiң
динамикасы, қоғамдық өмiрдiң әртүрлi
аймақтарындағы кризистiк жағдайлар девиациялық
процесстердiң өсуiне алып келедi, олар нормадан ауытқитын
мiнез-құлық нормаларынан көрiнiп отырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Халитова І.Р. – Әлеуметтік педагогика – Алматы, 2007ж.
2. Тесленко
А.Н., Керимбаева М.С., Джакупова Г.А. – Профилактика подростковой девиации:
теория и практика. – Астана , 2005г.
3. Казымбетова
Д.К. – Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования –
Алматы,1999г.
4. Қаражанова
Ж. Девиациа типтері және девиантты мінез-құлықтың
пайда болу факторлары – Қызықты психология - №3/2010ж.
5. Уманов
Г.А. – Бала бақыты және басқалар – Алматы, 1979ж.