А.Т.Абдрахманова, А.М.Молтаева

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

      

   БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЕРІКТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН  ТЕОРИЯЛЫҚ  ТАЛДАУ

 

Жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың (балалар үйінде және интернатта тәрбиеленушілер) дамуы жайында көптеген манандар кейбір мүгедектің түрінің сапасы ретінде байланыстырып қарастырады. Баланың жанұялық ортасының атмосферасы жеке адамның өсіп-дамуы сапасын анықтайды. Сонымен  интернатта немесе балалар үйінде тәрбиеленушілердің дамуы мен олардың мінез-құлық ерекшеліктеріне А.М.Прихожан және Н.Н.Толстых көп жылдық зерттеу жүргізді. Олардың зерттеуінің қорытындысы бойынша жетімдердің психологиялық ерекшелігі жай ғана жағдай емес. Психикалық дамудың тежелуін ғана авторлар талдап қана қоймай, сонымен бірге, баланың мінез-құлық дамуының сапасын қарастырған. Осы тұрғыда қазіргі кездегі психология мен педагогика ғылымы баланың психикалық ерекшеліктерін, эмоциясын, ойлауын, сөздік қорын, мінез-құлық ерекшеліктерін, ересектермен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын сипаттайтын бүтіндей бейнені береді.

Баланың жеке адам болып қалыптасып даму сатысы әр жас кезеңіне байланысты  құрылады және де сол тұста оның психикасының сапасы көрінеді. Ал, балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикасының қалыптасуы жанұяда тәрбиеленген балаларға қарағанда психиканың басқа заңдылықтармен ерекшеленеді. Баланың психикасының дамуына, жеке адам болып қалыптасуына оның біріккен ортасы үлкен ықпал етеді. Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілер де ортақ бір өмір сүру ортасын құрайды. Демек, жанұяда тәрбиеленген балалар өз қоршаған ортасында туыстық бауырмашылық сезімін туындатып үлкендермен және кішілермен қарым-қатынасын орынды жұмсап отырады.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің үлкендермен қарым-қатынасы, өмірлік қабылдауы және мінез-құлқының қалыптасуы конституционалды болып келеді, яғни сертті дәрежесінде түсіндірілген. Демек, балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық сипатының жалпы беталысы мынадай: олардың эмоцияналдық фоны тіпті кедей. Бұл мекемеде тәрбиеленушілер қоршаған орта талаптарына бейімделуі тиіс. Мұндай жетімхана секілді мекемелерінде балаларды тәрбиелеу және басқа да өмірлік тәжірибелерді баланың ерікті-эмоционалды дамымауына әкеп соқтырады. Осы тұрғыда И.А.Залысина, балалар үйінде тәрбиеленушілер мен жанұяда тәрбиеленуші балалардың уайымдау қажеттілігін салыстырмалы түрде зерттеген. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортадағы адамдарға уайым сезімін тудыруға қабілетті емес екенін дәлелдеген.

Көбінесе олар басқа адамның сезіміне жауап беруде туындайтын реактивті уайымдау олар үшін бөтенсу сезімін тудырады. Ал И.А.Залысиның эксперименталды зерттеуінде жанұядағы балалардың тек ересектердің сезімін іздеп қана емес, сонымен қатар олармен серіктес ретінде өз сезімдерін белсенді бөлісіп отырады. Уайымдау мен сезімді білдіруді дамытудың қажеттілігі балалық шақтан-ақ қалыптасып ересек кезеңде дамыған қалыпта болады. Осындай бала мен ересектердің өзара қарым-қатынасын қажеттендіру үшін баланы ересек адамның алдында еркін ұстай алатындай, ойын ашып айта алатындай, сезімін толық жеткізе алатындай жағдай туғызу қажет. Қорыта келе, И.А.Залысинның зерттеулерінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды аумағының дамуы жайлы сөз кеңінен қозғалған. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер өздерінің бағасын жеткізе алмайды, олардың өз пікірі болғанымен де ересектердің пікіріне сүйенеді. Сондықтан да бұндай балалардың сезімін ашу үшін оларға жылы мереймен қарау қажет.

Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық аумағы жайында А.М.Прихожан мен Н.Н.Толстых былай деп жазады: “Балалар үйінде тәрбиеленушілер үлкендермен қарым-қатынасында өзіне агрессиялық зейінді аударады”. Қарым-қатынас барысында туындайтын кикілжің жағдайларды шешуден балалар үйінде тәрбиеленушілер өздеріне жауапкершілікті артпайды, өздерінің мәселелерінің шешілу жолдарын қоршаған ортадан күтеді. Олардың бойында қоршаған ортаны кіналау сезімі, агрессия, өз кінәсін мойындау алмаушылық сезімдері осы мекемеде тәрбиеленуші балалардың бойында кикілжің жағдайды шешуді басым кездеседі. Бұл аталған ерекшеліктер “қорғаныш білімін тудырады”. Олар қиын ситуациядан шығуға талпынудың орнына аффективті әрекетке жүгінеді де өкпе сезімін туындатын жауапкершілікті басқаның мойына артады.

Бұл көрсетілген ерекшеліктер жетім балалардың эмоционалды еріктік аумағының  қалыптасуын сипаттайды. Яғни, осыдан бұл жағдайға қоршаған орта кінәлі ме? деген сұрақ туындайды. Балалардың мұндай мекемеге тапсырылуы әртүрлі себептерге байланысты екендігі барлығымызға да белгілі (ішкілікке салыну, ата-анасының дүние салу, материалдық жағдайлардың жетіспеушілігі, психикалық ауытқулар, ақыл-ойдың артта қалуы сияқты жағдайлар). Бұл факторлардың өзі қоғамдық ортаға ауырлықты тудыруы да аз емес.

 

Әдебиет:

1.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. - Алматы: Білім, 1997.-256 б.

2.  Керімов Л.К. «Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері», 17-ші лекция, А. 1992 ж.

3.  Мұқанов М.М. «Жас және педагогикалық психология», А., 1996 ж.

4.  Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: Мектеп, 2001

5.  Лиханов А.А. Дети без родителей: Книга для учителя.- М.,1987.

6.  Шерьязданова Х. Т. и др. Қазақ балаларының  қарым-қатынасын зерттеу әдiстерi мен процедурасы/ С.Аманжолов оқулары - 2005" атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 2005.-Ч.III: Психолого- пед. аспекты соврем. системы образования.- С.