Шилібек К.Қ., Қошқарбай Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Кенжеғали Ә.К.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан

 

БӨЛШЕКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІ

 

Әрбір бөлшек және оның ақаулары әртүрлі әдістермен қалпына келтірілуі мүмкін.

Қалпына келтірудің тиімділігі бірнеше критерилер арқылы бағалануы мүмкін.

Қазіргі уақытта бөлшектерді қалпына келтіруді бағалаудың үш түрлі критериі бар, олар:

1.     Техникалық критерий

2.     Экономикалық критерий

3.     Технико-экономикалық критерий

Техникалық критерий негізінде негізгі келесі көрсетілген бірнеше параметрлер алынады:

-          тозу шамасы;

-          тозу пішіні;

-          бөлшектің өлшемдері;

-          өңдеудің түрлері;

-          бөлшектің физико-механикалық қасиеттері;

-          бөлшектің жасалған материалы.

Бөлшекті қалпына келтіруді техникалық критерий арқылы бағалауды бөлшекті қалпына келтіру сенімділігіне де назар аударылады. Бөлшектің қалпына келтірілгеннен кейінгі қызмет ету мерзімінің шамасының да маңызы зор болып есептеледі.

Техникалық критерийдің кемшілігіне бөлшектің қалпына келтірілуінің құнының есептелмеуі, бөлшекті қалпына келтіру жұмысының еңбек-сиымдылығының ескерілмеуі жатқызылады. Бұл кемшіліктер экономикалық критериде ескерілген. Экономикалық критерий келесі көрсетілген басты мәселелерді ескереді:

-          бөлшекті қалпына келтіру бойынша технологиялық үрдістердің шығындары;

-          қалпына келтірудің және дайындаудың еңбек-сыйымдылығының қаржылық үрдістері.

Мұндай таңдауда экономикалық тұрғыдан алғандағы кеткен шығындар бойынша қалпына келтірілген бөлшектің ең төмен өзіндік құны бар нұсқасы қабылданады.

Бұл әдістің кемшілігі, ол қалпына келтірудің техникалық жағын ескермейді және тек қаржылық шығындары төмен вариант қана қабылданады.

Алайда қазіргі нарықтық шарттар кезеңінде бұл әдістер өздерінің біржақтылығы себебіне байланысты кең таралмай отыр.

Жоғарыда келтірілген кемшіліктерді технико-экономикалық критерий толықтай ескереді.

Технико-экономикалық критерий қалпына келтіру үрдісінің техникалық және экономикалық жақтарын ескереді, сондықтан өндірістік қазіргі даму барысында пайдалы болып саналады.

Осы бөлшекті, яғни Д-160 қозғалтқышының ілінісу муфтасы картерін қалпына келтіру үрдісінде технико-экономикалық бағалау критериі қолданылған. Қалпына келтіру нәтижесінде материалдар мен басқа да қажеттіліктерге кеткен шығындар қосындысы жаңа бөлшекті сатып алу бағасынан міндетті түрде арзанға түсуі керек. Сатып алу бағасы мен қайта қалпына келтіру шығыны арасындағы айырмашылық он пайыздан аспаса, онда бөлшекті қалпына келтіру технологиялық үрдісі нәтижесі тиімсіз болып есептелінеді және өндіріске пайда әкелмейді.