ӘӨЖ 685.34.013.2 (075.8)

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ ЕРЛЕРІНІҢ ТАБАН ӨЛШЕМДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ  НӘТИЖЕЛЕРІ

Н.Н.Ташшабаев – магистрант

Ә.М.Тұйғынбаев - В13ЖӨБТК тобының студенті

Ә.Қ.Байдарбек -  В14ЖӨБТК тобының студенті

С.Е.Мунасипов  - т.ғ.к., профессор

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универистеті Тараз қаласы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының ерлер табандарының антропометриялық зерттеулері  жүргізілді. Ерлер табандар өлшемдері арасындағы корреляциялық байланыстар анықталды.

Бұл мәліметтер Қазақстан ерлері аяқкиімдерінің өлшемдік-толықтық  ассортименттін жасауда қолданылады.

 

Түйінді сөздер: Антропометрия, табан, корреляция коэффициенті, регрессия теңдеуі.

 

Антропометриялық зерттеулер өндірістік жағдайда аяқ киімді жаппай өндіруге  кошкеннен кейін еркекше мәңге ие болды. Белгісіз тұтынушыға аяқ киімді жаппай өндіру олардың  табандарының өлшемдері және құрылысы туралы  нақты мәліметтерді қажет етеді. Бұл мәліметтерсіз өлшемдері (ұзындағы және толықтығы) сәйкес келетін аяқ киім өңдеу қиындыққа әкеп соғады. Өндіруші қандай өлшемді  аяқ киімді шығару және аяқ киімнің өлшемдері мен толықтығының пайыздық қатынасын білуі тиіс. Бұл сұранысқа қажетті аяқ киім шығаруға мүмкіндік  беріп, нарықтын дұрыс қамтамасыз  етуіне және сәйкес келмейтін аяқ киім өлшемдерін жинақталмауына септігін тигізеді. Демек, тұрғындардың табандарының өлшемдерінің таралуын  және өлкетік дифференциясы туралы мағлұматтар өндірушелерге  де сатушыларға да қажет.

Осы  түйіткүлді шешу  үшін адамзаттың барлығында табандардың антропометриялық зерттеулері  жүргізіледі.

Адам дамуының өзгеруі үдерістеріне, яғни акселерация немесе ретардация байланысты  мұндай  зерттеулер белгілі уақыт сайын қайталануы тиіс. Бұл зерттеулерді әр он жыл  сайын  тәнтануда  жүргузуліп бақылаушы деп аталады.

Осы негізге сүйене отырып, антропометриялық  зерттеулер мақсаты  болып қалыптардың конструкцияларын   және аяқкиімнің  өлшемдік-толықтық  ассортиментін  жасау  табылады.

Осыған  орай,  Оңтүстік  Қазақстан облысының  ерлерінің табандарын антропометриялық  зерттеулер жүргізілді.

Барлық  өлшемдердің  түрленім қатарлары  жасалынды (1 кесте). Осы қатарлар  негізінде  корреляциялық  төрлар  салыну қажет. Себебі , олар  есептеулерді жүргізуді  жеңілдетеді [1-4].

                                                                                    

1 кесте

Табан өлшемдерінің класстық интервалдар шегі мен түрленім  кездесу жиілігі

 

 

 

 

 

 

 


Табан ұзындығы бойынша түрленім  қатары

Шоғыр ені  бойынша түрленім қатары

Өкше ені бойынша түрленім қатары

Шоғыр құлашы бойынша түрленім қатары

 

Класстық интервалдар шегі, мм

Класстағы түрленімкездесу жиілігі

Класстық интервалдар шегі, мм

Класстағы түрленім кездесу жиілігі

Класстық интервалдар шегі, мм

Класстағы түрленім кездесу жиілігі

Класстық интервалдар шегі, мм

Класстағы түрленім кездесу жиілігі

239-244,9

5

79,5-82,4

3

55,5-58,4

8

202,5-209,4

4

245-250,9

31

82,5-85,4

14

58,5-61,4

23

209,5-216,4

26

251-256,9

49

85,5-88,4

46

61,5-64,4

132

216,5-223,4

36

257-262,9

70

88,5-91,4

189

64,5-67,4

158

223,5-230,4

101

263-268,9

145

91,5-94,4

109

67,5-70,4

95

230,4-237,4

136

269-274,9

165

94,5-97,4

95

70,5-73,4

41

237,5-244,4

56

275-280,9

24

97,5-100,4

29

73,5-77,4

18

244,5-251,4

55

281-286,9

7

100,5-103,4

12

77,5-80,4

12

251,5-258,4

45

287-292,9

4

103,5-106,4

2

80,5-83,4

6

258,5-265,4

39

239-244,9

5

79,5-82,4

3

55,5-58,4

8

202,5-209,4

4


 

Адам тірі ағзадағы немесе мүшедегі (мысалы табандағы,  жеке белгілерінің арасындағы байланыс озара  функционалды байланыста болғанына қарамай сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен әрдайым анық байкалмауы мүмкін. Сондықтан әртүрлі жағдайларда бір белгінің мәніне басқа белгінің бірнеше мәндері сәйкес келеді. Өзгеріп тұратын жеке белгілер арасындағы байланыс функционалды  немесе корреляциялы болуы мүмкін.

 

2 кесте

Корреляция теңдеуі мен регрессия туңдеуі

Ерлер

Көрсеткіштердің аталуы

Колеряция коэффициенті,

Регрессия теңдеуі

Табанының ұзындығы

0,9998

y = 6,1667x + 233,72

 Шоғырдың ені

0,9988

y = 2,9333x + 77,444

Өкшенің ені

0,9991

y = 3,1667x + 51,722

Шоғыр құлашы

0,9998

y = 7,15x + 197,92

 

Ерлердің табандарының негізгі өлшем көрсеткіштерінің арасындағы байланыстарын анықтау мақсатында, біз корреляциялық торларды  тұрғыздық.

Өңдеп есептеудің нәтижесінде   табан өлшемдерінің арасындағы байланыстын тығыздығын  көрсететің  корреляциялық коэффициенттер  алынды (2 кесте).

Регрессия теңдеулерінің  графикалық  түрлері  төменгі суреттерді  көрсетілген.

 

а

 

ә

б

 

1 сурет. Табан   өлшемдерінің   арасындағы  байланыстар:

 а-табан ұзындығы және шоғыр ені;  ә-табан ұзындағы  және өкше ені;  б- табан ұзындығы және шоғыр құлашы

 

Зерттеулер  нәтижесінде  өлшемдер арасындағы  байланыстар  анықталды. Регрессия  теңдеулері  ерелердің  табандарының  өлшемдіқ  белгілер  арасындағы  байланыстарды  теңбе  сипаттайды. Бұл мәліметтер  аяқ киім  қалыптарын  және  тиімді  аяқ киім  өлшемдіқ  - толықтық  ассортименттін  жасауға  қолдануға ұсынылады.

 

Әдебиеттер

 

1.Кочеткова Т.С., Ключникова В.М. Антропологические  и биомеханические основы конструирования  изделий  из кожи. – М.: Легпромбытиздат, 1991 – 192 с.

2.Мунасипов С.Е. Қолданбалы антропология және биомеханика негіздері. – Тараз,  «Dig Neo-Serbise». 2013 – 145  б.

3. Мунасипов С.Е., Әбек Ұ.Қ. Әйелдер табандарының антропометриялық өлшемдер арасындағы байланысын анықтау нәтижелері. Механика және технологиялар ғылыми жұрналы №3, 2016 ж., 84-87 б.

4. Abzalbekuly B.,  Munassipov C.E., Dzhumabekova G.B. Results of antropopulation feet. Труды  Международной научно-практической  конференции на иностранных языках «Образование и наука без языковых барьеров», г. Павлодар, 2015 г. с. 299-301