Экономические
науки/10. Экономика предприятия
э.ғ.к.
Мұханова А.Е., магистрант Дарменкулова Ж.О.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚҰРЫЛЫС
САЛАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Нарықтық
экономика шарттарында айналым қаражаттарын тиімді қолдануды
сипаттайтын жоғарыда аталған көрсеткіштермен бірге айналым қаражаттарының
көлемі мен құрылымы құрылыстық ұйымның
төлем қабілеттілігіне және қаржылық жағдайына
әсерін қарастыру керек.
Айналым қаражаттарының
құрылымы несиелерді алу және несие берушілермен ұсынылатын
басқа да заемды қаражаттарды алу мүмкіндігіне тәуелді
болып келетін ұйымның төлем қабілеттілігіне тікелей әсер
етеді. Егер мекеме өзінің айналымында заемды қаражаттары
болса, онда ол несие берушімен оған заемды қаражаттарды ұсыну
туралы шешімдерді қабылдау үшін жеткілікті болып келетін өзінің
төлем қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз
етуі тиіс.
Төлем қабілеттілігін
бағалау үшін негізінен екі көрсеткіш қолданылады:
абсолютті өтімділік коэффициенті және өтеудің жалпы
коэффициенті. Олардың әрқайсысы айналым активтерінің
жеке буындары немесе барлық сомалары бойынша және қысқа
мерзімді борышкерлік деректерді қолданумен есептеледі.
Төлем қабілеттілікті
жоғарылатудың әдісі айналым активтерінің бір бөлігін
тікелей өзінің айналым қаражаттарының тұрақты
шарттарындағы қарыздарды өтеуге бағыттау болып табылады
[1].
Құрылыс
ұйымының тиімді және нәтижелі қызметті іске асыру
мақсатында ең негізгісі құрылыс-монтаждық жұмыстардың
өзіндік құнын төмендету жолдары болып табылады. Құрылыстық
өнімнің өзіндік құнының деңгейі маңызды
мөлшерде өндіруші кәсіпорынның өзімен анықталады.
Өндіріс шығындар құнының негізіне мына обьективті
факторлар жатады: шикізат, механизмдер, жұмыс күшіне қажеттілік.
Сонымен қатар, осы ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану өнімнің
өзіндік құнына айтарлықтай әсер етеді
Құрылыс-монтаждық
жұмыстардың өзіндік құнының төмендеуіне
мынадай әрекеттермен қол жеткізуге болады:
- өндіргіш техникасын қолдану, яғни, құрылыстық
машиналарды және механизмдерді жөндеуге және техникалық
қызмет көрсетуге кететін шығындарды, электроэнергия және
отын шығындарын төмендету;
- құрылыстық өндірісті басқаруды қайта ұйымдастыру;
- оңтайлы жабдықтау, сақтау және жұмсаудың
есебінен материалдарды үнемдеу [2].
Ғылыми әдістемелерді, ауқымды ақпараттық
базаларды, экономикалық жоғары білікті басқарушы қызметкерлер
құрамын қатыстыруды қажет ететін жасырынды факторлар
бар, оған:
- құрылыстың оңтайлы мерзімін және қарқынын
таңдау;
- жұмыстардың түрлерін, өнімдерді шығару
номенклатурасын оңтайландыру;
- өндірістік қуатты қолданудың тиімді дәрежесін
анықтау;
- құрылыс машиналарын жаңалау саясаты;
- тапсырыстардың тиімді жиынын таңдау;
- құрылымдар, материалдар, шикізат қорларын тиімді басқару;
- кәсіби маркетинг.
Дәстүрлі факторлар келесі тәртіп бойынша бағаланады:
А. Құрылыстық материалдарға, бөлшектерге, құрылымдарға
кеткен шығындардың төмендеуі есебінен өзіндік құнның
төмендеуі мына формула бойынша анықтауға болады:

(1)
мұнда,
См – құрылыс материалдарына, бөлшектерге, құрылымдарға
кеткен шығындардың төмендеуі есебінен өзіндік құны;
Ум.р – барлық құрылыс-монтаждық жұмыстардың
сметалық құнына кеткен (немесе бөлек материал түріне,
құрылымдық элементіне және т.б.) материалдық
ресурстар шығынының үлесті салмағы, %; ,
Ун.ш – бөлшектер, конструкциялар, материалдар шығындарының
нормаларын төмендету пайызы;
Уц – материалдар, конструкциялар, бөлшектер бағасының
төмендеу пайызы.
Ә. Құрылыстық машиналардың және
механизмдердің қолдануын жақсартуда өндіруді көбейту
есебінен өзіндік құнның төмендеуін мына формула
арқылы есептеуге болады:

(2)
мұнда,
Св – құрылыс машиналарын қолдануды жақсартуда
өндіруді көбейту есебінен алынатын өзіндік құн;
Д – сметалық (базалық) құндағы машиналарды қолдануға
кеткен шығындар деңгейі, %;
α– құрылыс
машиналарын қолдануға кеткен шығындардағы шартты-тұрақты
бөлімнің үлесі, %;
Вч – машиналардың өндіру көлемінің
жоспарлы ұлғаюы, %.
Формуланы өндірістік бағдарлама жұмыстары бойынша шығындарды
бағалау үшін және сол сияқты машинаны бөлшектеп
ауыстыру жағдайында өзіндік құнның өзгеруін
бағалау кезінде қолдануға болады.
Б. Құрылыс құрамын ұлғайту арқылы
еңбек өнімділігінің жоғарлауынан өзіндік құнның
төмендеуі (Ск) мына формула бойынша анықталады [3]:

(3)
мұнда,
Ссб – еңбек өнімділігінің
жоғарылауынан алынатын өзіндік құн;
Qпл – жоспарлы кезеңге сметалық құн
бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі, мың
теңге;
Qпов – сметалық құн бойынша жоғары дәрежелі
жинақтылық көлем бойынша құрылыс-монтаждық
жұмыстардың көлемі, мың теңге;
Уб – базистік кезеңдегі жұмыстардың өзіндік
құнындағы «негізгі жалақы төлемі» бабы бойынша шығындардың
үлес салмағы, %;
n – жинақтылықты жоғарылату бойынша шаралар саны;
Тпл – жинақтылықтың өлшем бірлікке жоғарылауының
есебінен еңбек шығындарының үлестік қысқаруы,%.
«Үстеме шығындардың қысқаруы» элементіне
ерекше мән беру керек. Осы мақсатта үстеме шығындарға
смета құрылады және құрылыс-монтаждық жұмыстардың
сметалық құнында қарастырылған үстеме шығындардың
мөлшерімен салыстырылады. Үстеме шығындарды әзірлегенде
ұйымды- өндірістік және шаруашылық шаралар арқылы
үнемдеу есебімен сметаның бөлек бабы бойынша олардың қысқаруы
есепке алынады. Сонымен қатар, қосымша еңбекақы төлемі еңбек бойынша жоспардың
мәліметтер негізінде анықталады, ал әлеуметтік сақтандыруға
кеткен шығындар әлеуметтік сақтандыру аударымының
бекітілген мөлшерлемесі және еңбекақы төлем қоры
арқылы анықталады; жұмысшыларға медициналық қызмет
көрсету бойынша шығындар арнайы есептеулер негізінде анықталады;
уақытша тетіктер мен құрылғылардың тозуы
бекітілген тозу нормалары негізінде есептеледі. Үстеме шығындар
сметаларын құру бойынша есептеудің қосымша негізделуі үшін
базистік жылды жоспарлы кезеңмен салыстырғанда құрылыстың
ұзақтылығын төмендету және құрылыс-монтаждық
жұмыстарының көлемін өсіру арқылы үстеме шығындарды
үнемдеп есептеу жүргізіледі.
Құрылыс ұзақтығын қысқарту үстеме
шығындардың шамасын төмендеуіне алып келеді, ол мына формула
бойынша анықталады:
(4)
мұнда,
Сп –
құрылыс ұзақтығын қысқарту есебінен
алынатын өзіндік құн;
Кп –
үстеме шығындардан тұратын шартты айналым үлесі (құрылыс
ұзақтығына байланысты);
Нн.р
– үстеме шығындар мөлшері,
%;
Тпл,
Тн – құрылыстың
жоспарлық және нормативтік ұзақтығына сәйкес.
Сметамен
салыстырғанда өндіруді өсіру үстеме шығындардың
мөлшерін төмендетеді, ол мына формула бойынша анықталады:

(5)
мұнда,
Сп – сметамен салыстырғанда өндіруді өсіру
есебінен алынатын өзіндік құн;
Кв –
өндіруге байланысты үстеме шығындардың үлесін анықтайтын
коэффициент;
Нн.р
– үстеме шығындар мөлшері,
%;
Впл –
жоспар бойынша бір жұмысшының орташа өндіруі;
Всм –
смета бойынша бір жұмысшының орташа өндіруі.
Жұмысшының
негізгі жалақысының үлесті салмағын төмендету арқылы
үстеме шығындар деңгейін төмендетеді, оны мына формула
бойынша анықтайды:

(6)
мұнда,
Сз –
негізгі жалақысының үлесті салмағын төмендету арқылы
үстеме шығындар;
Кз –
негізгі жалақысының үлесті салмағына байланысты үстеме
шығындардың үлесін анықтайтын коэффициент;
Нн.р–
үстеме шығындар мөлшері, %;
Зпл –
жоспар бойынша негізгі жалақысының үлесті салмағы;
Зсм –
смета бойынша негізгі жалақысының үлесті салмағы.
Соңғы
үш формуланың құрамына кіретін Кп , Кв ,
Кз коэффициенттері әрбір
құрылыс ұйымының ерекшеліктері арқылы анықталады
[4].
Сонымен қатар, кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігін және табыстылық деңгейін жоғарылату,
әр түрлі қызметтерге бағалар деңгейін төмендету
арқылы логистикалық қызметтің тиімділігін жоғарылату
жолдарын қарастырады.
Құрылыстық
кешендегі кәсіпорынның логистикалық шығындарын талдау және
жоспарлау кезінде келесідей логистикалық жүйелердің қызмет
ету тиімділігінің негізі көрсеткіштері қолданылуы мүмкін:
- логистикалық шығындарды
бағалау кезінде қолданылатын және олардың шығындарының
жеке баптары мен буындары бойынша көлемдер шығындарының
абсолютті сомасы;
- логистикалық шығындар
сомасының сату көлеміне пайыз түрінде қатынасымен
есептелген жалпы көлем және бөлек баптар бойынша логистикалық
шығындардың деңгейі;
- үнемділік – ең
аз шығындарда белгілі бір нәтижеге жету (минимизациялау қағидасы)
немесе шығындардың берілген мөлшерінде нәтижені қамтамасыз
ету (максимизациялау қағидасы);
- есептік (жоспарлы) кезеңнен сату немесе сатып алу мөлшерін
осы кезең бойынша логистикалық шығындарға қатынасымен
есептелген және тұтынылған ресурстарды қолдану
тиімділігі;
- қызметтік салалары бойынша логистикалық шығындардың
деңгейін сипаттайтын шығын сыйымдылығы.
Сондықтан, құрылыста
еңбек ресурстарын қолдану тиімділігін жоғарылатудың
резервтерін үйрену мақсатында еңбек ресурстарын пайдалануда
анық, жан-жақты талдаулар жүргізу керек және осының
негізінде оларды қолдану бойынша тиімділікті жоғарылатудың
шараларын ұсыну қажет.
Құрылыс компаниялар қызметтерінің
жетік рентабельді қорытындыларын қамту және тәуекел факторлар есебімен қолжетерлік тұрғын
үй саясатын тұрақты жүргізудегі негізгі инструменттердің
бірі бір-біріне байланысы жоқ әр түрлі объект капиталы
арасындағы инвестициялық құралдарды әртараптандыру
болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Потапова Л. И. Анализ критериев надежности
строительных организаций, использемых при проведении подрядных торгов //
Экономика строительства. – 2010г. - №7.
2. Чубаков Г.Н.Стратегия ценообразования в
маркетинговой политике прекдприятия,- М.: Инфра – М, 2006.-214 б.
4. Құрылыс кешенің жағдайы, болашағы мен негізігі даму бағыттары // «2020
стратегиялық жоспар: көшбасшылыққа қазақстандық
жол» атты жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының Х
Сәтбаев оқулары халықаралық ғылыми конференция
материалдары. – Павлодар, 2010. - Б.138-143