Экономические
науки/10. Экономика предприятия
экономика
магистрі Смагулова Ж.Б., э.ғ.к. Мұханова А.Е.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ӨНІМНІҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігі – тауарлардың тұтынушы
қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын
және осының арқасында нарықта өз орнын табуы.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының
талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз
ететін өнімнің қасиеттері.
Бәсекеге
қабілеттілік тауардың нарық жағдайына,
тұтынушының қажеттілігіне тек сапалық,
техникалық, экономикалық, эстетикалық сипаттамалары бойынша
ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің
басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі, өткізу
жолдары, қызмет көрсету, жарнама) байланысты болатын көп
аспектілі түсінік[1].
Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары:
1.Негізгі
құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты
және оның сапасына көп көңіл аударылады.
Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы
қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен
байланысты екенін көрсетеді.
2.Екінші
құрауышы өнімді сату мен қызмет көрсетуге
байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен,
бірақ сенімді және қымбат емес қызмет көрсететін
тауарды таңдайды.
3. Үшінші
құрауышы бұл тұтынушыға, субъективті фактор
ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетін факторлар.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің
мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында
нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге
келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге
кабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көруге болады
(сурет 1).
Өнімнің сапасы Тұтынушылардың талғамы Өнімнің тұтынушылық құны Төлем қабілетті сұраныс Өндіріс шығындары Өнімнің бағасы Аналогтар Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Сурет
1.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
қалыптасуының механизмі
Сонымен катар,
өнімнің бәсекеге қабіліттілігің негізгі
құрама бөлігі болып есептелетінэксплуатация уақытына
тұтынушының шығын деңгейі жатады. Басқаша
айтқанда бәсекеге қабілеттілік – нарықтағы
табысты анықтайтын тауардың тұтынушылық және
құндылық (бағалық) сипаттамаларының кешені
болып табылады. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері
тұрғандықтан, сәйкесінше бәсекеге қабілетті
кәсіпорындар мемлекеттің негізі деп айтуға болады.
Бәсеке
сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде
микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын
көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар
өндірістік қорларын тиімді қолданудың
көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі
(шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың
балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф
кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) деп бөлеміз.
Қазіргі
әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс
әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып
келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар
кақтығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ
соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке
алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда
тауардың тұтынушылық құнын арттырады.
Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың
бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері:
тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық
стандарттарға сәйкес келуі және басқалары[2].
«Абзал және
Компания» толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы саласындағы
серпінді дамушы компаниялардың бірі болып табылады. Күріш
өндіруде жетекші қазақстандық күріш
өндіруші компаниялардың үштігіне сенімді түрде енеді.
Абзал және Компания толық серіктестігі Қазақстан мен
ТМД мемлекеттерінің барлық өңірінде елеулі өсімін
көрсетіп, нарықтағы ұстанымын нығайтуды
жалғастыруда.
«Абзал және
Компания» толық серіктестігі күріш индустриясының
қазақстандық нарықтағы танылған
көшбасшылардың бірі ретінде атағын табысты пайдаланып келеді:
· 19 жылдан астам уақыт күріш нарығында;
· Әлемдік стандартты өнімдер өндіруде;
· Жоғары сапалы көлік қызметін көрсету;
· Әлемнің онннан астам еліне экспортқа шығару;
· Өнімдерді ТМД-ның 12 000 000-нан астам
тұтынушыларды тұтынады;
· 130-дан аса жоғары білікті мамандар[3].
Компания өз қызметін
күріш сатудан бастады. Күрішті өз егістігінде өсіру
және өз зауыттарында ақтап өндіру дәрежесіне
дейін көтерілді. Компанияның
басты құндылығы – сапалы өнім өндіру үшін
үздікссіз күрес арқылы жылдар бойы жинақталған
ерекше бірігей білім мен тәжірибе, өндірістің
тұрақтылығын жоғарылату және
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын
дамыту.
Бұл
артықшылық - «Абзал
және Компания» толық серіктестігінің сапалы
өнімінің жемісі. Компания өз бәсекелестерінен әр
қашан бір қадам алда және тұтынушыларына ең
жақсы өнім ұсынады.
Күріш
өнімінің сәйкес келу шарт деңгейі неғұрлым
жоғары болған сайын соғұрлым оның
қанағаттану деңгейі де жоғары болады. Күріш өнімі сапа
көрсеткіштерінің маңыздылығын анықтау мақсатында
тұтынушыларға 5 балдық шкала бойынша сапа критерийлерін
бағалау үшін сауалнама ұсынылып, олардың
маңыздылығы анықталды. Өнімнің сапалық
және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша
анықтау тұтынушылардың сараптамалық бағалау
мәліметтерімен жүргізіледі. Әрбір көрсеткішке
тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең
төменгісі 1 балдан, ең жоғарғысы 5 балға дейін)
топтастыру арқылы орташа мән алынады және маңыздылық
коэффициенттері белгіленеді.
Берілген
талғамды зерттеу бағыты респонденттермен Лайкерттің 5
баллдық шкаласымен бағаланды, мұнда “1”- өте нашар,
“2”- нашар, “3”-қанағаттанарлық, “4”- жақсы, “5”-
өте жақсы және 3 балды маңыздылық шкаласымен,
мұнда “1”- онша емес, “2”- маңызды, “3”- өте маңызды.
Ұсынылған әдістемеге сәйкес
есептелген нәтижелерді 1-кестедегі мәліметтерден көруге болады.
Кесте 1
Сатып алушы респонденттердің сапа критерийлерін 1-5
балдық шкаламен берген бағалары
|
№ |
Критерийлер |
Респонденттердің критерийлерді маңыздылығына байланысты
бағалауы бойынша есептелген орташа балдар |
|
1 |
Дәмінің
ерекшелігі |
5 |
|
2 |
Экологиялық
тазалығы |
5 |
|
3 |
Тағамдық
құндылығы |
4,7 |
|
4 |
Әзірлеу
жылдамдығы |
4,5 |
|
Ескерту - Сауалнама нәтижелері бойынша автормен
жасалған |
||
Кестеден көріп отырғанымыздай,
тұтынушылар үшін бірінші күріштің экологиялық
тазалығы, екінші дәмінің ерекшелігі мен тағамдық
құндылығы, үшіншіден әзірлеу жылдамдығы
маңызды болды.
Әрбір
күріш өнімі үшін орама безендірілуімен, сапасымен,
жаңалығымен, орап өлшеу көлемімен және
өнімінің бағасымен қанағаттану деңгейімен
орташа мәндері есептелінген болатын. Және әрбір шарт бойынша
орта квадраттық ауытқулар есептелінген болатын. Нольдік
мәндер респонденттердің берілген шартты сәйкес баллға
бағаламайтындығын көрсетеді.
Компания өз
өнімдерін 5, 10, 20, 25 килограммдық қаптарда «элита»
және «bibo» брэндтерімен нарыққа шығарады.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі –
кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын
іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап
алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық
бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа
ұтымды жағдай жасауына негіз
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Конкурентноспособность
национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. Под.редак. О.Сабдена.
Алматы, 2007 г.
2.Өтешова А.К. Кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру механизмдері // Қазақстанның
ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
халықаралық ғылыми семинар материалдары-2010ж.
3.«Абзал
және Компания» ТС – нің соңғы үш жылдық мәліметтері