Алимбекова
Ж.Д. магистрант группы МПМЕН-14-1
КГУТИ имени
Ш.Есенова
Кәсіпорынның
өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның өндіріс
сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі
факторларына тоқталу.Кәсіпорынның өндіретін өнімнің
күрделігіне байланысты бөлінуін қарастыру.өндірістік
үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша бөлінуі
қамтылады.өндірістік үрдісті ұйымдастыруға
бағынышты болатын қағидаларды талдау.өндірісті
ұйымдастырудың негізгі әдістеріне
тоқталу.Кәсіпорынның ұтымды өндірістік
құрылымын құру. Кәсіпорындардың
өндірістік құрылымының түрлеріне және
кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың түрлеріне
толығымен қамтылады. өндірістік құрылымды
жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтеді.
1. өндірістік
үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі.
өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың
дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке
еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.
өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның
және оның өндірістік бөлімшелерінің
құрылуына тікелей әсер етеді.
өндіріс
сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі
факторларына еңбек құралдары ( машиналар,
құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.),
еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және
еңбек күші, яғни адамдардың белгілі
мақсатқа бағытталған қызметі жатады.
Кәсіпорынның
өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және
күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді.
Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір
түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын
өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді
жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп
бөлікті өнім дайындалады.
Технологиялық операция деп
бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір
еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің
бөлігін айтады.
Жұмыс орны деп
жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын
өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін
қажетті барлық құралдар және техникамен
жабдықталады.
Өндірістік
үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және
қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек
затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы
түрі, оның құрамдас бөліктерінің
өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер
жатады.
Көмекші үрдістер негізгі
үрдістердің үздіксіздігін
қамтамасыз етеді.Оларға
мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал
дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау
және т.б. жатады.
өндірістік үрдістерді ұтымды
ұйымдастыру қағидаларын
екі категорияға
бөлуге болады:
- Жалпы
нақты мазмұнына байланысты болмайды
- Арнаулы,
нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Уақыт
бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік
үрдісті ұйымдастыруға бағынышты
болатын қағидалар:
- Мамандыру
қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары
және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің
арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын
көрсетеді
- Паралельдік
қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты
өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір
уақытта орындалуын білдіреді
- Пропорционалдық
қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты
бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі
тең еңбек өнімділігімен сипатталады
- Тұра-дәлдік
қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай
фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді
алуға дейінгі қысқа қозғалыс жлдарымен
жүруін айтады
- үздіксіздік
қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс
істеуді талап етеді
- Ыңғайластыру
қағидасы, барлық өндірістік үрдістің
автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына
зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға
бағытталады.
Өндірісті
ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық, партиялық
және бірлік.
2.Кәсіпорынның
жалпы және өндірістік құрылымы. өндіріс деп нарықтың
дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық
игіліктерді дайындау
үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен
тұрады:
- ұтымды
жұмыс немесе еңбектің орындалуы
- Адамның
ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
- Еңбек
заттарын өзгертуге қажетті еңбек
құралдарының қатысуы.
өндірістік
бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету
орындары, кәсіпорындарды
басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен
байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер
саны мен құрамы, өнімді
өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның
жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның
ұтымды өндірістік құрылымын құру
келесі тәртіппен
жүргізіленеді:
а )
кәсіпорынның цехтар құрамын және оның
берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын
анықтау
б ) әрбір
цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік
алаңдарын есептеу
в )
кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау
жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен
өзара байланысын жоспарлау
г )
өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек
заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын
белгілеу және т.б.
өндірістік бөлімшелерге –
цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, текскру
жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай
фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және
бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті
запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті
өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.
Ағындық жүйе - өндірісті
ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық жүйе
бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына
әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру
арқылы құрылады.
Кәсіпорынның
өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке
өндірістік үрдістердің өзара байланысты
бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне
қарай бөліну жүйесін анықтайды.
3.Өндірістік құрылымның түрлері.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының
үш түрі бар.Олар заттық, технологиялық және
аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның
негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің
әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе
бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық
құрылым көп жағдайда көп сериялы және
жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады.
Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын
дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде –
аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Технологиялық құрылым өндірістің
технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: оған
құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру
цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік
құрылымның мұндай түрі цехты
басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді,
жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір
номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезіндеөндірісті
қайта құруда жеңілдік туғызады.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым
бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі
заттық, әрі технологиялық қағидаға
негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы:машина жасау
кәсіпорындардағы жалпы өндірістің дайындау цехтары,
технологиялық қағидамен,
механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида
бойынша орналастырылады.
4.
өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары.
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік, сериялық және жаппай болып
үш түрге бөлінеді.
Бірлік (жеке) өнім өндіретін
өндірісте тек өнімнің жеке
түрі ғана өндіріледі.Әрбір өнімді дайындау
оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшілігіне қарай
ұйымдастырылады.
Жаппай өндірісте өнім
көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай,
қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен
өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.
Сериялық өндірісте өндірелетін
өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген
серияға бейімделіп ұйымдастырылады.Сериялық өндіріс
серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке
бөлінеді.
Өндірістің шоғырлануы немесе
кәсіпорындардың іріленуі, яғни
өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы
ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, машина
қуаттарының өнімділігінің өсуімен, басқару
техникасының жетілдіруімен, өндірілетін өнім
көлемінің өсуімен тығыз байланысты.
Өндірістің
шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен
анықтауға болады:
- Кәсіпорынның
шамасымен
- Ірі
кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес
салмағымен.
Тік шоғырландыру –
бұл бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді
өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің
шоғырлануы.Тік шрғырландыру-өндірістің
шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану-
өзара технологиялық байланыспаған өндірістерді
білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен
кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға
шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы-
капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни
қосымша құнның бір бөлігінің
капиталға айналуы.
өндірістің шоғырлануы- өндірістің
ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында
көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы-
белгілі бір обьектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару
функцияларының жинақталуы.
Мамандандыру-кәсіпорынның
негізгі қызметінің белгілі-бір өнімнің, тауардың
және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
Маманданудың
үш нысаны бар:
- Заттық
- Бөліктік
- Технологиялық
(сапалық)
Кооперациялау деп белгілі
бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы
ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар
жиынтығын айтады.
Кешенділеу – бір
фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп
салаларының кәсіпорындарынүйлестіру.
Кешенділеу
келесі белгілермен сипатталады:
- әр
түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі
- өндірістің
техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы
- энергетикалық
жүйенің бірлігі
- бір
аймақта орналасуы
- негізгі
өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің
орталықтандырылған қызмет көрсетуі
- басқару
бірлігі.
Қазіргі
кезде кешенділеудің бағыттарына мыналар жатады:
- өнімді
өндіру сатыларының үйлесімділігі
- шикізатты,
мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу
- қалдықтарды
тиімді пайдалану (ағаш өңдеу комбинаттары).
5.Өндірістік құрылымды жетілдіру
жолдары. өндірістік жетілдірудің негізгі факторларына
мыналар жатады:
1. Өнім
көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын,
оның өндірістік цехтарының саны көп болмақ,
ағындық жүйе күшті және мамандандырылған
цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда
көп болады.
2. Пайдаланылатын
материалдардың сипаттамасы. өндірістік үрдістің
орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен
материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда
өндірістік құрылым да күрделі болады.
3. өндірісті
шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен
нысандары.
4. Қолданылатын
техника, технология және өндіріс пен еңбекті
ұйымдастыру нысандары.
1. Өндіріс –
қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін
қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс.
Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек
заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын жұмыс
процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады.
(Еңбек құралы – техникалар өндіретін; Еңбек заты
– шығарылатын өнім.)
Кәсіпорынның құрылымы:
өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді
өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың
өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік
құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның
дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің
іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік
құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек
бөлінісін сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік
құрылымының басты элементі – жұмыс орны, учаскерлер,
цехтар саналады. Кәсіпорынның құрылымын
қалыптастыру сыртқы (салалы, аймақтық) және ішкі
(өнімнің мөлшері мен сипаты, кәсіпорынның негізгі
қорларының ерекшеліктері т.б.)факторларына байланысты болады.
Өндірістік құрылымға
әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің
түрі мен сипаты, мөлшері; Өндірістің ауқымы
(көлемі); Кооперациялау деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық
құрылымы –бұл құрамы және оның
ұйымдық бірлік мөлшері(жұмыс
орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және
өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын
бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік
құрылымының негізгі бөлігі болып цех саналады.
Кәсіпорында айналым қаражат
құрылымы тұрақсыз және көптеген себептерден
өзгеріп те отырады. Әрбір нақты
кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың
құрамы мен құрылымы өндірістің сипаты мен
күрделілігіне, өндіріс кезеңінің
ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б.
байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының
үлес салмағы кәсіпорынның өндіріс
қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы: Ауыр өндіріс
кәсіпорынында жеңіл өндіріске қарағанда ол
төмен. Кәсіпорындарда
айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының
қажеттілігін анықтаужәне олардың құрамы мен
құрылымын, қалыптастыру көздерін табу және оларды
реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері
құрамына шикізат пен негізгі материалдар отын, қосалқы
материалдар, тез тозғаш аспаптар және басқа да еңбек
заттары кіретін айналым қаражатын орынды пайдаланудың есебінен
өндіріс шығындарын одан әрі төмендету болып табылады.
Қолданылған
негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының конститутциясы, - Алматы 1998ж.
2. “Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті
халық үшін” деген Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауы – Егемен Қазақстан 19 наурыз 2004ж.
3. Қазақстан
Республикасы “Инвестициялар туралы” Заңы Егемен Қазақстан 28
ақпан 2003ж.
4. 2010 жылға дейін
экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының
стратегиялық жоспары. Егемен Қазақстан 2001ж.
5. 2003 – 2015
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
индустриялық – инновациялық даму стратегиясы.
6. Бизнес каталог
промышленности РК – Алматы Казинформ центр 1995г.
7. Омаров Б.Р. Омаров К.Т.
Организация и методалогия регионального планирования социально –экономического
развития. Уч. Пособие, Алматы Экономика 2010г.
8. Зайцев Н.Л. Хей.Д.Моррим Д.Теория
организаций промышленности в двух томах. Экономическая школа, 2009г.