Абдиева С.Р.

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

 

Маңғыстау облысының инвестициялық потенциалын бағалау

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық  құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену - иелену мерзімі бір жылға дейін; 
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал, капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:

1.     Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы; 

2.     Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы; 

3.     Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі; 

4.     Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы; 

5.     Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Маңғыстау облысының негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың 1 жарты жылдығында 214,9 млрд. теңгені немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 23,1%-ға артық құрады.

 

Описание: adad21287a5790823e388c1191711d1d.PNG

Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (79,1%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (74,1%), көлік және қоймалау (8,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (7,2%) алады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі меншікті қаражат есебінен 182,4 млрд. теңгені немесе 84,9%, шетелдік инвестициялар есебінен – 1,7 млрд. теңгені (0,8%), қарыз қаражат есебінен – 16,4 млрд. теңгені (7,6%), бюджет қаражаты есебінен – 14,4 млрд. теңгені  (6,7%) құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша облыс (361,1 мың теңге) республика өңірлері арасында екінші орында тұр (ҚР бойынша орташа алғанда – 144,1 мың теңге).

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға ерекше назар аударылуда.

Бүгінге күнге елдің Индустрияландыру картасына Маңғыстау облысы бойыншажалпы сметалық құны 243 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 6,3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын 31 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 193,8 млрд. теңге болатын және жаңадан 6,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 29 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 221 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді.

2014 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР Президентінің қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында жаңа өндіріс – «Каспий Цемент» ЖШС пайдалануға берілді. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент өндіру.

2014 жылдың 2 жартыжылдығында сметалық құны 22 млрд. теңге болатын және жаңадан 463 жұмыс орны құрылатын 11 жобаны аяқтау жоспарланған, оның ішінде:

1)«Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС;

2) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ҮСК» ЖШС;

3) «№31 топтық өлшеу қондырғысының құрылысы»;

4) «Бес жылжымалы гелеполимерлік қондырғыны пайдалануға беру» «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ;

5) «Газ жетегі бар БНСС салу» «Қарақұдықмұнай» ЖШС;

6) «Электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясын салу»» «ТасболатОйлКорпарейшн» ЖШС;

7) «Қаламқас кен орнында 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясын салу және пайдалануға беру» «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;

8) «Әктас ұнтағының өндірісі» «Атамекен» ЖШС;

9) «Үй салу комбинатының құрылысы» «ДИС» ЖШС;

10) «Минералды цех салу» «Шетпе Сулары ЛТД» ЖШС;

11) «Жетібай ауылының ауданында киім тігетін және химиялық тазартатын цех салу» «Жанарыс» ЖШС;

2015 жылы жаңадан 987 жұмыс орнын құрумен 30,6 млрд. теңге сомасына 5 жобаны аяқтау жоспарланған.

 

Әдебиеттер тізімі

1.     www.szh.kz

2.     www. mangystau.gov.kz