Ерденқызы Ә.,
магистрант
ЕНУ им. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
Кез-келген
басқару жүйесі ақпараттық
қамтамасыздықтың сәйкесті жүйесін қажет
етеді. Ақпаратты жинақтау, өңдеу, жалпылаудың ең негізгі механизмі бухгалтерлік есеп болып
табылады.
Шаруашылықтың қазіргі
жағдайына кәсіпорының күрделі экономикалық механизмімен дер кезінде және шынайы экономикалық ақпаратты
нақты түрде беретін бухгалтерлік есеп жүйесінсіз мүмкін
емес.
Шаруашылық
қызметті жүргізгені туралы
бастапқы берілгендер бухгалтерлік есепте
қаржылық ресурстардың жекелеген түрлері, олардың
қайнар көздері немесе пайда болған міндеттемелердің
жағдайы туралы көптеген ақпататтық көрсеткіштерді
қалыптастырады.
Бухгалтерлік
есепте жүргізілген жекеленген
фактілер туралы берілгендерді кәсіпорынның шаруашылық
қызметі туралы және оның нәтижесі жайлы
ақпаратқа жүйелендіреді.
Экономикалық
ақпарат жүйесіндегі басқау функциясына байланысты нормативті,
жоспарлы, есептік және талданатын ақпарат болып бөлінеді.
Әрбір
шаруашылық операция - бұл орындалатын орны, уақыты және
басталуы мен аяқталуы нақты белгіленетін процес.
Шаруашылық
операцияларды жүзеге асыру үшін еңбек пен энергия
жұмсалады және материалдық
ақшалай ресурстар шоғырландырылады. Бухгалтерлік
есептің объектісі болып
аяқталған шаруашылық операция табылады. Шаруашылық
операция туралы берілгендерді қарастырып, оларды жалпылауда бухгалтерлік
есеп шаруашышылық реурстар мен
шаруашылық процесстердің үздіксіз қозғалысы туралы ақпаратты құрады.
Сонымен
бухгалтерлік есеп – бұл жалпы, үздіксіз, экономикалық табысты
бақылау мақсатында және оның дамуына әсер
етуде фактілер мен құбылыстарды
құжат жүзінде бейнелеу.
Бухгалтерлік
есептің мақсаты болып сыртқы пайдаланушыларды толық
және шынайы ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан
Республикасында бухгалтерлік есеп
пен қаржылық берудің
жүйесінің мемлекеттік реттеуін
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі нормативтік
реттеудің келесі деңгейлері бар:
-
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы»
ҚР –ның 2007 жылдың 28 ақпанындағы №234 III
Заңы. Қаржылық есеп беруді дайындау процесінде және
ішкі бақылау мен сыртқы аудит бойынша талаптарды, оны пайдалану
кезінде сақталуға тиіс есептің негізгі принциптері мен жалпы
ережелерін белгілейді.
-
Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары мен
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары.
-
Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті
реттейтін «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР-ның Заңы
қабылданған 20.11.1998ж №304 -1 (ҚР-ның Заңы
өзгертулерімен 05.05.2006ж №139
–III).
3.
Бухгалтерлік есеп пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкесті
қаржылық және басқару болып бөлінеді.
Қаржылық
есептің басқа есептерге қарағанда өз
ерекшеліктері бар, яғни:
-
құжатпен негізделген;
-
үздіксіз және көлемі бойынша жалпы берілгендерді
өңдеудің өзіне тән ерекше тәсілдерін
қолданады (бухгалтерлік шоттар, екі жақты жазу,
қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс).
Қаржылық
есеп –шаруашылық операцияларды тіркейтін және бухгалтерлік
рәсімдеуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар
қаржылық есеп беруді құрудағы есеп
ақпаратын жинайтын жүйе.
Қаржылық
есеп берудің берілгендерін шаруашылық ішінде және
пайдаланушылар қолданады (инвесторлар, кредиторлар, банктер, акциялар,
салық және қаржы ұйымдары).
Басқару
есебінің функциясы болып өндіріске жұмсалған
шығындар, өнімнің өзіндік құны туралы
берілгендерді жинап, оларды өңдеу. Бұл ақпарат
субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады
және сәйкесті басқару персоналына арналған ішкі
пайдаланудан ақпарат.
Нарық
жағдайында күнделікті барлық дәрежедегі
басқаруға арналған жедел ақпараттың маңызды
көлемін қаржылық есеп бере алмайды.
Басқару
шешімін кәсіпорындарда дайындау және оны жүзеге асыруда
жоспарлы, нормативті, технологиялық, есептік, жалдауға
сүйенеді. Бақылау мен реттеу жедел есептің нақты
берілгендері мен жоспардың негізінде жүзеге асырылады.
Басқару
есебі бухгалтерлік есептің жалпы жүйесімен ХХ ғасырдың
40-50 жылдары юөлініп шықты. Бұл кәсіпкерлік
қызметтің тиімділігін арттыру мәселесімен байланысты.
Басқару есебі өзіне тән
әдістер, тәсілдер мен принциптерді қолданады.
Бухгалтерлік
есеп – бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең
басты, негізгі бөлігі.
Қазіргі
уақытта барлық кәсіпорындар жекеменшік формасы мен
бағыныштылығына байланыссыз түрде әрекеттегі
заңға сәйкес шаруашылық операциялар мен
мүлкінің бухгалтерлік есебін жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік
есепке алудың басты мақсаты талдау, түсінік беру және
кәсіпорынның даму бағытын анықтауға,
басқару шешімін қабылдау үшін түрлі баламалы
мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып
табылады.
Шаруашылық
құралдары мен олардың қорлану көздерінің
қалыптасуын, қозғалыс күйін басқару және
бақылау мақсатындағы баланстық әдіс арқылы
шаруашылық операциялар жүйесін жинақтап зерттейтін
ғылымды – бухгалтерлік есеп дейміз. Бухгалтерлік есептің негізгі
бағыты – есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп
құжаттарының қарапайымдылығына, оның
көрсеткіштерінің халықпен орынды пайдалана білуіне
қарай жүргізіледі.
Бухгалтерлік
есептің ерекшілігі, ол тек қана бастапқы және арнайы
құжаттарға жазылып, тіркелген нақтылы
көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Шаруашылық
операцияларының тиімділігі мен олардың заңдылығы,
шығындардың орынсыз жүмсалынбауы, шығындардың
үнемділеп орынды жұмсалуын қатаң бақылау
бухгалтерлік есеп маңыздылығына жатады.
Бухгалтерлік
есептің негізгі мақсаты - әрбір кәсіпорындарға
тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға
қажетті ақпарат мәліметтермен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік
есептің негізгі мақсаты мен міндеті – барлық
кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке
алынып, олардың қазіргі күнгі талаптарына сай орындалуына,
жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық
дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген
кәсіпорында, өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану,
бөлу үдерістерімен айналасу барысында жүргізілгендігі бүгінгі
таңда дәлелденіп отыр.
Бухгалтерлік
есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп
жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының
барысында қолданылатын, толтырылатын құжаттардың
қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің
пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік
есептің басты ерекшелігі, ол тек қана бастапқы және
арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы
көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерлік
есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын
жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы,
ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда)
табуы жатқызылады.
Жан-жақты
және аса күрделі, көпсалалы халық шаруашылығын
тиімді экономикалық жолдармен басқару, әрбір
шаруашылықтар мен мекемелердің, кәсіпорындардың бір
орталыққа жинақталып отыруы үшін әр түрлі
есеп турлері қажет.
Мүндай
есептерге :
· Оперативтік жедел есеп;
· Бухгалтерлік есеп;
· Статистикалық есеп
жатады.
Оперативтік
есеп әр түрлі шаруашылық қызметтер мен
процестердің орындалу жузеге асырылады. Оперативтік жедел есеп
мәліметтерін кәсіпорынды күнделікті басқару үшін
қолданады (өнімділікті, өнім өндіруді, оны өткізу
мен жөнелтуді және т.б.есептеу). Оперативтік есеп уақыт
жағынан үздік болып
табылады (участке, цех, қойма, бөлім).
Бухгалтерлік
есеп арқылы барлық
кәсіпорындар бойынша қолда бар материалдар мен олардың
жұмсалуын, ақша қаражаттарының қозғалысын,
кәсіпорындармен есеп айырысудың дәрежесін,
өнімнің өзіндік құнын, негізгі
құралдарын тиімді пайдалануын, жалға берілетін құралдар
мен мүліктердің дүрыс есебін, қаржы
қортындысының қалыптасуын, қорлануын, салық
өндірісінің есебін, мал санын, жер есебі, өндірілген дайын
өнімдерді жұмсау, қаржы түсіру нақтылы есебі жүргізіледі.
Статистикалық
есеп қоғам өмірінде болып жатқан
бүкілхалықтық, әлеуметтік және экономикалық
өзгерістердің барлығын, адамдармен табиғат
құбылыстарын есепке алып отырады. Статистикалық есеп
мақсаты бүкіл халық шаруашылығын дұрыс жолдармен
басқарып, реттеп отыру үшін қажетті мәліметтер
жүйесін жинап, өңдеп тиісті уақытында жоғары
органдарға тапсыру табылады.
Еліміз
бойынша экономика мен мәдени өмірдегі өзгерістер
жүйесін статистика пәні зерттейді.
Бухгалтерлік
есеп қатаң түрде тек қана арнайы ресми құжаттар негізінде
өз міндетін атқарады. Басқа есептерге қарағанда
бухгалтерлік есеп ерешелігі оның құжаттылығында.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
ҚР бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007ж
2.
Бухгалтерлік есепті
жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22
маусымдағы № 221 Бұйрығы,
3.
ҚР Қаржы министрлігінің 23.05.2007 жылы
№ 185 бұйрығымен бекітілген
бухгалтерлік шоттарының үлгілік жоспары