БІЛІМ БЕРУДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ
Айтжанова Р.М., Сахиева Г.Н.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Жаңа
педогогикалық технология, оның пайда болуы мен дамыу, түрлері
туралы әңгімелеудің алдында қазіргі білім беру жүйесінің
негізгі бағыттарына тоқталу
керек. Жаңа технологияны оқыту
процесінде пайдалану қажеттіліктен
туындады. Ғылыми-техникалық даму ғасырындағы жаңа
қажетті жағдайдың бірі – интеллектуалдық шығармашыл, гуманды жас ұрпақты
тәрбиелеу. Даму педагогикалық
оқыту процесінің негізгі, терең мағыналы мәніне
айналды. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – витогенді
технология.
«Витогенді»
сөзі латын тілінен аударғанда «өмір», «тіршілікке қатынасты
құбылыс» деген мағына береді. Витогенді технологияны оқыту
процесінде өте тиімді пайдалануға болатындығын ғылымда
дәлеледеген. Мұны голографиялық тәсіл деп
атайды. Голография – заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс.
Голография ұғымы ғылымға 1993 жылы енді. Одан әрі
голографиялық сана деген ұғым пайда болды.
Әр
жеке нәрсе – көптеген векторлар қозғалысының нәтижесінде
түзілген нүкте. Ал вектор дегеніміз – латын тілінен «тасушы» деген
мағынаны беретін, белгілі бір нүктеден келесі нүктеге бағытталған
түзу кесінді. Оның белгілі бір жылдамдығы, күші, мөлшері
болады. Ал, жеке дара нәрсе сол вектордың өзара тепе-теңдігінен
туындайды. Ой-вектормен бір жерге бағытталған энергияның қайталауы
не шағылуы деп түсіндіріледі. Голографияда кескіннің көлемі мен біртұтастылығы өте маңызды
[1].
Ғалымдар
голографиялық ситуация деген ұғымды да енгізді. Ол оқыту
процесінде оқытудың мазмұнын ең аз дегенде мақсатты
бағытталған үш проекцияның қосылуынан туындайтын
көлемді ашуға бағытталады.
Витогенді
проекция – жаңа материалды түсіндіруге
дайындық кезінде витогенді ақпаратты оқу процесінде
пайдалануын айтамыз.
І ІІ ІІІ
Оқушы білім оқытушы
Стереопроекция
–
мұғалімнен шығатын ақпарат, оны берген кезде витогенді оқушы ақпаратын пайдаланамыз.
Мұндағы
вектор: оқытушы білім оқушы.
Голографиялық
проекция
– кез келген қосымша білім көзінен шығатын ақпарат.
Голографиялық проекция: кітаптан, ақпараттан, ғылыми
деректерден, мамандармен кездесулерден, әдебиеттен және т.б.
алынады [2].
Голографиялық әдіс тек оқыту процесінде
ғана емес оқу процесінде де пайдаланылады. Бұл кезде де
проекциялар білім алуға негізделеді, бірақ векторлар түрліше
болады.
І-проекция – витогенді проекция тұрақты
болып келеді;
ІІ-проекция – стереопроекция әртүрлі
білім көздерінен алынған білім;
ІІІ-проекция – голографиялық проекция - әр
адамның ойлау мен танымдық қабілеті негізінде білім көздерінен
ойша білімнің үлгісін түзе алуы. Голографиялық
технологияның бірнеше түрлері бар:
1. Ретроспектрлік әдісті пайдалану. Ретроспектрлік
«өткенді пайдалану, қарау» деген сөз; өз тәжірибесін,
білімін оқу процесінде пайдалану. Бұл әдісоқушылардың
витогенді ақпаратының қорын, олардың білігі мен дағдысын
оқу процесінде қолдану арқылы қорытынды шығаруда
пайдаланады.
Бұл кездегі мұғалім қызметі оқушы
жауаптарының витогенді білімі мен
білігін берудегі білімдер арасындағы қайшылықтарын; дәл
келмейтін жерлерін; қабылдаудағы
қателіктерін ғылыми дәлелдемелерге сүйене отырып, оқушының
өмір тәжірибесіндегі білімнің маңызын ашып, оқушы
мәліметтерінің нәтижелігін көрсету керек
2. Оқушының алғашқы алған өмір
тәжірибесіндегі білімді өзектендіру әдісін пайдалану – бұл
арқылы жаңа қажеті білім алғанға дейін оқушының
қандай білім қорының бар екендігі анықталады.
Осы кездегі диагностиканы әр жеке оқушының,
тіпті біртұтас сыныптың ақыл-ой
потенциалын анықтауға, жаңа білім алуға бұрынғы
алынған білімді проблемалық ситуация туғызу үшін
пайдалануға болады. Бұл
кезде: «Сендер .... туралы не білесіздер?»
Мұндай әдіс мынадай жағдайларды туғызады:
оқушының жас ерекшеліктеріне қарай, қойылған мақсат
оқушының өмір тәжірибесін өзектендіреді; ол өзектендіру
түрі оқушының жас мүмкіншілігіне сай келуі керек; оқушының
витогенді тәжірибесін өзектендіру оқушыда жеңіске жету
жағдайы мен болашаққа сенімді қарауға үйретеді.
3. Білім беруде алдын ала беру, озық проекциялар тәсілі
– бұл тәсілді қолданған кезде оқушыға жоғары
талап қойылды.
Оны қолданғанда оқушыларға:
«Сендер енді жаңа затпен, не құбылыспен танысасыңдар»,-деп
айтылмайды, оның орнына «Мен құбылыс, не зат туралы әңгімелеймін,
ал сендер ол туралы естіген, көрген, не онымен кездескен болсаңдар,
естеріңе түсіріңдер»,-деп айтылады. Мұнда мұғалім
білім беру проекциясына витогенді қосады. Бұл тәсілдің
маңыздылығы да осында.
4. Білім беруде аяқталған қосымша үлгіні
қарастыру әдісі – бұл әдісті витогенді білімді өзектендіру
ғана емес, оқушының шығармашылық мүмкіндігін,
өз қабілетін көрсету мақсатында пайдаланады.
Әдісті пайдалану барысында мұғалім оқушыға
аяқталмаған идея не құбылысты, шығарманы береді,
оқушы оны өзінің өмір тәжірибесін пайдалана
отырып, аяқтауы, мазмұнын толықтыру керек.
5. Уақытша кеңістік, мазмұнды синхронды
білім беру беру проекцияларын пайдалану әдісін дидактикалық
материалдық деректер,
Оқулықтар, құбылыстар және
процестер арасында уақытша кеңістік, мазмұнды байланысты ашу үшін
пайдаланады.
6. Витогенді білімге ұқсас проекцияларды білім беруде пайдалану әдісін пайдаланған кезде мұғалім
оқушыға өмірдегі кездескен жағдайларды ұқсастандырып
беру арқылы оның білім алуға деген құштарлығын
өзектендіреді.
7. Тірі табиғат пен өлі табиғат
обьектілерін жандандыру тәсілі – мұндағы негізгі мақсат:
тірі және өлі табиғат обьектілеріне адамға тән қасиет
бере отырып, оның маңызын тереңдеп ашу. Бұл
технологияның ерекшелігі оқушының өзі үш
проекцияны: 1-витогенді (оқушының өзінен),
2-стререопроекциыны (оқытушыдан), 3-голографиялық (сырттан)
проекцияларын бірден қамтиды.
8. Білім беру проекциясының шығармашылық синтез
технологиясы. Бұл әдістің маңызы білім беру обьектісі
голографиялық шығармашылық, интеграцияланған проектісі
түрінде беріледі.
9. Білім беру обьектісін мінсіз шығармашылық үлгілеу
технологиясы – мұнда оқушыға білім беру обьектісі жөнінде
мінсіз үлгі түрінде қиялдай алуға мүмкіндік
береді. Бұл кезде ол витогенді тәжірибе мен оқу процесіндегі
ақпаратқа сүйенеді. Бұл проектіде екі проекция
(витогенді, стреопроекция) ғана құрастырылады. Ал мінсіз үлгі
дегеніміз – еш кемшіліксіз, ойша, жорамалдау арқылы, нақты өмірден
бөліп қарастырылатын, автордың негізгі идеясын көрсете
білуі [3].
Сонымен витогенді технология негізінде оқушы өз
білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашылық
мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағы
байланысты көрсете алады, проект түзе алу мүмкіндігі
туындайды, қиялдай алатын болады. Осылайша оқушы алдына қойған
мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.
Кез келген педагогикалық технологияның
философиялық және әдістемелік негізі болды. Қазіргі
кездегі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста
теп-теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталады. 1994 жылы күшіне енген «Балалардың құқығы
туралы конвенцияда», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы» заңда көрсетілгендей, мемлекет жас ұрпақтың
білім алуына әр азаматтың жалпы азаматтық өзіндік сана
сезімі қалыптасқан белсенді қоғам мүшесі болуына,
оған қажетті, сапаларды игеруіне, қазіргі заманғы
технологияларды пайдалануына мүмкіндік туғызады [4].
Бірақ кейбір педагогикалық оқыту
технологиялары әдістемелік және білімдік сипатқа ғана
бағытталады. Педагогикалық оқыту технологияларына талдау
жасай отырып, бұлардың мына үш бөлімінің бар
екенін байқауға болады: концептуалды, мазмұнды, процесуальды.
Педагогикалық технология концептуалдылығы
– оқыту технологиясының белгілі бір философиялық ғылыми
концепцияға негізделуі. Жүйелілігі – білім беру технологиясының
жүйелі, әр бөлімінің бір-бірімен тығыз байланыста
болуы.
Басқарушылығы басқару мүмкіндігінің
болуы – оқыту технологиясы оқу процесін мақсатқа сәйкес
жоспарлауға, оның әр кезеңінде материалды қабылдау
деңгейін анықтап, қажет болса, түзетулер енгізу мүмкіндігінің
болуы.
Тиімділігі – оқыту
технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік
талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандарттарына сай жоғары
болуы.
Пайдалануға қолайлығы – технология сәйкес
тәжірибені қайта зерттеу нәтижесінде оны пайддалану мүмкіндігінің
жоғары болуы. Оқыту
технологияларының түрлерімен танысу, оған қойылатын
талаптарды ескеру, олардың білім парадигмаларына сәйкес келуі, оқыту
процесін технологияландыру, осы принциптерге сәйкес оқу бағдарламаларын
жасау А.Қ.Ахметов және басқалар жұмыстарында қарастырылған
[6].
Қазіргі заманғы оқыту
технологияларына келесі талаптар қойылады.
Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми
негізделуі (В.М.Монохов, К.К.Кобдикова және т.б.): мақсаттың
уақыт талабына сай болуы; технологияның оқтушыға да, оқушыға
да пайдалануға ыңғайлы болуы, технологиялық құралдар
мен дидактикалық матеиралды бірге пайдалану мүмкіндігінің
болуы; оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары
сапалы болуы; оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің
болуы; оқу процесінде қарам-қатынастың еркін болуы; оның
үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің
болуы [7]. Оқытудың технологияларын пайдаланып оқу процесін ұйымдастыру
мектеп түлектеріне мынадай қабілеттер
қалыптасады: өз көзқарастарының болуы: сын тұрғысынан ойлай
алуы, креативті, шығармашыл болуы, басқамен бірлесіп белгілі бір нәтижеге
жету үшін жұмыс істей алуы, өзі жеке шығармашылықпен
қызмет ете алуы.
Білім беру ұйымдарының алдында тұрған
мақсат – жан-жақты білімді жеке тұлға тәрбиелеу.
Олай болса, оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушыға:
биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және т.б. тұрғыдан
тиімді әсер ету - өте маңызды. Жеке тұлғаның
құрылымдық анықтамасын зерттелген ғылыми еңбектерде
үш құрамдық бөліктері бөліп қарастырылады.
Бұлар: психиканың функционалды механизмі – ақпаратты қабылдау,
ойлау, сезім, ерік, өзін-өзі ұстай алуы, көңіл бөле
алу мүмкіндігі; жеке тәжірибе – білім мен білік, дағды
сипаттамалары, танып білу қабілетінің сапасы, жеке тұлғаның
жалпы типтік қасиеті, мінезі,
темпераменті, қабілеттері, жеке даму немесе онтогонетикалық
даму ерекшелігі.
Қазақстандық ғалымдар жеке тұлға
дамуының мотивациялық процессуалдық және т.б.
критийлерін қарастырады. Бұл реттегі, оқудың өмірімен
байланысты болуы – білімнің саналы қабылдануының негізгі шарты
Осыған орай
соңғы онжылдықта
алуына түрлі педогогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде
түрлі инновациялық типтегі мекептер пайда болуда. Олардың
ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісіні инновациялық типтегі
мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу тәрбие үрдісін
ұйымдастыруда өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің
соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде
сыналуда.
Педагогика және психология ғылымында
«педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту
технологиясы», «тәрбие технологиясы», «тұлғаны дамыту
технологиясы» және т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда.
«Технология» ұғымын түсіндірудегі көзқарастар
да түрліше. «Технология» сөзі герек тілінен аударғанда «өнер,
шеберлік ілім» дегенді білдіреді. Демек, ол дайындау, өндеу, күйін өзгерту
әдістерінің жиынтығын білдіреді екен. Бұл термин әдетте өндірістік үрдісті
сипаттауда кеңінен қолданылып келген. Ал педагогика ғылыми тұрғысынан
қарастырғанда шеберлікпен ілім қосындысын білдірмек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Білім беруді технологияландыру// Педагогика мәселелері-Вопросы
педогогики, 2006. - № 1-2.- Б. 86-88.
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың
бағыттары мен мазмұны // Білім-Образование, 2006.-№4. - Б.12-13.
3. Б.Барменқұлова. Кәсіби
біліктіліктерін педагогикалық практика үрдісінде қалыптастыру
// Бастауыш мектеп, 2005. - №11. - Б.8.
4. Г.К.Селевко. Современные образовательные
технологии.-М.: Народное образование, 1999. – С. 226.
5. «Қазақстан Республикасының бала құқығы
туралы заңы» Алматы, 2003. – 21б.
6. М.М.Потошник «Качество образования проблемы и
технологии управления» М.; 2002. – С. 352.
7. А.К.Ахметов «Принципы технологии и содержание
образовательной программы» М.; 2002. - С.352.