қазіргі таңдағы
мұғалімнің кәсібилігі
Айтжанова Р.М.,
Жәнібек Д.М.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп
қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел
тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық
өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі,
жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі -
мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында
түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді
жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби
шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты
шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар
десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш
баға жетпек емес.
Көрнекті ғұлама Әл- Фараби:
"Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің барлығын жадында
жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін
ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ...,
меніңше шешен, өнер-білімге құштар
қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын
ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...,
жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік
көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек" дейді. Ұстаздың шеберлігі -
талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол
басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын
мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл
ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы
асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға
болады.
"Ұстаз дегеннің өзі -
биік тауға тең. "Болмасаң да ұқсап
бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп данышпан Абай айтып кеткендей және де
ұстаздың өзі – адами құндылықтарды
терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір
жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық
дәуір, осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай
өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті,
ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін
дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен
сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған
жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік болып есептеледі [1].
Шеберлік -
кәсіби немесе әуесқойлық
білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең
танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді
әрекеттерді жүзеге асырушылық.
· жұмысқа,
ісәрекетке байланысты: белгілі бір
көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары;
іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске
асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе
мен білім деңгейі;
· адамға
қатысты: білім барысында және
тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
· әлеуметтік
құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі,
енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе
жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын
таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың
жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми
біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен
білікті»;
· кең
әлеуметтік мағынада: әлеуметтік
факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі,
яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті
орындау» болып табылады [2].
Педагогикалық
шеберлік – үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту
мен тәрбиелеу өнері.
Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен
жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.Педагог - өз ісінің шебері, жоғары
мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым
мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе
балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту
мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Мұғалімнің кәсіби
дайындығы,білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс
бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет
арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер
төмендегідей мүмкіндіктер қамтиды.
• мұғалім өз бетімен
педагогикалық міндеттерді шеше білуі;
• өзінің кәсіби қабілеттерін
дамыта алуы;
• оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда
оқытудың әдістерін кеңнен пайдалануы [3].
Мұндағы мұғалімнің
педагогикалық міндеттерді өз бетімен шеше білу қабілеті
оның берілген нұсқауларға жалтақтамай,
өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, кез-келген қиын
жағдайлардан жол таба алумен байланысты. Сонымен қатар
өзіндік білімін жетілдіру, ұдайы ізденісте болу –
мұғалім кәсібінің бір бөлігі.
Білім нәрін жас ұрпақтың бойына
сіңіру-ұстаздардың басты борышы,ұстаздардың
қастерлі жұмысы.қашанда ата-ана үшін баланың орны
бөлек, өмірдің сәні де,нәрі де-балада.Ата-анасы
бала үшін бас ұстазы болса,ал ұстазы-екінші ата-анасы.Ендеше
ұрпақ тәрбиесінің кілті-ұстазда.білім
марапатқа жету үшін емес,парасатқа жету үшін
қажет.
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті
ойлай алатын белсенді әрекетті,жан-жақты болуды талап етеді.
Өйткені адамның қоғамдағы алатын
орны,атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен
тікелей байланысты.Қоғамда «орындаушы»адамнан гөрі
«кәсіби шебер» адамға деген сұраныстың көп екенін
қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.Кәсіби білімді
мұғалім қоғам талаптарына сәйкес болу үшін
өзінің білімін жетілдіре,мінез-құлқын
тәрбиелей, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра
білуі керек.Нағыз мұғалім - өзін-өзі дамытып
отыратын тұлға.Мұғалімнің кәсіби
дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің дұрыс
бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет
арқылы жүзеге асады.
«Егер мұғалім өң бойына, өз
ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол –
нағыз ұстаз» деген екен Л.Толстой.
Осы бір қасиетті мамандық иесінің
ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын
көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның
теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық
қызметі.Жаңа қоғам кеңістігінде жас
ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі
өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен
білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны
мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне
ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны
дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке
жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір
жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе
нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім –
қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын
әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез
төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген,
жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы
қажет. өз пәнінің шеңберінде қалып
қойған мұғалім балаға білім, тәрбие
берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас
ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты
жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі
жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы –
оқушыға білімді терең игертудің тиімді
әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа
жетелеу. Нарық жағдайының қалыптасуына қарай
әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде
өзінің стратегиясын құра білуі қажет. Нарық
жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
• мұғалімдердің бәсекеге
қабілеттілігі
• білім беру жүйесінің сапалылығы
• мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі -
бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының
жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет
адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық
құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және
қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен
дамыта, іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына
апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның
жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның
азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені
терең зерттеген А. К. Маркова мұғалімнің кәсіби
деңгейге көтерілуінің мына төмендегі
психологиялық критерийлерін анықтаған:
1. Объективті критерийлерге: мұғалімнің
өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы
жоғарғы еңбек көрсеткіші;
2. Субъективті критерийлерге: адамның
мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес;
3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім
өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге
қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан
қарастырылады;
4. Шығармашылықтың критерийлеріне:
мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан
шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне
өзгерте алуы жатады [4].
Біліктілікті арттыру - өз қызметін
нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен
құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында
арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби
дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін
көтеруі болып табылады.Мұғалімдік мамандықты биікке
көтеретін күш – оның кәсіби
құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы
соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік
тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
отырған ұғым. «Құзырлылық» - белгілі сала
бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра
отырып, қандай да бір сұрақтар тӛңірегінде
беделді түрде үкім шығара алу дегенді
білдіреді.Мұғалімнің педагогикалық
құзырлығы деп, педагогикалық қызметті
жүзеге асырудағы теориялық және практикалық
дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты
маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
• тұлғаралық және еңбектегі
байланыс мәдениеті
• қызметтің экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік,
психологиялық аспектілерін меңгеруі
• қызметті жаңа жағдайға
бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
• практикалық кәсіби тапсырмаларды
орындаудағы дайындық әлеуеті
• нақты жағдайларға байланысты
қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
• тиімді шишам кобыла қабілеті.
Құзырлылық тәсілдері :
нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі
танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі
адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын
бағалау өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам
мүшесі құқықтық нормадағы және
әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі
біліктілік. Құзырлықтың негізгі қасиеттері:
әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі,
интеллектісі,тектілігі. Құзырлықтың сапа белгілері: дүниетанымы,
адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі,
жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.
Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім
мекемелері мынадай құзырлықты қалыптастыруы тиіс деп
есептейді:
1. Саяси
және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның
өзіне жауапкершілік ала алуында.
2. Көп мәдениетті қоғамда
өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар.
Ұлтаралық келісім, басқа
мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
3. Жазбаша және ауызша қарым – қатынас
жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін
аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше
тілді білу де жатқызылады
4. Ақпараттық қоғамда өмір
сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл
жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан
қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген
мағынаны береді.
5. Тұлғаның жеке және
қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын -
өмір бойы білім алуға қабілеттілік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
http://nsportal.ru/lpp/2014/06/pedagogikalyk-sheberlik
2.
http://kk.wikipedia.org/wiki/Шеберлік
3.
http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/bolazhak1.pdf
4.
Тұрғынбаева Б.А.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін
біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. – Алматы, 2005. – Б. 8.