Жоғары
оқу орындарында бейнелеу өнері маманын даярлаудың негізгі
мәселелері.
п.ғ.к.,
доцент Б.У. Курбаналиев, С.Ж. Мырзамуратова
Қазақ халқының тарихында XX- ғасырдың соңына қарай Қазақстан
тәуелсіз ел атанды. Тәуелсіздіктің алғашқы
қадамдарының бірі- қазақ ұлтының басынан
өткен қиын тағдырына тарихи тұрғыдан әділ
баға беріп, оң көзқарас қалыптасты. Алдымен
тарихшылар және т.б. ғылымдар саласындағы ғалымдар
қолға ала бастады. Олар ұлтымыздың тарихына
қатысты көне салт-дәстүріміз бен мәдени
мұраларымызды жиып- теріп, ғылыми талдау жасап, зерделеді.
Қазақ
салтында тарихты білу, ата-мекенді қастерлеу, туған ел –
туған жерді қорғау, әдет-ғұрыпты,
наным-сенім, байырғы өнер түрлерін сақтау, дінді
құрметтеу ежелден бері қалыптасқан дәстүр.
Сондай мұраларымыздың ішіндегі ең көнесі, ең
байырғысы – ұлттық дәстүрлі өнер. Шынында
да, қазақ өнері ондағы көріністердің
суреттелуі, оқиғалардың баяндалуы біздің ой
санамыздағы ежелгі дәуірге меңзеп, өнердің
тұңғиық тереңіне жетелейді. Осыған
байланысты мәдени ұлттық өркендеуде
халықтың дәстүрлі өнері арқылы
жеткеншек ұрпаққа
рухани эстетикалық тәрбие, талғам, өнер
сияқты ұғымдарымыз ұлттық нақышпен зерделеу
қажеттігі артады.
Сондықтан, бейнелеу
өнері саласының болашақ оқытушыларын даярлауды осы
бағытқа бұрған абзал болар еді. Ол үшін арнаулы
оқу орындарына қойылатын талаптар күшейтілетіні белгілі.
Бүгінгі таңдағы жоғары оқу орындарында
қолданып жүрген оқулықтарымызда ұлттық өнердің зерттелу жағы кемшін,
әдістемелік құралдар жоқтың қасы,
қолда бар оқулықтар мен әдістемелік
құралдардың басым көпшілігі батыстық
тәсілде. Ұлтымыздың ой-санасына, дәстүріне,
өнеріне сәйкес келмейтін, халыұмыздың ар-намысына
тиетін,жаманшылыққа, ұрлық-қарлық,
нашақорлыққа,жауыздық пен төбелеске, ішімдікке
т.б. итермелейтін шетел хабарларын үздіксіз көрсету белен алып,
жастар санасын тұншықтыруда. Дін мен әдет-ғұрып,
салт-дәстүрді,өнерді санаға сіңіруде жас
буынға көп көңіл бөлінуі қажет.
Ұрпағымызды бала кезінен – ақ ұлттық
тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, дәстүрлі
өнерге, рухани мәдениетке баулып имандылық қасиеттерін
жетілдірсек, елі үшін елең қағар азамат болып
қалыптасады.
Алдағы уақытта
ұлттық өнерді,
мәдениетті,салт – дәстүрді
зерделеудің жүйесін
жасаудың орайы болып отыр. Біздің
ойымызша, мынадай бағытта жұмыс жүргізген абзал.
1.
Ұлттық дәстүрлі өнерді жергілікті,
аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеп талдау.
2.
Ұлттық рухани байлығымыз- жергілікті
салт-дәстүрімізді
жинақтап зерделеу.
3.
Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында жоғары
оқу орындарының оқу – тәрбие процесіне ұлттық
өнерді енгізу аса қажет.
4.
Қазақ халықының ұлттық
дәстүрлі өнерін ( зергерлік, қол өнер
,сәулет өнері)кеңірек қолдану мақсатында
әдістемелік оқу құралдарын даярлау.
5.
Үздіксіз кәсіби бейнелеу өнері мамандарын даярлау
мақсатында жасөспрімге эстетикалық,рухани, эмоционалдық
тәрбие беру бағдарламаларын және әдістемелік оқу
құралдарын дайындау (балабақша, арнаулы мектеп, колледж,
жоғары оқу орны).
Енді жоғарыда
көрсетілген жұмыс түрлеріне жеке тоқталып, ой
жүгіртейік. Осы уақытқа дейін ұлттық
дәстүрлі өнер туралы тұлғалы
еңбектер баршылық.Бұл еңбектерден керемет
мағлмұттар алуға болады. Ұлттық
дәстүрлі өнер – сарқылмас мұра, сондықтан
кең байтақ қазақ жерінің әр
аймағындағы өзіндік ерекшелігі бар өнер көздері
бар және де көп зерттеулерді қажет етеді. Осы
тұрғыдан қарасақ, сарқылмас мол дүниені
жинастыру, зерттеу, талдау, топтау әдіснамаларын ойластыру
қажеттілігі бар. Кешегі кеңес дәуіріндегі тоқырап
қалған дәстүрлі өнеріміз бүгінгі танда
қанатын кең жайып, шет елдерді тандандырып келеді. Міне,
осыған байланысты халықтың дәстүрлі өнерін
де бір салаға қойып, зерттелуі қажет –ақ.
Қазіргі
уақыттағы жоғары оқу орындарындағы болашақ
суретші- педагогтардың оқу
бағдарламасында ұлттық өнеріміздің
мәнгілігіне аз көніл бөлініліп отырған жоқ. Сондықтан болашақ маман иесі
өз ісін біліп қана қоймай, халқының,өзге
халықтардың өнерін жетік игеретін болса, келешекте жалпы
халық мәдениетіне қосар үлесі мол болмас па еді.
Қазақ
халқының қолөнерінің арнасы өте кең,
түрі сан алуан. Мысал ретініде Қазақстанда Қазан
төңкерісіне дейін металл
өңдеу, сүйек пен тері ұсату, сәулет өнері,
ағаш ұқсату, тоқымашылық тағы басқа
сияқты салаларының дамып жетілгендігінатап айтсақ та
жеткілікті.
Өнер түрлерінің
қай – қайсысында болмасын, қазақ халқын айнала
қоршаған бұйым, зат, құбылыстардың кез-келгенінің
де жасалу болмысында ою-өрнек өнері қатысып, оларды
әсем де сәнді көрсетіп,
мазмұны да анық көрінетін қолөнер –
қазақ халқының байырғы кәсіпшілігі
болғаны белгілі. Олар осы кәсіпшіліктің арқасында
өздерінің рухани қажеттерін өтеп қана
қоймай, дер кезінде балаларына оның қыр-сырын
түсіндіріп, жасалу жолдарын көрсетіп отырған.
Бармақтарын майысып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсін ? –
деп сәбилерінің болашағынан үлкен үміт
күткен.
Сол себепті қазақ
халқы өнерадамдарын кейінгіге үлгі - өнеге етіп,
мұндай жетістікке адам өнердің құпиясын,
қыр сырын меңгергенде ғана жететінің санаға
сініріп отырған.
Осы орайда айта кететін бір
жәйт ою-өрнек өнерін кейінгіге үйретуде халық
математикалық тәсілдерді пайдаланған. Олай дейтініміз кілем,
бау, құр тоқу барысында олардың көлеміне
байланысты жіп сандарын керу, өрнектеріне орай жіптерді санап топтастыру,
есептеп өрнек шығыру, оюлардың үндесуі бәрі
есептелінген. Осылайша өнерге
құштар балалардың от басында – ақ есепке
қызығушылығы қалыптаса бастайды. Мұндай қисынсыз
жіп есептеулер, олардың ақыл- ой тәрбесіне ерекше әсер
етеді.
Сонымен қатар
қазақ халқы дәстүрлі өнерінде,
жастарға өзінің тұрмыс жағдайын,
ақыл-парасаттық, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік,
тәлім-тәрбие ұғымдарын, кілем бетіне түсірген
ою-өрнек нақыштарының мағыналық ерекшеліктерімен
де жеткізіп отырған. Сондықтан қазақтын қол
өнерін көніл-күй мен сезім тереңдігін арттыратын,
ұлттық мәдениетімізді дамытатың, эстетикалық,
дүниетанымдық тәлім тәрбиенің тура жолын
ашуға, табиғи-рухани жағдай жасайтын мәдени мұрамыз ретінде
қарастыруымыз керек.
Мәдени мұра деп
отырғанымыз қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштердің бір
тармағы әртүрлі ғимаратттар. Бейнеленген әрбір
ою-өрнек нақыштарын қарасақ онда өзінің
терең тарихи мағұлматтарын паш ететін үлкен философиялық
ой жатқанын көреміз. Кейбір ғимараттардың
салынғанына талай ғасыр өтсе де әлі сынын да
маңызын да жоймаған. Бабаларымыздың қалдырған
заттық белгісі жел соқса уілдеп үн қатып, сыбырлап
жырлайтын күмбез мазарлары, тылсым тас обалар.
Өнерпаз шеберлердің
жан дүниесінен өзіндік ерекшелікпен өріліп шыққан
өнер туындысы адам жанын рухани
байтып, талғам тынысын, көніл көкжиегін
кеңитеді. Ақиқатында бұл шебердің шеберінің
қолынан келетін құдірет. Өнер туындысынан алатын
ләззат шеберге деген риза сезімге ұласады. Шебердің мандай
тері, ақыл парасаты, талғам түсінігі, түрлі
ғылымдар саласындағы білімі, дүниетанымы өзіндік
ерекшегімен қайталанбас қолтанбаларынан көруге болады.
Қазіргі ғасыр –
дамыған жаңашыл заман. Халықымыздың мәдениеті мен
өнері , білімі, ағарту істері жоғары болуы қажет. Өнер, оның ішінде бейнелеу
өнері саласының мамандарын әзірлеу, дайындау уақыт
талабына сай болғаны жөн. Ауыл, аудан орталықтарында жалпы
мектеп, колледж үйірме
жұмыстарын жандандыру керек.
Ойымызды ортаға салып,
тұжырымдап айтар болсақ желкілдеп өсіп келе жатқан жас
өскіннің бойына өз ұлтының бүкіл болмысын,
рухани құндылықтарымызды ана тілімен қатар өнердің алар орны ерекше.
Бұл
мақалада ұлттық дәстүрлі өнер арқылы
бейнелеу өнерін оқыту және оның тәрбиелік
мәні қарастырылған.
В этой статье через национальное традиционные искусства показано обучение изобразительном искусству и его
воспитательное значение.
In this article through national traditions the art is
shown training to fine art and it’s up- bringing meaning and impostance is
shown.