Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық
және компьютерлік технологияларын қолдану
тиімділігі.
А.Б.Абдуова,
учитель
казахского языка и
литературы
г. Караганда, КГУ «СОШ № 32»
e-mail: aigul1472@mail.ru, тел.: 8(7212)56-69-61
Кейінгі кезде қазақ тілін орыс тілді аудиторияға үйрету
кезінде ақпараттық және компьютерлік технологияның қолдануының
маңыздылығы туралы көп айтылуда. Бұл қазақ
тілін оқыту әдістемесінің жаңа саласы болып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында : «...ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың да жаңа нысанына бағдарланған мамандандырылған
білім бері бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,-
деп атап өткен болатын. [2]
Мектептердегі компьютерлік техникасының жетіспеушілігі, оқушылардың
және оқытушының компьютерлік технология саласындағы білімдерінің төмендігі
– бұл мәселені әлі толығынан шешпей отыр, әлі
даму барысында деуге болады.
Біріншіден, мұғалімнің компьютерлік технологияларын меңгерудегі
білімдері мен дайындығы оқушының
деңгейінен озық болу керектігін атап өту керек. Мысалы, қазіргі
замануи компьютерлік техникасының барлық мүмкіншіліктерін
біліп пайдалануы, компьютерлік байланыс жүйесінің негіздерін
білу - мұғалім үшін
ең басты талап.
Екіншіден, әрине, мұнда кешенді мультимедиялық
кабинетінің негізінде мұғалімнің өз сабағының әдістемесін толық біліп, оны үйлесімді
өткізуі – ұстаздың шеберлігі болып саналады.
Қазіргі
таңда электрондық пошта мен Интернет жүйесіне шығу еш қиыншылық
туғызбайды. Кейінгі кезде мұғалім сабаққа материал жинау, жоспарлау кезінде интернет жүйесі
кең колданылатыны ешкімге құпия емес. Өзім педагогикалық
сайттардан керекті ақпарат ізеуде және мұғалімдердің
электрондық қауымдастығында әріптестеріммен байланысып,
кеңес алуда, пікір алмасуда интеренет ресурстарын жиі қолданамын. Ең
ыңғайлы байланыс - электрондық пошта арқылы әріптестеріммен
ақпараттар, құжаттар алмасуын үзбеймін.
Бүгінгі
таңда қазақ тілі сабақтарында компьтер жүйесін қолдану
– ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді,
оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады. Керекті көрнекілер, сызба-таблицалар, үлестірмелі
деңгейлі дидактикалық тапсырмалардың барлығын
компьютерді қолдану арқылы өткізу оқушылардың қабылдауын
жеңілдетеді. Шағын диктанттар жазу, керекті сөздерді орнына қою,
тест жұмыстарын өткізу, грамматикалық тапсырмаларды орындау,
ауызекі сөйлесу оқушылар аса
қызығушылықпен орындайды.
Мектептегі компьютерлік кабинеттегі жабдықтауына байланысты сабақтың
сапасы да , мүмкіншілігі де кеңее түседі. Әсіресе, тақырыпқа
байланысты суреттер топтамасын жинап, слайдар арқылы оқушының естеріне сақталады. Өйткені,
психологтардың айтуынша, адамдар
ақпаратты қабылдайтынына қарай көбінесе, аудиалдар,
визуалдар болып бөлінеді. Аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы
қабылдайды. Визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан
құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты
көздері арқылы қабылдайды. Олар көз алдына суретті
елестетіп, оны сипаттап бере алады. [1] Осыған байланысты, оқушының
осы қасиеттерін негізге алып, қазақ тілі сабақтарында компьютерлік мүмкіншіліктерді кең
қолдану өте қажетті деп санаймын.
Компьютерлік технологияны сабақта қолдану барлық
буын оқушыларының қызығушылығын
оятады. Мұны тек, әр сыныптың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдана
білу керек. Бастауыш сыныптарда суреттер, сызбалар мен бейне - роликтерді қолданған
жөн. Грамматикалық тақырыптарды өткенде, түбірге қосымшаларды
дұрыс жалғау үшін Activ Board тақтасы мен қаламын
пайдаланғаны - оқушыны жалықтырмай
белсендетеді. Жоғары сыныптарда жұмыс түрлері күрделенуіне
байланысты , ізденіс - зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлу
орынды.
5 - 6 сыныптарда қазақ әдебиеті сабағында «Халық
ауыз әдебиеті» бөлігінде 10
сабақтан тұратын презентациялар топтамасын жасап, сабағымда қолданған
кезде оқушыларға образдық бейне арқылы қабылдауы
оңайға түсті. Интербелсенді тақтаның қызметінің
арқасында кейбір тапсырмаларды тез, және уақытты ықшамдауға
мүмкіндік көп болды. Дыбысталған тапсырмалар олардың
есту қабілетін, дыбыстардың дұрыс айтылуын, қазақ
тілінің дыбыстық әуезін дұрыс қабылдауға
дамытады.
Өткен модулді бекіту мақсатында «Дыбыссыз кино» әдісін
қолданамын. Бейнекөріністі дыбыссыз көрсетіп, оқушыларға
сондағы жағдайға тиісті диалог құрастыруын сұраймын.
Орта және жоғары буын оқушылары ізденіс жұмыстарын
жүргізгенде, өздері әрқилы тақырыптар бойынша оқулықпен
ғана шектелмей, өздігінен ақпараттарды таңдап-іріктеп,
презентациялар, хабарламалар жасап, толығырақ білім алады. Тағы
да бір жұмыс түрі - оқушыларға «дыбысталған» мәтінді тыңдатып,
оны жазып берулерін сұраймын. Тағы бір жұмыс түрі , ол
диалогпен жұмыс жасау. «Дыбысталған» сұрақтарды тыңдап,
жауабын оқушы өзі береді.
Мұғалім мен оқушы үшін ақпараттық
технологияны пайдаланудың ұтымды жақтары мен қызметттерін
қарастырайық:
-
тез арада қажетті ақпараттарды табуға
болады;
-
ақпаратты образды түрде қабылдауға
мүмкіншілігі мол;
-
көрнекіл құралдың қызметін толық атқарады;
-
оқушыны ізденіс-зерттеу жұмысына
талпындырады;
-
сабақтың уақытын үнемдейді;
-
оқушының алған білімін тексеру және
бақылауына ыңғайлы әдіс
болып табылады.
Өз
тәжірибем көрсеткендей, компьютер қазақ тілі мұғаліміне,
әсіресе, білімдерін тексеру мен бақылау сабақтарында тамаша көмекші
құралы болып шықыты. Мұндай сабақтарды мультимедиялық кабинетінде өткізгені
жөн.
Компьютерлік және ақпараттық технологияны қолдану қазақ тілі мен әдебиет
сабақтарын қызықты және мазмұнды өткізуіне
мүмкіншілік береді, сонымен бірге қазіргі тілді оқыту әдістемесінің
алдында тұрған мәселелерді шешуге көмек жасайды:
- оқыту үрдісінде жеке ,
саралау оқытудың идеяларын дұрыс іске асыру;
- жүйелі бақылау
жұмыстарын ұйымдастырған кезде оқушылардың білім,
білік , дағды деңгейін тексеруде қазақ тілі мұғалімін
өнімсіз жұмыстан
босатып, көмек
көрсетеді;
- оқыту үрдісінде психологиялық
жағдай жасау – мұғалім мен оқушы арасында жеке
байланысын болдырмауы - оқушылардың
жұмысын объективті бағалау;
- танымдық қызыметін
белсендету, алған білімдерін қабылдау және меңгерудің жоғары деңгейіне
өту. [3]
Жаңа технологиялар – оқушыны дамытып оқыту мен қазақ
тілі мұғалімдерін жаппай қайта даярлаудың бірегей құрал болып саналады.
Аталған технологияның пайда болуынан бастап мұғалім
зерттеушіге айналады. Ал қазіргі таңда зерттеуші-педагог ақпараттық
заман мектебінің басты кейіпкері болып табылады.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
Крысько В. Г. Словарь – справочник по социальной
психологии.- М.; Спб.: Питер, 2003. -201 с.
2.
Назарбаев Н. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 ж.
3.
Мұғалім - оқу үрдісін ақпараттық
технология жабдықтары арқылы ұйымдастырушы. // Бастауыш
мектеп., №4, 2005 ж.10-11 б.