Қазақтың ұлттық киімдерінің шығу тарихын зерттей отырып, оқушыларға тігілу жолын үйрету.

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Киімнің пайда болу тарихына көңіл бөлсек, алғашқы адамзат өкілдері киім деген нәрсені ұғына білмеген.

Төрттік дәуірден бастап маймыл тектес адамнан келе-келе матреархат дәуірінде адамдар туралы іс - әрекетін бейнелеу.

Аң аулау пайда болғаннан кейін және де мұзбасу дәуірінде күннің күрт өзгеруіне байланысты аулаған аңдардың терілерін үстіне кие бастаған.

Мысалы: Үйсіндер жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім, ішік, тері шалбар, бешпент тігу үшін тері илеу ісі дамыды. Ал ғұндарда мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер тігіп киген.

Киімнің шығу тарихын толық зерттеп, ежелгі тас дәуіріндегі палеолит және мезолит дәуіріндегі  киімдердің пайда болуын зерттеу киімнің шығу тарихын әлі де біле бермейді. Біздің келешек ұрпаққа тәрбиелеп жатқан ұл – қыздарға таныстырып, оларды ұғындыру киім үлгілерін жарғақ, жырға, шидем, кебенек, аба, шалма т. б. Киімдерді суреттеп және де сол дәуірдің киімдерін  қолдан тігіп, оларға үйретіп және киім тіккізіп ұғындыра білу, қазіргі жастарға киімнің эстетикалық жағын, оң әсер етуін көрсету, көз жеткізу.

Алғашқы киімді ерлері де, әйелдері де тек белдеріне байласа, кейіннен ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, аулаған аңдардың терілерін үстіне орап, барлық дене бітіміне орап байлап кигендігінің іс - әрекетін көрсету.

Киімді көбінесе Орта Азиядағы алғашқы қауым өнімдері мал шаруашылығымен айналыса бастау көшіп қонып, жүруіне ыңғайлы етіп тігу.

Киімді малдың иленген терісінен, киіз бен қойдың, түйенің жүнінен дайындауға болады. Мысалы: тері тымақ, тері тон, күпі, кенеп, шекпен, сырмалы шапан, т.б.

Х ғасырда біздің ата – бабаларымыз табиғаттың тылсым күштеріне байланысты ежелден бастап кие бастаған киімнің дәл қай уақыттан бастап кие бастағаны белгісіз. Көбінесе киім отырықшы қалаларда жақсы дамыған, ол көшпелі мал шаруашылықта киім көбінесе малдың терілерінен және жүндерінен тігілген. Ал қазіргі таңда киім әр заманның өзіне лайық дамып келе жатқаны белгілі.

Киімнің даму тарихын алғандағы мақсатым, ертеңгі ұрпаққа кейінгі кезде сирек қолданатын киімдерді пайдалана отырып, неолит кезеңінен бастап шыққан иық және мықыннан киілетін киім түрлерін зерттеп, оны жас ұрпаққа жеткізу.

Киім адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәдениетімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдіктер, ағаштар, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Адамдар аң терілеріндегі жүндер мен түктерге денесі тигенде біртүрлі жұмсақтық пен жылылықты сезетін. Енді оларды үстіне жамылса, суықтан, жаңбыр мен желден қорғануға болатынын көрді. Бірақ тері жамылғылары аң аулау кезінде қолайсыз болған соң, енді оларды өздерінің денесіне ықшамдап тікті. Ол үшін сүйектерден ине жасады. Жануарлардың тарамыстарын жіп ретінде пайдаланды. Киім тігу мен киім кию осылай басталған.

Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінген. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа, киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы: үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; гректер гиматий; солтүстік халықтар теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен киім дайындайды. Аяқ киім түрлері ағаш, тері, көннен жасалады.

            Кеуделі киім пішілуіне қарай тұйық және алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып бөлінеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктерін танытады.

            Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күлпара) , балуан, батыр киімдері болған.

            Жас ерекшеліктеріне қарай бала киімдері, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше киімі, ақсақал киімдері үлгісінің әшекейі, тігілуі, сырылып кестеленуң әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамдардың киімі денеге қонымды кең, мол пішілген, әшекейі аз, қарапайым кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат, шапан. Сонымен бірге бақсы киімі, сал – сері киімініңде өзіндік сәндік және кейбірінде салтанат киімі болады.

            Бір киер киім дер қымбат маталардан әшекейлеп тігілген той – думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе – жекке түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген. Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ әскерилердің өзге де мамандықтардың арнаулы киімдері, сәндік киімдер түрлері бар.

Қорыта келгенде сәнен қалған киімдерді жаңғырта отырып, қазіргі заманға сай сән үлгісіне өңдеуді үйрете отырып, ұлттық киімдерді дәріптеу.

Әрбір халықтың тұрмыс – салтында болған, орын алған жағдайлар тарихта өз ізін қалдырады. Қазақ халқының көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті – киім-кешегі. Киім-кешек белгілі бір халықтың тұрмыс салтының айнасы.

Белгілі бір халықтың киім үлгілері, олардың уақыт кезеңдеріне қарай түрленуін бақылап, сол халықтың тарихын жасауға мүмкіндік береді.

Көне түркілік дәуірлерден күні бүгінге дейін қазақ тұтынған киім үлгілері сан алуан. Оларды атаулары да әр түрлі.

Адамзат баласы жарық дүниеге келіп, тіршілік ете бастаған киім-кешектің де алғашқы үлгілері пайда бола бастады.

Адамзат қандай уақыт кезеңдерінен өтсе де, сол сияқты оның киім-кешегі де тарих ізі, уақыт табына жатады. Ертедегі ата-бабаларымыз киімді негізінен, мал терісінен тігіп киетін болған. Тері тымақ, тері тон, шарғаң шалбарлар болған.

Ата-бабаларымыз бағзы заманда өздері бағып-қаққан мал терісін ғана пайдаланды десек заттық-тұрмыстық байлығын кемсіткен болып шығамыз. Көшпелі ел – табиғаттың перзенті. Көшпелі ел аңшылықпен айналысқан. Ата-бабаларымыз жан-жануар терісін қажетіне жаратқан.

Ата-бабаларымыздың рухани болмысының “көшпелі” еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда орта, табиғат, киімдер, яғни әлемді танып білуде өзіндік ережесі болған. Ол өткен мен болашақ арасындағы көзқарастың жүйесінде қалыптасты. Қазақ халқының қолөнері – ол көнеден келе жатқан тарихы өнегелі дәстүрі бар байырғы өнер. Қазақ ою-өрнектеріне жақын біз көне сақ өнерінен көруге болады.

Адам денесі қазақ түсінігінде бас кеуде және аяқ болып байланысады. Сондықтан қазақ киімінде баскиім, кеуде киімі, аяқ киімі басты орында тұрған.

Сақ кезеңінің (7 – 6 э. б. д. д.) ескерткіштерінде “аңдық стиль” көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы т.б. жануардың бейнесі бейнеленгенін білеміз. Мысалы: сақ жауынгерлерінің бас киіміндегі “Алтын таулар” үш биіктен тұрады: биік, орта және аласа.

Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Оның дулығасы сақтардың космос жөніндегі символдық түсін бейнеленген.

Көне дәуірде сақтар мен массагеттер киімдерінің ерекшеліктері жайлы ежелгі қалымдар Геродот, Ктесий, Страбонда жазады. Олардың тақиясының немесе бөркінің төбесі үшкір болған, етікті былғарыдан тіккен, ал сырт киімдеріне ою-өрнектің орнына аңның, құстың бейнелерін салдырған. Мысалы: сақтар негізінен суретті өз батырлары мен көсемдерінің денесіне де салған. Ер адамның денесіндегі сурет батырлықтың белгісі болып табылады.

ХІХ – ХХ ғасырларды кебіс, етік, шәркей, шоқай көп тігілді. Мәсі байтөбе, киіз байпақтар қазірде қолданылады. Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі құстардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер – судың, тау – тастың кескінін беретін, ерте заманнан келе жатқан және оның ежелгі сақ, үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойымызға сіңірдік, яғни үйсіндерде жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім, ішік тері шалбарлар, бешпент тігу үшін тері илеу ісі дамыды.

Ал ғұндерде мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, аяқ киімдер тігіп киген.

Ежелгі түрік қағаны мен оның нөкерлері жайында қытай тарихшысы Сюань Цзян сонау ерте замандарда қаған немесе әскер басылар қытай жібегінен тігілген салтанатты киім киген деп айтуға болады, ал қарапайым жауынгерлердің киетіні – дәстүрлі теріден тігілген киімдер.

Жауынгерлік киімдердің көпшілігі  металдан жасалатын, металдан тоқытуға жағдайы келе бермейтіндер сыртқы киімнің ішінен астыңғы қабатына көн қаптап арасына жүн, қыл салып сырылған көкірекше киген. Шалкиіз (ХV – XVI ғ) айтатын. Жаумен жалғасса жыртылмас, Ерлерден жеңсізден игі тоны (жеңі жоқ тон) да жауынгерлік замана тоны. Заманның жаугерлік болған соң, киер киімің де жауынгерлік болады. Жауға аттанбай ауылда малға қарап қалған кісінің киері – күпі. Тәттіқара ақынның «Күпіңді сатып астыңа, Жең жастанып басыңа», дейтіні сондықтан. Күпі – кәрі, жас, әйел, еркек демей кие беретін шаруа киімі.

Күпі – матамен тыстап, ішіне түйенің қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім.

Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан оны әйелдер де, ерлер де киетін болған. Әйелдің күпісінің жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып тігіледі. Күпінің тысына барқыт, мәуіті сияқты мықты, әрі қалың матаны пайдаланады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы болады. Күпіге көбінесе матадан қайырма жаға не тік жаға салынады.

Көшпелі өмірде жартылай жауынгершілік өмір, сол себептен ерлер киімінде еш өзгеріс бола қойған жоқ. Әрине той, сән-салтанат киімі өз алдына бір басқа.

Ежелгі қыпшақ қыздары атқа мініп, ерлер мен бірге жауға шапқан деген сөз бар. Жауынгершілік заманда олар ер киімін киіп, ер қаруын асынған. Жайшылықта бейбіт те сәнді киіну – қазақ әйелдерінің салты.

Қазақта қыз киімі, әйел киімі, кейуана киімі бір-бірінен ажырата тігілген. Қыздар белі қыналған, етек, жеңіне желбір салған қос етекті көйлек, оқалы камзол киіп, беліне металл (қапсырма тағып) шытыралармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік буынатын болған. Басына үкілі тақия киген. Үкілі тақия – қыз дәуірінің белгісі болған.

Әйелдер басына кимешек киетін болған. Тек жағаны тоқыма көйлектің сыртынан камзол аяғына кебіс – мәсі киген. Жасы ұлғайған сайын қазақ әйелдері қарапайым киінуге тырысқан. Ал кейуана киімдері басы артық әлеміш - әшекейден арыла түседі.

Ер кісілердің киімі әйелдердің киіміне қарағанда қарапайым келеді. Ерлердің киімдері де жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.

Бозбала киімі әсемдеу келеді. Олар ойық немесе тік жағалы жібек жейде, бархыт бешпент, шалбар көксауыр етік киген. Басына зерлі тақия, бөрік киіп, үстіне түйе жүн шекпен немесе шапан жамылатын болған.

Өзге ұлттардағыдай қазақта да жарық дүниеге келген сәттен жер – ана қойнына кеткенге дейін киетін киім-кешектің түрлі атауы бар.

Қазақта бас киімнен бастап, аяқ киімге дейін әрқайсысының жеке-дара атаулары бар деп айтып өткенбіз. Мысалы: бас киімі, бөрік, қарқара сәукеле, қалпақ, тымақ, қасаба деп аталады.

Сәукеле – ұзатылатын қызға кигізілетін өте қымбат әшекейленген, алтынмен қапталып, күмістен күптелген, аттың құнына бағаланатын бас киімнің бірі.

Келін түсіруге дайындалған ауыл жас балаларды келіннің келе жатқанын көру салтанатына жұмсайды. Содан ұл-қызы аралас жас бүлдіршіндер биік қырға шығып, жол қараған. Күнге шағылысқан сәукелені көре салысымен олар: Сау келеді! Сау келеді! Деп сүйінші сұрап, ауылға шапқылаған. Міне осыдан сау келеді (сүйінші) мағынасы сәукеле болған. Сәукеле киелі болып есептелген. Аңыздарға қарасақ, қызы бойжеткенде анасы оған кимешек тігіп, оның сандығының түбіне салған. Нәрестелі болғанда ғана кимешекті алып киген. Осының салдарынан жас ананың кеудесі де, нәрестесі де назарланбаған.

Қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.

Ер адамның бас киімінің ең көп тараған түрі – бөрік. Ол төрт үшкілден, төрт қырлы күмбез іспетті пішіліп, арасына жүн салып астарланып, бархытпен, шұғамен, күдерімен тысталатын. Ол аң терілерінің атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған.

Күлпара басымда, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын бірге қыстырған бар құрысқақ.

                                               (Абай)

Бөрік – ұлттық бас киім ішіндегі ең әдемісі саналған бөріктің де еркектерге арналған түрі кездеседі. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері – көктеммен  күзде киген. Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы, әрі жеңіл.

Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет. Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінің тігілгеніне қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «Құндыз бөрік», «Кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған.

Қалпақ – тек ерлер киетін бас киім ретінде саналады. Ол – киіз бас киімдердің ішіндегі ең көнесі. Қазіргі өндіріс мүмкіндігі молайып, материалдар көбейген заманда оны қалың драптан да тіге береді.

Қазақта қалпақтың  екі түрі бар. Олар ақ қалпақ және айыр қалпақ деп аталады. Ақ қалпақтың айналасы тұтас дөңгеленіп тұрады. Оны ақ киізден тігуіне байланысты «ақ қалпақ» деп атаса керек. Айыр қалпақтың аты айтып тұрғандай, оның етегі екі айыр болып келеді. Соңғы уақытта айыр қалпаққа айрықша мән беріліп жүр.

Ал күнделікті тұрмыста пайдаланылатын киім үлгілері матасынан бастап барынша қарапайым, қоғамға қолайлы болып келді.

Кебенек – сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын – шашыннан, бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп жұқалап басады. Оны аса ұқыптылықпен шаршылап, қалшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ,  қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артына жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішіледі.

Кебенек кең және ұзын болады. Шапанға ұқсас болғанымен тік немесе күлпара іспетті жағасы бар. Кебенекті жылқышылар үскірік аязбен желден, жаңбырдан, қардан сақтану үшін киген. Кебенек сөзіне байланысты «Кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» немесе «Ерді кебенек ішінде таны» деген мақалдар бар.

Жырға - әйелдің асыл тас, ақық моншақтарды тізіп әшекейлеген сәнді бас киімі. Жырға әдетте көп салпыншақты әр түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып бет моншақ, шұбыртпа, жақ алқа тәрізді тізіліп, бас киімнің етегін шашақтап тұрады. Өте баппен сәндеуді «ырғалып, жырғалып» деп атайды. Кейде сәукеленің шұбыртпасын, сырғаның салпыншағын, моншақ әшекейлерін жырға деп атайды.

 

Қорытынды.

 

Көне заманнан адамдар алғаш аң терісін жамылуды, одан түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап тек суықтан қорғану, бойды жылыту үшін ғана керек болған киімдердің өмірде алатын орны кеңейіп қоғамдық мәнге ие болды.

Қазіргі таңда киімдер  матадан тігіліп, ою-өрнектермен кестеленіп ашық түсті түйме, моншақтар, маржан сияқты жылтыр әшекейлермен сәнделеді. Олардың кейбіреуін сәндік –қолданбалы өнер деуге болады. Яғни келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімін кие берген. Олар тақия, бөрік кимейді, үкі тақпайды, жалаңбас жүрмейді. Қыздар киіміне қарағанда келіншектердің бас киімінде әшекей аз болған.

Әр адам жас ерекшелігіне қарай киінсе, бұл да табиғат маусымы сияқты өз орнын тапқан сананың белгісі, мәдениеттілік әр киімнің өз орны бар.

Сәнді киіну – жақсы жорғаның жүрісіндей демекші дұрыс ойлаудан басталады. Ендеше басқа елге еліктеуден гөрі өзіміздің тума өнерімізді әрі қарай дамытып, қызығушылық және құштарлығын тіл тазалығы, ой, тән  тазалығы арқылы сезімі оятуға болады.

Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің өскелең өмірін танытады. Өйткені қазақ киім – кешегі ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар бойы қалыптасқан талғамын сәндікті, үйлесімділікті бойын сіңірген құбылыс.

Бұл тақырыпты зерттей келе өз шығармашылығымда киімнің қай жерде пайда болғаны жайлы, киімді алғашында қалай       ойлап тапқаны жайлы жазылды.

 

 

РЕЗЮМЕ

 

В древности люды шили себе одежду из шнур зверя, потом нашли нежные листочки растений, которые тоже также использовались для шитья одежды. Одежда нужна была для защиты от холода и жары, поэтому одежда для людей имеет большое жизненное значение,

В настоящее время одежду шьют из тканей, вышивают узоры, пришивают пуговицы, бусы, ожерелья.  Некоторые из них можно назвать искусством. Беременные женщины до родов носят девичью одежду. Они не носят тюбетейки, перья, не ходят без головного убора. У девушек и невест в одеждах есть разница.

Каждый человек должен носит одежду соответственно своему возрасту – это как природные изменения, явления. Одежда показывает культурность человека и подчеркивает то, что каждая одежда имеет свое место. Прежде чем хорошо одеться – надо подумать. Не надо увлекаться одеждами других стран, а надо носит свою национальную одежду, развивать интерес к национальной традиции ношения одежды.

Одежда казахов подчеркивает его национальную колоритность, преемственность поколений.

Я, в своей творческой работе описываю, исследую историю происхождения одежды. В своей работе я также описываю историю происхождения головных уборов мужчины и женщин.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

1. Мектептегі технология                                                  №11  2006ж

2. Ежелгі Қазақстан тарихы                                              5 сынып «Атамұра» 2001ж.

3. Болашақ газеті                                                                1993ж.

4. Ежелгі Қазақстан тарихы.                                             6 сынып «Атамұра»  2001ж.

5. ҚСЭ                                                                                 5 том.