С. Е. Адылханова

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің магистранты, Қазақстан

 

Ғылымға философиялық көзқарас

 

Кейде ғылыми бiлiм өзге бiлiм салаларымен салыстырғанда өзiнiң жоғары дəлдiлiгiмен ерекшеленедi деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешушi рөл атқармайды. Бүгiнгi күнi техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесiнде де математикалық есептеулер, статистикалық мəлiметтер, бүге-шүгесiне дейiн дəл есептелген жоспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дəлдiк нақтылыққа қатынастың белгiлi бiр тəсiлi ретiнде күнделiктi өмiрге де ендi: темiр жол жəне авиация кестелерi дəл болып табылады, ол мемлекет қызметкерлерiне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтерге жəне дəрiгерге

де қажет. Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдiк таным нақты тiрi адамды бейнелi, көрнекiлiк тұрғыда қарастырады деген пiкiр қалыптасқан. Бұл тұжырым белгiлi мөлшерде əдiл болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелiгiн көрсете алмайды. Бiр жағынан күрделi ғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғалымға көрнекi бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиi жүгiнуге тура келсе, екiншi жағынан суретшiлер (сұңғатшылар, мүсiншiлер, жазушылар, сазгерлер жəне

т.б.) өз шығармашылықтарында дəл, логикалық, кiршiксiз ұғымдарға, пiкiрлер мен əдiстерге сүйенiп отырады. Мұны, мысалы, Шостаковичтiң бiрқатар симфонияларының бағдарламаларын оның музыкалық мəтiнiмен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дəл, ұғымдарда бейнеленген бiлiмдер көптеген iрi жазушылардың шығармаларының негiзiн құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков жəне т.б.). Бұл ұғымдық жəне бейнелiк танымдардың бiрiн-бiрi терiске шығармайтындығын көрсетедi. Олар əртүрлi «дозаларда» ғылыми шығармашылықта да, көркемдiк шығармашылықта да кездеседi. Олар сонымен қатар, əдеттiк, кəдiмгi санаға да тəн. Бұл тұрғыда философ-неопозитивистердiң ғылыми бiлiмнiң ерекшелiгiн оның эмпирикалығымен, яғни ғылымның бүкiл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттердi сипаттау арқылы ғана анықтайтын пiкiрiмен келiсуге болмайды. Шындығында, бiлiмнiң формасы түрiндегi жəне оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық бiлiмдер жүйесi түрiнде өмiр сүруiнде. Fылыми бiлiмнiң ең жетiлген формасы теория болып табылады. Теория деген не? Теория - бұл тəжiрибенiң, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиi айтылады. Бұл дұрыс па? Мысалы, суық бөлменiң iшiнде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештiң суи бастағанын, ал бөлмедегi ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Пеш пен ауаның температурасы бiрдей болған кезде суыну тоқталады. Бiз мұны көп рет қайталай отырып, мынадай қорытындыға келемiз:

 а) қыздырылған пеш жалыны жоқ болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегi ауа мен пештiң температурасы бiрдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл бiлiм де қорытындылаудың нəтижесiнде алынғанымен оны теориялық деп айтуға келмейдi. Кез келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен жəне процестермен бiрқатар бақылаулар мен эксперименттердiң мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекiтедi.

Бiрақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Мысалы, көбiне бiрiншi жəне екiншi бастаулар деп аталатын классикалық термодинамиканың негiзгi заңдарына тоқталайық:

1) Сырттан энергия алмай жұмыс iстейтiн немесе сырттан алынған энергия мөлшерiнен артық жұмыс iстейтiн мерзiмдiк двигательдi жасау мүмкiн емес;

2) Жалғыз нəтижесi суық денеден ыстық денеге жылу формасында энергия беру болып табылатындай процестiң болуы мүмкiн емес. Бұл екi заң да жылу процестерi мен осы процестердi пайдаланатын құрылғыларын (пештер, бу машиналары жəне т.б.) сан мыңдап практикалық бақылаулардың нəтижесi болып табылады. Бiрақ бұл қорытындылар пiкiрге де ұқсамайды. Мұның себебi неде? Оның себебi, ғылыми қорытындылар (түйiндер) бақылаулар мен эксперименттердегi ортақ жалпылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бiрқатар ерекше логикалық тəсiлдердi қолдануында да болып шықты:

1) Шектеулi көпшiлiк эксперименттерде қадағаланған жалпы сəттер мен қасиеттердiң жылудың жұмысқа айналатын барлық мүмкiн жағдайларына, жылу бөлудiң барлық процестерiне, оның iшiнде бақыланбаған Ғаламның ең шалғай, қадағалау мүмкiн емес пункттерiне де таралуымен сипатталатын универсалдандыру тəсiлi;

2)  Жоғарыда сипатталған заңдардағы процестердiң «таза» күйiнде, iске асатын, яғни, өйткенi нақты шындықта олар жүзеге аспайтын шарттарын бiлдiретiн идеалдандыру тəсiлi: берiлген жағдайда термодинамикалық жүйе (двигатель) сыртқы əлемнен мүлдем оқшауланған жəне энергия алмасу (оның iшiнде берiлген жүйеге энергияның қоршаған ортадан да енбеуi) мүмкiн емес жағдайлар ескерiледi;

3) Заңдарды құрастыруда өзге салаларда қалыптасқан теорияларда жəне оларда жеткiлiктi дəл мəн мен мағынаға ие болған (мысалы, «энергия» жəне «жұмыс» ұғымдары механикада өзiнiң мəнi мен мағынасына ие болады жəне кəдуiлгi тiлдегi осындай ұғымдардан көбiне өзгешеленедi) ұғымдарды енгiзумен сипатталатын концептуалдандыру тəсiлi.Fалымдар осы тəсiлдердi қолдана отырып, эмпирикалық қорытындылар болып табылатын ғылым заңдарын қалыптастырады. Ол сырттай қарама-қайшы болғанымен, iштей ортақ қасиеттерi мен қырлары бар жекелеген құбылыстардың арасындағы

қайталанатын, қажеттi мəндi қатынастар мен байланыстарды бейнелейдi. Осылайша, бiз объективтi əлем заңдары мен ғылым заңдары арасындағы маңызды айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай аламыз. Оның алғашқысы бiзден тəуелсiз, тыс нақтылықтың өзiнде өмiр сүредi. Екiншiсi эмпирикалық қорытындылар күйiндегi олардың бейнелерi болып табылады. Бұл жағдайда əлемнiң объективтi заңдары ғылым заңдарында барынша толық емес, шартты, жақын, объективтi əлем байланысын қайталайтын ерекше формада - аралары логикалық байланыстармен бекiтiлген ерекше ғылыми абстракциялардың көмегiмен бейнеленедi. Алайда ғылымның барлық заңдары эмпирикалық қорытынды ретiнде пайда бола бермейдi. Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрiнедi. Теориялық гипотезалар мен заңдар кейде тiкелей сезiмдiк бақылауға қайшы келiп отырады. Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық əрi фантастикалық болып көрiнуi мүмкiн, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы гипотезаларға байланысты пiкiрталастар осындай. Алайда гипотезалар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсiздiктiң нəтижесiнде емес, оның алдындағы «сəтсiз» гипотезалар мен көптеген эксперименттiк мəлiметтерге талдау жасаудың негiзiнде ашылады. Жаңа гипотезалар оның алдындағылардың көмегiмен түсiндiрiле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсiндiрiп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың салдарлары бақылаулар жəне эксперименттермен дəлелденетiн болса, онда мұндай гипотезаны жоғары деңгейдегi ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретiнде қарастыруға болады. Fылымның құрамына əрқашанда теориялық бiлiмдер кiредi. Оның мазмұнын жекелеген гипотезалар, заңдар жəне қатаң құрастырылған ғылыми теориялар құрайды. Əрине, мұндай теориялар бiрден пайда болмайды. Олар ғылыми танымның тарихи дамуының нəтижесi. Физика ертедегi Греция дəуiрiнде-ақ пайда болғанымен қатаң физикалық теориялар XVII ғасырда ғана қалыптаса бастады. Химия мен биологиядағы мұндай теориялар XVIII жəне XIX ғасырларда пайда болды. Fылыми теориялардың белгiлi бiр бiлiм мен практиканың саласында пайда болуы, сол саланың жоғары деңгейге жеткендiгiн, өзiнiң гносеологиялық жетiстiгiн бiлдiредi. Егер, көркемдiк, техникалық немесе саяси салаларда теориялар қалыптасып жəне қолданыс тапты дейтiн болсақ, онда жаңа ғылыми пəндердiң пайда болғандығын көрсетедi: эстетика эстетикалық əрекеттiң теориясы, сұлулықтың заңдылықтары мен критерийлерi туралы ғылым, техникалық ғылымдар, тап күресi мен саяси өзара қатынастарды бейнелейтiн заңдар, ғылыми теориялар. Белгiлi бiр бiлiм жүйесiнiң құрамында теориялардың жəне қатаң бекiтiлген заңдардың болуы ол жүйенiң ғылыми екендiгiн бiлдiредi. Осылайша, ғылыми танымның қандай артықшылықтары барын айқын аңғаруға болады.

Адамның кез келген əрекетi қандай да бiр мiндеттердi жəне мəселелердi шешудi бiлдiредi.Оның бiрi - өндiрiстiк мiндеттер - материалдық игiлiктердi игеруге бағытталған. Келесiлерi – саяси мiндеттер - саяси мақсаттарға жетуге бағытталған. Бiлiмнiң көмегiн ұлғайтуды мақсат тұтатын, яғни, бiлiмдердi қалыптастыруды көздейтiн мiндеттер де бар. Қазiргi ғылым қалыптасқанғанға дейiн танымдық мiндеттер өте жай жəне ұзақ уақытта шешiлетiн едi. Ол үшiн ондаған, тiптi жүздеген жылдар кететiн едi, себебi шешiмдердiң iзденiсi сынау мен қателiктер арқылы, эмпирикалық жолмен ғана жүрдi. Қазiргi ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялардың көмегiмен мұндай шешiмдердiң iске асу уақытын ондаған жəне жүздеген есе қысқартуға мүмкiндiк туды. Ол үшiн тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгiлi ережелерге сəйкес салыстырмалы түрде аз уақыт iшiнде көптеген берiк салдарларды, алуға болады. Шындығында теория құрудың өзi орасан зор күш-жiгердi талап етедi жəне қоғам үшiн қымбатқа түседi, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, шикiзатқа,экспериментке орасан зор шығын кетедi. Оның есесiне, ең құнды нəрсе уақытты ұтуға болады. Бүгiнгi күнгi техникалық прогрестiң өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтардың үдемелi жылдамдықпен өндiрiске енiп жатуымен де сипатталады.

 

  Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Философия:оқулық.Ғабитов Т.Х. -Алматы,2006,-Б 156-161.

2.     Қ. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы -2007

3.     Философия науки: учебное пособие А.И.Лапкина – Москва: Эскимо 2007