Құрманбаева Ләззат Төлбайқызы, ф.ғ.к.,доцент

Рысбекова Гүлжанат Еркінқызы, п.ғ.к.,доцент

Досжанова Ақмарал  Иванқызы, ф.ғ.магистрі

 

   АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ҰҒЫМЫ

 

Құқықтың пайда болуы туралы бұл теориялар, өз орнына, құқықтың қайнар көздері туралы түсініктеріне әсерін тигізді.

Заң әдебиетінде айтылған теориялар өз негізінде құқықтық шындықтың, құқықтық түсініктің әр түрлі құбылыстары бар екенін көрсетеді: біреулері – «заңға дейін» болған құбылыстар, басқалары – «заңнан кейін» (әлеуметтану мектебі), үшіншілері құқықтың нормативтілігіне ерекше көңіл бөледі (позитивтік) және т.б. Құқық алғашқы екі жағдайында соңғысына қарағанда кеңірек түсініледі, яғни, құқыққа нормативтік актілерінен басқа, басқа да құбылыстары енгізіледі [6,Б.199-200].

Құқықтың осындай кең түсінілуіне ХХ ғ. басында ғылымда көрнекті орыс ғалымдары Н.М. Коркунов, Г.Ф. Шершеневич және т.б. көңіл бөлген. Н. М. Коркунов позитивтік құқық мектебінің өкілі болып тұра, құқық қоғамдық өмірдің мазмұнын құрайтын әр алуан қызығушылықтардың жүзеге асу аясын анықтайды деп айтқан. Сонымен бірге заң нормаларын сақтау барлығына міндетті болып табылады, қандай да бір мақсаттары үшін күткендігіне байланыссыз деп таныған [7,Б.11].  Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша, құқық объективтік мағынасында адамның адамға деген қатынасын анықтайтын норма, мемлекет органдары келтіретін оның бұзылу қауіп, қайғы-қасірет болып табылады [8,Б.290].

Кеңес құқық ғылымында – марксистік теориясының билеу кезінде – құқық мемлекетпен орнатылған немесе бекітілген жалпы міндетті нормалары (мінез-құлық ережелері) жиынтығы және олардың бұзылу жағдайында қорғалу ретінде қарастырылған [9,Б.348]. Бірақ барлығы мұндай түсіндірілумен келіспейтін.

Соңғы он жылдықта көзқарастардың плюрализмі құқық ұғымына қатысты едәуір өсті. Заң әдебиетінде бірнеше рет құқық-бұл күрделі және көп қырлы әлеуметтік құбылыс екені аталған. Құқықтың нормативтілігін жоққа шығармай, В.С. Нерсесян бір мезгілде құқық өзінің мәні бойынша және, демек, ұғымы бойынша – нақты қатынастардағы еркіндіктің тарихи анықталған және объективтік түрде негізделген формасы, осы еркіндіктің өлшемі, осы еркіндік болмысының формасы, формалды еркіндік деп тұжырымдайды [10,Б.342]. Р.З. Лившицтің пікірі бойынша құқық- нормативтік түрде бекітілген және жүзеге асырылған әділдік [11,Б.69]. В.В. Лазарев құқық – осы қоғамда мойындалатын және әлеуметтік қорғаныспен қамсыздандырылған және бір-бірімен өзара қатынасында еркін еріктерінің күресі мен келісімін реттейтін теңдік пен әділдік нормативтер жиынтығы деп атап көрсетеді [12,Б.38]. Бұл түсініктерде жаратылыс құқығы, әлеуметтану, құқықтану және құқық туралы басқа ілімдері теорияларының сипаттары көрініс алады. Ғылымда құқықтың қайнар көздері ұғымына тікелей шығатын құқытың пайда болу туралы әр түрлі ілімдер белгілі. Кейбіреулерін қарастырайық, сонымен, теологиялық теория мәңгілік, құдай ерігін білдіретін құқығының құдіретті шығуын қарастырады (Фома Аквинский). Жаратылыс құқығы теориясы «еркіндік» және «әділдік» мұраттарына, «адамға табиғаттан сәйкес» жоғарғы «жаратылыс құқығы» болуына негізделген (Г. Гроций, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо және т.б.). Позитивтік құқық мектебі құқық биліктен шығады, құқық мемлекеттің құқық шығару әрекетінің нәтижесі деген іліміне негізделеді. Бұл ілім құқықтың экономикалық және басқа әлеуметтік-саяси қатынастарымен байланысын жоққа шығарады (К. Бергбойм). Құқықтың нормативистік теориясы (Г. Кельзен) құқықты болмыс әлемімен ешқандай байланыспаған, шындыққа байланысты емес, тиісті саласына жатқызады, құқықтың күші- құқықтың өзінде. Құқықтың психологиялық теориясы адамдардың психикасы – бұл қоғамның дамуын, оның ғибратын, құқығын анықтайтын фактор. Теория адамдар психикасында құқықтың пайда болу себептерін қарастырады (Л. Петражицкий және т.б.). Құқықтың тарихи мектебі құқық заң шығарушы заңдамайды, тарихи түрде пайда болады және дамиды деген пікірге негізделген (В. Савиньи, Г. Пухта және т.б.). Сонымен бірге құқықтағы ыңтымақтастық теориясы, әлеуметтану құқықтану және құқықтың марксистік пайда болу теориясы бар. Құқықтың марксистік пайда болу теориясы мемлекет пен құықтың байланысына негізделеді. Бірінші мемлекет, екінші құқық деп танылған. Құқықта экономикалық және саяси тұрғысынан билеуші топтың мемлекеттік ерігі көрінеді, ол осы топ пен жалпы қоғам өмірінің материалдық жағдайымен негізделген. (К. Маркс, Ф. Энгельс).

Құқық мінез-құлықтың әлеуметтік дәлелденген еркіндігі, адамдарға жүзеге асыруға болатын, яғни істеуге, жасауға рұқсат, және қоғам қолдайтын, қабылданатын нәрсе атап көрсеткен деп С.С. Алексеевтің ұстанымы құқық ұғымына қатысты ерекшеленеді. Оның ойы бойынша, құқық заң мағынасында позитивтік құқық ұғымын қамтитын жазылған құқық. Ол жалпы міндеттілігіен, нормативтілігімен, мазмұнның анықтығымен, рұқсат етілу арқылы іс-әрекетімен, мемлекеттік кепілдігімен, жүйелілігімен сипатталады [1,Б.75-78]. С. С. Алексеевтің көзқарасында жаратылыс қалай болса, солай позитивтік құқық элементтері үйлеседі.

Танымдық көзқарас тұрғысынан құқық ұғымына деген барлық осы көзқарастар қолданылу үшін негідері бар, себебі құқықтың жан-жақты зерттелуіне ықпалын тигізеді. Бірақ құқықтың кең түрдегі түсінігі өзінің белгісіздік, нақтысыздық, түсініксіздігіне қарай заңдылық негіздеріне зиянын келтіруі мүмкін. Ол құқық қолданушыны белгісіздік жағдайына қоюы мүмкін [6,Б.200].

Құқық теориясында басқа теориялардың ұтымды идеяларын ескеретін құқық анықтамасына прагматикалық (тәжірибелік) деп аталатын тәсілі бар [6,Б.200]. Бұл тәсілдің толық талдауы біздің зерттеу міндетіне кірмейді, тек оның авторы – А.Ф. Черданцев берген құқығының анықтамасын көрсетейік. Оның пікірі бойынша, құқық- бұл қоғамда билеуші жүйенің экономикалық, саяси және басқа қатынастарының табиғаты мен сипатынан мазмұны шығатын қоғамның келісілген мүддесі мен ойын білдіретін мемлекеттпен генетикалық тұрғыдан және функционалды байланысқан жалпы міндетті, формалды белгілі нормаларының (мінез-құлық ережелері) жүйесі. Осымен, бұл анықтамада құқыққа қажетті барлық қасиеттер берілген: нормативтілік, жалпы міндеттілік, жүйелілік, мәжбүрлеу, формалды белгілік, жігерлі сипаты.

Көрсетілген қасиеттер азаматтық іс жүргізу құқығына да тән. Барлық осы жалпы қағидаларын, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшелігін ескере отырып, азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымын тұжырымдауға болады. Бірақ ол үшін алдымен азаматтық іс жүргізу құқығын сипаттайтын қаситеттерін анықтап, қарастыру қажет.

Кеңес кезеңіндегі заң әдебиетінде азаматтық іс жүргізу құқығы кеңес халқының ерігін білдіретін, жалпы халықтың мемлекетімен бекітілген және құқық бұзушылықтан қорғалған заң нормаларының, азаматтық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша соттың әрекетін, сот қарастыратын істеріне қатысатын тұлғалардың және сот шешімін орындау әрекетін, яғни, сот пен азаматтық іс жүргізудің басқа қатысушыларының арасындағы қатынасты реттейтін нормаларының жүйесі ретінде анықталған [13,Б.43]. Авторы П.П. Гуреев болып табылатын бұл анықтамада азаматтық іс жүргізу құқығын сипаттайтын қасиеттері мен құқығының барлық салаларына тән жалпы қасиеттері берілген.

Қасиеттердің бірінші тобын: а) мемлекеттік нормаларды орнату; ә) нормалардың жалпы міндеттілігі; б) олардың жаппай сипаты; в) мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамсыздандырылуы; г) жігерлі сипаты; екінші тобын – а) сот шешімін орындауда азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру саласында қоғамдық қатынастарын реттеу; ә) субъект құрамының ерекше сипаты құрайды.

Кеңестен кейінгі кезеңінің заң әдебиетінде азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарастыру тәртібі мен шешілуін, яғни азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сонымен сот қаулысын (шешімдері, анықтамалары) мәжбүрлі түрде орындату тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы (жүйесі) ретінде [14,Б.11], немесе азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруда сот пен іс жүргізудің басқа қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық-іс жүргізу әрекеттер мен құқықтық қатынастарын реттейтін құқық нормаларының жүйесі ретінде анықталған [15,Б.9].

Бұл анықтамаларында қазіргі заманғы азаматтық іс жүргізу құқығына тән қасиеттері жеткіліксіз толық және ашық көрсетілмеген. Біріншіден, оларда азаматтық іс жүргізу құқық нормаларын кім және қандай формада бекітетіне, мемлекет оған қандай заң формасын беретініне, азаматтық іс жүргізу құқық нормалары бұрынғыдай азаматтық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін мемлекет бекіткен жалпы міндетті ережелері болып табылады ма [16,Б.13] әлде басқа формалары бар ма дегенге сілтеме жоқ. Сонымен бірге ҚазССР АІЖК 1 б. азаматтық сот өндірісі істі қарастыру және шешілу кезінде сүйенетін азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша азаматтық сот өндірісі жүргізіледі деген. Ондай болса, онда азаматтық іс жүргізу заңдарын мемлекет бекітеді.

Бірақ ҚР Конституциясының 4 б. сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. Халықаралық келісім-шарттарында азаматтық сот жүргізу туралы нормалары бар. Егер (АІЖК 2 б.) Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттармен азаматтық іс жүргізу заңымен қарастырылған басқа ережелер бекітілсе, онда халықаралық келісім-шарттың ережелері қолданылады.

Демек, азаматтық іс жүргізу құқық нормаларын тікелей мемлекет (ҚР) немесе халықаралық келісім-шарт орнатады. Екіншіден, оларда азаматтық іс жүргізу құқығының ерікті сипаты көрсетілмеген. Азаматтық іс жүргізу құқық, құқығының басқа салалары сияқты, қарама-қайшы мүдделері мен қажеттіліктері бар адамдардың ерігі мен санасының көрінісі болып табылады. Бұл адамдардың болашақ мінез-құлығын анықтауға бағытталған олардың келісілген қисынды ерігі. Жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың ерігі мемлекеттің құзіретті (заңнамалық) органдарының жігері арқылы құқық ретінде қалыптасады. Сондықтан азаматтық іс жүргізу құқық әр түрлі әлеуметтік топтары мен саяси көзқарастары адамдарының келісілген ерігін білдіреді. Үшіншіден, бұл анықтамаларда сот әділдігі саласында азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастары саласына нақты нұсқау жоқ.

ҚР Конституциясының 75 б. сай сот әділдігі тек сотпен жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңының 3 б. сәйкес Қазақстан Республикасында келесі соттар әрекет етеді: Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.

ҚР Конституциясының 75 б. 2 т. сай сот билігі конституциялық, азаматтық, әкімшілік және қылмыс сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Төрелік сот өндірісі бұл жерде айтылмаған. Бірақ бұл төрелік соттарда сот өндірісі тәртібін азаматтық сот өндірісіне жатқызу болып табылмайды ма?

70-шы жылдары кейбір ғалымдар азаматтық іс жүргізу құқығына қорғау тақырыбының ортақтығына сүйене отырып, субъект органдарын қорғау бойынша барлық мемлекеттік және қоғамдық органдарының әрекетін енгізуді ұсынған [17,Б.31]. Қазіргі кезде бұл пікірді М. С. Шакарян қолдайды. Оның пікірі бойынша, төрелік сотты сот әділдігі жүйесіне енгізу, оны сот билігіне және сот әділдігін жүргізу қызметіне ие қылдыру келесі тұжырымдама жасауға ықпал етеді: төрелік соты туралы заңнама – азаматтық іс жүргізу құқығының органикалық бөлігі және оның құрамына ену қажет, себебі ортақ болып тек қорғау тақырыбы емес, сонымен қорғау органының құқықтық табиғаты болып табылады [14,Б.13]. Бұл көзқарастыр Д. М. Чечот қолдайды [18,Б.13].

Басқа көрнекті ғалым И. М. Зайцевтің ойы бойынша, «азаматтық және төрелік процестері негіздерінің (сот әрекетінің қағидаттары мен іс жүргізу тәртібінің) бірлігі көрінуде. Соңғысын азаматтық іс жүргізу құқығының саласына сәйкес ретінде қарастыруға болады» [19,Б.28-29]. Д. А. Фурсов төрелік іс жүргізу құқық азаматтық іс жүргізу құқығымен біркелкі құқық саласы және құқық жүйесінде жарыса жүргізіле береді деп есептейді [20,Б.31].

Келтірілген көзқарастар азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында кең түрде қолдау алған жоқ. Мәселен, М. К. Треушниковтың пікірі бойынша, азаматтық іс жүргізу құқық – азаматтық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыруда жалпы заң соты мен процеске қатысушылары арасындағы пайда болатын қоғамдық қатынастарын реттейтін нормаларының жиынтығы бар құқық саласы [21,Б.4].

И.В. Решетникова АІЖК қабылдау іс жүргізу құқығының жаңа саласын ресми түрде мойындау деп есептейді. Азаматтық және төрелік іс жүргізу құқығы әр түрлі сот түрлерінің әрекетін регламент бойынша белгілейді [15,Б.13].

Төрелік іс жүргізу құқығының дербес саласы ретінде пайдасына ең сенімді пікірлерді Т. Е. Абова келтіреді. Ол осы соттар арасындағы елеулі қайшылықтарына сілтейді. Оның ойы бойынша, Конституциясы істерді шешудің тең емес тәртібін анықтайтын әр түрлі іс жүргізу заңнаманың, таласты шешу үшін сот билігінің екі дербес тармағын тез қарастырса, онда заманауи азаматтық және төрелік процесінің ұқсастығы және ресей құқық жүйесінде азаматтық іс жүргізу құқығының бір саласының болу туралы айтуға ешқандай негіз жоқ [22,Б.5-9].

Қарсыластарының төрелік іс жүргізу құқығының азаматтық іс жүргізу құқығының бөлігі ретінде мойындау туралы қарсы сөздері дәлелді болып көрінеді. ҚР Конституциясының 75 б. төрелік сот өндірісі туралы айтылмағандығы заң шығарушының осы іс жүргізу түрін қабылдамауды білдірмейді. Біздің мемлекетімізде сот өндірісін субъект құрамын ескеріп құқық туралы таластарды қарастыру және шешу бойынша екі түрге бөлу дәстүрлі түрде қалыптасқан. Соттар (1917 ж. дейін – жалпы соттар, 1917 ж. кейін – халық соттары, қазіргі уақытта – жалпы заң соттары) бір жағы ретінде азаматтар қатысатын істерді қарастырған. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, жалпы заң соттары жүйесі, ҚР АІЖК құқық жүйесі мен мазмұны, құрылымы құрастырылған. Төрелік соттарында жақтар ретінде заң тұлғалары мен жеке кәсіпкерлер болады. Сот қорғауы тақырыбы ретінде олардың кәсіпкерлік (шаруашылық) іс-әрекетінде туатын немесе байланысқан құқықтар болады. Мұндай істер әрқашан жалпы соттармен емес, арнайы (сауда, төрелік комиссиялары) соттармен немесе басқа заңды (ведомствовалық немес мемлекеттік төрелік органдары) органдарымен қарастырылған және арнайы нормативтік актілерімен реттелген. 

Сот өндірісінің осы екі түрлерін механикалық тұрғыдан қосу келтірілген жағдайды ескермей мүмкін емес.

Осымен, азаматтық іс жүргізу құқық тақырыбы – азаматтық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде жалпы заң соты мен іс жүргізуке қатысушылары арасында пайда болатын қоғамдық қатынастары.

Төртіншіден, оларда азаматтық іс жүргізу құқық жарлығын сақталмағанына (айыппұл, өтемақы шаралары, басқа қолайсыз салдар) іс жүргізу қатынастары субъектілері мен субъект еместер қатысты мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен оның нормаларын қамсыздандыру сияқты құқығының осы саласының осындай ерешеліктері көрсетілмеген [19,Б.120-125].

АІЖК 3 б. сәйкес заң күшіне енген сот актілері, соттардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, басқа тапсырмалары барлығына міндетті болып табылады және оларды орындамағаны үшін коституциялық заң қарастырған жауапкершілік тартады.

Бесіншіден, бұл анықтамаларында азаматтық сот өндірісінің міндеттері мен мақсаттары көрсетілмеген. Азаматтық іс жүргізу кодекс нормалары сот өндірісінің құқық негізі және азаматтық сот өндірісінің тәртібін анықтай отырып, а) жеке мен заңды тұлғаларының бұзылған немесе талас құқықтарын, еркіндігін және заңмен қорғалған мүдделерін; б) Қазақстан Республикасы, оның субъектілерінің, мемлекеттік билік органдарының, Қазақстан Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарын және заңмен қорғалған мүдделерін; в) Азаматтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық және басқа құқықтық қатынастары субъектілері болып табылатын басқа тұлғалардың құқықтарын, еркіндігін және заңмен қорғалған мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерін дұрыс және уақытылы қарастыру және шешілуін қамтамасыз ету міндеті бар.

Азаматтық сот өндіріс мен оны анықтайтын азаматтық іс жүргізу құқығы заңдылық пен құқық тәртіптілігін, құқық бұзушылықты алдын-алуды, құқық пен сотқа уәжді қатынасын қалыптасуының нығаюына ықпал етуі қажет.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қарастырылған ерекшеліктері оны толық сипаттайды, бұл азаматтық іс жүргізу құқық ұғымын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы – бұл мемлекет немесе ҚР халықаралық келісім-шарттары бекітке және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамсыздандырылған, азаматтық істерін уақытылы және дұрыс қарастыру мен шешілуіне бағытталған қоғамдық, мемлекеттік мүдделерін (яғни, азаматтық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша), азаматтардың, ұйымдардың субъективтік құқықтарын, еркіндігін және заңмен қорғалған мүдделерін қорғау бойынша іс-әрекетті іске асырғанда жалпы заң соттары, бітістіруші соттары мен процеске қатысушылар арасындағы пайда болатын қоғамдық қатынастарын реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының, мінез-құлық ережелерінің жүйесі.

Г.Ф. Шершеневич құқық көрсетілетін әр түрлі формалар бұрыннан құқықтың қайнар көздері деп аталатын деп жазған. Бірақ, оның пікірі бойынша, бұл термин өзінің көп мағыналығынан жарамсыз. Ол деп а) құқық тудыратын күштер (мысалы, Құдайдың ерігі, мемлекеттік билік және т.б.); ә) қандай да бір заңнама негізіне салынған материалдар; б) құқық тану құралдары; в) тарихи тұрғыдағы көздер түсініледі. «Құқықтың қайнар көздері» сөзіне берілетін мағыналардың әр алуандылығы оны басқа сөзбен – «құқық формасы»- ауыстыру қажеттілігін тудырады [8,Б.368-369].

Құқық ғылымында «құқықтың қайнар көздері» терминінің мәнді мағынасы туралы жалғасып жатқан пікірталастың терең тарихи тамырлары бар.

Кеңес құқық ғылымында «құқықтың қайнар көздері» термині бірнеше мағынада қолданылған. П. И. Стучка құқықтың шығу қайнар көздері қоғамдық-экономикалық құрылыс, мемлекеттік ерік болып табылады, қазіргі құқықтың қайнар көздері техника-заң мағынасындағы құқықтың қайнар көздері деп атаған заңдар жатады деп түсінген [23,Б.29].

«Құқықтың қайнар көздері» терминінің көп мағыналығы Н.Г. Александров, И.Б. Новицкий, А.Ф. Шебанов, Л.С. Явич [24,Б.31]  және т.б., сонымен бірге заманауи зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілген [25,Б.18].

Н. Г. Александров экономика, қоғамның материалдық өмір жағдайлары – барлық идеологиялық өсірілімдердің түпқайнар көздері деп есептеген. Оның пікірі бойынша, «құқықтың қайнар көздері» - заң нормаларын орнату бойынша мемлекеттік әрекет түрі. И. Б. Новицкий «құқықтың қайнар көздері» сөзі әр түрлі мағынада қолданылады деп жазған: құқықтық нормалары мазмұнының қайнар көздері ретінде; құқық нормаларының пайда болу тәсілі, формасы ретінде; құқық тану қайнар көздері ретінде.

«Құқықтың қайнар көздері» терминінің көп мағыналығына байланысты заң әдебиетінде құқықты білдірудің сыртқы формасын белгілеу үшін осы терминді пайдалану дұрыстығына күмәндар айтылған.

Құқықтық нормаларының сыртқы формасын белгілеу үшін «құқықтың қайнар көздері» терминін пайдалану жақтаушыларының ең тұрақты сынаушысы А. Ф. Шебанов материалдық мағынада күшті, жаратушы құқықты білдіретін «құқықтың қайнар көздері» термині зінің міндетіне, мағынасына толық сәйкес келетінін атап көрсеткен. «Құқықтың қайнар көздері» термині өзінің формалды (заң) мағынасында толықтай құқықтық ақиқатты көрсетпейді. Оның пікірі бойынша, заң формулалары мен терминдерді ақиқат заң шындығына барынша жақындату мақсатында және әрбір ғылыми термин белгілі ұғымды білдіріп, осының салдарынан тиісті қоғамдық құбылыстарының ғылыми таным құралын білдіру үшін мемлекеттің және формалардың заң шығарушы әрекеті мәселелеріне арналған әдебиетінде «құқық формасы» терминін қолдану мақсатқа сай деп есептеген.

«Әдебиетте «құқықтың формалды формалары» деп аталған заңдар, үкімет қаулылары және мемлекеттің басқа актілері өз бетінше құқықты жасамайды: олар- тек қана құқықты білдіру формасы және қандай да бір форма сияқты, өз мазмұнының қайнар көздері бола алмайды» деп А. Ф. Шебанов жазған. «Құқық формасы ұғымын қолдану құқықтың қайнар көздері ұғымы позициясынан гөрі құқық шығарудың әр түрлі формалары мен тәсілдерін дұрыс түсіндіруге ықпал етеді» [26,Б.37-43].

Бірақ құқық ғылымында бұл көзқарас кең түрде қолдау көрген жоқ. Құқық теориясы мен салалы ғылымдары бойынша ғалымдардың көпшілігі қалай теорияда, солай тәжірибеде құқықтық нормаларын білдіру формасын атау ретінде «құқықтың қайнар көздері» терминін сақтау мақсатқа сәйкес деп пікірлерін айтқан.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР ТІЗІМІ

1          Алексеев С.С. Общая теория права. Т.2.- М.,1982. - С.199

2          Черданцев А.Ф. Теория государства и права.-М., 2000.-С.199-200

3          Коркунов Н.М. Лекции по общей теории права. Спб., 1904. С. 35, 282-285.

4          Шершеневич Г.Ф. Общая теория права. –М., 1922. –С.290

5          Марксистко-ленинская общая теория государства и права. М., 1970.-С.348

6          Нерсесянц В.С. Право и закон. М., 1983.-С. 342.

7          Лившиц Р.З. Теория права. М., 1994.- С.69.

8          Лазарев В.В. Общая теория государства и права.-М., 1999.- С. 38.

9          Курс советского гражданского процессуального права. Под ред. А.А. Мельникова. Т.1.-М.,1981.-С.43

10     Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право России. М., 1999.С.11

11     Яркова В.В. Гражданский процесс. М., 1999

12     А.А. Мельников. Советский гражданский процессуальный закон. М. 1973.-С. 13

13     Зейдер Н.Б. Предмет и система советского гражданского процессуального права. М., 1962. С.31

14     Гражданский процесс. Под ред. В.А. Мусина. Н.А. Чечиной, Д.М. Чечот. М., 1996.С.13

15     Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России. М., 1999. С. 28-29

16     Фурсов Д.А. Предмет, система и основные принципы арбитражного процессуального права. М., 1998. – С. 31

17     Треушникова М.К. Гражданский процесс. М., 1998.- С. 4