Право/ 10.Хозяйственное право
Амантай А.,аға оқытушы,
құқықтану магистрі
Хауия С.,аға оқытушы,
құқықтану магистрі
Сарсенбаева А., Ю-41к. топ студенті
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
АГРАРЛЫҚ
СЕКТОР САЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ҚОЛДАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай
жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік
тудыратын экономикалық құқықтық жағдай
жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып
материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді.
Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың
максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі,
тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен
азаматтардың құқықтық жағдайынан
қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек
мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің
көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары
деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс
(мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне,
жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет
және т.б.)
Мемлекет пен
орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен
мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат
жүргізілуі тиіс. Дамыған елдер тәжірибесі мен
Қазақстандағы қалыптасып жатқан
нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай
өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және
тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу
бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына
және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет.
Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы
жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті
ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар
экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың
егізгі кіліті болуы тиіс.
Ауыл шаруашылық
кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне
мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік
алқаптарының құрылымы да ықпал етеді,
басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған
аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес,
олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете
алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы
ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы
шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін
анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа
дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда
оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой
мен ешкі келеді.
Жалпы өнімдер
көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады:
орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа
34 млн. теңгені құрайды. Тек солтүстік
өңірде ғана аздап өзгешелеу - 1
шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн. теңге
құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық
өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып
отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және
батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша,
барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны,
жұмыскерлер саны да өте аз.
Шаруа қожалықтары
бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді,
сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде
көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және
110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал
шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады.
Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да
және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті
қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында
өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді.
Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан
пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды,
оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына
сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық
кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен
айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде
ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да
дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі
кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте
шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын
кәсіпорындарға қарағанда ірі
шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық
өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және
көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы
қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.
Орташа және ірі тауарлы
өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған
кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық
өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі
және материалдық техникалық базалары ұтымды
пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне
ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын
болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар
табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер
тұрақты дами алады деуге болады.
Орташа және ірі
шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі
мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау
мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және
орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы
салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді.
Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік
бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық
өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га
шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық
деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінен
алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар
тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық
кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық
кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді.
Интенсификациялау
деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің
өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің
өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі
шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны
мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы
шекараларын иеленеді.
Әртүрлі ауыл
шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі
экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында
оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір
мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады.
Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты,
оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің
оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір
шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік
жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі
өндіріс факторларын пайдалану және ең бір тиімді
сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл
барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің
нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және
өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
Болашақтағы ең
бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық
өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын
қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол
азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен
анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі
мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен
қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы
шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады.
Мемлекетіміздің аграрлық саясатының
арқасында экономиканың осы секторы тұрақты дамуда. Оны
қолдау ретінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға
арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданып отыр [1].
Қазіргі
уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның
жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі
ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық
климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден
одағына кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек
өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын
технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің
ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін
қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек
және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды
қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға
мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық
сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді,
бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім
импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу
нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
Аграрлық
салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда
баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені
өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты,
шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың
өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына
және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк
жасалынды, яғни нарықтық қатынастың,
кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару
жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс
жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы
экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін
(теңсiздiгін) күшейтті.
Агроөнеркәсiп
кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн
жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өңдеушi және қызмет көрсетушi
кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар
өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке
өндiрiске бағыттады.
Барынша тиiмдi
ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы,
қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты
ығыстыруға, өңдеушi және сауда
ұйымдарының нарықтағы монополиялық
жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді
шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп
кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру
қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып
қарағанда ауыл шаруашылығын
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету,
оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi
жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық
байланыстардың нарықтық экономикаға тән
жаңа әдiстерiн барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды
реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл
шаруашылығы мен оған қызмет көрсетушi салалардың
қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес.
Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi
үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге
негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн
баға және қаржы-несие қатынастарының өзара
байланысы құрайды, ал оның құрылымының
басты элементтерi – баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.
2014 жылғы
17-қаңтар айында «Қазақстан
жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
тақырыбымен Қазақстан Республикасының
Президентінің Жолдауында айтылғандай: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін
инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл -
біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген
қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек
салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі
ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай,
өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс.
Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке
өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен,
жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз
арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде
жүргізетіндер болуы керек.
Бірінші
кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық
механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру
маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және
озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана
бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына,
фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға
бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.
Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және
орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары
желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы
қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді
қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей
шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің
қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді
жүйесін құру да өзекті мәселе.
Қазақстан
ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі
елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет
ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін
қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және
азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек.
Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде
топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары
мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді
шаралары қажет.
«Жасыл»
экономикаға көшу жөніндегі қабылданған
тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс
алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына
көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып,
сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер
құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай,
табиғи азық-түлік өндірумен қатар
құрғақшылыққа төзімді
гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу
маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке
агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді
тапсырамын.» -деген [2].
Сондықтан,
шаруашылықтарда байланыстарды реттеуде экономикалық
механизмнiң негiзгi элементтерiн қолдана отырып, ауыл
шаруашылығы мен оған қатысты салаларды дағдарыстан
шығарудың» мүмкiн жолдарын анықтау үшiн экономикада
өтiп жатқан процестердi терең зерттеп, талдау қажет.
Зерттеудiң
мақсаты мен мiндеттерi нарықтық қатынастар
жағдайында аграрлық сетор саласындағы кәсіпкерлік
мәселелсін нақты түрде талдау және соның
негiзiнде – оны алдағы кезеңде жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
жасау және бүгінгі таңда қабылданған
Елбасының 11 Қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
атты Жодауындағы «Шағын
және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті
жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу
қажет. Бұл тамақ және химия
өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ,
қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Шағын және орта бизнес пен іскерлік
белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және
несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай
игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға
мүмкіндік берді.
Бұл
қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге
асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен
несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды.
Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған
емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту
және оның үлесін 2050 жылға қарай
ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты
жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта
бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие
желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді
пайдалану қажет» деген тапсырмалары мен міндеттерін
басшылыққа ала отырып зерттеу мақсатымызға
жету үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу алға тартылды:
-
кәсiпкерлiктi
дамытудың жолдарын, шаруашылықтарда оны реттеудің
экономикалық механизімінің мәнімен құрылымын
теориялық және әдістемелік негіздерін ұсыну;
-
нарықтық
қатынас жағдайында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру
ерекшіліктерін, ауыл шаруашылығыменен өнеркәсіп
салаларының мүдделерін үйлестіру механизімінің
жетілдірудін тұжырымдау;
-
агроөнеркәсіп
кешенінің өндірісінің қазіргі жағдайын талдау
және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін
салалардың қатынастарының негізгі бағыттарын
анықтау;
-
аграрлық
саладағы шаруашылықты реттеудің
құқықтық әдістері мен шарт жасаудың
ерекшіліктерін, даму шараларын әзірлеу;
-
ауыл
шаруашылық салаларында лизинг механизмін, баға, салық салу,
қаржы-несие мәселелерді жетілдірудің кәсіпкерлікті
дамытуға тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар жасау.
Агроөнеркәсiп
кешеніндегі ауылшаруашылық тауар өндiрушiлері нарықтық
қатынастарды тереңдету жағдайындағы
Қазақстанның агроөнеркәсiптiк өндiрiсi,
ондағы жаңадан қалыптасқан шаруашылық
байланыстарды реттеумен кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары жатады.
Зерттеу
барсында агроөнеркәсіп өндірісіндегі
кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмінің мәселесiне арналған заң актiлерi,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары,
Үкiметтiң экономикалық мәселелер жөнiндегi
қаулылары, аграрлық өзгерiстер жөнiндегi басқа да
мемлекеттiк бағдарламалық құжаттар қарастырылды.
Жоғарыдағыларды
басшылыққа ала отырып төмендегi шешімдерді ұсынамыз:
-
кәсіпкерліктің
көрсеткіштері, жұмыс істеудің механизмінің
мәнімен құрылымы мәселелері арнайы талданса;
-
кәсіпкерліктегі
инновацияны дамытуда кластерлік-желілік әдістердің тиімді жолдарын
қолдану;
-
кәсіпкерлікті
мемлекет тарапынан құқықтық-нормативтік
қолдауды тиімді пайдалану;
-
нарықтық
үлгідегі кәсіпкерлік құрылымдарды
материалдық-техникалық жабдықтау;
Біз
ұсынған нақты ұсыныстардың негізгі ескеретін
тұстары:
-
кәсіпкерлікті
ғылыми тұрғыдан дамытудың түсінігі,
көрсеткіштері;
-
шаруашылықтардағы
кәсіпкерлердің байланыстарын реттеудің экономикалық
механизмінің мазмұны, қалыптастыру жолдары;
-
ауыл
шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлердің
бір-біріменен қатынастағы тиімді әдістері,
қаржылық қолдау мәселелері;
-
аграрлық
кәсіпкерлердің материалдық - техникалық
жабдықтаудағы, жоспарлаудағы өзара экономикалық
реттеудің бағыттарын жетілдірулері.
Жүргізілген
зерттеу барысында жасалған қорытындылар, ауыл
шаруашылығындағы құрылымдарда еңбек
ұйымдастыру, тұрақты жағдайда өнім өндіруге
басқада технологиялық мәселелерді жаңалауға
әдістемелік көмектесе отырып, бәсекелестікке қабілетті
өнім өндіруге үлесін қосады деген ойдамыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020"
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151
қаулысы
2.
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауы 17.01.12014ж.
3.
«Нұрлы жол
- болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасы
Президентінің Жодауы 11 Қараша 2014
жыл