Психология/Формы работы психолога-практика
Психол.ғыл.кандидаты, аға оқытушы Жигитбекова Б.Д.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті,
Қазақстан Республтикасы, Алматы қ.
.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАР
Бүгінгі
күнде «машықтық» түсінігінің нақты бір
анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин
психологиялық практикада әр түрлі
іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың
ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
«Машықтық»
термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту,
тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар
мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық
машықтықтың ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н.
Емельянов (1) машықтауға іс-әрекеттің кез-келген
қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту
әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.
Машықтық адам бойында қалыптасқан
мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару
модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде де
қолданылады (2). Сондай-ақ машықтыққа ұйымның жоспарлы белсенділігін
арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін
көтеруге бағытталған
немесе машықты жеке тұлғаның әлеуметтік
мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен
іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай
өзгертудің бір бөлшегі деген анықтама да жат
ұғым болмас (3).
Машықтық
топтың жұмысы өзіне тән бірқатар принциптермен
ерекшеленеді. Оларға қысқаша анықтама беріп,
тоқталып өтейік.
1.
Белсенділік ұстанымы. Машықтық топ
мүшелерінің белсенділігі
ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға
болмайды. Машықтық барысында адамдар арнайы талқыланған
іс- әрекеттерге араласады. Ол қандайда бір іс- әрекетке
араласу, жаттығуларды орындау, арнайы схема бойынша
басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы
мүмкін. Сондықтанда іс-әрекетке кез-келген уақытта
араласуға болатындығын түсіндірген жағдайда,
оған қатысушылардың
белсенділігі арта түседі. Әсіресе жаттықтырушы ұсынған ойды, мінез-
құлық амалдарын сезіну және жаттығу
тәсілдерін меңгеру
арқылы машықтықтың мақсатына жетуде
топтың барлық мүшелерін белсенді түрде бірдей
араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен жаттығуларды
қолдану тиімді болмақ. Белсенділік ұстанымы, негізінен
эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің он
пайызын, көргенінің елу пайызын, айтқанының жетпіс пайызын
және өзі істегенінің
тоқсан пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.
2. Зерттеулік
(шығармашылық) ұстанымы. Бұл ұстанымның
маңыздылығы машықтық барысында топ мүшелері
психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп,
анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке
мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде
болмақ.
Осы
ұстанымға сүйене отырып жаттықтырушы топ
мүшелерінің өз бойларындағы жаңа
мінез-құлықтарды сезініп, қалыптастыра түсуге,
тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады,
құрастырады және ұйымдастырады. Машықтық
топта негізінен бейтараптылық жай орнаған, қандайда бір
мәселе орын алған креативті орта қалыптасады. Бұл
ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан
қарсылық тудырады. Машықтық тобына келетін адамдар
бойында мектепте, институтта алған білім арқылы берілген арнайы
өмірлік ережелер мен алдағы уақыта ұстануы тиіс
құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда үйреншікті емес
оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте, адамдар
наразылық білдіреді, кейде тіпті наразылығы агрессивті формада
болады. Мұндай қақтығысты шешуге машықтық
мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың
маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және
машықтық аяқталғаннан кейін өзінің
мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық
тұрғыда қарауға,
тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін
тигізеді.
3.
Мінез-құлықты
нысаналау (түсіну) ұстанымы. Оқыту процесі барысында
қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен
біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл машықтықты
өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс
мінез- құлықты нысаналаудың әмбебап
құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға
тиімді жағдай тудыру -
жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.
Қатысушылар
бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған машықтық түрлерінде мінез-
құлықты нысананалаудың қосымша
құралдары пайдаланылады. Солардың бірі топ
мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері,
мінез–құлықтарының көрініс табуы бейнеленген
бейнежазба болмақ, оны кейін топ мүшелері қарап шығып,
талқыға салады. Бұл
жерде бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті
құрал екенін ескеру қажет, сондықтанда оны пайдаланарда
өте мұқият болу керек, және кәсіби деңгейде
пайдалана білу өте маңызды.
4.
Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект- субекті).
Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ
мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген
қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі,
көңіл- күйі, мазасыздануы ескеріледі, басқа
адамның жеке құндылықтары құпталынады.
Бұл
ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай,
мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі
тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік,
ашықтық, қауіпсіздік
жағдайын қалыптастырады. Бұл ұстаным топ мүшелерінің
өз-өзіне толық зертеу жүргізе алатындығына орай,
шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.
Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі
түрде жүзеге асуы -
әлеуметтік-психологиялық машықтық тобы
жұмысының тиімді болуының
басты талаптарының бірі.
Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің
және оқытудың
басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ,
машықтық топтардың жұмысының өзіндік
ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды
тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы
жұмысының өзіндік ұстанымдарын да атап кеткен
жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау
барысында, машықтықты өткізуге кірісер алдында және
жұмыс барысында: Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?
Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді? Ол мақсатқа мен
қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрақтар қоюы
тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу
жүргізу арқылы бұл сұрақтардың жауабын таба
алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:
·
Жұмыстың мазмұнды жоспары;
·
Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгейі, топ
мүшелерінің арасында қалыптасқан түрлі
мінездердің қарым-қатынасы;
·
Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның
машықтыққа, басқаларға және өзіне
деген ойы;
·
Жаттықтырушының жағдайы.
Машықтықтың
тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің
барабарлығына ғана емес,
сонымен қатар, алдына қойған қандай да бір
мақсатқа жету үшін қаншалықты
құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.
Құрал таңдаудағы мақсаттың шешіміндегі
алғашқы қадам – бұл әдістемелік тәсілді
таңдау. Жиі қолданылатын әдістер қатарына топтық
пікірталастар, рөлдік ойындар, психодрама және оның
өзгертулері, психогимнастика жатады.
Қандай
да бір әдістемелік тәсілді, сондай- ақ осы тәсіл
аясында нақты бір құралды таңдау төмендегі
шарттар мен айқындалады.
·
машықтықытың мазмұнымен;
·
топтың ерекшелігімен;
·
жағдайдың ерекшеліктерімен;
·
жаттықтырушының мүмкіншіліктерімен.
Әдебиеттер:
1.
Емельянов Ю.Н. Активное
социально-психологическое обучение. Л., 1985.
2.
Cenin
M. Podstawy teoretyche stosownych
metod treningu psychologicznego // Acta Bratisl. Pr. Psychol. 1990. № 22. P.
35-64.
3.
Landy F. G. Psychology of behavior. Dorsey Press, 1985.