Психология магистрі А.Т. Абдрахманова
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫНА ОТБАСЫНЫҢ ТИГІЗЕТІН
ӘСЕРІ
Қазірігі таңда қоғамда отбасы психологиясы
өзекті мәселелердің бірі. Оның дәлелі Қазақстан
республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдауында ата-ана, бала, қарттар мәселесіне ерекше мән беріп тоқталған.
Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата-аналарға адам
өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар
болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді.
Бірақ отбасы өмірі-көңіл көтеретін серуен емес,
қиындықсыз, мәселесіз, жанұя болмайды. Отбасы
тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері-бүкіл қоғам
мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық
жағдайы кең құбылыс.
Балаға отбасындағы үлкендердің
қарым-қатынасы өте маңызды. Оған отбасының
әрбір үлкен мүшесі үлгі болады. Швейцарияның
көрнекті ғалымы И.Г.Песталоции аналық сезім, әке
әсерінің күші, жанұя ізгіліктері,
сүйіспеншіліктің бар сәні, қоршаған ортаның
барлық тәжірибесі, еңбек арқылы білім алу, барлық
осы жақсылықтардың өзара байланысы және
оның отбасы мүшелерін біріктіретін дәнекер арқылы
әсер етуі жақсы тәрбиенің табиғаттың
өзі жасаған негіздері болып есептеледін негіздеген.
Ата-ананың балаларға және балалардың ата-аналарға
деген сүйіспеншілігінсіз мүмкін еместігінен, ол өзінің
сипаты жағынан кез келген басқа тәрбиеге
қарағанда көбірек эмоцияны қажет ететін болады.
Баланың жеке тұлға болып дамуының аса маңызды
факторы-оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге,
үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне
қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға
(өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және
ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін
жобалау) бағытталады. Осы жаста оқушылардың даму дәрежесінде
де елеулі екі түрлі өзгерістер мен кедергілер болады:
1) ересектіктің дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың
көбінде басқадай тұрақты және байыпты міндеттер
болмай, тек оқумен ғана шұғылдануға;
көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстығы
еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылстардан
қорғаштауға, түгелдей
қамқорлыққа
алуға тырысуы;
2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан
информацияның орасан зор тасқыны; көптеген
ата-аналардың бос уақытының аздығы және
осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте
жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене
күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Бала тұлға ретінде қалыптаспайынша (шамамен
5 жасқа дейін) оның ата-анасымен қарым-қатынасы «тік»
бағдарланады. Ол ата-анасын жоғары өкіметтіңөкілі
ретінде қабылдайды, себебі басқа өкімет оған
мүлде таныс емес, ал жеке әлсіздігі өте айқын.
Бірақ уақыт өте келе баланың қатынасы
«көлденеңдей» түседі. Бұл процесте бала өзін
жанұя мүшесі ретінде сезініп қана қоймай, сонымен бірге
үлкен ойынға қатысушы болады. Жас өспірімдік шақ
балалық жастағы ең күрделі және қиын
кезең. Осы кезеңде адамгершелік қасиеттер, мінез
құлық нормалары ерекшеленеді, адамдардың
қоғамға қатынастары анықталынып, жетекші
іс-әрекет түрі-қарым-қатынас болады.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің барлық түрінде
жас өспірімнің тұлғалық және
психологиялық жаңа сапаларының қалыптастырушы негізі.
Отбасы қарым-қатынастағы тәрбие стилінің
қандай түрі болмасын баладан стимулдық пен
жауапкершіліктің төмендігін, ата-ана және бала
қарым-қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы
және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылуды
көрсетеді. Отбасы тәрбиенің психологиялық жағы
аналық махаббатқа, соның ішінде ата-ана мен бала
арасындағы жағымды қатынасқа негізделген. Әрбір
отбасында ересек балалармен қарым-қатынас жасауда
қайшылықтар мен мәселелер туындайды. Олардың себебі
неде? Оларды қалай дұрыс шешуге болады? Отбасы
мүшелерінің өзара түсініктеріне қалай жол
табуға болады? Жалпы алғанда барлық ата-аналар өз
балаларына жақсылық тілейді. Барлығы да олардың
жақсы адам болыпөсуін, адал, мейрімді, қайырымды, еңбек
сүйгіш, тәрбиелі болғанын қалайды және осы
процесті жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасайды.
Бірақ көбінесе баласы немесе қызының мінезі,
қылықтары, көзқарастары, іс-әрекеті өзі
күткендей болып шықпайтындығы анық. Ата-аналар
балаларын қайта тәрбиелеуге, қателерін түзеуге,
ақаиқат жолға бағыттауға тырыса отырып,
қарқынды түрде жүргізеді. Ереже бойынша
нәтижесінде ата-ана да, бала да жеңіліс табады: олардың
арасында түсініспеушілік, шеттетушілік өсе түседі.
Отбасы мүшелерінің үлкендері мен кішілері
арасындағы сыйласымдылығы «балалардың өз
құрбыларымен, ересектермен араласуы олардың тәрбиесіне
және жан-жақты өсіп жетілуіне игі ықпалын» тигізеді.
Отбасындағы тәрбиенің нәтижелі тартымды болуы,
көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне де байланысты.
Көбінесе ата-ананың балаларына деген сүйіспеншілігінің
нәтижесінде бала психикасының даму заңдылықтарын
білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекі
қателіктер жіберіп алады. Осыған орай отбасы
қарым-қатынастағы және тәрбиелеу стиліндегі
білімдердің жетіспеушілігінен баланың психикалық дамуына кері
әсер ететін бірнеше факторларды бөліп шығаруға болады:
І. Ата-аналар өз балаларының психикалық және
тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік
қиындықтармен күресуде әлсіздік танытады. Бұл
баланың табиғи дамуы мен жастық дағдарыс
кезеңдеріне байланысты. Мұнда ата-аналар тарапынан баланың жасына сай мүмкіндіктеріне
сәйкес келмейтін жоғары талап қоюшылық,
шыдамсыздық және мектептегі принципиалдық жатады. Бұл
факторлардың, жағымсыз нәтижелердің екі жағдайда
шиеленісіп келуін байқауға болады.
а) отбасының қарым-қатынасы мен тәрбие
стилінің біржақтылығы. Мұнда, бала тәрибиесімен
тек әйел адамдардың айналысуы, ер бала үшін өте
жағымсыз болып табылады.
б) ананың бұл тәрбиесінде «әке ролінде» ойнау
бұл балаға қарым-қатынастағы шектен тыс талап
қоюшылық, жазалаудағы қаталдық ұштасады.
ІІ. Отбасының қарым-қатынас стиліндегі рационалдық
аспектінің басым болуы, яғни моралдық ұстанымдар мен
талаптардың жоғары болуы. Мұнда формалды
қарым-қатынас баланың табиға дамуына кері әсерін
тигізеді. Бұл тәрбиенің орны алған жерінде
баланың қиялы мен икемділігі және шығармашылық
қабілеттеріне аз көңіл бөлінеді.
ІІІ. Бала дамуындағы психикалық дағдарыстар
табиғатын жеке талдау, баланың өзіндік табиғатымен,
ерекшеліктерімен санаспау.
а) баламен қарым-қатынасындағы
қабылданбаушылық. Әдетте бұл бала ата-ана үшін
күтпеген проблема туындатушы және кәсіби өсуге кедергі
ретінде саналған жағдайларға кездеседі.
ә) тәрбиелеу стиліндегі икемсіздік, стандартты
көзқарас.
б) бала тәрбиесіндегі эмоционалдық қатынастың
теңсіздігі.
в) тәрбие мен қарым-қатынас стилінің «мен» бейнесі
мен сенімділікті қалыптастыруға кедергі келтіреді.
ІV. Ата-ана тұлғасындағы жағымсыз лбраздардың
басымдылығымен сипатталады.
а) отбасының қарым-қатынас пен тәрбие стиліндегі
мазасыздық, гиперәлеуметтік және уайымшылдық
бітістерінің басым болуы.
ә) отбасы қарым-қатынасындағы эмоционалдық,
аффектілік, жақтырмау және қанағаттанбаушылық.
Әдетте бұл айқай, ұрыс, болжау, қорқыту
болып табылады.
б) баланың қарым-қатынасындағы басынушылық,
билікшілдік, категориялық және пікірдің дерективтілігі, бала
бағындырумен үнемі тыңдатуға тырысу.
в) баламен қарым-қатынаста өмірдің мүмкіндігі
мен қабілеттеріне сенбей, дербес әрекеттері мен ойларына
күмән келтіру.
Жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан отбасындағы
қарым-қатынас баланың
тұлғалық-психологиялық дамуының ғана емес,
оның шығармашылық қабілеттерімен іскерліктерінің
дамуының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан,
отбасында баланы жан-жақты дамытудың тиімді ережелері:
-
баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін
ескеру;
-
балалаға әсер ететін құрғақ сөз
емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден
шыққандығы мәнді;
-
баламен қарым-қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен
шар болуы қажет. Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында
қақтығыс жағымды шешіледі;
-
баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы
келгендігін түсіну, асығыс қорытынды жасаудан алдын алу;
-
жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жасау (бала
жаман емес, оның іс-әрекеті дұрыс емес);
-
балаға үйрететінді ең бірініші ата-ананың өзі
толық меңгеруі қажет;
Отбасының балаларға тигізер әсері олардың
өмірінің әр кезеңінде
үнемі бірдей болмақ емес. Өкінікшке орай, ересек
адамдардың барлығы бірдей (әсіресе жас ата-аналар) жас
балаларға тигізетін жанұя әсерінің мәнін онша
аңғара бермейді. Ал бұл әсер өзінің
маңыздылығы жағынан таңғажайып. Соңғы
жылдары физиологтар, дәрігерлер және психологтар үш
жасқа дейінгі балалардың әсіресе жанұя әсеріне,
ең алдымен ана әсеріне берілгіштігін дәлелдеген.
Эмоциялық жақтан қорғана алушылық немесе
қорғансыздық сезімінен туындайтын өмірге деген
бастапқы сенімділік немесе сенімсіздік негіздері, атап айтқанда,
бала өмірінің алғашқы күндері мен айларында
қаланады.
Отбасы тәрбиенің ата-ананың балаларға және
балалардың ата-аналарға деген сүйіспеншлігінсіз мүмкін
еместігінен, «ол өзінің сипаты жағынан кез келген басқа
тәрбиеге қарағанда көбірек эмоцияны қажет ететін»
болады. Отбасының балаларға тигізер психологиялық әсеріне тән ерекшелік-оның
нәтижелерінің тұрақтылығы болып есептеледі.
Мәселен, ата-аналардың балаларын кішкене күнінде және
мектепке дейінгі жаста дұрыс бағыт беруі кейін олардың
оқу, еңбек және қоғамдық әрекетіне
дұрыс ықпалынан байқалады. Ата-аналардың балааға
психологиялық әсері қашанда жеке дара болады. Олар
мұғалімдерге қарағанда балалардың жас және
жеке ерекшеліктерін жақсы біледі жақсы біледі,
қоғамдық пайдалы әрекетке тарту үшін
көбірек мүмкіндіктері болады.
Баланың жан жақты дамуына жанұя үлкен әсер
етеді. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасы,
балаларға деген қатынасы, жалпы алғанда жанұя ішілік
жағдай-міне осының барлығы өскелең
ұрпаққа толыққанды жеке тұлға болып
қалыптасуына, әке және ана болу үшін таптырмайтын тәжірибе
мектебі болып саналады. Барлық отбасындағы
қарым-қатынас стилін жолдастарымен қарым-қатынас
жасауда, мектепке, аулаға, кейін, есейе келе, еңбек ұжымына
ауыстыратын болады. Отбасындағы ішкі жағдай сондай-ақ,
ата-аналардың өздерінің де өмірінің барлық
саласына әсер етеді.
Отбасы мен қоғам өскелең адамның жеке
басының жан-жақты дамып, қалыптасуына ең қолайлы
жағдайлар жасай отырып, бірін-бірі толықтырып отырады.
Соңғы жылдары социологтар жанұяның коммуникативтік
міндетін жиі сөз етіп жүр. Бұл міндетке жанұя ішілік
қарым-қатынасты ұйымдастыру, өз мүшелерінің
бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар,
радио, интернет, баспасөз және т.б.), әдебиет және
өнермен жанасуындағы жанұяның дәнекерлігі;
өз мүшелерінің қоршаған табиғат ортасына
деген сан алуан байланысы мен оны қабылдау сипатына жанұяның
әсері тәрізді құрамды бөлшектері кіреді.
Әдебиет:
1.
Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – А, 1996
2.
Андреева Т.В. Семейная психология.
– СП, 2004
3.
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология. – А, 2001.
4.
Боданов Ж. Отбасы – тәрбие өзегі. – Ж, 1994
5.
Гребенников И.В Отбасы өміріндегі әдеп
және психология. - А, 1986.
6.
Гарбузов В.И. Воспитание ребенка. – М, 2002