Әбділлаев Ә.К. ХҚТУ профессоры
Ақназаров С.Б.доцент
Қ.А.Ясауи
атындағы халықаралық қазақ түрік
университеті, Түркістан қаласы
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ
ҮДЕРІСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БІЛІКТІЛІГІ
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Дене
мәдениеті үдерісінде білім алушылардың қозғалыс
біліктілігі дағдыларына оқытып, үйрету үдерісіндегі
қызметі оқу-танымдық сипатта жүргізіледі.
Сондықтан, дене мәдениеті бойынша білім беру тиімділігі
тұтастай алғанда қазіргі заманғы оқыту теориясы
мен концепциясы (шартты-рефекторлық, әрекеттер мен
ұғымдарды сатылап қалыптастыру, алгоритмдік
ұйғарым, проблемалық әрекетшілдік,
бағдарламалық оқыту және т.б.) негізінде жатқан
физиологиялық, психологиялық, педагогикалық және
құрылымдық заңдылықтарға сәйкес
оқу үдерісін педагогтардың (оқытушылар мен
жаттықтырушылар) кәсіби шеберлікпен ұйымдастыру
қабілетіне байланысты болады.
Білім беру теориясы немесе концепциясы деген ұғым оқу
үдерісінің мәнін, мазмұнын, әдістемесін
және ұйымдастырылуын түсіндіру пікірлерінің
(ұстанымдар) немесе зерделеніп қорытылған жүйелер
жиынтығы ретінде, сонымен бірге оның іске асырылуы барысында
педагогтар мен білім алушылар арасындағы өзара
қарым-қатынас қызметінің ерекшеліктеріне байланыстылығымен
түсіндіріледі.
Қозғалыс
біліктілігі мен дағдыларын меңгеру келесі әдістемелік
жүйелілікпен іске асырылады.
1.Шұғылданушыларда
дұрыс оқу мотивациясын қалыптастыру. Мотивация ұғымы жеке тұлғаның
іс-әрекеті мазмұнын, бағытын және сипатын, сол
сияқты мінез-құлқын, анықтайтын орнықты
дәлелдер, талаптар, сезімдер жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Жетістіктер мотивациясы адамның жүйке жүйесінде
қалыптасқан, «табыстылыққа құмарлық»
(аңсау, көксеу) – белсенділік-мақсат - «табысқа жету»
мотиві формуласы бойынша ықпал ететін жетістіктер механизмі болып
саналады.
Педагог
өз оқушыларын оқытып, үйретуді бастар алдында,
орындалатын жаңа қозғалыс әрекетін (әдісін)
меңгеру үшін олардың саналы, байыптылықпен
ойластырылған қатынасқа сезімін оятуы қажет. Білім
алушыларды қимылдық-қозғалыс әрекетінің
элементтерін олардың ерекше ықыласынсыз жаттығу
әдістерін оқытып, үйретуде әр түрлі бейнедегі
қателіктерге ұрындырады.
Қозғалыс әрекетінің
мәні туралы шұғылданушыларға жүйелі білім беру. Жаттығу
әдістерін дұрыс орындау жетістігіне байланысты болатын,
мақсаты осы әрекеттің қандайда бір элементтерінің
орындалуын көңілге тоқу және педагогтың
көрсетіп, түсіндіруімен қатар берілетін тапсырмасы негізінде
қалыптасады. Педагогтың көрсетіп, түсіндіруі білім
алушының назарын сыртқы жағдайларға, яғни
әдістік қозғалыс әрекетін дұрыс орындауға
спорт қондырғылары мен құрал-жабдықтары
және қарсыластарының іс-әрекеттері мен
тәсілдеріне жарыстың нәтижелілігіне әсер ететінін
бағамдайды. Әдістік әрекетті табысты орындау үшін назар
аударуды талап ететін қозғалыс әрекетінің элементтері
мен жағдайлардың ерекшеліктері М.М.Богеннің (1985ж)
терминологиясы бойынша негізгі тірек нүктесі (НТН) деп аталады.
Қозғалыс әрекеті бағдарламасын құрайтын НТН
жиынтығы бағдарлық әрекет негізі (БӘН) болып
табылады.
Әрбір
негізгі тірек нүктесі (НТН) бойынша зерттелетін қозғалыс жайлы
толық құнды мағлұмат дайындау. Бұл
мағлұматқа мыналар енуі тиіс:
-
әңгімелесу, түсіндіру, пікірлесу, салыстыру, талдау
және т.б. кезінде алынатын білімге негізделген логикалық
мағыналы бейне;
-
оқушыда бұрыннан қалыптасқан қозғалыс
тәжірибесі немесе жалғастырушы жаттығуларды орындау кезінде
пайда болатын сезіну түйсігінің негізінде жасалынатын
қозғалыс бейнесі.
Оқып,
үйренетін қозғалыс әрекетін тұтастай
меңгеру. Әрбір негізгі
тірек нүктесі (НТН) бойынша қажетті білім мен мағлұмат
қалыптасқан болса, онда тұтас қозғалыс
әрекетін орындауға кіріседі. Қозғалыс әрекетін
орындауды бірінші байқап көру әдетте бүкіл
тірек-қозғалыс аппаратының күштенуімен артық
қимылдармен баяу және бөгелумен орындалады. Бұлай
орындау қалыпты жағдай болып саналады, өйткені
оқушыға барлық негізгі тірек нүктелерін күшті
бақылаумен ұстауы қажет, яғни қимылдық
әрекетті орындау кезінде жоғары деңгейде назар аудару талап
етіледі және сол әрекеттің табыстылығын
анықтайды. Қозғалыс әрекетін орындауды
алғашқы байқап көру кезінің өзінде
қимылды басқаруда бағдар жасауға жәрдемдесетін,
оқытып, үйрету әдістері мен тәсілдерін уақытында
пайдалану өте маңызды. Әрекетті стандартты жағдайда
орындаған дұрыс, өйткені кез келген өзгеріс орындау
сапасын нашарлатуы мүмкін. Әрекетті алғашқы
орындауға талаптанып көру аяқталған соң келесі
талаптану қозғалыс әрекетін жетілдіру бойынша міндеттерді
белгілеу және оның орындалуын талдау және бағалау
қажет.
Қозғалыс
әрекетінің орындау әдістерін тәжірибе жүзінде
меңгеру үшін қозғалысты тез және сапалы
меңгеру мақсатында жіберілген қателерді жою,
қозғалыс міндеттерін жоғары деңгейде іске асыруға
бағытталған қимылдық әрекетті бірнеше рет
қайталау қажет.
Көп
реттік қайталау жолымен қалыптасқан және автоматты
түрде орындауға дейін жетілдірілген қозғалыс
әрекеті дағдылы қимылға айналады. Қозғалыс
дағдысын қалыптастыру кезінде орталық жүйке
жүйесінде жүйкелік қозу және тежелу
үдерістерінің үш фазасы бір ізді жүйелілікте ауысады.
Бірінші
фазада қозғалыстың
жекелеген элементтерінің тұтас әрекетке бірігуі жүріп,
көптеген бұлшық еттерді жұмысқа тартумен, жауап
беру реакциясын топтап қорытумен жүйке үдерістерін арттырумен
(геррадация) сипатталады. Жаңа қозғалыс әрекетін
орындауда бірінші талаптану кезінде ми қыртысында осы
қозғалыс әрекетін орындауды
қамтамасыз ететін жүйке орталығында, сол сияқты
жұмысқа қатыспайтын көршілес жүйке
орталықтарында да бір мезгілде қозу үдерісі жүреді.
Бұл жағдайда қарсы әсер етуші бұлшық ет
топтары қозғалыс әрекетін еркін орындауға кедергі
жасап, қиындықпен атқарылады.
Екінші фаза
қозу үдерісін күшейтумен, қозғалыс
үйлестігін жақсартумен, артық қимылдарды болдырмаумен
сипатталады. Қозғалыс әрекетін бірнеше рет қайталаудан
соң ми қыртысындағы жүйке үдерісі біртіндеп
қозғалыс әрекетін орындауды тікелей қамтамасыз ететін
жүйке орталықтары шегінде жиналады, ал көршілес жүйке
орталықтары мүлдем «өшкендей» болады. Мұнда,
қозғалыс біліктілігінің қалыптасқандығы
жайлы айтуға болады.
Үшінші
фаза қозғалыстың
қалыптасуымен, үйлесімділіктің жоғары деңгеймен
және автоматты түрде орындалуымен сипатталады. Шындығында мұнда
қозғалыс біліктілігі дағдыларының барлық
белгілері толық көрінеді.
Қозғалыс
дағдысының қалыптасуы бірқатар мына
заңдарға сәйкестікпен жүреді: дағдыны
дамытудағы жылдамдықтың өзгеру заңы,
дағдының дамуындағы «бөгелу» заңы, дағды
дамуындағы шексіздік заңы, өшу заңы, дағдыны
тасымалдау заңы және т.б.
Дағды
дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы. Дағды өзінің
қалыптасу барысындағы жекелеген сәттерде әр түрлі
шамада сапалы өсуімен көрінеді, бірақ біркелкілікте емес,
біртіндеп қалыптасады. Біркелкі еместіктің екі түрі бар:
-
оқытып, үйретудің басында салыстырмалы түрде
қозғалыс әрекетін тез меңгеру жүреді, сосын
дағдының сапалы артуы баяулайды;
-
дене қозғалысы сапаларының жеткіліксіз даму
деңгейінен немесе қате оқытып, үйрету әдістемесі
салдарынан, яғни сыртқы себептерден пайда болған.
Егер
дағды дамуының тежелу себебі дұрыс анықталса, онда оны
жеңу үшін уақыт (ішкі себеп) немесе оқытып,
үйретудің әдістемелік құралдары, әдістері
мен тәсілдер (сыртқы себеп) талап етіледі.
Дағдының
баяулау заңы. Ол қозғалыс әрекеті ұзақ
уақыт бойы қайталанбаған жағдайда көрінеді.
Дағдының баяулауы біртіндеп жүреді. Басында дағды
сапалық өзгерістерге төзбейді, бірақ кейде оқушы
қозғалыс әрекетін орындауда олқылыққа
ұрындыратын, өз күшіне сенімсіздікті сезіне бастайды. Сосын
қозғалыс әрекетін дәл орындау қабілетін
жоғалтады, қимылдар арасындағы күрделі
үйлесімділік қатынас бұзылады, яғни соңғы
нәтижеде оқушы кейбір күрделі қимылдық әрекеттерді
орындау қабілетін жоғалтады. Алайда дағды толық
жойылмайды, оның негіздері салыстырмалы түрде ұзақ
уақыт сақталады және қайталап орындаулардан кейін тез
қалпына келеді.
Қозғалыс
дағдыларының дамуында шекара болмау заңы. Дене
тәрбиесінің таңдаған бағытындағы
шұғылданудың барлық уақыты бойында
қозғалыс әрекетін жетілдіру іс-жүзінде жалғасады.
Қозғалыс
дағдысын тасымалдау заңы. Дене тәрбиесі мен спортта
дағдының жағымды және қайшы тасымалы
көрінеді. Жағымды (оңды) тасымал, бұл бұрын
қалыптасқан дағды жаңа дағдының
қалыптасу үдерісін жеңілдетіп, жеделдететін
дағдылардың өзара тиімді әрекеттестігі болып табылады.
Дағдының оңды тасымалдануының негізгі шарты
қозғалыс әрекеті әдістерінің басты
звеносындағы құрылымдық
ұқсастығының саны болып табылады.
Қайшы
(жағымсыз) тасымалдау бұрыннан бар дағды жаңа
қозғалыс дағдысының пайда болуын қиындатады.
Бұл қозғалыстың дайындық фазасындағы
ұқсастық болған кезде іске асады.
Қайшы
тасымалдану орталық жүйке жүйесіндегі дифференцияланатын
тежелудің жеткіліксіз дамуымен, ми қыртысы қабығы
бойынша қозудың таралуымен байланысты жүреді.
Егер
мұғалім оқушыларға тасымалдау қажет емес негізгі
тірек нүктелерін (НТН) көрсетсе, ал оқушылар оны саналы
орындаса дағдылардың өзара қайшы әрекеттестігін
елеулі шамада төмендетуге немесе жойып жіберуге болады.
Әр
түрлі бейнедегі қозғалыс әдістерін
меңгерудің бір ізді жүйелілігін анықтау кезінде
қозғалыс дағдыларын тасымалдау заңдылықтарын
қатаң ескерген абзал.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Матвеев
Л.П. Теория и методика физической культуры. Учебник для ИФК. Москва, ФиС, 1991
2. Ильинич В.И. Физическая
культура студента. Москва, Гордарики, 1997
3. Кузнецов В.С. Теория и методика
физической культуры. М., ФиС. 2012.